Көркем әдебиет әдістемелік нұСҚАУ



бет80/85
Дата08.02.2022
өлшемі111,51 Kb.
#120271
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85

ҚАйЫРЫМДЫ ҚОяН


(ертегi)
Мейрам күні әке­шешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге жұмсайды. «Ана ағаңды, мына атаңды, әне бір жездеңді шақыр...» – деп, екеуі көптеген адамның атын айтады.
Бала көшеге шығысымен­ақ шақыр деген кісілерінің аты­жөнін ұмытып қалады. Үйге барып, қайыра сұрауға бата алмайды. Ол тұрып­тұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен шақыр деген адамдары да келер» деп ойлайды. Сөйтіп, ол үй біткеннің бәріне кіріп, ауыл адамдарын тегіс қонаққа шақырады. Барлығы да шақырғанына риза болып, келетіндіктерін айтады. Бала үйіне қайтады.
Түсте қонақтың алды жинала бастайды. Ауылдың барлық адамы жиналып, енді тек дастарқанның жайылуын күтеді.
Баланың әке­шешесі жиылған жұртты көргенде шошып кетіп:

  • Мұнысы несі? Мұнша жұртқа тамақты қалай жеткіземіз? – дейді.

Бала шақыр деген адамдарын ұмытып қалғандықтан, үйге кел деп жұртқа түгел хабар бергенін мойнына алады.
Жұрт дастарқанның жайылуын сарғая күтумен болады. Ақыры әке­шешесі үйдегі барлық тамақты дастарқанға қояды. Бірақ онысы жиын топқа аздық етеді.

  • Өзің бүлдірген істі өзің жөнде! – деп ата­анасы баласына ренжиді.

Бала көз жасын сорғалата үйден атып шығып, тоғайға кетіп қалады. Ағаш түбіне отырып, ағылтегіл жылайды.
Кенет ескі досы – қоян жүгіріп оның қасына келеді. Бұл қоянды ол кішкене көжек уақытында тауып алып, үйінде бағып өсірген соң, тоғайға алып келіп қоя берген болатын.
Бала өз жайын қоянға айтып береді.
Қоян артқы аяғына шоқиып отырып, қалқан құлағымен бәрін тыңдап алады, сонан кейін алдыңғы екі аяғымен баланың қолынан ұстайды да:

  • Жарайды, қапаланба, достым! Үйіңе қайт, бәрі де жақсы болады, – дейді. Соның артынша тоғайға кіріп жоқ болады.

Қоянның айтқан ақылын алып, бала аулына қайтады. Үйіне келсе, дастарқандағы асты ішіп­жеп болған қонақтар тағы да тамақ дәметіп отыр. Кейбіреулері үй иесіне келіп, ұрса бастайды. Ашуланған біреулері:

Осы кезде қонақтың біреуі терезеден сыртқа көз жіберіп шошып кетеді де, серіктерін қасына шақырады. Алғашында бәрінің де зәрe­құты қалмағанмен, артынша жүректерін тоқтатып, олар да қайран қалады. Көше түрлі аңдарға толып кетіпті, барлығының да көтерген жүгі бар, тура үйге қарай келе жатады.
Аюлар балды қораға кеспек­кеспегімен домалатып әкеліп кіргізеді. Қасқырлар бірнеше тұтас қойдың етін әкеледі. Бұғылар мүйізіне іліп шелек­шелек сүт әкеледі. Түлкілер тауық пен қоян етін алып келеді, тиін мен қояндар шелек­шелек жаңғақ пен жидек теріп әкеледі. Баланың үйіне осы тағамның бәрін әкелуді өзінің ормандағы достарынан өтінген қоян еді. Ол қонақтарға өзін бала қалай асырап өсіргенін, сосын тоғайға қалай апарып қоя бергенін түгел айтады.
Аңдар әкелген тамақтарын қораға үйіп­төгеді де, жұбын жазбай, қайтадан тоғайға кетіп қалады. Таң қалған қонақтар үндей алмай, ауыздарын ашып тұрып қалады.
Әке­шешесі қуанғаннан не істерін білмейді. Ал бала ол екеуінен де бетер қуанып, қоян досына риза болады.
ӨС, ҰЛАН!
Сау болсын десең, Он екі мүшең.
Ерте тұр,
Құлақ түр, тыңда сыр.
Таза ауа жұт,
Бойыңа қуат,
Жүгір желмен жарысып, Нұрға сылан, болып қыран, Өс, ұлан!
Өтебай Тұрманжанов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет