Ж. Қасымбаев: - Қайта құру мен жариялылық қоғамдың өмірдің мазмұнын, ұлттық сананы бұрын болмаған дәрежеде көтеріп қана қоймай, тарихымыздың күңгірт тартып өше бастаған беттеріне назар аударуға, жеке тарихи оқиғаларға объективті шынайы тұрғыдан баға беруге мүмкіндік туғызып отыр. Патшалық Россияның отарлық-ұлттық аймағына айналып өзінің «Қазақ» деген тарихи атынан айрылып, «бнратаналардың» қатарында «қырғыз-қайсақ» атанған халқымыздың тарихында болып өткен оқиғаларды, құбылыстарды идеологиялық қыспақтан шыға алмаған зерттеушілеріміз ашық сипаттауға батылдары жетпеді. Өз ойларын батыл айтқан Е, Бекмаханов сияқты талантты зерттеушілерге «ұлтшыл» деген жала жабылып, тағдырларына дақ түсті. Журналдың «Дөңгелек стол» басында көтеріп отырған мәселесі де - әлі күнге дейін нақты бағасын ала алмағаи, ақиқаты көпшілік оқырмандарға әлі де ашылмаған, Абылай ханның немересі, Қасым төренің ортаншы үлы Кенесары бас болған он жылға жуық /1837-1846/ кезеңді қамтыған көтеріліс.
Алдымен, осы тарихи оқиғаның зерттелуі мен әдеби шығармаларда сипатталу жағдайын қарастырсаң. Әрине, не тарихшы ғалымдар, не жазушыларымыз Кенесарының көтерілісіне әртүрлі, тіпті белгілі себептерге сай көңіл бөлмей келді десек, артық болмас еді. Сол кезде 32 жастағы Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40-е годы XIX вөка» атты еңбегінде бұл қозғалыс тұңғыш рет жан-жақты сипатталса, 1949 жылы I. О. Омаров пен А. М. Панкратованың редакциясымен жарық көрген «История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней» деген еңбектің бірінші томында: «Сұлтан Кенесары Қасымовтың басшылығымен ұйымдасқан ұлт-азаттық көтеріліс өзінің қарқыны мен маңызы жағынан ең ірі қозғалыс болды» деп, /275-бет/, бұл көтеріліске анық баға беріледі. Белгілі романист I, Есенберлиннің 1969 жылғы жарық керген «Қаһары» жұртшылықты дүр сілкіндірген, кейбіреулердің шырт ұйқысын бұзған шығарма ретінде бірден көпшіліктің көзіне түсіп, көкейінен орын алды.
Кез келген қозғалысты сипаттап мазмұнын ашу, оның басты кезеңдері мен оқиғаларына баға беру үшін, көтерілістің шығу себептерін анықтау керек. 50-ші жылдардың басындағы ғылыми интеллигенция арасында болған осы оқиға төңірегіндегі талас /таластан гөрі Е. Бекмахановты төмпештеу/ көтерілістің себептерін ашумен, оған сипаттама берумен байланысты емес пе еді? «Қаһарды» үңіле оқығанда, осы қозғалыстың шығу себептерін, қырғыздар мен қазақтар арасындағы тартысты Кенесарының түсі арқылы бергеннің өзінде, жазушының тарихи шындықтан, негізінен, ауытқымағанын байқаймьіз. Ескере кететін жағдай - «Қаһар» тоқырау кезеңінің шыңына жақындаған кезінде, яғни 60-шы жылдардың екінші жартысында жарық көрді. Ол жылдары, партия анықтап берген «коммунизмге апаратын сара жолмен» қозғалғанымызбен, сөз дербестігі, ой бостандығы ойсырап тұрған кезде, XIX ғасырдың 20-40-шы жылдардағы қазақ өлкесінің тарихи тағдырында ерекше орын алған оқиға туралы шығарманы басқызу белгілі жазушы үшін де қауіпсіз болмағанын ескерсек деймін. Екінші жағынан қарағанда, тарихи романдардың идеологиялық қондырғығә әбден тәуелділігін, яғни шығарманың жарыққа шыққаннан кейінгі шарпуы тиетін салдарларын ескерген жазушымыз бірқатар ойларын ашып айта алмай кетуі де заңды.