Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет3/5
Дата29.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#8154
1   2   3   4   5

М. Қозыбаев:— Сіздердің патшаның отарлау саясатын өшкерелейтін деректерді мысалға келтірулеріңіз орынды, Тарихымыздағы аңтаңдақтар әлі де дүрыс көрсетіліп, ез бағасын алмай отыр. Қайта жаңару дэуірінде біз, совет ғалымда-ры, ұлт-азаттық ңозғалысының тарихына, аз ұлттардың Россияға қосылу тарихына диалектикалық түрғыдан қарауды ңалаймыз.

Қазаңстанның Россияға қосылуы сан салалы қүбылыс. Осы тарихи процесс барысында жан-ж^қтан таланған, ңыспаққа түскен халықтың күшті, іргелі елден баспана сүраған кезі де болған, сонымен қатар, европалық шеңберден шығып, азиялық отарлы елге айналған Россия империясы күш көрсетіп, әскери күш жарақтап, сан жорыққа шығып, қазаң елін шауып алған кезі де жоқ емес. Орал тауынан асып, басыбайлықтан, зорлық-зомбыльщтан ңашып, баспана, күн-көріс қаракетін ойлап, босып келген орыс шаруаларының көрші елдерге, оның ішінде, қазақ жеріне қоныс тепкені де рас. Совет тарихшылары бұл процесті халықтық отарлау деп те атайды. Ендеп, бойлап, жаулап алған елдің байлЫғын игеру, халқын орыстандыру, христи-андандыру, тарихи есінен айырып, өзінің үзбей сорып-еміп жатар отарына айналдыру, одан қалды, ен байлықты игеру шын мәнінде сатыланып, қат-қабат болып, бірте-бірте үстемеленіп келетін шытырман астарлы процесс деп тануымыз абзал. Сөз жоқ, шығыстағы қүрттай ңаптаған қытайдан, дамуы азиялық шеңберден шыға алмай қалған деспотиялық Бүхара, Хиуадан, Жақын шығыс арқылы Орта Азия және Қазақстанға енуді арман еткен ағылшын отаршыларынан ежелден көрші, аралас- құралас болған орыс еліне қосылудың ұтымды жа"қтары ерекше екендігін айтпасақ та ^болады.

Біз, совет тарихшылары, Азия, Африка, Латын Америкасы халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын дәріптеп келеміз, шындығында да қулдар көтерілісі, шаруалар көтерілісі, улт-азаттық көтерілісі, жұмысшы табының социализм үшін күресі — езілген таптың, езілген халықтың бостандың үшін, азаттық үшін, болашақ жарқын өмір үшін күресі емес пе? Ендеше, осы біртекті, біртипті революциялық процестен Россияны бөліп алып, басқаша қарау керек пе деген сауал түрады.

Известияның «Неделя» атты қосымша апталығының 1990 ж. 7-санына ңараңыз. Онда «Обозревая прошлое Отечества: к истории Российской империи» дегвн көлемді мақалада (авторлары: тарих ғылымдарының докторы В. Виноградов, СССР Сыртцы істер министрлігінің тарихи-дипломатияльщ басқармасының орыибаса-ры В. Филатов) Россия империясының отарлы ел болғандығына күмән келтірді. «Сказать, что при Петре I Россия прочно встала на путь колониальной экспансии по примеру других колониальных имперйй — Британской, Испанской, Голландской и других — значит упрощать отечественную историю, закреплять в созиании ныне вновь часто повторяемый стереотип о поведении России как типично колониальной, имперской державы. Попробуйте ответить в этом случае на самый, казалось бы, простой вопрос: какие колонии в полном смысле этого слова приобрела и имела Россия тогда и позже? В отношении Британии, Испании, Голландии, Франции и некоторых других ответ труда не составляет. А в отношении России?» (Неделя, 12-18. 11.1990)

В. Виноградов, В. Филатов Россияның қурамына кіру барысында ара-гідік «орыс ңаруы» қолданылғанын мойындапты. «Но в объясиениях этого, на наш взгляд,— депті авторлар,— нередко делается капитальная историческая ошибка: Россия, мол, просто расширяла свои колониальные владения, покоряла все окружающие народы силой, порабощала их, несла им гнет крепостничество».

Басқаша айтқанда, Бұл, В. Виноградов пен В. Филатовтың сталинизм дәуіріндегі көзқарастан бір тутам да шегінбегенін көрсетеді. Сөйтіп, олар патша өкіметі мен орыс халқының арасына тепе-теңдік белгісін ңояды, баяғы улы державалық шови-нистік позицияда қалып отырғанын танытады. Шын мәнінде Қазақстан Россияға отар болмады ма?



В, И. Лении «Империализм капитализмнің жоғарғы сатысы» деген еңбегінде: «колониальная политика и империализм существовала и до новейшей ступени капитализма и даже до капитализма» (ПСС, т. 27, с. 379) деп көрсетеді, Шын мөнінде Россия XVI ғ. екінші жартысында Сібірдің, XVII—XVIII ғ. Қазаңстан мен Кавказдың біраз жерін өзіне ңосып алды. 1876 ж. улы империалистік елдердің (Англия, Россия, Франция) отарлық системасы 273,8 млн. халқы бар 40,4 млн. шаршы км, жерді қамтыды. Осының ішінде Россияның 15,9 млн. халқы бар 17 млн. шаршы км. отарлары болды, Ал В. И. Лениннің есөбі бойынша 1914 ж. қарсаңында Россияның метрополия-сында 5,4 млн. шаршы км жері, 136,2 млн, халқы болды, ал отарларында 17,4 млн. шаршы км., онда 33,2 млн. халық мекендеді, (ПСС. т. 26, с. 314, т. 27, с. 377), Россия-ның отарларына В, И. Ленин Сібірді (оның қурамында Қазақстан), Орта Азияны, Хиуаны, Бухараны, Кавказды жатңызды (В, И. Ленин ПСС, т, 28, с. 518). Бұл отарлар Россия империясы жерінің 76,3 процентін, халңының 19,6 процентін алатын-ды. Кав-каз бен Қазаңстан елі басыбайлыльщ үстем болған кезден отарланды, ал Орта Азия (оның ішінде Улы жүз), Хиуа, Бухара капитализм кезінде сол күйге түскен-ді. Отар-лық ңанау феодалдық, капиталистік қаиаумен қат-ңабат астарласты, В. И, Лениннің айтуы бойынша, отарлау барысында, жуздеген процент үстеме алатын «алғашқы қорлану» (первоначальное накопление), отарланған шаруаларды қанау-талау айтып жеткізгісіз дәрежеде жургізілді. Отарланған елдің дамуы баяулады, тоқырады, «Возможность угнетать и грабить чужие народы укрепляет экономический застой, ибо вместо развития производительных сил источником доходов является нередко полуфеодальная эксплуатация «инородцев» (ПСС, т. 26, с. 318). Мундай ғылыми дәлелдерді көптеп келтіруге болады, Алайда, XIX ғасырдағы қазақ тарихының проблемаларымен тікелей айналысып жургендіктен де, сөзді, Жәке, езің жалғастыр-ғаның дурыс-ақ деймін.

Ж. Қасымбаев: — Романда XIX ғасырдың 20—30-шы жылдарындағы патша үкіметіиің отарлау саясатына қарсы күресті басңарған Абылай немерелерінің бірі — Саржан Қасымулының тарихи бейнесі мен оның төңірегіндегі қазақ руларының патша жазалау әскерлерімен алғашңы қақтығыстарына біршама көңіл бөлінген. Әсіресе, сұлтан Саржанның Көкшетау өңірі мен Ұлытаудан басталған көтерілісінгң патша жазалаушы отрядтарымён ұрыстарда шегініп, Орта жүздің оңтүстік іргесіне жақындау себептері, өз руластарымен Қоқан хандығына баруы — тарихи деректерді білгірлікпен пайдаланғандықтың дәлелі. Алайда, тым тартымды шығармада 1836 жылы Кенесарының туыстары, Ңасымның улдары — Саржан мен Есенгелдінің Маделіхан мен Ташкент қушбегі Бездербектің қолынан қаза болуы тарихтан хабары тайыздау оқырмандар үшін біржаңты көзқарас қалыптастыратын тәрізді. Біздің пікірімізше, бұл жердегі жағдайды Қоқан, Бүхара феодалдық иеліктері мен қазақ ақсүйектерінің арасындағы бақталастықпен, немесе Қазаңстандағы Шыңғыс түқымда-рының әлсіреуімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Тарихи жағынан алып қарасақ, тіпті Саржан мен жақтастарының қазақтармен ғасырлар бойы шайқасқан Қоқан бектері-нен қолдау табуға тырысуы — өзін ақтамаған қате шешім. Қасым сұлтанның урпақтарының ажалы Кенесарының Қоқан бектеріне деген өшпенділігін күшейтуге, кейін Қоқан тепкісіндегі қырғыз жеріне басып кіруіне де себепші болуы ғажап емес. Әрине, қырғыз жеріндегі, басқа оқиғаларды Кенесарының өз хандығының иелігін кеңөйту арманы түрғысынан да түсіндірген дүрыс.

Кенесары қозғалысының қарсаңындағы ңазақтардың патшалың Россияның отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қозғалыстарының бірі Жоламан би Тіленшіұлы тобының күресі. Алайда, Қасым төренің ұлдары, негізінен, хандық билікті ңалпына келтіріп, отаршыл патшалық Россиядан дербес болуды көздесе, Жоламан бидің мақсаты: Жаңа-Илецк әскери шебінің салынуына байланысты қазақтардан тартып алынған жерді қайтарып алу еді. Патша әскерлерінің ңысымынан Орск-Троицк бекіністерінің маңайын тастап, Торғай өзені бойына көшкен цазаң руларының мал жаюға жер таба алмай, Орта жүздің солтүстік батыс өңірінде ірі көтеріліс ошағының қалыптасуын тездетті. Бекіністерге шабуылдар жасаған, Орта Азияға Еділ, Сібір Орал өңірінен керуендерді тонай бастаған көтерілісшілерге Қоқан, Бүхара билеушілерінің наразылығы түсінікті еді. Кенесары ңозғалысының алғашқы және соңғы кезеңіндегі оқиғаларды дүрыс түсіну осы аталған көтерілістердің тағдырымен байланысты. «Қаһар» — тарихи роман. Жоғарыда көрсетілгендей, көркем шығармада бұл жайларды тарихи дәлдікпен сипаттаудың қажеттігі де болмады. Ал, осы қозғалыстардың Кенесары көтерілісіне алғы шарт болғанын үмытпағанымыз жөн.

XIX ғасырдың бірінші жартысы Қазаңстандағы шаруалар көтерілісі үшін ерекше кезең. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған көтерілістердің бір дәуірде (XIX ғасырдың 20—50 жылдары) болғанына ңарамастан, олардың арасында өзара байланыс болмауын қалай түсіндіруге болар еді деген сауалдарды да біз жиі естиміз, Шындығында, Бөкей ордасын қамтыған Исатай, Махамбет басқарған 1836—1838 жылғы көтеріліс пен Кенесары қозғалысы шамамен алғанда, бір мерзім-де басталды. Біріншісі — 1836, екіншісі — 1837 жылы. Бөкей ордасындағы көтеріліс 1838 жылдың июль айында Аң-бұлақ түбіндегі шайқаспен аяқталса, Кенесары қозғалысы 1847 жылы көктемде қазіргі Тоқмаңтың маңында Майлытөбедегі ұрыспен тынды. Бөкей ордасындағы көтеріліс көсемдерінің бірі, басты дем берушісі ақын Махамбет 1846 жылы 42 жасында Баймағанбет Айшуақовтың жендеттерінің қолынан опат болса, сұлтан Кенесары 1847 жылы 45 жасында қырғыздың манабы Орман, оның жағына шыққан Дулат руының билері Сыпатай мен Рүстемнің қолынан ңаза болды. Бір-біріне жақын, ойландыратын жөйттер емес пе. Алайда, бір дәуірде, шын мәнінде бір үранның туы астында, бір қазақ даласында болған осы көтерілістердің басы неге бірікпеді деп сауал беру жөн. «Қаһарда» жазушымыз мүны ңазақ халқының ара-сындағы ала ауыз ру тартыстарынан көреді. Мүмкін, жүз арасындағы, рулар арасындағы, онсыз да патша үкіметінің саясатынан тарыла бастаған жайылым үшін тартыс, белгілі дәрежеде, үш жүздің арасындағы бірлікті әлсіреткенін мойындағаны-мыз жөн. Дөсе де, Россия тарихындағы бір кезеңде лаулаған шаруа соғыстары (басңаларын айтпағанда) өзара бірігіп қимылдамаудың салдарынан да жеңіліс тауып отырмады ма? Мысалы, 1773—1775 жылдары қазақ жерінде, Бөкей ордасына жақын ауданда басталған, қазақтар белсенді қатысқан шаруалар соғысы.

Пугачев көтерілісімен қатар Дон казактарының да толқуы Екатерина 11 үкіметін қатты абыржытты. Петербург билеушілерінің «баңытына» қарай Дон мен Жайық арасында байланыс болмады. Бөкей ордасы мен қазаң жерінің басқа аудандарын цамтыған екі көтерілістің арасында байланыс болмауы — қазақ жүздерінің экономикалық және саяси жіктелуінде. Сонымен қатар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарды аяусыз ойрандауы, Россияға беріктігінен айнымаған ңазақ шонжарлары ауылдарының Кіші жүз шекарасына, орыс бекіністерінің қолтығына ығысуы да батыс аудандардағы ңазаңтарды еріксіз үстап қалды. Екіншіден, Бөкей ордасы мен Орта жүз арасында XIX ғасырдың басында түрғызылған әскери шептер көтерілістің ірі екі ошағының бірігіп қимылдауына мүмкіндік бермес еді. Ақ киізге салып, хан көтерілген Кенесары мен старшындар — Исатай, Махамбет өзара ортақ бағыт ажыратуы, түсінісуі екі талай нәрсе екендігін аңғару қиын емес.

Тағы да бір ойланарлың, шешуін таба алмай жүрген мәселе — Кенесарының көтеріліс басталғаннан кейінгі Россиямен байланыстары. «Қаһарға» қарағанда, көтеріліс тек ел-жерін ңорғаудан туды, "Кенесары өзі хандықңа үмтылғандықтан, Россиямен келісімге келмеді деген ой бірнеше рет қайталанады. Солай ма екен? Иә, патшаның отаршыл тырнағынан қазақ жерін аулақ үстау мақсаты объективті түрде Кенесарының жеке басының беделін көтерді, қозғалысқа бүқаралық сипат берді.

Кенесарының хандық таққа ұмтылуы Россиямен байланысты шиеленістірді деген қорытынды, шындыңтан алшақтау жатыр. Жоғарыда Кенесарының 1839 жылғы — патшаға, Батыс сібір генерал-губернаторына екі хатынан үзінділер келтірдік. Қазақтардың бір бөлігінің өзін қолдамайтындығына көзі жеткен Кенесары көздеген мақсатына келіссөзбен, дипломатиялық жолмен жетуге тырысқандығын көрсететін деректер аз емес. Алайда, патша үкіметінің түпкілікті мақсаты — Орта жүз арқылы Жетісуға, Оңтүстік Қазақстанға жету, ағылшындарды Орта Азиядан ығыстыру болса, бұл Кенесарының дербес хандық қуруына еш мүмкіндік бермейтіндігі анық еді. Бұл тұрғыда «Кенесары майданды ашпас бурын, патша әскерімен таласты соғыссыз шешпек болып қолдан келген амалын аяған жоқ» деп ңорытындылауда негіз бар.



Ғ. Ахмедов: — Кенесары Орынборға ңарасты жерлерге көшіп келгенімен де, Сібір жағынан шыққан әскерлер бұл жерлерге де келіп, Кенені іздеп ңолға түсіре алмаған соң, жол-жөнекей жай көшіп жүрген елдердің талайын талап, олжалапты. Орынбор губернаторынан ел ішіне шыққан коллежский советник Ларионов деген кісі жоғары Шекті биі Мусинге және басқаларына жазған хатында: «В мае месяце сибирским отрядом разбито 17 аулов киргизов табынского рода, ведения бия Байкадама на Каракуме около речки Каргалы, при чем перебито много киргизов, детей и женщин и разграблены у них весь скот и имущество. После того, в скором времени, опять разбито 30 аулов киргизов чумекеевского рода, приверженных бию Сармаку, кочевавших на Каракуме, где так же били людей беспощадно. Ныне Сибирьский генерал-губернатор князь Горчаков предписал полковнику Гейсу возвратить ограбленный скот, имущество и отпустить задержанных двух киргизов... Предлагаю вам, почетным биям, если вам известно, то уведомить меня: 1) сколько именно было убито киргизов, женщин и детей, сколько взято в плен, сколько ограблено скота и сколько взято имущества, и 2) возвращен ли скот и имущество и отпущены ли взятые в плен киргизы». («Вестник Европы», 1870, т. V)

Тек Сібір жағынан ғана емес, Орынбордан шыққан отрядтардың да көбінің істейтіндері осындай. Орынбордан Кенесарыны іздеп шыққан Лебедев деген ңазақтың аңсақал-билерін шақырып алып, Кененің қайда жүргенін, оны қалай үстауға болатынын сурастырғанда, әлгі адамдардың сөзіне сенбесе, оларды бас салып сабайды екен.

Әрине, қолында қару-жарағы жоқтың қасы Кенесарының патшаның «мұздай темір құрсанған» әскеріне табанды қарсылық жасауы ңиын еді, көбіне қаша ұрыс салып жүрген, сөйтіп патша әскерлері оны қолдарына түсіре алмай қойған. Бірақ та Омбыдан шыққан әскерлер оның туыстары мен Күнімжан деген әйелін үстап әкеткен.

Кенесары Орынбор жеріне келгеннен кейін өзінің патшаға қарсылығын қоятыны, сөзсіз бағынатыны жөнінде хат жазып, мәмлеге келуге тырысңаны белгілі. Бұған Орынбор ұлықтары сенгенімен, Сібір губернаторы Горчаков сенбеген. Осы жөнінен екі ұлықтың арасында біраз алакөздік те болған, екі жақ бірін-бірі айыптап Пе-тербургке талай хат та жазған. Перовский вице-канцлер граф Нессельродеге жазған хатында: «Көтерілісші султан Кенесары Қасымовтың осымен бірге жіберіліп отырған хатынан, оның сөз жоң патша ағзамның мәрхабатынан үміт ететініне, егер де өткен (1840) жылы бурын қарсылық еткен қазаңтарға жариялаған патша ағзамның ра-ңымшылығы оған да берілетін болса, тиісті өкімет орындарына бағынуға дайын екеніне өзіңіздің мәртебелі көзіңіз де жететін болар... оны ңудалағанда тек жа-зыңсыз ауылдарды тонағаннан басқа нәтиже шықпас еді, ал султан бурынғысындай, өзінің жаңындарымен ңалай да қашып ңутылып кетудің амалын табар еді» дейді. («Вестник Европы», 1870, т. IV).

Кенесарының патшаға қарсы күресуіне жоғарыда айтылғандай, өкіметтің зорлың-зомбылығы себеп болғанымен, оның өзінің көздегені әрине, баяғы хан заманын орнатып, елге өзі хан болу екені аның. Ол өзіне бағынбаған руларға қарсы күш жүмсап, талай елге зәбір берген. Мысалы, Жаппас руымен жақын болу үшін сол елдің бір белгілі адамының ңызына үйленеді, бірақ кейін ол ел өзіне қосылмаған соң әлгі алған әйелінің мурнын кесіп үйіне қайтарады. 1843 жылы Шекті елінің Назар руының бір белгілі адамының сүлу қызын суратып Баубек деген құлын жібереді. Назарлар бұған арланып, әлгі адамның үйіндегі жас күңін киіндіріп беріп жібереді. Кейін Кенесары бір топ адаммен сол елді шабуға барғанда, жеңіліп қайтып, жолда Тілеу руының ауылдарын шауып, көп мал мен сегіз ңыз, бір келіншекті алып кетеді. Сонда Кенесары Назар руының адамдарына мынадай хат жіберіпті: «Әбұлмұту уә әлмансур әбұлғазы Кенесары хан. Сіз-ки Байтөре биге уә Бажық биге уә Қызыл биге уә Елқонды биге уә Мусылман биге уә Қаракүшік биге уә.жамиғы Назарның яхшыла-риға уә мырзалариға сөз шолкүм, худайның тағдирі болып бізнің біраз мунша кішімізнің қаны сізнің мойыныңызда ирді, ол ңылған ішіңізден тәуба қылып, бізні хан біліп, өзіңіз қарашы болып бізнің білән ярашар деген ниетіміз бар ирді. Сіз худайдан қорқып әруахны сыйламадыңыз, сізнің кәсафатыңыз қарындашыңыз Тілеуні урды.

Әгәр бүрынғы ішлэріңізден тэуба қылып қайтсаңыз, яхшыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз, бізнің миһірбанлығымыз сізләрга көпдүр. Әгар келмәсаңыз, біз отыз яшңа келіпміз, сізні хүдадан тілөп енді отыз йыл яулармын инша алла тағала. Сізлөрға Баубек құлымызны йібәрдік, һар біз ағыз тілінә бауыр қылың (мүһір)». Міне осындай істеріне царағанда, Кенесарының да құдай сүйер қылығы жоң.

Ал екінші жағынан алғанда, сол заманда патша өкіметінің елді отарлауына қарсы күресті осылар сияқты ел басқарған адамдар бастамағанда, кім бастайды? Кенесары сол өз заманының перзенті, елдің бас көтерген адамдарының бірі. Орыс тарихында да шет ел басқыншыларына, мысалы, тевтон рыцарьларына карсы күресті князь Александр Невский, монғолдарға қарсы князь Дмитрий Донской басқарды, по-ляктарға қарсы ңасапшы Минин мен князь Пожарский қайрат көрсетті. Сондықтан Кенесарының хан болу үмітін қазіргі заманның өлшемімен, «тап күресі» тұрғысынан қарауға болмайды, ол заманда тап күресінің иісі де сезілмеген, қалың елдің ұғы-мынша, ел-жұртты хан басңаруға тиіс болған.

Кененің ағасы Саржанды, Есенгелді, Әлжан сұлтандарды ңоқандыңтар өлтірген, оның үстіне, Ташкенттің бегі (Ташкент Ңоқанға цараған) Кенесарының әкесі Қасымды алдап, оның өтініші бойынша азын-аулақ адаммен қару-жараң жіберіп, хан ауылын алдарқатып, соңынан көп әскер жіберіп түн ішінде қаперсіз жатқан хан ауылын шауып, Қасымды өлтірген. Кенесарының ауылы бөлек екен, ол сондықтан ғана аман қалған. Кенесарының Ңоқанға жасаған шабуылын бұл жағынан ақтауға болады.



Т. Журтбаев:— Сіздердің бұл пікірлеріңізге қосымша мынаны айта кетейін. Егер де Сібір генерал-губернаторы Горчаков та Орынбордағы әріптесінің саясатын қолданғанда көтерілістің басқаша арнамен дамитыны анық еді. Алайда, Горчаков қалайда Кенесарыны ңүрту мақсатымен қарулы арандатуын тыймады. Оған мына хат айғақ болады (Ескерту: бұл кезде Перовскийдің орнына Обручев келген):

«Орынборға жаңадан келген генерал мырзағә Кенесары Қасымовтан; Өткен 1939 жылы Орынбордың генерал-губернаторы мен генерал Генс Жоғарғы Мәртебелі Император Ағзамның бізге кешірімін жариялаған болатын жөне онда біздің барлық күнөларымыз көшірілді деп еді. Біз мундай мейірмандыңқа шын жүрегімізден сеніп урысты тоқтаттық та, қылышымызды ңынына салып, Мөртөбелі Ағзамның жерінде тып-тыныш көшіп-ңоньіп жүре бердік. Ақпан айыиың жиырма бесінде аға сұлтандар Баймүхамед, Арыслан жэне Ахмед үшеуі үш жақтан бізге шабуыл жасады, біздің ңорғанысымызды бүза алмағандықтан, кері қайтып кетті. Патша Ағзамның кешірімін бүзбас үшін олардың бұл мазағыиа көндік те, өшқандай оң шығармадың. Ал наурыз айының 21 күні Омбы облысынан шыққан жазалау отрядының бастығы Сотников біз аңға кеткенде ауылымызға шауып, тонап экетті. Бірнеше адамымызды өлтірді жөне султанша Күнімжанды өздерімен алып кетті. Олардың қасында Алтай болысының старшинасы Аққошңаров Сейдалы, султан Қоңырқүлжа Қудаймендин болды. Бұл туралы Орьінбордағы ұлықтарға хабар бөру үшін Ырғыз бойына көшіп келдім. Бірақ майор Лебедев пеи аға сәлтан Ахмөд менің қарауымдағы Байқадам батырды тутқынға алды, Осыдан кейін мен: «тек жалғыз Ңудайдан ғана рақым күту керек екөн, ал орыс ұлықтарынан мейірім күтіп жарымайды екенбіз» деген ойға келдім де, өзімше әрекеттеніп бақтым. Орынбордың бүрынғы улықтарынан үмітті үздім. Бірақ Сіздің келгеніңізді естіп жай-жапсарымды айтып, өтініш етіп отырмын. Бурынғы улықтардан жақсылық көрмеп ем, ал Сізден қайырым күтемін. Егер де сіз Император Ағзамға түтқындағы біздің адамдарды босату туралы өтінішімізді жеткізсеңіз, онда сіздің де көңіліңіз кірден арылып, орыс пен қазақтың көз жасын тыйған болар едіңіз. Егер де сіз муиы жүзеге асыратын болсаңыз, онда мен Сіздердің барлың тілекте-ріңізді орындауға әзірмін».

Кейін Генстің күшімен Күнімжан сұлтаншаны ңайтарғанымен де, жазалау шараларын үдете түсті. Талызиннің, Лебедевтің, Вишневскийдің, Ахмет Жантөриннің, Бизановтың, Дуниковскийдің дивизияларын қазақ даласына аттандырды. Бурынғы губернатор Перовскийдің өзі бұған қарсы болып: «Менің ойымша, Обручев Кенеса-рының іс-әрекеттерінен бекер сескенеді және олардың сөзіне сенбеуі де жөнсіздік. Оның естігендерінің барлығы да қазақтардың арасындағы жай лақап жөне онда ешқандай шындық жоң. Менің пайымдауымша, экспедицияның жоспары үстірт жөне отрядтың қүрамы дурыс жасақталмаған. Олардың жүзеге асырмақ болған шаралары-ның сәтсіздікке ушырайтынын жәме әр түрлі ңолайсыздыңтарға урынатынын мен алдын ала біліп отырмын»—деді. Оның Бұл сөзі расқа шықты. Әрине, ол кезде Перовский Николай патшаның: «Бір патшалықта екінші патшаның өмір сүруі мүмкін емес»— деген жарлығын білмейтін. Ол жоспар бойынша Кенесарыны ңалайда қанға батырып, жазасын беру керек еді.

Бұл бүйрың орындалды. Біраң қандай тәсілдермен жүзеге асырылды десеңізші. Ол үшін ағайындас халықты бір-біріне айдап салды. Ырғыз, Елек, Ұлытау, Торғай бекіністерін салған соң Кенесарының барар жер, басар тауы қалмай Жетісуға шегінді. Кейбір тарихшылардың айтып жүргеніндей, Кенесары бұл өңірге баса-көктеп кірген жоқ. Алдын ала Үйсіннің төресі Рүстем султанмен, Пішпектегі Қоқанның құшбегі

Әлішермен жөне қырғыздың манаптары Орманмен, Жантаймен келісіп, рұқсатын алды. Арада елші боп кейін Кенесарының басын Горчаковқа табыс еткен Қалықул бидің өзі жүрді. I. Есенберлиннің «Қаһар» романында Жетісу өңіріндегі оқиға Кенесарының түсі арқылы беріледі де, Досқожаның қоштасуымен аяңталады. Ал М. Әуезовтің «Хан Кенесі» тікелей осы оқиғаны суреттегенімен, тарихи тұрғыдан талдамайды. Тек тағдырдың тәлкегіне түскен Кенесарының жеке басының қасіретін көрсетеді. Сол кеэдегі Россия мен қазақ даласы, қырғыз бен Қоқан хандығы ара-сындағы мемлекетаралық саясат қандай еді? Кенесары неге үш бірдей майданда соғысуға мәжбүр болды?

Р. Бердібаев:— Қалай дегенмен дв, Кенесары мен Наурызбайдьің туысңан халық қырғыз шебіне келіп, өктемдік жүргізуге ұмтылуы олардың қателігі деп саналуы тиіс. М. Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында мәселенің дәл осы турғыдан суреттелуі аса бағалы тусы болып табылады. Өйткені, бейбіт жатқан көрші елді өз ықтиярынсыз бағындыру өрекетін ешқандай да «азаттық» идеясымен ақтауға болмайды. Ңырғыз елшісі Жаманқараның: «Уай, төрем, енді аса берме, қырғыз да -қыруар ел. Бір сенің басыңа бақ пен атақ әпереміз деп ңалың елдің кәрі-жасы сорлай алмайды» (Аталан кітап. 343-бет) деген сөздерінен осы жағдай анықтала түседі. Қырғыз халқының достығын іспен емес, күшпен аламыз дегендіктері Кенесарының ақырғы ағаттығы десе болады. Әрине, әрбір оқиғаның өз логикасы бар, қырғызбен ңырбайлыңқа барған эпизод қанша қажетсіз, қанша ауыр бола турса да, ол халық қозғалысының одан бурынғы ондаған жылға созылған тарихын жоққа шығара алмайды.

«Хан Кене» пьесасында бірталай көркем бейнелер жасалған. Бәрі де тарихта аты белгілі адамдар. Олар шығармада келтірілген ситуацияға кезекті жерлерінде араласып, өз орындарында көрінеді. Ңаһармандардың қай-ңайсысы да қайталанбас мінез иелері болып сипатталады. Мөселен, Наурызбайдың асқан батырлығына кейде сүйінсек, кейде орынсыз ожарлығын қабылдай алмаймыз. Оның өз алдына ешбір батырды жібергісі келмөйтін іштарлығы, әулеттік ескі ырым-салттардың ауқымынан шыға алмайтын біржақтылығы, айласын ашуы басып кете беретіндігі, Кенесарының терең ойластырылған істеріне қырсың келтіргендіктері пьесада нанымды бейнелен-гөн. Әскербасы рөтінде Кенесарының сөнімді сөріктерінің бірі болып көлген, Бүғы-бай батырдың сын сағаттарында жан сауғалап кеткен табансыздығы да, Рүстем, Сыпа-тай сынды ру басылардың өздорінің жеке мүдделерін көздеп, алмағайып шақтарда Кенесарыдан жалт беруі де сенімді суреттелген. Ең ғажабы сол — суреткер М. Әуөзов қаһармандардың іс-өрекетіне көлденең үкімші болмай, оқиға мен мінез дамуын табиғи өз ауанына жібөріп отырады. Драмашы шығарма ситуациясын қалай да бір төте тужырымға байләмай, шындықтың шырайын жан-жақты ашады. Пьеса осындай «тәуелсіз» цасиеттерімвн қүнды. '

Калай болған күнде де, М. Өуезов Кенесары қозғалысының сыры мен шынын, биіктігі мен қайшылығын жан-жақты елестөте аларлық шығарма жасап, қаншама тарихшылар мен публицистерден көш ілгері озып кеткенін көреміз, Кенесарының соңғы монологінде ол бастаған ңозғалыстың өрі мвн ылдиын, мөні мен нәтижесін уңтыра аларлықтай тебіреністі сөздер берілген. Оның: «Жерім таусылды. Өріс тарылып болды ма деймін... Кім қажымай еруге шыдады? Мені қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан жауым да емвс... Сырттың күші жығатын болса, өлдеңашан жыңпас па еді?.. Мені іштегі дерт жығып отыр... Өңшең азғын, арамбездөрі Солар ала ңылды, солар адастырды елді де. Мөнің күйігім де, ажалым да солардан.., Бірақ мені жықңан сол жауыздар журтты қоса жыққанын уға ма екені» деген сөздері өз замандастарына ғана емес, кейінгілерге де қойылған сурақ секілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет