Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет5/5
Дата29.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#8154
1   2   3   4   5

Ж. Қасымбаев:— Әрине, Рахаңның «Қаһар» романын әдеби тұрғыдан талдауы орынды. Дегенмен, бізге қойылым отырған сауалдың бірі Кенесары қозғалысының сыр-сыпаты ғой. Қазіргі пайдаланып отырған деректеріміз және осы проблеманың біздің күндеріміздегі зерттелу барысы он жылға дерлік :озылған көтерілістің сыр-сыпатын толық ашуға, оның жеңілу себептерін терең көрсетуге мүмкіндік бермейді. Қолымыздағы мәліметтерге сүйеніп, осы мәселенің басын ашуға тырысайың, «Қаһарды» оқығанда көтерілістің жеңілу себебі қазақ феодалда-рының арасындағы кикілжің деген ой қалыптасуы мүмкін. Иә, Рүстем төре мен Сыпатай Әлібековтың Майтөбе түбінде опасыздық жасап, манап орман Ниязбеков жағына шығуы, Кенесары сарбаздарының моральдың рухына да, әскердің қарсыласу күшіне де ізін қалдырмай қоймайды. Сұлтандардың бір бөлігі: Арыстан, Ахмет Жантөриндер, Қоңырқүлжа Қудаймендин, Турлыбек Шыңғысов, көтерілістің ба-сында-ақ патша жағына шықты. 1844 жылы 21 июньде Кенесарының басты күшінің Жантөрин әскерін талқандап, бір шайқаста 44 сұлтанды өлтіруі Россия жағын берік үстаған феодалдардың Кенесарыға деген өшпенділігін күшейтті, Кенесарының өзінің соңынан ермеген ауылдарды аяусыздықпен ойрандауы тыныштықты көксеген қазақ руларының көтерілістен алшақ түруына әсер етті; Қоқанмен, ңырғызбен, өзінің ел ішіндегі қарсыластарымен он жыл толастамаған қанды күрес елді титықтатты, ал Кенесарының соғыс шығынын жабуы үшін жинаған салығы көтерілісті ңолдаған ауылдардың өз ішінде ңобалжу туғызды; Қазақстанның ең маңызды аудандары Россияның қүрамына кіріп үлгерген жағдайда Кенесарының басты мақсаты — Қазақстан шеңберінде біртұтас феодалдық мемлекет қүру мүмкін емес еді. Анталаған Қытай, Қоқан, Хиуа, Қырғыз феодалдары (Россияны айтпағанда) бір орталыққа бағынған қазаң хандығының қүрылуына мейлінше қарсылық көрсетті.

Т. Жұртбаев: — Әрине, Кенесары қозғалысының барлың мәселелерін түгел қамту бір әңгіменің көтере алатын жүгі емес. Дегенмен, осы «қилы заман» ке-зеңіндегі оқиғаларға баға беру барысында: «Россияға ңараған аз ұлттардың тарихы — Россияның белінбейтін тарихы. Сондықтан да Кенесары сияқты қарақшыларды тек ңана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады» — деген пікірлер анда-санда қылаң береді. Егер бұл пікір бүдан біраз уаңыт бүрын айтылса, уәж білдірмес те едік. Біраң дәл қазір қойылуы орынсыз сияңты, Осыдан келіп, Кенесары ңозғалысы — ұлт-азаттық көтеріліс пе,жоқ, реакциялық қозғалыс па? Шәмілдің көтерілісінен мүның не айырмашылығы бар? Қазаңстанның Россияға қосылуы — тарихи қажеттілік пе? Егер өз еркімен қосылса, онда неге осыншама қарсылыққа тап болды?» деген сұрақтар туады. Менің ойымша бұл сауалдарға жауап бермесек, әңгімеміздің толық болмай-тыны және оның түжырымдалмай қалатыны анық сияқты. Бүған тарихшылар қалай қарар екен?

Ж. Қасымбаев: — 1989 жылы республикалық телевидения арқылы «Уаңыт және тарихи шындьщ» деген таңырып бойынша өткізілген хабарда, тіпті студент жастар мен интеллигенция өкілдерінің сауалдары бір нүктеге түйілді. Кенесары қозғалысы шын мәнінде ұлт-азаттың па? Кавказдағы Шәмілден айырмашылығы неде? Кенесары, Шәміл, Қазақстан мен Кавказ. XIX ғасырдың бірінші жартысында Петербург сарайын талай дірілдеткен осы екі ңозғалыстың арасында ортақ белгілер бар ма, қай жағынан салыстырып өтуге болар еді? 1850 жылы 25 августа Гуниб аулында семьясымен, нөкерлерімен патша жазалаушы отрядының басшысы князь А. И. Баратынскийге беріліп, күресті тоқтатуға мәжбүр болған қаһарлы имам былай деген: «Сардар! Осы таулар мен таулыңтардың абыройын қорғаймын деп, жиырма бес жыл соғыстым. Менің он тоғыз жарам сыздайды, біраң ешңашан да жазылмай-ды». (Расул Гамзатов. Мой Дагестан. Махачкала 1985, с. 280). Заманымыздың атақты аңыны Р. Гамзатов өзінің әкесінде Шәмілдің бір хатының сақталғанын айтып, омың мазмұнын келтіреді. «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң, жабайы жартастарың-ды сүйіңдер. Олар сендерге көпбайлық әкелген жоқ, алайда бұл жалаң тауларсыз жер сендердің жерлеріңе ұңсамайды, жерсіз, жарлы таулықтарға бостандық жоқ. Күресіңдер ол үшін, сақтаңдар оны. Сендердің қылыштарыңның шыңылы, менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар» (Бұл да сонда. 28-бет). Аударма өзіміздікі (Ж. Қ). Ондаған жылдар бойы зерттеулер мен оқулықтарда Шәмілді ағылшындардың агенті, өз халқынан ажыраған, ат төбеліндей ауқатты таулықтарды Россияға қарсы қойған бұлікші деп сипаттағаны есімізде. Мектепте оңытылатын ССРО халықтарының тарихында Р. Гамзатов қазір ез халқының перзенті деп бағалаған адамды құбыжық қып көрсетпеуші ме еді? Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер Шәмілдің Кенесары сияңты өз жерінің бостандығы үшін күрескенін көрстетеді. «Россияға қараған кіші елдер тарихы — Россияның бөлінбейтін тарихы. Сондықтан Кенесары сияқты ңарақшыларды тек қана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады» — деген көзқа-расңа қалай қарайсыз деген сауалға келсек. Бұл мәселені жоғарыда біршама қарастырып та еткен сияқтымыз. Проблеманы басқаша жағынан алып ңарасақ. Кейінгі кезге дейін патша үкіметінің ұлттарды езу, жаншу, ғасырлар бойына жайлаған қоныстарынан күш пайдаланып ығыстыру саясатын ашып көрсету ңиын еді. Жасанды идеологиялық жүйеге сай келмеген тарихы, әдеби шығармалардың авторларының тағдыры кеше ғана болған оңиға сияқты көз алдымызда, Тарихи оқиғаларды, әсіресе, буқараның әр түрлі сипаттағы қозғалыстарын қарастыру терең объективтілікке негізделген сенімді деректерге сүйенгені дурыс. Кенесарының қозғалысы Шәмілдің көтерілісі сияқты патшанын, отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Ұлттарды езу саясатын айыптауды, жан-жаңты әшкерелеуді «ултшылдықтың» көрінісі деп елді қорқытатын болсақ, ңара түнек орнатып, азаттың ойды жаныштаған Россия патшала-рын ақтағанымыз болмай ма?

Ғ. Ахмедов: — Ілгеріде тарихшыларымыз Бұл жөнінде: сол заманда қазақ елі екі оттың ортасында қалған еді, бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан Русия төнді, жоңғарлар басып алғанда қазақтар өзінен төмен надан елдің қол астында тозып кететін еді, сондыңтан мәдениеті жоғары Русияға ңосылғаны жақсы болды деп бағалап, муньі «из двух зол — наименьшее зло» деп келген еді. М. Вяткиннің сезімен айтқанда, «не как абсолютное, а как наименьшее зло». Бұл күнде қазақ елі Русияға өз еркімен ңосылды деп жүрміз ғой, сондағы бір мықты дәлеліміз Әбілхайыр ханның Анна патшаға жазған хаты. Қазақтың ақсақал, билері Әбілхайырға орыс патшасымен тек одақ болу жөнінде ғана мәслихат берген ғой. Ру басшылары ханды тыңдамай, уысынан шығып бара жатқан соң Әбілхайыр патшаның күшіне сүйеніп, жоңғарды емес, алдымен өз елін бағындырып устауды көздегені аньіқ. Әбілхайыр бір хатында: «Не советовая о том никому, не объявляя своим султанам и подлым знатным биям передал себя под высочайшую протекцию ее императорского величества» дейді. Осыдан да оның ешкіммен ақылдаспағаны көрінеді. Патшаның елшісі Тевкелев келгенде журттың оны қалай қарсы алғаны, тіпті өлтірмекші болғаны да белгілі. Орыс тарихында да, орыс жеріндегі славяндар өз ара қырқыса берген соң солтүстіктегі варягтарға: «Земля велика и обильна, а порядка в ней нет; идите княжить и владеть нами» деп хат жазған, содан олардың рус деген руынан Рюрик, Синеус, Трувер деген ағайынды үш жігіт келіп басқарған деуші еді, қазірде тарихшылар оны бекерге шығарды (Чивилихин «Память» деген романында ол келген адамдарды «солтүстік славяндар еді» дейді),

Ал енді, екінші жағынан қарағанда, Европаның сол кездердегі ірі мемлекеттері: Англия, Испания, Голландия және басқалары ту сонау қиыр шеттегі Америка, Австралия, Индия, Индонезия жерлерін жаулап алып отарлап мәз-мейрам болып жатқанда, Россия патшалығы Әбілхайыр хат жазбаған күнде де іргесінде турған қазақ елін жайына қояр ма еді? Бірінші Петр патша Иран жорығында Астрахан қаласына келгенде: осы жеңілтек (орысшасында «легкомысленный») халыңтың жері Азия халықтарының жеріне баратын кілт пен есік екен депті ғой. Патша өкіметі Әбілхайыр сияқты хат жазбаған басқа елдерді де жаулап алған жоқ па? Сондықтан Русия империализмнің экспансиясына адвокат болып, оны ақтаудың ешбір жөні жоқ, империализмнің қай жерде, қай мемлекетте болса да табиғаты бір, ағылшын империализмі жаман, Русиянікі жақсы деп алалап қараудың ешбір жөні жоқ, ол ғылымға, тарихңа ңиянат.

С. Асфандияров өзінің «Қазақ тарихы» кітабында былай деп жазады: «Қазақтың «өз еркімен бағынғандығы» жайындағы улы державалық шовинистер мен ултшылдар айтып жүрген аңызды сол замандағы патша улығы Рычков келтірген фактілер жоқца шығарады, Бұл жөнінде Рычков бурмалап отыр деуге ешкімнің ауызы бара қоймаса керек... Патшаның жаулап алуы халқымызға игілікті, тыныш, үлгілі өмір әкелген жоқ, елді сорлатып талан-таражға салды, адамдарын өлтірді. Ел жаулап алушыларға және патшамен одаңтасқан хандарына қарсы көтерілді. 1735 жылдан 1869 жылға дейін (Даланы басқару ережесі дегенді енгізген жылдар) көтерілістер болып жатты. Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары Қасымов, Садық және басқаларының ңозғалыстары осы жүз жылдан аса уаңыттың ішіндегі елдің жаулап алынуына қарсы улт-азаттығы қозғалысының бастапқы формалары еді».

Тағы бір айта кететін мәселе — біз осы күнге дейін кейбір ақындарымыздың жырларын «Ойбай, ол орысқа қарсы жырлаған» деп қорқып жарықңа шығармай келдік. Сондағы «орыс» деген кім еді? Біздің халқымыздың алғашқы «орыстары» жоғарыда айтылған «Тентек майорлар» болды, ақындарымыз елдің солардан көрген зәбірін жырлады. Олардың «орыс» дегені орыс халңының жумысшысы мен шаруасы емес, колонизатор улықтар мен «тентек майорлар» еді, ал орыс пен қазақтың жумыстарынан бас ала алмай жүрген еңбекші топтарының арасында алакөздік боларлың себеп жоқ еді.



Ж. Қасымбаев:— Тұрсын, жаңа жоғарыдағы «Егер қазақ халқы Россияға өз еркімен қосылса, онда осыншама наразылық қайдан туды? Ол тарихи қажеттілік пе еді?» — деп сұрадыңыз.

Жаңаша ойлаудың қажеттілігі деген желеумен кейбірде көне замандағы тарихымызды, наңты айтқанда, қазақ жерлерінің Россияның құрамына қосылуы жөнінде пікір жалғастыруда орашалақ, дәлелденбеген ойлар да айтылып жүр.

Қазақстанның, әсіресе, Кіші және Орта жүздің ден бөлігінің Россия империясына қосылуының тарихи ңажеттілік екендігіне шұбалануға болмайды. Тарихымыздың ке-лелі кезеңдерін дарастырғанда, сол кездегі ахуалға мән бермей, ойымызды «ұмыт-шақтық» басатын сияқты. 1684, 1711, 1712, 1717—1718, 1723—1727, 1738, 1741—1743 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан казақ халқының басына түскен ауыр халді бір сәт есімізге түсірейік. Басатын жер, ішетін су болмағанда, табан тілініп, сұлап жатқанда ңол үшін берген Россия емес пе еді? Солтүстік соғыста Швеция сияңты ңуатты мемлекетті жеңіп, дүние жүзіне беделі артңан Россияның қамқорына кіру ғана жоңғарлардың жалаңдаған қылышын қынабына салдырды. Ямышевск, Омбы (1716), Железинск (1717), Семей (1718), Өскемеи (1720) басңа да шекаралық өңірде тұрғызылған бекіністер ңаншама қазаңтарды ңалмаңтардың жаулап алуынан аман алып ңалғанын неге айтпаймыз. Ал XIX ғасырдың 20—40-шы жылдарында бейбіт жағдайда қазақ даласында салына бастаған қамалдардың отарлау мақсаты белек. Әбілхайырдың реті бөлек. Бір-бірімен таласуды әдетке айналдырған феодалдық ішкі қыркыстар жоңғар шапңыншылығын үдете беретінін дер кезінде түсінген Әбілхайырдың саясаты бірден-бір өзін-өзі ақтаған бағыт. Сондықтан да Әбілхай-ырдың бұл тарихи шешімін халықтың тілегі десек қателеспеген болар едік. Ал патша үкіметінің Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне күшпен қаратып алуы басңа мәселе. Генерал М. Черняевтің(басқа орыс отрядтарының қазаң ауылдарын зеңбіректің оғын тастай боратып талңандағанын «өз еркімен» қосылды десек, патшалар халық мүддесін ойлаған адалдар болып шығар.

М. Қозыбаев:— Бұл арада әр түрлі пікірлер айтыльіп жатыр. Тарих, Н. Г. Чернышевский айткандай, түп-түзу Нева проспектісі емес. Қазақ халңының басына туған күннің ішінде ашық, жайма-шуағы да, батар шағында ңәнға малынғандай мунарлысы да, қара түнек Бұлт басқан шағы да болған-ды. Сол сияңты отаршылдықка қарсы күрескен халықтың ішіндегі әлеуметтік топтардың, таптардың өз мүдделері, максаттары, іс-қаракеттері болғаны хақ. Олардың барлығы қазіргі заман талабынан ой елегінен еткізілуі абзал.

В. И. Ленин орыс халқының азаттық қозғалысын үшке белгені белгілі: декабристер, әр тектілер (разночинецтер), пролетарльщ кезең. Демек, ол азаттық козғалысының басында кім турғанын, ол қозғалыстың мәні мен сырын, сипатын көрсетті. Ендеше, XIX ғасырдың орта шенінде отаршылдыңца қарсы күресті қазаң топырағында феодалдар бастады, қозғалыска олар ыңпалын жүргізді. Олар бұқара халыңты соңына ерту үшін оның да мүддесімен есептесуге мәжбур болды.

1868 ж. 21 октябрінде «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын билеу туралы уақытша тәртіп» бойынша ңазак жері орыс мемлекетінің меншігі болып жарияланды, Революцияға дейін ңазақ жерінің 28—30 млн. десятинасы «артық жер» болып жарияланып, қара шекпенді шаруаларға, казактарға беліп берілді. 1896—І910 жыл-дар арасында ғана Ңазақстаннның дала аудандарын 1 млн-нан астам европалың халық көшіп келіп мекендеді. Көшпелі хальщ қонысынан, орман-нуынан, бас бостандығынан айрылды.

XIX ғ. бірінші жартысында жерге феодалдық меншік ңалыптасты, Шурайлы жер, орман-ну кімде мал болса соның ңолына кешті. Феодалдық-патриархалдың езгіге түскен халыңты отаршыл патша өкіметі де ңанады. Барарға жері, басарға тауы ңалмаған буқара халың әскери, саяси, феодалдық ңанауға қарсы күресті. XIX ғ. 30—40 ж. болған көтеріліс барысында, мёнің өз ойлауымша, бұқара халық, негізінен, отаршылдықңа қарсы күресті, қазақ журтының өз алдына мемлекет болуын, еркін ел болуын аңсаған халың патша өкіметіне де, орта азиялың хандықтар-ға да қарсы болды, екі майданда арпалысты. Басңаша айтқанда, жер үшін күресті шаруа халық ел бостандығымен қосақабат қойды. Жоңғарлармен күрес дәуірінде қарадан шьщқан батырлар саяси күрестің басты тұлғасы болса, жер үшін күрескен, ел үшін күрескен дәуірде күрестің басты тулғасы шаруа-бұңара халық болды. Хан Кененің, хан әулетінің бұл қозғалыста өз мүдделері болғаньі хақ <— ол хан дәуірін қалпына келтіру, үш жүзге хандық системаны орньщтыру. Бірақ, күрестің сол кезеңінде қалың халыңтың мүддесі мен хан әулетінің отаршылдыққа қарсы шы^уы сәйкес келді.

Ңазақ халқының XIX ғ. ортасыидағы отаршылдықңа қарсы күресінің Шәміл баста^ан қозғалыстан айырмасы жоц емес. Қазаң топырағында ңозғалыс басында хан бастаған феодалдар тобы турды. Шәміл көтерілісі теократиялық мемлекет шеңбе-рінде жүргізілді. Ал Кенесары төңірегінде дінге қулшынған топ болған емес. Қозғалыс халықтың сана-сезімінің халық болып калыптасып, өсіп-өніп бір ссрпіліс алған кезінде етті.

Қазаң елінің Россияға ңосылуының біз Бұл жерде прогрестік жағын ңарап отырған жоқпыз. Ңарапайым орыс шаруалары ез елінде жерсіз болды, езгілік тепкісіне түсті. Географиялық шектескен олар қазаң жерінде өздері сияқты езілген шаруаларды көрді, білісті, түсіністі, патша ңурылысына, әлеуметтік, таптың езгіге бірлесіп, күрес жолына бірге түсті. Тағдыры бір екендігін бұқара халық осылай еңбек пен күрес, бейнет пен тер ушырасқан жерде білісті, ортақ таптық мүдде ортақ бауырмалдың көзқарасты қалыптастырады. XIX ғ. орта шеніндегі көтеріліс қазақ шаруасының сана-сезімін көтерді, ол оның таптық күрес санасындағы бір белес болып, тарихқа енді.



Т. Жұртбаев:— Біз Бұл әңгімемізде «Қаһар» романының көркемдік ерекшелігінен бүрын, оның тарихи сипатына көбірек ден қойғанымыз заңды да ғой деймін. Өйткені, мұндағы суреттелетін оқиғалардың ңиыннан қиысып, майын тамыза баяндалуынан дәл ңазір біз үшін сол кездегі халық өмірінің шындығы әлдеқайда маңыздырак сияқты Ілияс Есенберлин марқұмның да негізгі мақсаты сол болса керек-ті. Бұл шығармадағы көтерілген әлеуметтік мәселе әлі де күн тәртібінен түскен жоқ.

М. Қозыбаев:— Романда автор оқиға өрісін тарихи методологиялық көзқарас турғысынан қурған. Хан Кененің көрегендігі, қаһарлылығы, қаталдығы, өз табының мүддесіне адалдығы, замана ңыспағынан, тығырығынан шығар жол іздеудегі ауыр тағдыры шебер суреттелген. Елім деп еңіреген, халқым деп боздаған, халықтан шықңан қаһармандардың образдары өз алдына бір лек. Кешегі сталинизм рухы санамызды улап, басымызды қурсап турған кезде Ілияс ағамыздың көркем әдебиет арқылы халқымыздың тарихының бір белесін көрсетуі рухани ерлік, батырлық дер едім.

Ғ. Ахмедов:— Мен тарихшы емеспін, бірақ та әрбір саналы азаматқа өз елінің тарихын жақсы білу парыз, ол ғана емес, бүкіл әлем тарихынан да хабардар болуы керек. Өзім жазған тарихи шығармаларға байланысты маған да біраз архивті, тарихи әдебиетті ақтаруға тура келді. Балаларымыз, орысы бар, қазағы бар, бізді білсін деп өз замандарынан біраз мағлумат қалдырған екен, соларды дурыс зерттеп пайдалана білуіміз керек. Біз кешегі бір күндері жасқаншақ, жалтақ болып ойымыз-ды ашып айта алмай, «жоғарыдағылар» не дер екен деп, лауазым иелерінің аузына қарап, олар біліп айтса, қуба-қуп қой, білмей айтса да солардың ыңғайына қарай жығылып келдік. Бірақ нағыз ғылым бурмалауды көтермейді. Тарихтың күнделікті публицистика сияқты әрқашан өзгеріп жататын уақытша саясаттың жетегінде кеткен кездері болды, енді ондайды қайталамай, ескілікті стереотиптен шығып, тарихи оқиғаларға дурыс баға бере білуіміз керек. Келесі урпақтар бізді қайта түзетіп жүрмейтін болсын.

Ж. Қасымбаев:—Ғалекеңнің емеуірінін түсініп ртырмын. Соның ішінде Е. Бекмаханов тәрізді ғалымдардың кітаптарын жарыққа шығаруға бола ма деген сурақца төмендегідей жауап берер едім. Әрине, «Казахстан в 20—40 годы XIX века» деген атпен жарық көрген шығарма бірер адамдардың ғана қолында сақталған. Қөпшілік қауым кітаптың муқабасын да көз алдына келтіре алмайды. Дүниеге келе салып, цұртылып жіберген осы талантты кітапты мүмкіндігінше жеткілікті тиражбен қайта шығарған жөн болар. Көрнекті тарихшы, марқұм профессор П. Г. Галузоның да «Туркестан как колония» Деген атпен 1928 жылы жарық көрген шығармасы өз кезінде батыл еңбектердің бірі болды. Галузоның да тағдыры Бекмахановқа уңсас...

Қайта қуру тарих ғылымының райын ерекше көтеріп отыр. Тарихи зерттеулер мен арнайы романдардың, әсіресе, жастарды ез халқының тарихына баулудағы игілік екеніне күннен-күнге көзіміз жетуде. Бұл жөнінде жазушыларымыз бен тарихшылар-дың алдында тур. Тарихшылар, әдебиетшілер бірігіп талқылайтын, мәселелер аз ба? Бір ғана Есенберлиннің трилогиясы төңірегінде қаншама жыл бойы әр түрлі ойлар айтылып жүр. Тарихи оқиғаларды, кейіпкерлерді көркем әдебиетте бейнелеу женінде әдебиетші және маман тарихшылардың басын қосатын республикалық конференция уйымдастыратын кезең келіп тур.



Т. Жұртбаев:—Сіздердің журнал тілегіне көңіл қойып, пікір білдіргенде-ріңізге көп-көп рақмет. Осы отырыста айтылған жайлардың оқырмандарға да ой саларына кәміл сенемін. Өткен тарихымызды еске алып, санада екшеп, сараға салуымыздың мәнісі — қалай болған күнде де халқымыздың жүріп өткен жолындағы танылмай жатңан қалтарысты-көлеңкелерге сәуле түсіру, журтшылықтың назарын соған аудару. Өйткені Бұл — тек тарих ғылымының еншісіндегі ғана мәселе емес, рухани өміріміздің де мүддесін қозғайтын кеңес. Ұлы орыс халқы мен патшалық өкіметтің ара-жігін ажырататын, отаршылдық дейтін кесел болғанын танитын уақыт жетті. Нысанбай, Досқожа мурасына теріс бата берген, «Зар заман» ақындарының негізгі туындыларына тыйым салынған ескі санадан арылатын уақыт жетті.

Революцияға дейінгі кезеңдегі тарихи қубылыстарды дурыс бағалауымызға байланысты шешілер түйін көп. Біз соның бір тармағын ғана әңгіме арқауы еттік. Ел ерінен танылады дейді ғой. Сол ерлерімізді журтқа танытпаң түгілі, өзіміз тани алмай жүрген жай бар. Бұл — жалғыз Кенесарыға ғана қатысты сөз емес. Ойланып толғанудың уақыты өткен. Именетін, ңорғалақтайтын кезең де артта қалды. Бүгінгі күн — нақты істің күні. Қайта құру мен жариялылықтың игілігін көрейік, орыс зиялылары айтатын «қулдық санадан» құтылып, еңсе жазатын, жарыққа умтылатын жақсы заманды» зая жіберіп алмайың.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет