Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


БӨЛІМ ТОПЫРАҚТЫҚ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ



бет24/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)
ПОРЯДОК И УСЛОВИЯ, Какимова К.Ш. лаб1, У наиболее сложных с точки зрения строения кустистых лишайников таллом образует множество округлых или плоских веточек, шпаргалка по биологии человека
13 БӨЛІМ


ТОПЫРАҚТЫҚ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ

Ғаламдық мониторингтің мақсаты – биосфераның жалпыпланеталық ластануын бақылау. Бақылау объектілері болып биосфералық қорықтар мен ғаламдық мониторингің ұлттық бекеттері есептеледі. Бұрынғы КСРО-да ғаламдық мониторингтің ұлттық бекеттері мемлекеттік шекаралардың қасында орналасқан болатын. Қазіргі уақытта олар Ресей Федерациясы аумағында Янискоск (Мурманск облысы), Лесогорск (Ленинград облысы), Пинег (Архангельск облысы), Пушкинские Горы (Псковск облысы) жерлерінде қызмет етуде.


Жалпыпланеталық ластануды бақылау әр түрлі мемлекеттермен жеке-жеке жүргізілмейтіндігіне байланысты, бақылаулардың нәтижелері халықаралық бағдарламаларға сәйкес халықаралық деңгейде жинақталады. МАБ бағдарламасының щеңберінде 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ-ның Стокгольмдегі өткен конференциясында Қоршаған ортаны мониторингілеу жаһандық жүйесінің (ҚОМЖЖ) негізгі ұстанымдары әзірленіп, БҰҰ-ға Қоршаған ортаны мониторингілеудің халықаралық жүйесін ұйымдастыру тапсырылған болатын. 1973-1974 жж ЮНЕП Бағдарламасының шеңберінде (қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ Бағдарламасы) ҚОМЖЖ-ның негізгі қағидалары әзірленді.
1975 жылы ЮНЕП-те ластаушы заттардың тізімін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді, биосфералық қорықтардың тізімін жасау, оларды салу және мониторингілеу бекеттерін орналастыру бойынша ұсыныстар әзірленді, ҚОМЖЖ-ды дамыту жоспары дайындалды және қоршаған орта жағдайын бақылау стратегиясы әзірленді.
1979 жылы Женевада Жалпыеуропалық қоршаған ортаны қорғау жиынында алыс қашықтықтарға ластаушылардың тарауы есебінен ауаның трансшекаралық ластануы туралы Конвенция әзірленді, оның негізінде Еуропада алыс қашықтықтарға ластаушылардың таралуын бақылау және бағалау бойынша Бірлескен бағдарлама қабылданып, қазіргі уақытта даму үстінде (ЕМЕП). Бұл бағдарламаға 28 мемлекет қатысады, Еуропа елдерінен басқа АҚШ пен Канада да қатысады. ЕМЕП-тің мақсаты болып әр түрлі мемлекеттердің үкіметтеріне мемлекеттердің шекаралары арқылы ластаушы заттардың атмосфере арқылы таралуы және оның осы елдердің қоршаған ортасын ластаудағы үлесі бойынша ақпаратты ұсыну болып табылады. ЕМЕП бағдарламасында ластаушы заттарды сараптау мен мәліметтер жинау, трансшекаралық тасымалдануды бағалау үшін математикалық модельдерді құру, олардың эксперименталдық мәліметтерге сәйкестігін тексеру әдістері қарастырылған.
1981 жылы Финляндияда заттардың трансшекаралық тасымалдануы туралы Конвенцияға қол қойылды. Оған Еуропалық экономикалық қоғамдастық елдері қосылды. Еуропада алыс қашықтықтарға ластаушылардың таралуын бақылау және қоршаған ортаны мониторингілеудің жаһандық жүйесіне ЕМЕП, ИРТАР, ПКМ бағдарламалары бағытталған.
Ғаламдық мониторингтің тиімділігі халықаралық танымға ие болды. Оның нәтижелері озон қабатының бұзылуын анықтауға, ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдану шеңберін белгілеуге, парниктік газдардың атмосферадағы үлесінің көбеюін және ғаламдық жылынуды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл бірнеше халықаралық құжаттардың қабылдануымен жалғасып, олардың негізінде Еуропада алыс қашықтықтарға ластаушылардың таралуын бақылау және бағалау бойынша бірлескен бағдарламалар қабылданып, жұмыс жасауда. 1986 жылы озон қабатын қорғау бойынша Вена конвенциясы қабылданды, 1987 жылы озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы жасалды. 1991, 1994 жылдары БҰҰ-да ластаушы заттардың трансшекаралық таралуы деңгейін төмендетуге бағытталған қошаған ортаға әсер етуін бағалау бойынша конвенциялар қабылданды.
1990 жылы БҰҰ құрамында жұмыс істейтін Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық орталығы әскери жерсеріктері технологиясын қолдана отырып «Ғаламдық экологиялық мониторинг» жобасын ұсынған болатын. 1992 жылдан бастап бұл жобаға РФ, АҚШ, Украина, Қазақстан, Литва, Қытай қатысады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың үйлестіруші бағдарламасы әзірленуде, оған сәйкес 90-жылдары бірнеше елдерде қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық бағдарламалар жұмыс жасады.
Ғаламдық мониторинг бойынша жасалған жұмыс тәжірибесі топырақтың металдар және металоидтармен ғаламдық ластану қауіпінің планетаға төнбейтіндігін көрсетті. Бұған дәлел ретінде биосфералық қорықтардың бірінде олардың топырақтағы жоғарғы қабаттарындағы құрамы мен атмосферадағы осы элементтердің жылжымалы бірікпелері құрамын сәйкес қоюын келтіруге болады (13.1 кесте).
Кесте 13.1

Сихотэ-Алинск биосфералық қорығындағы түрлі топырақтардың жоғарғы қабаттарындағы


(0-2 см) металдардың (Рb, Cd, Hg, Zn) және металоидтардың (М) көрсеткіштері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет