15 БӨЛІМ
ТОПЫРАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГТIҢ НӘТИЖЕЛЕРIНЕ АРНАЛҒАН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
15.1 Ресей Федерациясындағы экологиялық жағдай
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» (2002), «Жердің мемлекеттік мониторингін орындау туралы бап» (2002),Ресей Федерациясы Үкіметінің 1993 жылғы «Қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы бір жылдық мемлекеттік баяндаманы жасау және тарату тәртібі туралы» қаулысын орындау мақсатында орындаушы биліктің федералдық ұйымдары 1991 жылдан бастап «Ресей Федерацияның қоршаған ортасының жағдайы және оны қорғау туралы мемлекеттік баяндама» деген жылдық арнайы басылым шығарады. 2005 жылы оның он төртінші басылымы шықты. Бұл құжаттар мемлекеттің экологиялық жағдайын және оған шаруашылық жұмыстардың әсер етуін сипаттайды. Жылдық баяндама атмосфералық ауаның анализін, қабаттардың, жер асты және теңіз сулардың, жер және ондағы ресурстар жағдайын қамтиды; халық денсаулығына экологиялық факторлардың әсер етуінің анализі, барлық федералдық аймақтың экологиялық жағдайына маңызды өндіріс жұмыстарының (өнеркәсіптер, тұрғын-коммуналдық жұмыстар, ауыл шаруашылығы, транспорт, РФ-ның қарулы күштері, өнеркәсіптік және транспорттық апаттар) әсер етуінің анализі. Сонымен қатар жыл сайын «Ресей Федерациясының жерлерінің жағдайы және оны қорғау туралы мемлекеттік (ұлттық) баяндама» шығарылады. 2001-2004 жылдар аралығындағы мемлекеттік баяндамалардың материалдары осы тараудың негізі болып табылады. Сонымен қатар басқа да ашық басылымдардың материалдары қолданған.
XXI ғасырдың басынан соңғы оң жылда қоршаған табиғи ортаға өнеркәсіптік әсердің көп болуы байқалады. Бұл табиғи ортанының ресурстарын шектен тыс пайдаланумен және түрлі өндірістік қалдықтардың түсуінен болады.
РФ-ның егістік жерлерінің арасында жарамдылық бойынша үшінші (26,3%) және төртінші (27%) кластарауылшаруашылық қоныстарда басымдық көрсетеді. Өнімі аз жерлердің (бесінші және алтыншы кластар) үлесіне қазіргі кезде егістік жер ретінде қолданатын 20% жерлер келеді. Ауылшаруашылық егістіктерінің қолдануына қажетсіз өнімсіз жерлер осындай үлесті алып отыр. Түрлі жағымсыз факторлар жерлердің азғыруына әкеледі, бұндай жерлер жедел мәліметтер бойынша кейбір аудандарда 35%-ға дейін жетеді.
РФ-ның барлық субъектілерінде егістік жерлердің дегумификациясының орнықты тенденциясы байқалады. Егістік жерлердің құрамындағы қарашіріктың мөлшері ең төменгі деңгейге жетті (1,3% қара топырақты емес жерде). Аггохимиялық зерттеулер бойынша РФ-ның ауылшаруашылық егістіктері 53 млн. га. Ауданына, төмен және өте төмен органикалық заттардың болуымен сипатталады, бұл зерттелген жердің 46%-ын құрайды. Орталық жерлер (центральноземный) аудандарында қара топырақ толық жойылған және гуустың әр түрлері жартылай жойылған. Сонымен қатар қоректік заттардың мөлшері төмендеген: егістіктің 64 млн га (66%) ауданына қозғалмалы фосфордың, 11 млн га (10%) ауданына калийдің құрамы жеткіліксіз. Көп ауылшаруашылық кәсіпорындардың топыраққа минералды және органикалық тынайтқыштарды қолданбай жерді шектен тыс пайдаланудан, егіс ауыспвлығының бұзылуынан, топырақ қорғау, агрохимиялық және жер өндеу шараларының орындалмауынан топырақтың қышқылдануы (тіпті қара топырақта) байқалады.
РФ-ның 50%-ға жуық халқы тұратын және 70% ауылшаруашылық өнім шығарылатын 40-тан астам субъектілерінің территориялары шөлденуге және құрғақшылдыққа ұшыраған. Сібір (жердің 45% ауданы), оңтүстік (40%) аудандарында жел эрозиясы бар. Ауылшаруашылық жайылымдардың бұзылыссынан Поволжье, Оңтүстік Урал, Батыс Сібір және Қалмақ Республикасы, Дағыстан Республикасының жазық аудандары зардап шекті. Бұл жерлер қазіргі таңда Ресейде ғана емес, сонымен қатар Еуропа бойынша құрғақ, шөлді жерлер болып табылады. Бұған көбінесе құрғақ аудандарда тың жерлерді жыртудың экологиялық ақталмауы себеп болды. Волгоград, Астрахань, Саратов, Самарқан, Орынбор аудандарында бұндай жерлер 30-10% құрайды. Ресейде бұзылыс үдерісі және топырақтың құнарлығының азаюы құрғақ жерлерде байқалуымен қатар суармалы жерлерде де байқалды.
Ауылшаруашылық жайылымдардың 18%-ы су эрозиясына шалдыққан (оның 12%-ы егістік жерлер). 42 млн га ауылшаруашылық жайылымдар өздерінің құндылығын жоғалтты. Жыл сайын қоздырылған жердің ауданы 0,4-0,5 млн га-ға, ауылшаруашылық жайылымдардың 1,6 млрд т өнімді қабаты төмендейді. Приволжский, Оңтүстік және Орталық федералдық аудандардың жерлері аса қоздырылғанболып табылады.
Дымқылданған және шалшықты ауылшаруашылық жайылымдар 12%-ды құрайды (ауылшаруашылық деңгейіндегі жерлер). Батпақтану (заболачивание) үдерісі Орталық (олардың мөлшері ауылшаруашылық жайылымдардан 32%), Сібір (23%), Приволжский (10%), Урал (10%), Солтүстік-Батыс (10%), Алыс Шығыс (10%) федералдық аудандарына сипатты.
Тұздану және сорлану топырақтың өнімділігін төмендетеді. Ауылшаруашылық жайылымдардың 20%-ын тұзданған және сорланған топырақ алып жатыр, оның 1%-ы шабындық жерлер. Оңтүстік (53%), Сібір (33%), Приволжский (1%), Урал (6%) федералдық округтердің жерлері аса көп тұзданған.
Мемлекеттің солтүстік бөлігінде бұғылардың өрісіне және бұғы шаруашылығына нұсқан келтірілген. Деградициланған бұғы шаруашылығының ауданы 63%-ды құрайды және де олардың жартысы орта және қатты деңгейдегі бұзылысны сезінеді.
Аймақтарда ауылшаруашылық жерлердің жағдайын жағсартуда түрлі әдістер қолдануда. Алтай, Краснодар және Ставропольский өңірлерінде, Белгородский, Владимирский, Воронежский, Курский облыстарында егін шаруашылығының жер бедері жүйесін енгізу және қолдану тәжірибелерінің жағымды тұстары жинақталған. Башқұрстан Республикасында 720 мың га жерді өндеу жүргізіледі. Челябинск аймақтарында 1,0 млн га орылған егіс қолданады. Алтай өңірінде 1,7 млн га топырақтың аз өнделуі жүргізіледі. Самарск облысында жердің өнімділігін сақтайтын және арттыратын, ауылшаруашылық культураларды өндейтін жаңа қоржинағыш технологиялар енгізілген.
Егістіктің және ауылшаруашылық жайылымдардың көп ауданы бұзылысға, ластануға, жойылуға, өнеркәсіптердің қалдықтарынан ластануына ұшырайды.
Антропогендік әсерлер Қоршаған ортаға үнемі түрлі химиялық заттардың түсуінен байқалады. Көбінесе бұндай қалдықтар көмір өнеркәсіптері, қара және түсті металугия, химиялық және мұнайхимиялық (нефтехимический) өнеркәсіптері. Олардың мөлшері үнемі өсуде (15.1 кесте).
Кесте 15.1
Ресей Федерациясындағы өнеркәсіп салаларында қалдықтардың құрылуы, млн т
Достарыңызбен бөлісу: |