14 БӨЛІМ
РФ-ДА ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Халық денсаулығына әсер ететін экологиялық таза табиғи ортаны ұйымдастыру – Ресей Федерациясының мемлекеттік маңызды міндеттерінің бірі. Мемлекеттің оны орындауы Ресей Федерациясының Конституциясымен (1993), РФ жер кодексімен (1991), РФ су кодексімен (1995), РФ орман кодексімен (1997) қадағаланады. Ресей заңнамалығы кез келген түрдің қоршаған ортаға әсер етуіне «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»(1990), «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» (1992), «Халықты және мекен ету ортаны табиғи және техногендік қауіпті жағдайлардан сақтау туралы» (1994), «Экологиялық экспертиза туралы» (1996), «Халықтың радиациядан сақтығы туралы» (1996), «Жер қойнаулары туралы» (1992), «Жер мелиорациясы туралы» (1996), «Жерді ұйымдастыру туралы» (2001), «Жер айналымын ауылшаруашылықта тағайындау туралы» (2001), «Қоршаған ортаны қорғай туралы» (2002), сонымен қатар Ресей Федерациясының бұйрығы бойынша «Ресей Федерациясының қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қалыптастыру мемлекеттік стратегиясы» (1994), «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайы туралы» (1991), «Федералдық табиғи ресурстар туралы» (1993), «Жер реформалары кезінде жерді қолдану және сақтауды мемлекеттік бақылау туралы» (1993), «РФ өндірістік объектілерінің сақтығының декларациясы туралы» (1995) федералдық заңдармен баға береді.
Табиғатты қорғау қызметтерінің жұмысы үкіттің он шақты заңнамаларында және табиғи ресурстар министрлігінің нормативтік құжаттарында қарастырылады, мысалы, «Жердің рекультивациясы, алынуы, сақтауы және жердің өнімді қабатын тиімді пайдалану туралы», «РФ қоршаған ортаға әсер етуіне баға беру туралы», «Экологиялық экспертизаның проекталды және проектік құжаттарды басқару», «Шаруашылықтың және басқа да жақтардың экологиялық тұрақтануы жөнінде нұсқау».
Біздің мемлекетте (бұрыңғы кеңес үкіметі РСФСР республикасында) экологиялық мониторингтің ұйымдастырылуы 1992 жылы СССР-дің Кеңес Министрлігінің қоршаған ортаның ластануының жағдайын және денгейін бақылауы жөнінде жалпы мемлекеттің жүйені құруы (ОГКНСК). 1978 жылдан бастап қоршаған ортаның жағдайын бағалай, қадағалау және болжамдау қызметі сол кезде болған метеорология және қоршаған ортаны бақылау жөнінде госкомитет атқарды. 1988 жылы ол табиғатты қорғау жөнінде госкомитет болды. Қазіргі таңда рф қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сапасын қадағалау қызметін табиғи ресурстар министрлігінің (РФ ТРМ) қоршаған ортаны қорғау департаменті атқарады. Ол ТРМ-нің басқа департаментімен – табиғи ресурстарды қолдану департаментімен қатынаста болады.
Қоршаған ортаны қорғау қызметтерін сонымен қатар қызметтеріне байланысты басқа мекемелер атқарады: Гидромет, ауыл шаруашылық Ауыл шаруашылық Министрлігі, Ресейлік Жер кадастры, Транспорт Министрлігі, Энергия Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі, Атомдық энергия Министрлігі, Денсаулық сақтау Министрлігі, Өндірістік ғылымдар Министрлігі, Мемлекеттік құрылыс, Мемлекеттік тау технникасын қадағалау, Мемлекеттік атом энергиясын қадағалау, Ресей авиациалық ғарыштық агентігі, Ресейлік орман ақпараттық ұйым, Ресейлік геологиялық қор, РАШҒА,РҒА.
Ресей Федеациясында (бұрынғы кеңес үкіметі республикасында) қоршаған ортаның жағдайын бақылау 30-жылдары басталды және суқолдану өзекті мәселе болғандықтан сыртқы сулардың, көлдердің жағдайы бағаланды. 50-жылдары ССРО-ның гидромет қызметінің негізінде қоршаған ортаның радиоактивті ластануын бақылау кезінде ядерлік қаруларды ауада, жерде және жерастында сынады. Атмосфераның ластануын бағлау жеке пунктерде 1963 жылдары басталды.
Барлық табиғи орталардың ластануын бақылауды бірінші кезеңің ұйымдастыру 1972 жылы, табиғи ортаның ластану денгейінің жағдайын бақылау және қадағалау жөнінде жалпы мемлекеттік жүйе құрылуынан басталды (БҚЖМЖ). БҚЖМЖ негізінде 1994 жылы ресейдің экологиялық мониторингінің бірінғай мемлекеттік жүйесі құрылды (ЭМБМЖ).
ЭМБМЖ нің мақсаты – мемлекеттің (ұлттың) қоршаған ортаның сапасын қамтамассыз ету, табиғатты қорғау қызметін тапсырмасын орындау.
ЭМБМЖ-нің мақсаты бақылау бағдарламаларын дайындауға және ғылыми-техникалық негіздеуге, қоршаған ортаны қорғау төңірегінде бірінғай саясатты қамтамассыз ететін ұйымдастырушылық құрылымдардың жүзеге асыруына, табиғатты қорғау негізінде бағылау жұмыстарын жүргізетін бөлімшелердің құрылуына, ЭМБМЖ негізінде қызмет атқаратын ұйымдастырушылық, құқықтық, нормативтік, ақпараттық, бағдарламалық-математикалық (программноматематического), қаржылық, аппараттық-техникалық, метрологиялық, материалды-техникалық қажеттерді жетілдіруге бағытталған.
ЭМБМЖ- нің нақты міндеттері келесілерден құралады:
- экология шенберінде біріңғай ғылыми-техникалық саясатты құру, қоршаған ортаның жағдайын бақылайтын бағдарлама құру;
- қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық көрсеткіштерін құруына негізделген қоршаған ортаның жағдайын бақылауды ұйымдастыру және олардың жиі өлшеніп тұруы, алынған көрсеткіштердің деңгейіне баға беру, олардың уақыт және кеңістіктегі өлшемдеріне баға беру; осының бәрі жалпы қоршаған ортаның жағдайын бақылауда қылыми-техникалық негіз болып табылады.
- алынған бақылаулардың нақтылығын және салыстырмалылығын (сопоставимости) қамтамассыз ету (апат, зілзала кездерде қоршаған ортаның радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттармен ластануында маңызды, мысалы, прецизиондық (дәл) өлшеу құралдарын қамтамассыз ету);
- экологиялық ақпараттық жүйе құру (әр түрлі тұтынушыларға, сонымен қатар тұрғындарға және түрлі мекемелердің әкімшілік басқаруларына қоршаған ортаның жағдайы туралы интеграцияланған экологиялық ақпарттың қол жетімді болуын қамтамассыз ету); ЭМБМЖ-нің нормативтік базасын құру;
- ЭМБМЖ жүйелерінің арасында ақпараттық байланыс құру;
- мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру, арнайы мәліметтер қорын құру;
- банктер және нақты экологиялық ақпараттық қордың халықаралық экологиялық-ақпараттық жүйелермен үндестіру;
- ластану көздері мен факторларын анықтау; қоршаған ортаға антропогендік әсер ету көздерінің мониторингі;
- қоршаған ортаның ластануына себеп болған экологиялық және экономикалық зардапқа баға беру;
- қоршаған ортаның ластануына, оған антропогендік әсер етуге, қоршаған ортаның өзгерістерінен халық денсаулығына және экожүйеға әсер етуіне болжам жасау.
Экологиялық мониторинг қоршаған ортаның сапасына баға беруде нормативтерсіз мүмкін емес. Біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау төңірегінде бұрынғы КСРО-да қабылданған мемлекеттік стандарттар (МемСт) және МемСанЭпиЕ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтнр) қолданады. Олар жұмыстың орындалуында міндетті ұйымдар болып табылады.
Мемлекеттік стандарттар тізімінде «Жерді қорғау және тиімді пайдалану» деген бөлімді қамтитын «Табиғатты қорғау» тарауы ерекшеленген.жеке құжаттарда терминдер (анықтамалар, классификациялар), табиғи ортаның сапасының көрсеткіштері, ластану параметрлері мен ресурстарды қолдану қарқындылығы, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану ережелері, осы параметрлерді (көрсеткіштерді) анықтау әдістері, оларды анықтау әдістеріне талаптар және т.б. қарастырылған. Нормативтер табиғи орталардың сапасының нормативтері (табиғи орталардағы химиялық заттардың БКК-сы) және мүмкін болатын әрекеттердің нормативтері (мүмкін болатын күш, заттар мен қалдықтар мүмкін болатын (допустимые) деңгейі).
Сонымен қатар, белгілі бір талаптардан тұратын верведомствалық және салалық стандарттар (салалық стандарт, барынша мүмкін концентрация, барынша залалсыз әсер ету деңгейі және т.б.) бар, ол талаптарға қорғалатын табиғи нысан сай болу керек. Бұл табиғатты қорғау бағытындағы нормативтер кепілдемелік сипатқа ие.
2002 жылы Ресей Федерациясының Үкіметінің қаулысы бойынша жердің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру туралы Бап қабылданды. Ресей Федерациясының Жер кодексіне (2002) қосымша ретінде жерлердің мониторингі – экологиялық маңызды мемлекеттік акция. Жерлерге антропогендік әсерлердің күшеюіне байланысты бір жағынан, жерге байланысты реформалар төңірегінде жерді пайдалану жүйесінде елеулі өзгерістер байқалады, басқа жағынан жерді пайдалану кезінде оның жағдайын үнемі бақылап отыруды талап етеді.
Жерлердің мониторингісінің міндеттеріне мыналар кіреді: жерге антропогендік өзгерістерін дер кезінде анықтау, бұл өзгерістерге баға беру, жағымсыз үдерістердің зардаптарын ескерту және алдын алу туралы болжамдар мен ұсыныстар дайындау; мемлекеттік жер кадастырын ұйымдастыруда, жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауда, жер ресурстарын мемлекеттік және муниципалдық басқарудағы басқа да қызметтерді, сонымен қатар жерді орнықтыруды ақпаратық қамтамассыз ету.
Халықты қоршаған ортаның қолайсыз өзгерістерінен қорғауды қамтамассыз ететін шешім қабылдау табиғатты қорғау қызметтерінен алынған ақпараттың шұғылдығына байланысты. Қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттар мынадай категорияларға бөлінеді:
1) жедел ақпарат шығарылымдар мен лақтырылымдарды азайту немесе тоқтатуда шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін мекемелердің жұмыс тәртібінің бұзылуынан немесе қолайсыз гидрометеожағдайлардан туындайтын қоршаған ортаның деңгейінің күрт өзгерістері туралы мәліметті қамтитын жедел ақпарат; бұл мәліметтер жергілікті және орталық ұйымдарға шұғыл хабарланады;
2) жедел ақпарат айлық кезеңнің бақылауларын қамтиды, орында және орталық табиғатты қорғау ұйымдарында қаралудан өтеді, жергілікті және орталық мекемелерге хабарланады;
3) мұндай ақпарат бір жыл көлеміндегі бақылауды қамтиды және де ластанулардың адам денсаулығына әсерін зерттеуге, ластанудан пайда болған шығынды есептеуге, жаңа кәсіпорындардың құрылуына және жұмыс жасап жатқандардың қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлауға, табиғи орта жағдайында фондық ластануға баға беруге мүмкіндік беретін жалпы жағдайды қамтиды.
Қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттың жинақталуы, жіберілуі және жалпылануы ұлттық мониторинг жүйесін ұйымдастырылуымен жергілікті, аудандық және федералдық деңгейде жүргізіледі.
Ауаның, судың және жердің ағдайының мониторингін ұйымдастырылуы Гидрометқызметінің құрылымына ұқсас көпдеңгейлік құрылымнан тұрады. Экологиялық мониторингтің мемлекеттің қызметін көпдеңгейлі ұйымдастыру қойылған міндеттерге сәйкес келеді. Ол ақпараттың алу және жалпылану бірізділігін қарастырады:
1) бақылаулардың аймақтық станциялары (АС) үздіксіз бақылаулар жүргізеді, жергілікті деңгейде алынған мәліметтерді жалпылайды;
2) аймақтық орталықтар мәліметтерді жалпылайды, талдайды, жергілікті болжамдар құрады және аймақтың көлемінде қоршаған ортаның жағдайына баға береді;
3) федералдық деңгейде баға береді және мемлекеттік деңгейде қоршаған ортаның жағдайын болжайды. Әр бір мониторингтің біріншілік ақпаратты жалпылай алатын, қоршаған ортаға баға беріп және оны қорғайтын ұсыныстар дайындай алатын өзіне сай оперативтік деңгейді бар.
Аймақтық станция (АС) – мониторингтің негізгі оперативтік звеносы. Оның жұмысын ұйымдастыруда жер бедері-геохимиялық негіз жатыр. Осы деңгейдегі бақылау объектісі – сужинағыш бассейн. АС физико-географиялық аймаққа тән жер бедері аймақтарда және биогеоценоздарда орналасқан стационарлық биосфералық пикеттерге (БП) үнемі бақылау негізінде сужинағыш бассейннің жағдайына баға беру керек. АС-ның экологиялық жағдайының параметрлеріне жайылымдардың құрылымы, жер қабатының аудандары, биогеоценоздың тігінен және көлденең құрылымы, оның кеңістіктік бір тексіздігі. Басқа аудандық бірліктерден негізгі оперативтік звено ретінде бассейндер мен АС-ны қолданудың артықшылдығы – сужинағыш бассейннің белгілі бір нақты шекерасының болуы, әр түрлі мөлшердегі бассейндердің құрылысы, заттың және баланстық есептеулерді жеңілдететін энергияның бірбағыттылығы. АС-ның функционалдық құрылысы үш комплексті қамтиды: бақылағыш, лабораторлық-аналитикалық және көмекші. Бақылағыш блок анализге жарамды сынақтарды жалпылау жүргізілетін экоаймақтың негізгі ландшафтарының типтерін қамтитын стационарлық пикеттер жүйесінен тұрады. Лабораторлық аналитикалық блок жерді, суды, ауаны талдау жұмыстарын қамтамассыз етеді. Көмекші блоктың міндеті – эксперименталдық материалдарды өндеу, оның негізгі станцияға жіберуге дайындау.
Аймақтық станциялар адамның әсер ету деңгейі аз немесе көп болған территорияларда жұмыс істейді. Егер аймақтар аса ластанған болса, пикеттердің орналасуында ландшафтардың құрылысы ғана емес, сонымен қатар ластану көздеріне дейінгі қашықтық есепке алынады. Ластану көзіне жақын болған сайын, бақылау нүктелерінің тығызлығы соғұрлым көп болады.
Базалық станциялар (БС) бағынышты АС-дан келген ақпаратты жинақтайды, аймақтың қоршаған ортасына баға береді және жалпы мемлекеттің қоршаған ортасының жағдайына бағалауының мәліметтері мониторингтің ұлттық орталығына (ҰО) жеткізеді. Базалық станциялар аймақтық станциялардың ақпаратын жинақтаумен қатар өздерінің де бақылауларын жүргізе алады, мысалы, аймақтың экологиялық жағдайы туралы мәліметтерді жинайтын ұшқыштық және космостық мониторинг.
Түрлі мониторингтердің жиі өткізілуі ұсынылады: қоздырылған, техногенді-бұзылған, батпаққа айналған, шөлге айналған жерлердің инвентаризациясы; жердің өзіндік қбілетінің мониторингі (бонитирлі); агрохимиялық жер мониторингі, санитарлы-гигиеналық жер мониторингі, ирригациондық-мелиоративтік жер мониторингі.
Ғаламдық мониторинг ұлттық мониторингтен тысқары жүргізіледі және жалпы ғаламшардың ластануын бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |