Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар тарауын қайталау



Дата13.08.2017
өлшемі44,2 Kb.
#23548
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия

Пән: Алгебра және анализ бастамалары


Тақырыбы: Көрсеткіштік және логарифмдік

функциялар тарауын қайталау
Сынып: 11
Мұғалімі: Сатканбаева Ракила Надирбаевна


1.Сабақтың тақырыбы: Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

тарауын қайталау.


2.Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру арқылы, білімпаздыққа

адамгершілікке, елжандылыққа, бәсекеге қабілеттілікке

тәрбиелеу.

Білімділік: Дәрежелік,көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

қасиеттерін қайталау арқылы оқушылардың білім,

білік, дағдылар деңгейін жетілдіру, білім дәрежесін

анықтау және бағалауға дайындық жасау.



Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты арттыру

арқылы интелектуалдық мүмкіндіктерін,

шығармашылдығын,өз бетімен білім алу,өзін-өзі

тексеру қабілеттерін дамыту.



3.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,электронды оқулық,интернет.

4.Сабақтың типі: Оқытудың ақпараттық технологиясы қолданылатын дәстүрлі

емес сабақ.



5.Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

6.Сабақта қолданылатын әдістер: Зерттеу,салыстыру,өзін-өзі тексеру және

бағалау.


7.Сабақта қолданылатын тәсілдер: Ұжымдық ,жеке.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,түгендеу,қауіпсіздік

ережелерінің орындалуын

бақылау,сабаққа бейімдеу, екі

топқа бөлу



2.Үй жұмысын тексеру:Тарауды қайталап оқу тапсырмасы берілген.

Қайталау сұрақтары:

1. Дәрежелік функцияның анықтамасы.

2. Дәрежелік функцияның қасиеттері.

3. Дәрежелік функциялардың графиктері.

4. Көрсеткіштік функцияның анықтамасы.

5. Көрсеткіштік функцияның қасиеттері.

6. Көрсеткіштік функциялардың графиктері

7.Санның логарифмінің анықтама

8.Логарифмдердің негізгі теңбе-теңдігі.

9.Логарифмдердің негізгі қасиеттері.

10.Логарифмдік функцияның анықтамасы.

11.Логарифмдік функцияның қасиеттері.

12.Логарифмдік функциялардың графиктері.

13.Көрсеткіштік теңдеулер.

14.Логарифмдік теңдеулер.

15.Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер.

3.Сабақтың негізгі бөлімінің іске асырылуы:


1).Жалпыға арналған танымдық сұрақтар :Графиктері бойынша функцияны тану(дәрежелік,көрсеткіштік, логарифмдік)

у=ах, у=xn, у=logax түріндегі функциялар графиктері.


2).Дәрежелік,көрсеткіштік, логарифмдік функциялардың графиктерін салу сайысы (топтық).

у=2x , у = 2-x , у =log2x , у= - log2x, у = х3.


3).Топтық өзара сұрақ-жауап сайысы: математикалық жұмбақтар,рационал көрсеткішті дәреже және логарифмнің қасиеттері бойынша сұрақтар.

4).Электронды оқулықтан тарауға арналған тест тапсырмаларын орындау сайысы.

5).Табиғатты тамашалау ( топтық сайыс).

Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ,байлығы мол,

табиғаты көркем.Алатау бөктері көктемде құлпыра түседі, алқызыл гүлдері көздің жауын алады.Көктемгі табиғатты тамашалап , гүл шоқтарын жинап қайталық.Дұрыс шешілген есеп бір гүлмен бағаланады.Әр топқа тақырыпқа сәйкес үш есептен беріледі:

1-топ 2-топ

1.Теңдеуді шешіңдер:
а). 25х +5х -2 = 0 а). 9-х -3-х -6 = 0

ә).log3(х+4) = 1 ә).log4(х-2) =- 1


2.Теңсіздікті шешіңдер:

log6(х+7)<2 log4(х-8)>3



6). Сабақты қорыту,бағалау.
7).Үй тапсырмасын беру: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеу,теңсіздіктерге кем дегенде төрт есеп құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет