Кошакаева Айгуль Альмишовна «Қарттарын қадірлеген ел ардақТЫ» 1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарий



бет2/3
Дата05.02.2023
өлшемі48 Kb.
#167459
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
Қарттарын қадірлеген ел ардақты

2-жүргізуші: Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.
Ауылымыздың ардагері ______________________________________ сөз кезегін береміз.
Хор : «Сағындым әже».
1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. (презентация)


1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Сыныбымыздың биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!
(«Қазақ биі». 3 сынып оқушылары)
2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
1-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
«Ата – әже» әні. Орындайтын: Ерасыл
1-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Сіздердің құрметтеріңізге «Әке ана» әнін қабыл алыңыздар! Мирас пен Иляс
1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Видео «№2»
2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
Хор: «Аяулы әже» караоке


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет