Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет35/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Осындай бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Әбілқайыр, Қазан 
ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын 
мен бақан бойлы, шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. Бұл атақты 
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған 
«жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан айрылған», Торғай мен 
Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан жеріндегі 
Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының 
бірі. 
Ол тыныш, ертелі-кеш күлкіні ермек етіп, қаннен-қаперсіз жатқан Ноғайлы 
ауылдарының күлін көкке ұшырып, бар малын алдына салып айдап, мүсінді деген 
қыз-келіншектерін олжа етіп, жақында ғана жорықтан қайтқан. 
Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған Қобыланды батырдың бұл 
жеңісін бүкіл Әбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып 
қайтқандай, үш күн тойлаған. Той тарқар алдында, әкелінген қыз-келіншекті 
олжаға бөліп беру үшін, хан осы жорықта қай батырдың қандай асыра ерлік 
көрсеткенін сұраған. 
Асат, әсет 
1
айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған ала көбеңденуге таяу 
кіші бесін әлеті. Орда толы ала таяқты ақсақалдар, ат-жарақты батыр, сұлтандар... 
Қобыланды батыр алақандай көзінің қиығымен ханға қарап, ерлік көрсеткен 
кеуде соғар батырлардың атын атап келіп, кенет сәл кідірген. Аз уақыт үн-түнсіз 
тына қалып құлағына дейін жететін білектей қара мұртының ұшын шиыршықтай 
түсіп: 
Өзге батырларға олжа сұрасам, Арғынның жүз жігітін бастап барған жас 
бөрі, Қотандай абыз қарттың жиені Саян батырға өлім жазасын талап етемін, хан 
ием, — деген. 
Ордада отырған жұрт дір ете қалған. 
1
Асат, әсет — июнь, июль айлары. 


37 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет