Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет184/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Жәнібек пен Керейдің өзге балаларынан жасы үлкен және өзін өзгелеріне 
қарағанда еркіндеу ұстайтын, ұр да жық мінезі бар Бұрындық: 
— Басқа рулар қайда қалады? — деген. — Мысалы, найзасының ұшы алтын 
Алшын... 
— Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын... 
Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда 
шаңырағын халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар 
шаруашылығы мал өсіру. Мұндай көшпелі елдің халқы — рулары. Олардың 
көсемдері — батыр, билері болғанменен, дені жай шаруа, кедейлер. 
Жәнібектің ойы, ісін сәтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. 
Қазір ол соның жолын іздеп отыр. 
— Жақсы, — деді Бұрындық, — Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не 
болмақ? 
Жәнібек Бұрындыққа ойлана қарады. 
— Түсінсең борышыңды өзің айт. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас 
болмайды. 
— Білмеймін, — деді Бұрындық. — Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз ба, 
қайтеміз... 
Тұңғышының ойланбай айтқан сөзінен намыстанып қалса да, оның тез 
шамданатын мінезін еске алып, сөзге сараң Керей: 
— Ұлым, ел шабуға асықпа, — дей салды. 
— Өзгелеріңде қандай ой бар? — деді Жәнібек. 
Аға тұрғанда іні сөйлеу сөкет іс қазақ дәстүрінде. Тіл ұшына келіп тұрған 
айтары болса да осы дәстүрден шыға алмай, Жәнібектің ортаншы ұлы Қасым 
сұлтан төмен қарап тыпырши берді. 
— Қасымжан, сен бірдеме демексің бе? — деді Жәнібек баласының сөйлегісі 
келіп отырғанын сезіп. 
— Иә, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім. 


197 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
— Айт, рұқсат... 
— Өзіміз әне шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз 
деуіміз ағаттық болар... Және көке, өзіңіз айттыңыз ғой, ағайын күшіңді көрсе 
сыйлайды деп... 
— Сөйле, сөйле. 
— Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тәрізді емес, 
көшкен ел тәрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сайбан, Ақсақ 
Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай шұбыра көшкен 
ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс 
бермесе күшпен тартып ала алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Қазір 
осы отырғандарымыздың ес білетіндеріміз, сойыл соғып сөз сөйлей 
алатындарымыз, қасымызға бес-алты қазақтың ер жігіттерін ертіп, ермей қалған, 
не еру-ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал. «Бізге еріңдер, бірігіп ел 
болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз орынды. Ерген 
жұрт ерер, ермеген жұрт ойға қалар. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп ерсе, 
соғұрлым ісіміздің сәтті болары айқын. 
Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті. 
— Дұрыс айтасың балам, — деді ол, іштей түбі Қасымнан ұлы адам шығар 
деген бұрынғы үмітінің бұ жолы бір дерек тастағанына қуанып, — біздің бүгінгі 
аттанысымыз құр Әбілқайырға өкпелеуден туған аттаныс емес, бұдан жүз жыл 
бұрын бабамыз Орысхан тіккен Ақ Орданы қайта тұрғызып, Қазақ деген жеке ел 
болу аттанысы. Ал Орысхан бабамыздың ақ туын тігетін бізде екі-ақ жер бар. Бірі 
— Алтын Орда жұрты, Еділ мен Жайықтың ортасы. Бірақ ол жақтың жері малға 
жайлы болса да, елі бізге жайлы емес. Түкпірінде Қазан хандығы мен Түркияға көз 
тіккен Қырым сұлтандары бар. Бұған Еділ мен Жайыққа бізді жолатқысы 
келмейтін Қасым сұлтанды, Темір биді қос. Олар кімді ел еткізеді? 
әрине, ар 
жағындағы орыс жұртына арқа сүйеп көрер едік, бірақ ол жұрттың өзі де қазір 
әбден қанаттанып жетпеген қыран балапаны тәрізді. Екінші жер — ол Орысхан 


198 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет