Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет305/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Міне, осы кезде Бұрындық ханның қылығына ызаланған «Жалғыз көз» батыр 
бір топ серіктерімен ханның қалың жылқысын қуып әкетті. Кілең көк аланы айдап 
апарып ол, Мұхамед-Шайбани жасақтарынан жер шұқып қалған кедей ауылдарға 
бөліп берді. «Жалғыз көз» батырдың бұл қылығына сүйсінген қалың бұқара 
қайтадан дүрлікті. Бірақ ол бір түнде жоғалып кетті. Басшыларынан айырылған 
кілең жыртық тымақ, жаман шекпен кедейлер ру батырларының айтқанынан 
шыға алмай тартыс іркіліп қалды, тұтаса жауыққан жұрт қатары жүдеп, халық 
қозғалысы енді лажсыз кібіртіктей бастады. 
Екі апта өткеннен кейін Бұрындық хан жеті қатыны жеті ауыл болып, ырғалып-
жырғалып Сарайшыққа көшті. Бірақ ол бос көшпеді. Малын шапқан «Жалғыз көз» 
батырды хан алтынына сатылған екі арамза серігі Бұрындыққа ұстап берген. 
Жұртқа таралып кеткен малын қайтара алмайтынын білетін хан «малымның өшін 
өзіңнен алармын» деп сырт көзден тасалап «Жалғыз көз» батырды қол-аяғын 
шынжырлап, тулаққа орап өзімен бірге ала көшті. 
Бұрындықтан іргесін алыс сала бастаған Жәнібек балалары хан Ордасынан 
алыс отырайын деп Шу бойында қалды. Күз әкелерінің ескі қонысы Қараталға 
көшіп келді. Қыстауына жеткен күннен бастап Қасым сұлтан бұл арадағы қазақ 
руларының басын қосып, сонау болашақ айқасқа қамдану әрекетіне кірісті... 
Қасым сұлтанның болжағаны дұрысқа шықты. Мұхамед-Шайбани хан аз 
жылдың ішінде дегеніне жетті. Самарқант, Бұқар, Андижанды билеп отырған 
әбусейіт ұрпақтары мен Ташкент, Сайрам уәлиеттерін билеп келген моғол Сұлтан-
Махмұт ханның араларындағы наразылықты пайдаланып, Сұлтан-Махмұт хан 
берген бес мың әскерді өз әскерімен қосып, ең алдыменен Самарқант, Бұқар, 
Андижанды алды. Содан кейін барып, Жағатай әскерін өз әскеріне қосып 
күшейтіп, Ташкент уәлиетіне ауыз салды. Ташкент, Түркістан, Самарқант, Бұқар, 
Андижан уәлиеттерін әбден өзіне бағындырғаннан кейін, Дәшті Қыпшақ жерімен 
шекаралас Хорезмді шапты. Сөйтіп Мауреннахр, Түркістан өлкесін тегіс жеңіп 
болып, енді Дәшті Қыпшақты жаулауды ойлана бастады. 


327 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет