Бекітемін
Мектеп-гимназия директоры: Ж.Қ.Нұрқұл
Коучингтің тақырыбы
|
Диалогты оқытуда оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау.
|
Өткізілген уақыты
|
06.11.2015ж.
|
Мақсаты
|
Диалогтік оқыту барысында бағалау туралы заманауи түсінікті беру, бағалау техникасының әдіс-тәсілдерді түсіндіру,мұғалімдерге оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру.
|
Күтілетін нәтижесі
|
Коучинг барысында мұғалімдер бағалау үшін табыс критерилерін құрастыруға үйренеді, бағалаудың түрлі техникалары туралы түсініктері қалыптасады, сабақта қолданудың маңыздылығын түсінеді
|
Коучингті өткізу әдістері
|
Миға шабуыл, «Стикердегі диалог», кері байланыс бағалау техникасы.
|
Ұсынылған ресурстар
|
Жыл мезгіліндегі суреттер, АКТ, маркерлер, стикер,А-3,4.
|
Коучингтің барысы:
Уа-қыт
|
Сабақ-тың кезеңі
|
Коучердің іс –әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Қажетті ресурстар
|
Қолданылатын құралдар
|
3мин
|
Кіріспе бөлім
|
Сәлемдесу.
Жағымды ахуал құру. Шеңберге тұрып мұғалімдер қасындағы мұғалімге жағымды сөз айтады
|
Шеңбер жасап бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
|
Маркер,плакат,түрлі-түсті қа-ғаздар , МАН, АКТ, постер
|
АКТ
|
2мин
|
|
Топқа бөлу.
Нұсқау: Топқа бөлу: Жыл мезгіл суреттерін таратып, топқа бөледі
.
|
Төрт мезгіл арқылы топқа бөлінеді
|
|
Суреттер
|
12 мин
|
|
Тапсырма1
Киіз үй макетін жасайды .
Бітірген жұмыстарға топ бірін бірі бағалайды .
- бағаларыңыз көңілдеріңізден шықты ма?
-Осылай бағалаған сіздерге ұнайды ма?
|
Қатысушылар киіз үй макетін
жасайды
Сұрақтарға жауап береді.
|
Топтық жұмыс
|
плакаттар
|
8мин
|
Негізгі бөлім
|
Миға шабуыл.
Сұрақтар .Сіздер оқушыларыңызды қалай бағалайсыздар?
Оқу үдерісін бағалау қажет пе?
Сіз сабақта нені бағалайсыз?
Сыныпта жағымды ахуал болу үшін сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?
Қандай бағалаудың техникаларын білесіз?
- Бүгінгі коучинг тақырыбы қандай?
Бүгінгі тақырыбымыз не жайында болады екен?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
30мин
|
|
«Кір жаятын жіп» әдісі.Нұсқау: Топта бір-бірімен ақылдаса отырып, өз ойларын қорғайды.
Тапсырма 2. Ал енді А-4 форматтағы парақшаға көбелектің суретін салыңыздар. Болған жұмыстарын өздеріне бағалатады, сосын топ мүшелерімен ауысып бір-бірін бағалайды. Кейіннен мына кесте бойынша бағалайды
Коуч қатысушыларға сұрақтар қояды:
-Бағалаудың қанша техникалары қолданды?
-Бағалау техникаларының айырмашылығы неде?
-Бағалаудың қай түрін қолдану сіз үшін оңай? Неге?
-Сіздің жұмысыңызды бағалағанда, қандай бағалау сіздің көңіліңізден шықты?
-Күнделікті сабақта бұлай бағалау тиімді ме?
-Өздеріңіз қойған баға мен өзге қойған бағаның айырмашылығы бар ма?
-Қай баға дұрыс?
|
Қағазға суретін салады
Топ мүшелері бір-бірін бағалайды, өзара бағалайды, критерийлер арқылы бағалайды
Сұрақтарға жауап береді
|
Өзара бағалау
Өзін-өзі бағалау
Критериилер арқылы бағалау
|
А-4 парақшалары ,түрлі түсті қаламдар
|
3мин
|
|
Коуч үнтаспаны қояды
«» әні
|
Сергу қимылдарын орындайды.
|
|
үнтаспа
|
10мин
10мин.
|
|
Таныстырылым. Диалогта оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімділігі жайында түсінік.
Сіздерге сұрақ:
-Қолдау мен мадақтаудың әсері қандай?
-Қолдау мен мадақтау бағалаудың қандай түріне жатады?
-Оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың айырмасы қандай?
-Сіз үшін қаншалықты тиімді?
|
Мұғалімдер сұрақ жауап арқылы пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді
|
Өзара бағалау, топтық бағалау.
|
АКТ.слайд.
|
10мин
|
|
Рефлексия
|
Стикерге өздерінің ой-пікірін жазады.
|
Жазғандарын оқып, ой бөліседі.
|
Стикер, плакат.
|
Рефлексиялық есеп.
Коучингімді мен алдымен жағымды психологиялық ахуалдан бастадым.
.Сәтті жақтары мұғалімдерге тақырып мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды талдай отырып, бағалау кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар өзара талдау жасай отырып бағалаудың түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, өзара бағалау түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.
Коучингтегі сәтсіз тұстары кейбіреуі оқушыларды төмен бағаласа, кейбіреуі жоғары бағалағандықтарын айтты. Бүгінгі сабағымның қорытынды бөлімінде жеке жұмыс бойынша әркім эссе жазып, өз ойларымен бөлісті. Сабақ процесіндегі формативті және жиынтық бағалаудың маңызын, сабақ үрдісінде нәтижеге жету жолдарына құрылған сабақ құрылымы, мұғалім мен оқушы қарымқатынасы, мұғалімнің теориялық білімінің нақтылығы басты мәселе екенін айтып өтті.
Сырттан бізді бақылайтын, қадағалайтын адамдардың, жанымыздағы жолдастарымыздың өзіміз білмейтін қасиеттерімізді бағалай алатындығын көруге болады. Ендеше бұл тапсырма арқылы біз өзімізді- өзіміз ғана емес өзара бағалауға болатындығын көргендігіміз жайлы өзара әңгіме жүргіземін. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым.
Оқыту процесі кезінде топтағы оқушылар өзін- өзі және өзара бағалауы дұрыс па ?
Сабақта сіздер нені бағалауға тырысасыздар?
Шынайы болуы үшін бағалаудың қандай түрлерін қолданасыздар.?
Ақ параққа көбелектің суретін салғыздым және өздерін бағалату арқылы баға қойғыздым. Содан кейін суретін көршісіне беріп қайта бағалауын өтіндім. Соңында бағаға қанағаттана ма, жоқ па екендігін сұрай отырып, олардың бағаға деген көзқарастарын анықтадым.Тапсырма бағалау үшін қандай да бір критерийдің қажет екендігін анықтады. Алдын- ала бағалау критерийін бергеннен кейін енді өз суреттерін қайта бағалауларын сұрадым.
Коучингте қозғалған тақырып әр қатысушы үшін маңызды екендігін мен коучингтің соңында алаған кері байланысты оқи отырып білдім. Коучингтегі әр тапсырма қатысушыларға көп ой тастай алды деп ойлаймын
Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін аша білдім. Ең алдымен психологиялық ахуал орнатып болған соң қима қағаздар арқылы топқа бөлдім.Сәтті жақтары мұғалімдердің мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп түсінуі,бірнеше берілген тапсырмаларды өздерінің орындауы.Бағалаудың түрлерін ажырата алады,өзара бағалаудың түрлерін сабақтарында қолдана алады.Коугингтің сәтсіз тұстары кеибір мұғалімдердің өз ойларын ашып айта алмауы.
Бекітемін:
Мектеп-гимназия директоры: Ж.Қ.Нұрқұл
Коучинг-сессия жоспары № 7
Тақырыбы: Дарынды және талантты оқушыларды оқытуда диалогтік оқытудың тиімділігі Мерзімі: 09.12.2015ж
Коучинг тақырыбы:
|
Дарынды және талантты оқушыларды оқытуда диалогтік оқытудың тиімділігі
|
Жалпы мақсат:
|
Дарынды және талантты оқушарды тануды үйренеді,оларға қабілетіне қарай тапсырма беру деңгейлерін меңгереді.
|
Сілтеме:
|
МАН, ресурстар
|
Күтілетін нәтижесі:
|
Мұғалімдер дарынды және талантты балаларды тануды үйренеді,олармен тиісті деңгейде жұмыс жасауды үйренеді.
|
Коучингке қажетті ресурстар:
|
А-3,4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, слайдтар, таныстырылым, суреттер, бейнероликтер
|
Оқыту әдістері:
|
Диалог түрінде оқыту, ОҮБ,ОБ,АКТ,СТО әдісі
|
1.СТО
2. Жеке жұмыс
3.Топтық жұмыс
|
Тапсырма түрлері:
|
Берілген жағдаятқа жауап іздеу,FILA кестесімен жұмыс, сын тұрғысынан ойлана алу, берген жауаптарды топпен дәлелдей алу,түйінді ой айту, өзін және өзара бағалай алу, топпен жұмыс жасау оны қорғау, рефлексия.
|
Оқуға арналған тапсырма түрі:
|
1.МАН
2.Қосымша ресурстар(дереккөздер)
|
Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
|
№р\с
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Мұғалімдерге психологиялық ахуалды жасау
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері құрылады.Әр мұғалім өзінің бойындағы жаман қасиеттерін жазып,арнайы конвертке салуды ұйғарады.
|
Мұғалімдер бойындағы жаман қасиеттерді жазады, конвертке салады.
|
Топтарға бөлу
|
Мұғалімдерді 1,2,3, деп санайды. Ортаға сауал тастайды.
«Біз кімбіз?»
Жауаптары Әрине мұғалімбіз.Онда 1 санындағылар қуанып,мақтанышпен,2-санындағылар өкінішпен,3-санындағылар ойланып айту керек.Шарты эмоциямен сендіріп айту керек.
Міне сіздердің ашылмаған қырларыңыздың барын таныдым.Егерде сіздер әрбір баланың бойынан осындай жақсы бір қырын ашсаңыздар,баланың бір қабілетін ашу деген сөз.
|
Мұғалімдер рөлдерге енеді.
1 сандағылар-қуанып,мақтанышпен айтады
2 сандағылар-өкінішпен
3 сандағылар –ойланып жауап береді.эмоциямен айтады.
Санға сәйкес топқа отырады.
1-топ Таланттылар
2-топ Дарындылар
3-топ Қабілеттілер
|
«Миға шабуыл»
|
Өткен коучингтегі СТО модулімен байланыстырады. «Көбелек сабағы »Болжау стратегиясымен
жұмыс жасайды
|
Мұғалімдер тыңдап болып,Ойлан,жұптас,бөліс стратегиясымен жұмыс жасайды.Ойларын дәлелдейді.
|
Түйінді идея
|
Видеоролик көрсетіледі «Бала Жамбыл», шахматшы Гульмира
Мына екі бейне қай топтың атауына сәйкес келеді.Постермен жұмыс жасау беріледі
|
Ролик көреді, ой түйеді.
Постерге салады, қорғайды.
|
Теориямен жұмыс
|
Айтқан пікірлеріңіз құнды,дегенмен теориямен байланыстырып көрейік.
|
Мұғалімдер модуль туралы түсінік алады.
|
Сергіту сәті
|
«Қызыл өрік » биі
|
Мұғалімдер билеп,сергиді..
|
Тапсырмамен жұмыс
|
«Адам болып қалу» әңгімесін оқиды FILA кестесімен таныстырады.
|
Мұғалімдер ойланады,пікір айтады FILA кестесімен жұмыс жасайды.
|
Рефлексия
|
Тақтадағы сұрақ белгісі және леп белгісі ілінген конвертке сұрағын,пікірін жазып қалдыру тапсырылады
|
Мұғалімдер рефлекция жазып қалдырады.
|
Қорытындылау
|
Коучингті қорытындылайды.
2 мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |