Коучинг тақырыбы



Дата26.08.2017
өлшемі25,45 Kb.
#28221
  • КОУЧИНГ
  • Тақырыбы:
  • Мақсаты:
  • Әлеуметтік желілердің
  • жасөспірімдердің дүниетанымына ықпалы
  • Жоспар:
  • Кіріспе сөз
  • 2. Компьютердің пайдасы және зияны жайында
  • 3. Ғаламтордың пайдасы және бала денсаулығына зияны туралы
  • 4. Ұялы телефонды қолдану
  • 5 Қорытынды
  • Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.
  • Жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?
  • 1 топ
  • Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.
  • Компьютерде аз уақыт, 1-сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі және жалпы көзі де шаршайды.
  • Клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.
  • Компьютерлік сырқат белгілер:
  • Көздің көру қабілетінің нашарлауы.
  • 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы.
  • Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
  • Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
  • Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
  • Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
  • Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
  • Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
  • Компьютердің пайдасы қандай?
  • 2 топ
  • 1. Байланысқа кіру. Ғаламтор- байланысқа кірудің жаңа бір түрі.
  • 2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылар санының уақыт өткен сайын өсуі.
  • 3. Қатысу. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады.
  • 4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі.
  • 5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі.
  • Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
  • Танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
  • Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
  •  
  • Компьютерді дұрыс орналастыру
  • 1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
  • 2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
  • 3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
  • 4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
  • 5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
  • 6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
  • 7. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
  • 8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
  • 9. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
  • 10. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.
  • Балаңыздың ғаламторда қанша уақыт отырғанын қадағалай аласыз ба?
  • Баланың ғаламторға тәуелділігінен сақтандыру жолдары
  • 3 топ
  • Ғаламтордың бала денсаулығына
  • зияны?
  • Ғаламтордың пайдасы
  • Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?
  • 4 - топ
  • Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі
  • Жалпы ереже
  • 1. Ұялы телефон оқушының өз меншікті заты болып табылады.
  • 2. Оқушылардың меншікті заттарын мектеп әкімшілігі өз жауапкершілігіне алмайды.
  • 3.Ұялы телефонды сабақ үстінде кедергі жасамауын қадағалау.
  • Сабақ кезінде
  • 1. Сабақ үстінде ұялы телефонды міндетті түрде өшіріп немесе дыбысын басып қою қажет.
  • 2. Сабақ кезінде оқушылар ұялы телефонды ақпарат алмасуға, калькулятор, фотоаппарат немесе видеокамера ретінде қолдануға тиым салу.
  • 3. Оқушыларға мектеп ішінде наушниктермен және плеермен жүруге тиым салу.
  • 4. Ұялы телефон парта үстінде, оқушылардың қолдарында және ашық жерлерде тұруына тиым салынады.
  • 5. Мұғалім сабақ кезінде оқушыдан ұялы телефонды өз жауапкершілігіне алуға, оны сақтауға құқығы жоқ.
  •  
  • Үзіліс кезінде
  • 1. Оқушыға қауіпсіздік мақсатында ұялы телефонын қараусыз қалдырмауы ескертілсін.
  • 2. Оқушы ұялы телефонын қажетті шұғыл жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
  • 3.Мектептегі қатаң тәртіпті сақтау мақсатында мұғалім оқушыдан ұялы телефон мен плеерді ала алады, тек ата-анасы немесе оның орнын ауыстыратын адамдар міндетті түрде хабардар болуы тиіс.
  • Ұялы телефонның қандай зияны бар?
  • Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенттің бала психикасына әсері
  • Бүгінде «maіl.ru» қыз­­метіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентші­лер­дің» қатары күн санап көбейіп ке­леді. «Maіl.ru» компа­ния­сының деректеріне жүгін­сек, «м-агент» қыз­метін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Ком­пьютерді былай қо­йып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап оты­ратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
  • «Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады
  • Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс-әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс-әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.
  • Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
  • 1.Жеңіл қызығушылық кезеңі. 2.Қызығушылық кезеңі. 3.Тәуелділік кезеңі. 4.Құштарлық кезеңі.
  • Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенке тәуелділіктің апаратын жолы:
  • Зорлық-зомбылық
  • Қылмыс
  • Жыныстық бұзылу
  • Діншілдік
  • Суицид
  • Жүйке жүйесінің тозуы
  • Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)
  • Ғаламтордың зиянынан сақтандыру
  • Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі.
  • Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген са йттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті.
  • Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Баламыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да – ата-аналық парызымыз.
  • Қорытынды

  • Ата- аналарға ұсыныс:
  • 1. Ата-аналардың баланың компьютер мен ғаламтарда жұмыс жасауын қадағалап отыруы .
  • 2.Ұялы телефонды дұрыс пайдалана білуін және оны қолдану ережесін ескертіп отыруы.
  • 3. Ата-ананың баланың компьютермен, ғаламтормен тиімді жұмыс жасауын қадағалауы.

Каталог: uploads -> doc -> 0ff3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff3 -> Поэманы түсініп, мәнерлеп оқи білуге баулу, поэманың көркемдігін, әдебиет тарихында алатын
0ff3 -> Сабақ №38 Биология 10 сынып Сабақ тақырыбы Организмдердің жеке дамуы Онтогенез кезеңдері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет