Кремовый Базовый Презентация Шаблон



Дата01.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#145678
Байланысты:
Кант гносеология


Иммануил Кант
Таным теориясы
Гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім» және λόγος — «сөз») — философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс құрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған.
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс.
Иммануил Кант неміс классикалық философиясының негізін жасаушы.
Қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің аса ықпалды ойшылдарының бірі , әсіресе адам танымы философиясында ежелгі Грек ойшылы Аристотельден кейінгі ең ықпалды тұлға.
Иммануил Кант - неміс классикалық философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы. Ол өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады.
Канттың философиядағы таным теориясы
«Дайте мне материю, и я покажу вам, как из неё должен образоваться мир»
-Иммануил Кант
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті.
Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды.
Таным субъекті — бүкіл қоғам.
Таным объекті шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана.
Таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді:
  • сезімдік түйсіну,
  • сараптаушы парасат
  • таза ақыл-ой.

Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады.
Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.
Адамның түрлі субъективті кеңістік пен уақытты аңғару арқылы ұйқы-тұйқы түйсіктерді реттеу қабілеттілігімен сипатталады. Канттың ойынша осындай жолмен; сезімдіктің заты немесе құбылыстардың әлемі құрылады.
Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б. арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Келесі саты — ақылдың өрісі. Тәжірибе қарекеттіліктің өнімі, бір жағынан — сезімділіктің, келесі жағынан — ақылдың. Сезімділіксіз бізге бірде-бір зат берілген болмас еді, ал ақылсыз бірде-бір зат туралы ойлай алмас едік. Мазмұнсыз ой — бос қуыс, ал көрнекі түсініктер ұғымдарсыз соқыр. Білім, сонымен екі шарттан тұрады: сезімділік және ақыл. Сезімділіктің негізінде қабылданған пікірлер, тек субъективтік мағынаға ие — қарапайым байланысты қабылдау. Қабылданған пікір «объективті» мағынаға ие болу керек, яғни жалпылық және қажеттілік сипатта болып және осы арқылы «тәжірибелік» пікір болу керек.
Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды.
Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады.
Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады.
Философия Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет