Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі Дауренбеков Галымжан Бакытович


КСРО-да классикалық күрестің дамуы



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі44,66 Kb.
#87398
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 Дауренбеков Галымжан Бакытович күрес Word

КСРО-да классикалық күрестің дамуы. Ұлы октябрь социалистік революциясы дене тәрбиесі және спорттың дамуына шектелмеген мүмкіншілік жасады, оның ішінде спорттық күреске де ерекше мән берілді. 1918ж. жазының өзінде Қызыл Армияның әртүрлі бөлімдегі жауынгерлер мен командирлер гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, күреспен, бокспен айналысты. Әртүрлі спорт түрлерінен үйірмелер әскерлік бөлімдерде, оқу орындарда, қызыл армиялық клубтарда құрылды. 1919-1920ж.ж. классикалық күрес армияға шақырушылардың дене тәрбиесі бағдарламасына енгізілді.
Оған үлкен бөлім «Қызыл армияның дене дайындығының бағыты» берілді. Жалпы оқыту, әскери спорттық клубтарының бағдарламына күрес енді. 1919ж. Москвада ұйымдастырылған спорт нұсқаушыларының Орталық курстары күрестің дамуында үлкен роль атқарды.1920ж. осы курстар әскери дене тәрбиесі бөлімінің мектебі болып қайта құрастырылды. 1921ж. Петроградта әскери-интернационалдық мектеп жанынан «Қызыл жұлдыз» клубы ұйымдастырылды. Осы клуб еліміз ішінде және шет елдерде жарыстарды жүргізудің бастаушысы болды. 1921ж. күрес кәсіподақ спорттық клубтарда жүргізіле бастады. Осындай клубтар Москвада ұйымдастырылды.
1922ж. Москвада, Петроградта, Украинада күрестен жарыстар ұйымдастырыла бастады. 1923-1924 оқу жылында Москваның дене тәрбиесі институтында күрес оқу жоспарына енгізіліп, спорттық күрестен педагогикалық кадрларды жоспарлап дайындаудың бастамасы қойылды. 1924ж. Совет Одағында бірінші күрес ережесі жарияланды.
Осы жылы Киевте классикалық күрестен бірінші КСРО біріншілігі өткізілді. Жарысқа елдердің 16 қаласынан 41 спортшы қатысты. Белдесу 10-20 минут күрестен кейін 2 минут үзіліспен өткізілді. КСРО-ның бірінші чемпиондары А.Желнин (Ленинград), В.Иванов (Москва), П.Махницский, Н.Сато (Киев), Д.Горин (Краснодар) болды.1925ж. ЖКПОК (б) «Дене тәрбиесі облысында парияның міндеттері» қаулысы қабылданды. Осы қаулы классикалық күрестің бұхаралық дамуына және балуандардың спорттық шеберлігін арттыруға себепші болды. 1925ж. Советтің және финнің балуандары арасында бірінші халықаралық кездесу өткізілетін болатын. Финдік балуандар сол уақытта дүниежүзінің күшті балуандары болып саналады. Әсіресе олар партерде кілтпен аударуды қолданып жақсы күресті. Алтаудан үш салмақ дәрежесінде балуандар Сиротин (Киев), Густов (Москва) және Кокко (Ленинград) жеңіп шықты. Екінші КСРО-ның чемпионаты 1926ж. алты салмақ дәрежесінде өкізілді. Үшінші чемпионат 1928ж. өткізілді және бірінші Бүкілодақтық спартакиадаға кіргізілді. Жарысқа 250 балуан қатысты, солардың ішінде Австрияның, Германияның, Латвияның, финляндияның, Швецияның, Эстонияның жұмысшы спорттық ұжымдары болды. Жарыс жеті салмақ дәрежесінде, жеке командалық есепте өткізілді. Командалық біріншілікті Москва балуандары ұтып алды. Жеке есепте чемпион болғандар: Г.Серганский (Москва ең жеңіл салмақ), А.Борзов (Москва, жеңіл салмақ), Ф.Зуев (Ленинград, жартылай жеңіл салмақ), В.Иванов (Москва, жеңіл салмақ), Г.Рибсон (Горький, орта салмақ), В.Зееленбиндер (Германия, жартылай ауыр салмақ) және П.Пинсен (Финляндия, ауыр салмақ). Балуан Вернер Зееленбиндер тек көрнекті спортшы болған жоқ, сонымен бірге және антифашист, коммунист болды. 1944ж. ол концентрациялық лагерьде қайтыс болды. Неміс халқы өзінің батырын еске түсіріп, жылда Германияда халықаралық турнир өткізілді. 1930 жылдары біздің балуандар түрік балуандарымен бірнеше қатар кездесулер өткізді. Түрік балуандары орыс балуандарына партерде денесін теріс ұстап лақтыруды қолдануда сабақ көрсетті. Осылай орыс спортшылары, шетел балуандарымен кездесіп өздерінің техникасын байытты.Түріктермен күресуде В.Люляков, В.Иванов, А.Катулин, Г.Пыльнов т.б. әйгіленді. 1933ж. КСРО-ның IV біріншілігі өткізілді. Белдесу уақыты 10 минут болды. Сонан кейін КСРО-ның біріншілігі жылда өткізіліп, белдесу уақыты қайтадан 20 минут болды. Соғыс алдындағы біріншіліктерде бірқатар талантты балуандарды Н.Баскаковты, А. Катулинді, А.Карапетянды, С.Золотовты, А.Ялтырянды, Л.Егоровты, В.Соколовты анықтады. Күрестің дамуына Москва және Ленинград дене тәрбиесі институттарының жанынан Жоғары жаттықтырушылар мектебінің (1934ж.) ашылуы себепкер болды. Балуандардың бұқаралық және спорттық-техникалық нәтижесінің өсуіне классификация енгізілуі: спорт шебері атағы және I,II,III разрядты спортшылар (1935ж.), сондай-ақ спортқа еңбегі сіңген құрметті атақ (1934ж.) үлкен маңызы болды.1936ж. ерікті спорттық қоғамдардың ұйымдастырылуы тағы да күреспен айналысушылардың санын да көбейтуге себепкер болды. Сол жылы КСРО Спорт комитеті күрестен жаттықтырушылар мен төрешілердің мамандығын жоғарылату үшін бірінші жиынын өткізді.
1939ж. бастап КСРО-да абсолюттік біріншілігі өткізіле бастады, онда салмағы 80кг төмен емес балуандар қатыстырылды.
Бірінші чемпион К.Коберидзе (Москва) болды. Ұлы Отан соғысы елде спорттық өмірді бұзды. Совет балуандары, солай совет халқы фашизммен тылда және майданда айқасты. Өзінің Отанының қасиетті шекарасын қорғай, елдің үздік балуандары батырлықпен қаза тапты. Оның ішінде А.Желнин, Г.Пыльнов, А.Константинов, И. Михайловский, А.Гонжа, Н.Сруиков, Г.Баев, О.Трунен, С.Золотов, В.Давиденко, Н.Сусловтар да бар еді. Біздің халық оларды ұмытпайды. Бірқатар қайтыс болған балуандардың абыройы үшін дәстүрлі жарыстар өткізіледі. 1944ж. бастап қайтадан және жыл сайын КСРО-ның біріншілігі өткізіле бастады.
1945ж. балалар спорт мектебі жұмыс істей бастады. 1947ж. бастап жасөспірімдер арасында КСРО-ның біріншілігі өткізілді. 1947ж. Совет балуандары халықаралық әуесқой күрес федерациясының (ФИЛА) мүшесі болып, бірінші рет Еуропа біріншілігіне қатысты. 1924ж. осы жарыста біздің балуандар Н.Белов, К.Коберидзе және И.Коткас - бірінші, А.Ялтырян - екінші, В.Кожарский-үшінші орын алды. XV ғ. Олимпиада ойындарында (1952ж) балуандар келесі байыпты емтиханнан өтті.
Чемпион болғандар: Б.Гуревич, Я.Пункин, С.Сафин және И.Коткас, екінші орын – Ш.Челадзе, үшінші орын – А.Терьян және Н.Белов алды. 1953ж. балуандар дүниежүзі біріншілігіне қатысты. Совет командасы құрамында Б.Гурьевич, А.Терьян, Я.Пункин, С.Сафин, Г.Шатворян, Г.Картозия, А.Энглас және И.Коткас бірінші орынды жеңіп алды. 1956ж. дүниежүзінің Кубогі жарысы өткізілді. Дүниежүзілік кубогін В.Сташкевич, В.Росин, В.Манеев, Г.Кертозия, А.Ткачев, И.Коткас ұтып алды. Мельбурн Олимпиадасында классикалық күрестен советтер құрамасында өткен ойыннан бірде-бір қатысушы болған жоқ. Жаңа құрама командасы елдің сенімін абыроймен ақтады.
Н.Соловьев, К.Вырупаев, Г.Картозия, В.Николаев және А. Парфенов олимпиада чемпиондары атанды. Рим Олимпиадасында (1960ж.) алтын алқаны О.Караваев, А.Коридзе, И.Богдан алды. Токио ойындарында (1964ж.) ең жоғарғы құрметті сатыға А.Колесов шықты. Мехико Олимпиадалық турнирді (1968ж.) Р.Руруа ұтып алды. Ең жоғары Олимпиадалық табысқа совет балуандары Монреал ойындарында (1976ж.) жетті. Команданың барлық 10 қатысушылары медаль жеңіп алды: оның 7-і алтын. Ойын жеңімпаздары: А.Шумаков, В.Константинов, С.Налбандян, А.Быков, В.Резанцев, К.Балбошин, А.Колчинский болды. Москвада XXғ. Олимпиада ойындарына кейбір V капиталистік елдердің байкот жасағанына қарамстан, классикалық күрес турниріне іс-жүзінде барлық дүниежүзінің күшті балуандары қатысты. Ойынның жеңімпаздары Ж.Үшкемпіров, В.Благидзе, Ш.Сериков, Г.Корбан және А.Колчинский болды. Европаның күшті балуандарын жинаған «Достық -84» халықаралық турнирін Совет балуандары Б.Пашаян, К.Фаткулин, К.Маджидов, М.Проскудин, М.Мамиашвили, Г.Абхазова және И.Каныгин ұтып алды. Классикалықкүрестің әрі қарай дамуының маңызды ролін, әрине оны бүкілхалықтың спартакиада бағдарламына енгізілуі болды.
Москваға КСРО-ның I спартакиадасына 1956ж. классикалық стиль бойынша көптеген атышулы атлеттер, Олимпиада ойындарының және дүниежүзі біріншілігінің чемпиондары және жүлдегерлері жиналды. Спартакиада кілеміндегі белдесулер соншама қажырлы болғаны сондай, сол кейбір атышулы балуандар жүлделі орынға ие бола алмады.
1959ж. КСРО-ның халықтарының, классикалық күрестен II Спартакиадасы Москваға өтті. Өткен спартакиадалардан өзгешелігі, классикалық күрестен VI Спартакиада (1975ж.) Ұлы Отан соғысының 30-жылдық жеңісіне арналған жарыс Алматыда өтті. Командалық есепте бірінші рет Қазақстанның құрама командасы I орын алып үлкен табысқа жетті. Совет балуандарының халықаралық жарыстағы соңғы жылдарындағы қатысуын талдасақ, совет күрес мектебі жоғары халыаралық беделімен жіне дүниежүзінде алдыңғы орынды сақтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет