Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Трасологиядағы іздердің түрлері



бет14/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Трасологиядағы іздердің түрлері.
Трасологаялық топтардағы іздер әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Іздердің топтасуын олардың қалыптасу механизмі, берілген іздердің пайда болу салдарындағы негізделген әрекеттің жузеге асуы ізді қалыптастырушы объектілердің ерекшеліктері бойынша сипаттауға болады.
Пайда болу көзі бойынша іздер мынандай түрлерге бөлінеді:
- адам іздері;
- жануарлар іздері;
- көлік іздері;
- құрал, аспап, өндірісгік механизм іздері.
3. Қалыптасу механизмі бойынша және объектінің әсер ету күшімен қаттылығына байланысты іздер:
- көлемді;
- беткі қабатты болып екіге бөлінеді.
Көлемді іздер із қалдырушы объектінің әсер ету күші және қаттылығының әсерінен із қабылдаушы объектіде материалдық із қалдықтарының қалыптасуы салдарынан құрылады. Бұл іздердің ерекшеліктері айна тәріздес және із қалдырушы объектінің үш еселік көрінісі болып табылады.
Беткі қабаттағы іздер - із қалдырушы объект із қабылдаушы объектіге материалдық ізді қалдырмай қалыптасады, оның өзгерістері тек қана беткі қабатта қалады.
Қабылдау қабаты бойынша іздер:
- көзге көрінетін іздер - ешқандай құралдың көмегінсіз алынатын және көзге керінетін іздер;
- жай көзге көрінетін іздер - боялған түс фоны немесе жәнді көзге көрінбейтін кіші өлшемді іздер;
- көзге көрінбейтін іздер – түс фонының нашарлығына немесе өте кіші өлшемге байланысты белгілі бір құралдардың көмегімен алынатын көзге көрінбейтін немесе ажыратылмайтын белгілер.
Механикалық әсер стуге байланысты бір объектінің басқасына немесе объектілердің бір-біріне із қалдырушы іздер:
- статистикалық.
- динамикалық.
Статистикалық іздер із қалдырушы объектінің із қабылдаушы объектімен жақындасу әрекетінен іздердің сырғанауынсыз түсуі.
Динамикалық іздер бір немесе екі ара қатынастағы объектілердің қозғалысы арқылы сырғанау әдісімен түскен іздер. Бірнеше күштің әсері салдарынан әр түрлі бағыт қозғалысындагы түскен сызықты іздер.
Ізді қабылдаушы объектінің орнын ауыстыруға байланысты іздер бөлінеді:
- локальные - бір жердің шеңберінен аспайтын;
- периферические - шеттік.
Локальды іздер із қалдырушы және із қабылдаушы объектілердің жақындасу шекарасындағы болған өзгеріс салдарынан пайда болады. Із бетінің жан-жақтары өзгеріссіз қалады.
Перифериялық іздер керісінше із қалдырушы және қабылдаушы объектілердің ара қатынас зонасында болған өзгерістер есебінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет