Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Адам іздері (антропоскопия)



бет15/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Адам іздері (антропоскопия).
Трасологнялық мағынаға иелі адам іздері былай ажыратылады: қол, қолғап, аяқ, аяқ киім, тіс, бастың бөлшектері (бет), папилярлы өрнектері жоқ (ерін, мұрын, маңдай), киім, қан іздері.
Қол іздері басқа іздермен салыстырғанда қылмысты ашу мен тергеуде жиі және ұтымды қолданады. Ол қол дың қызметтік маңызын және маймен терінің затқа иелігі көрсетеді.
Қол алақанының беті (табан) - папилярлы сызықтар мен қабатталған және немқұрайлы бөлінген кішкене ірі сызықтардың биіктігі мен ені. Папилярлы сызықтар қысқаша бөлімдерде тек сызықта және ұзартылған сызықта күрделі өрнек құрап иіледі. Папилярлы сызықтар біріне ешқашан қайшы келмейді, бірақ олар бір бірінен бөлінуі және әр түрлі өрнектерді құруы мүмкін.
Іздерде папилярлы сызықтармен бірге алақанның терісінің басқа рельеф-бедер белгілері: иілуші (флексорлық, сызықтар, әжімдер, тесіктер, дақтар, күйіктер және т.б. көрініс алады.
Криминалистикада көп көңіл рельефке бөлінеді. Папилярлы өрнектің құрылымын зерттеумен дактилоскопия айналысады.
Папилярлы өрнектердің криминалистикалық мағынасы олардың ерекше құрамымен анықталады: жекелік, тұрақтылық және қайта қалыптасуымен. Папилярлы өрнектердщ үш түрі бар:
а) доға тәріздес саусақ өрнегінің бір бетіиен екінші бетіне иіліп доға тәрізді түсуі. Бұл типтегі өрнек - құрамы бойынша қарапайым және жиі кездеседі (шамамен 5%).
Доғалар жай және күрделі болулары мүмкін. Күрделі дoғa тәрізді өрнектерде папилярлы сызықтар саусақ ортасында иіліп немесе аяқталмаған сурет тәріздес түсуі мүмкін.
ә) ілмекті өрнек, саусақ ортасында ілмек тәріздес бір жақтан екінші жаққа сызылып орныққан өрнек. Саусақ шетіне бағытталған сызық ұштарын ілмек аяқтары, ал доғаланған бөлшегін ілмек басы деп атайды. Саусақ басына бас жағынан және аяқ жағынан иілетін ілмекті сызықтар түседі. Ағымдардың орналасқан орындарын дельта дейді. Ілмектердің жай және күрделі түрлері болады: паралель өрнек, жартылай ілмек, түйық ілмек, қос ілмек және иілген ілмек.
Барлық ілмекті өрнектер кішкене бөбектік және басбармақтық болып бөлінеді. Ілмекті өрнектер кең тараған, жалпы өрнек санынан шамамен 65 % құрайды.
б) ораулы өрнекте екі дельта болады - өрнектің ортаңғы бөлігінен оң және сол жағында (кей кездерде 3 немесе 4 дельта кездеседі), Дельталар арасында доға, спираль, ораулы өрнек сияқты суреттер қалыптасқан.
Ораулы өрнектер жай және күрделі болып жіктелінеді.
Ораулы өрнектер жай өрнек санының 30 % құрайды.
Аяқ іздері әр түрлі қылмыстарды тергегенде оқиға болған жерден табылуы мүмкін. Аяқ іздерін қарау мен жалғасушы сараптамалық зерттеу қылмыскерді табу мен іздестіру үшін қолданатын маңызды мән-жайларды анықтайды.
Аяқ іздері арқылы оны қалдырған адам туралы (оның бойы және жүрісіндегі ерекше белгілері); аяқ киім белгілері туралы; әрекет жағдайы туралы (қозғалыс жыадамдығы мен бағыты) анықтауға; адамды және оның аяқ салыстыру үшін колдануға болады.
Іздер-жалаң аяқ, аяқ киім, шұлық киген аяқ із бойынша ерекшеленеді.
Аяқ іздері көлемді, әрі беткі қабатты болуы ықтимал. Көлемді іздер оқиға болған жерде жеңілдікпен қарастырылады. Жердің беткі кабатына түскен іздер ластанған немесе боялған табанмен қалдырылған жағдайда жақсы анық көрінеді.
Жалаң аяқ іздеріне табан өлшемі, әрбір саусақ ұзындықтары мен ендері, табанның жаллы қалыбы, папилярі өрнектердің жалпы құрылысы, флексорлы (иілтен) қабаттар көрініс алады.
Шұлық киілген аяқ іздерінің жаллы белгілері бол мыналар табылады: шұлық өлшемі, жіптердің тоқылу мен схемасы, өкше жақтарының тігістері.
Аяқ киім табанының жалпы белгілері мыналар: табанның қойылуы, табанның және оның бөлшектерінің өлшемі, табан және оның бөлек бөлшектерінің қалпы, олардың жалпы сипаттамасы, табан өкшесі, шегелері, тағалары, өндіруіш фабрика белгілері.
Аяқ іздері арқылы шамамен адам бойын, оның aяқ киім өлшемін аиықтауға болады. Антропометриялық зерттеулер ер адамның табан өлшемін 15,8 % және әйел бойын 15,5 %-ға теңесетіні анықтаған. |
Қылмыскердің тіс іздері тағам өнімдерінде және басқа да заттарда қалыптасуы мүмкін. Tic іздері адам денесінен де табылады. Tic іздері бойынша оның қалыптасу механизмін анықтауға, адамдарды салыстырады.
Қалыпттасу механизмі бойынша іздерді тістеу және тісті батыру арқылы түскен іздер ден бөлуге болады. Идентификациялау үшін тістің бату іздері өте ыңғайлы және оларда ақпарат мол болады.
Тісті батыру іздері бойынша тіс аппаратының келе белгілерін сипаттауға болады: тіс қатарының доға қалпы мен өлшемі. Оң және сол қатардағы тіс ретінің ассиметриясы, бір қатардағы тістердің иілуі, тістердің араларында қашықтық, тіс саны, протез.
Сараптаманы сарапшы криминалистпен тіс дәрігері сот медигі жүргізеді.
Тырнақ іздері криминалистикалық зерттелу объект ретінде көбінесе қылмыскерлердің немесе жәбірленушілердің денесінде кездеседі. Тырнақ іздерін қарауда немесе зерттеуде ізде қалатын жеке белгілері анық көрінбейтін ерекшеліктер анықталуы қажет.
Адам тырнақтарының қалпы, релъефі, тырнақ пластинасының контуры, ұзындығы, ені, жақтарының үлкендігі, түсі мен ерекшеліктері бойынша топтастырылады.
Тырнақ іздерінің қалыптасқан орны бойынша, олардың көрініс саны мен дәрежесін болған оқиғаға байланысты сипаттау қажет: өзін-өзі қорғау деректемесі, қауіп төндіру әдісі, қылқындыру дерегі және т.б.
Тырнақ іздерін фотосуретке түсіріп, хаттамаға тіркеп жазады. Қылмыскер тырнағының астында жәбірленушшің терісі немесе басқа да тергеуге маңызы бар заттардың болуына айғақ болса, онда оның тырнақтары тазаланып, алынып сот-биологиялық сараптамаға жіберіледі.
Киім іздері көліктердің лакталған бетінен (көлікпен адамды қағып, басып кеткен жағыдайда), дымқыл жерде (қылмыскер мен жәбірленушінің күрескен жерінде) және т.б. оқиға болған жерлерден табылады. Киім іздерінде жіптердің тоқылу түрлері мен суреттері, матаның басқа да жалпы белгілері, киім тігісі көрініс алады.
Киім іздерін масштабты сурет әдісімен түсіреді және хаттамаға сипаттап жазады. Лакталып боялған объектілерден көрінген киім іздерін дактиласкопиялық пленкаға көшіріп, үлкен іздерден гипстік жапсырмалар дайындалады.
Іздердің суреттері мен көшірмелерін сараптамаға тексерілуші тұлғаның киімімен бірге жібереді
Қан іздері - заттардың іздерін білдіреді. Оқиға болған жерден табылған немесе киімнен табылған қан іздерінің қалпын зерттейтін трасологиялық зерттеулер олардың пайда болу механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Қан іздерінің түсу жағдайларын білу арқылы қылмыс жайындағы жеке деректерден көрініс алуға болады. Қан іздері былай жіктелінеді:
- қанның ұю қалпына;
- қанның шашырауына;
- қанның тамшыларынан қалған іздеріне;
- қанның ағуына;
- қанның жағылуына байланысты.
Қан іздері өз құрамында қылмыстың келесі мынандай жағдайларын анықтай алады. Жәбірленушіге тиген жарақат орны жөне оның залалының шамасы; оқиға жерде күректі пайдалану арқылы қажетті қорганыстың болуы; қылмыскердің денесінде немесе киімінде қан ізі қалу мүмкіндігі; жәбірленішінің қозғалыс немесе өлікті тасу бағыты; жарақат тиген уақыттағы жәбірленуші денесінің жатқан жағдайы және т,б.
Қан іздері табылған объектілерді, сол іздермен бірі фотосуретке түсіреді. Қан іздері кеуіл кеткен жағдайда олардың үстіне жұқа қағазды қою арқылы олардың конту рын көшіріп алуға болады.
Қан іздерінің қалпын трасологая сараптамалық зерттеулер оқиға болған жерде немесе іздердің суреттері бойынша зерттеу лабораторияларында жүргізіледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет