Кримнналистикалық қару-жарақтану. Кримвиалистикалық қару-жарақтану – қылмыстық әрекетпен байланысы бар атылатын, суық, газды және бас қару турлерін, сонымен қатар оларды қылмыстық әрекетке қолдану және жасау материалдары мен құралдарындағы криминалистикалық білім саласы.
Криминалистикалық қару-жарақтану мыналардан тұрады:
- атылатын қаруды және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу,
- жарылушы құралдар мен оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу;
- суық қару және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу.
Сот баллистикасы - атылатын қаруды, құрама бөлшектерді және ату зандылығын зерттейтін, қылмысты ашу,
Тергеу және алдын алуда пайдаланатын объектілер мен олардың іздерін жинақтап, зерттеу құрамы әдіс-тәсілдерін жақсартудың және криминалистикалық қару-жарақтану бөлімі.
Атылатын қару - бұл газды көріністі заттың грмикалық энергиясы салдарынан, адамға, жануарға немесе басқа заттарға көздеу әдісімен жүзеге асатын оқпен (картеч, дробь) зиян тигізуге арналған құрал.
Қолдану мақсатына, сонымен бірге негізгі параметрлері мен сипатына қарай қару үшке бөлінеді:
а) азаматтық;
ә) қызметтік;
б) соғысқа арналған әскери.
Атылатын кару сот баллистикасымен зерттелетін құрама белгілер кешеніне ие. Олардың қатарына: жану камерасының стволы мен бытыра қуатының жануы, жабушы және атушы құралдар жатады.
Ствол каналынын құрылуына байланысты тегіс стволды, тегіс кесінді және кескінді қару болып жіктеледі.
Кескіндер - стволдың ішкі бетіндегі жолақ түрлі ұзынша терең іздер өзінің барлық ұзындығында бір ғана жол құрайды. Қазіргі талапқа сай қару 4 немесе 6 кесінді болады. Олар оң және сол жақтарға бейімді.
Кескінді атылатын қару калибрі екі бір-біріне қарама-қарсы жатқан кесінді сызықтарының аралық қашықтығы бойынша анықталады. Келесі калибрлар кең таралған: 5,45; 5,6; 6,35; 7,62; 7,65; 9; 11,43 мм.
Тегіс стволды қару калибрі шартты бірліктермен белгіленеді және қорғасын салмағынан ерекшелейтін канал стволының диаметріне сәйкес келетін қабатты оқ санымен анықталады.
Атушы механизм капсюлды, жалындатушы және бытыра зарядын жандырушыларының жұмыс істеуімен қамсыздандырылады. Барлық атылушы механизмдер топтарға бөлінеді:
- қыздырушы (мылтық аузын зарядтаушы тарихи қару);
- шүріппелі (1895 жылғы наған жүйесіне жататын револъвер);
- ұрушы (Норвин жүйесіндегі ТТ-Тульский тапаншасы);
- шүріппе – ұрушы (Макаров тапаншасы, Калашников антоматы);
- жалындамалы (ППШ, ППС, ПЛД тапанша-пулеметы);
- электро жалындаушы (Ле Барон және Дельмас және С.Руссель 1834 жылғы винтовкалары).
Атудың залалы оқ, картеч, дробь немесе олардың санды ауыстырушылары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі заманға сай атылатын қарумен ату ушін біі тұтас оқтар, яғни атуға жарамды барлық элементтердің қосындысы бар оқты пайдаланады.
Оқ - қарумен атылатын құрал. Оқ негізінен гильзада құралады. Гильза тұрқы темірлендірілген немесе темірлендірілмеген (қағаздан немесе пластикадан жасалынған) болады.
Капсюлъ - жай жалындатушы құрамынан, тостен және қақпақшадан тұратын оқтың орталық соғыстырып жалпы атушысы.
Оқтарды лақтырушы заряд - бұл әр түрлі бытыралы. Бытыра (бастаушы құрал) түтінді және түтінсіз болады.