Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану



бет13/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану.
Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады
Бейнетаспаға жазу - киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.
Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады., Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және қарастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді,
Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және осы жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.
Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын, қызметін, фамилиясын атайды) өтеді, содан кейі бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әрекетіне қатысушыларды жеке атап өтсді (ірі жобамен түсіріледі), түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды. .
Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:
а) өрт, көліктік апаттар болған жайында оқиға туралы барынша акпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;
ә) бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;
б) Тергеуші тәжірбие - сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;
в) Сұрақ-жауап алу, аудармашылардың қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.


Криминалистикалық ізтану (трасологая)
Трасология - бұл із түсетін объектілердің сыртқы құрылысының белгі көрінісіне ие іздер, іздің түсу механизмі, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізудегі маңызға ие жағдайларды анықтайтын мақсатта жүргізілетін құралдар, әдістер мен тәсілдерді табу, тіркеу, алу, сақтау және зерттеу туралы криминалистикалық білім саласы.
Трасология жүйесіне жататындар:
- жалпы мәселелер;
- көрініс іздерін зерттеу (қол, аяқ, тіс, бұзушы және көлік құралдарының іздері);
- құралдарды қылмыс іздері ретінде зерттеу (өндірістік механизм іздері бойынша шектеулі заттардың жағдайын, тұтас белшектерін, заттың шыгу көзін анықтау);
- заттарды қылмыс іздері ретінде зерттеу.
Трасологиялық мағнада іздер - материалды объектінің басқа екінші объектімен қатынасы арқылы түскен бірінші объектінің белгілері болып анықталады.
Іздер арқылы:
а) пайда болу механизмін (мысалы, объектілердің aра қатынасындағы байланыс);
ә) болған оқиғаның бөлек жағдайын (мысалы, тұрақ жайға немесе алаңға кіру әдісі);
б) топтық қатыстығын (мысалы, протектор ізі бойынша автокөлік түрін анықтау);
в) объектінің теңестірілуін (мысалы, әр түрлі оқиға болған жерлердегі қалған қол іздерінің бір тұлғаға тән екендігін анықтауға болады.
Іздер үлкен үш топқа топталады:
- көрініс іздері - ізді қалдырушы объектінің және олардың түсу механизімінің белгілерін көрсететін іздер (қол сындыру, көлік дөңгелегі, қан іздері);
- құрал іздері - объект белгісі мен оның әрекеттестігін керсетеді (құлпылар бұзу, іздері бар пломбаларының сынықтары және т.б.);
- зат іздері - трасология үшін екінші орынға ие және іздің қалыптасу механизмін, топтық және басқа да белгілерін анықтау арқылы ғана зерттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет