Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары



бет2/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1

Криминалистиканың жүйесі.
Криминалистика жүйесі басқа да кез келген ғылым жүйесі сияқты өзара байланысты тараулар мен бөлімдерден тұратын біртұтас кешен болып табылады.
Криминалистика жүйесі ғылым ретінде 4 бөлімнен құралған:
- криминалистиканың жалпы теориясы;
- криминалистикалық техника;
- криминалистикалық тактика;
- криминалистикалық методика (жеке қылмыстарды тергеу мен алдын алу әдістері).
Криминалистиканын жалпы теориясы — бұл криминалистика пәнін, оның ішкі және сыртқы байланыстарын толық көрсететін дүниетаным қағидаларының, теориялық тұжырымдамаларының, ұғымдарының, әдістерінің, терминдер анықтамаларының жүйесі.
Жалпы теория криминалистиканың әдістемелік негізі болып табылады.
Жалпы теорияға мыналар жатады:
а) криминалистика пәнін құрайтын және қриминалистикалық құралдар, тәсілдер мен кеңестерді жақсарту, үшін негіз болып табылатын әрекеттердің объективті заңдылықтарын тану салдарын көрсететін криминалистикалық оқу және жеке теориялар;
ә) криминалистика тілі туралы оқу — терминдер мен белгілердің түсінігі және анықтамасының жүйесі, сонымен бірге криминалистикалық тұжырымдаманың маңызды ұғымы;
б) криминалистикалық жүйелеу - криминалистикамен жиналған білімді жүйелеудің негізі және әр түрлі криминалистикалық маңызды объектілердің қалыптасқан топталуы;
в) криминалистикалық ғылыми зерттеу әдістері туралы оқу және олардың практикалық әрекет әдістерімен байланысы.
Криминалистикалық техника - ғылыми жағдайлар оған негізделген дәлелдерді жинау мен зерттеуге, қылмысты ашу мен алдын алуды жүзеге асырушы басқа да жағдайларға арналған құралдарды, әдістерді және тәсілдерді пайдалану бойынша берілетін техникалық сипаттамалардан құралған криминалистиканың бөлімі.
Қылмыспен күресу мақсатында арнайы қолданылатын криминалистикалық техниканың құралдары, әдістері мен тәсілдері жаратылыстану ғылыми және техникалық, гуманитарлық пен құқықтық білімдеріне негізделеді.
Криминалистикалық тактика - дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырын әдіс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымдастыруды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шенберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
Сонымен бірге криминалистикалық тактика қылмыстық істерді тергеу мен сотта іс қарау ісіне криминалистикалық техника әдістері мен құралдарын ұтымды пайдалану үшін қамсыздандыруға бағытталған. Сондай-ақ техникалық құралдарды қолдану тергеу тактиакасына зор әсерін тигізеді. Сондықтан криминалистикалық тактика мен техника өзара тығыз байланысты.
Криминалистикалық методика бұл қылмыстардың жеке түрлері мен топтарын тергеу мен алдын алу әдістері. Ол әдіс-тәсілдер жиынтығының ғылыми жағдайлары мен оған негізделген адам өлтіру, бұзақылық, зорлау, ұрлық, парақорлық, боспалаушылық және т.б. қылмыстарды тергеу мен алдын алу үшін әдістемелік көрсеткіштерді және кеңестерді өз құрамына жинақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет