Кримииалистиканың әдісгері. Криминалистиканың әдістері — бұл теориялық және қолданбалы сипаттағы криминалистикалық зерттеу процесіндегі ғылыми мәселелерді шешу тәсілі.
Криминалистикамен қарастырылатын және қолданылатын әдістер әр түрлі, олар көптеген логикалық негіздемелер бойынша топталуы мүмкін.
Жалпылама қағидасы бойынша криминалистиканың әдістері жалпы (жалпы ғылыми) және арнаулы болып бөлінеді.
Жалпы (жалпы ғылыми) әдістері — бұл барлық практикалық әрекеттердің ғылымдары мен салаларында қолданылатын әдістер.
Криминалистиканың жалпы ғылыми әдістері қатарына мыналар кіреді:
а) сезімге рационалды әсер етуші әдістер: -белгілі бір объектіні, құбылысты, процесті оқу мақсатымеи арнайы және бір мақсатты көздеп жүзеге асатын қабылдау процесі үғындыратынын қадағалау.
Криминалистикалық ғылыми зерттеулерде жағдайдағы элементтер, адамдар, олардың сыртқы 6eлгілерінің, мінездерінің, эмоциялық жағдайларының көрінісі, адамдардың әрекеттері, сонымен қатар қылмыстық жағдай туғызатын әрекеттер, құбылыстар мен процестер объектілері болып табылады;
-объектінің белгілерін сипаттау. Бұл толық анықталған немесе берілген зерттеуге қатысы бар кейбір болуы мүмкін. Сипатталатын белгілер зерттеу немесе ба әдістер арқылы анықталады және алынған ақпаратты кеу құралы болып табылады;
-салыстыру, яғни екі немесе бірнеше объектіяері құрылымы мен белгілерін теңестіру. Салыстыру объектіле мыналар: нақты материалды кейіп, ойша алынған кеі керлер; қорытынды мен ұыныстар; әрекет салдары т.б;
- тәжірибе, яғни құбылыс пен жағдайды зерттеу олардың басқа құбылыстармен байланысын анықтау. Ғылыми тәжірибе криминалистиканың барлық бөлімдерінде колданылады: тәжірибелерді ұғыну арқылы заттық дәлелдерді зерттеу әдістері жасалынады, тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдері өнделеді, жеке қылмыс түрлерін тергеудегі нақты бағыттар анықталады;
- үлгілеу, оның маңызы түп нұсқасынан үлгі мен, яғни арнаулы құрылған ұқсастықпен ауыстыру негізделеді. Олар заттардың, құралдардың, құбылыстардың, жүйелердің және процестердің сүмбілелері мүмкін. Осы үлгілерге қажетті зерттеу жүргізіледі, ал сол кейінгі қорытындысы түпнұсқаға негізделеді. Криминалистикада қолданылатын үлгілеу түрлері: ойша, физиоматематикалық және т.б.
ә) логикалық әдістер:
- анализ-талдау.
- синтез-жинақтау;
- индукция -жекеден жалпыға бағытталған ойлау;
- дедукция - жалпыдан жекеге бағытталған ойлау.
- гипотеза - жорамалдау;
- аналогия - ұқсатық;
б) математикалық әдістер:
-өлшеу - зерттелуші үлкендікті өзімен бірдей үлкендікпен салыстыру арқылы белгілі және белгісіз үлкендіктердің сандық қатынасын анықтайды. Криминалистикада өлшеу объектісі болып заттардың, құбылыстардың, процестердің әр түрлі физикалық сипаттары табылады: өлшемдер, масса, көлем, температура, уақытша аралықтар, қозғалыс жыадамдығы, спектрлі сипаттамалар;
-есептеу - параметрлерді анықтаушы және математикалық модельдеуді жүзеге асыруда қажетті әдіс;
-геометриялық құбылыс - бұл әдіс жоспарларды, сызуларды, схемаларды құрастыру үшін қажет. Әдіс өлшеумен тығыз байланысты;
-математикалық модельдеу — қатысты математикалық есептердің көмегімен процестер мен құбылыстардың өту шарттарын модельдеу;
в) кибернетикалық әдіс — криминалистикаға белсенді енетін жалпы ғылыми әдістің жаңа тобы. Осы әдістерге негізделген жаңа ақпарат бере алатын технологаялардан ақпараттарды, компьютерлік модельдеуді және т.б. іздестіру мен антоматтандырылған өндеуді жузеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Арнаулы зерттеу әдістері бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген салада қолдану әдісін түсіндіреді.
Криминалистиканың арнаулы зерттеу әдістері екі топтан тұрады.
Бірішпі топты жеке криминалистикалық әдістер құрайды, яғни алғашқы рет криминалистика ғылымымен зерттелген және осы ғылыммен қолданылатын әдістер. Оған: криминалистикалық идентификация, дактилоскопия, одорологая, тергеуші әрекеттерді жоспарлау, тергеуді ұйымдастыру әдістері жатады.
Екінші криминалистикалық арнаулы әдістер тобын басқа ғылымдардың арнаулы әдістері құрайды. Олар ерекше криминалистикалық мәселелерді шешу үшін немесе өзгертілмей қолдануға негізделген. Ондай әдістерге мыналар жатады:
-заттар мен материалдардың морфологиясын, құрамын, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін талдау үшін арналған физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер;
-биологиялық әдіс, биологиялық пайда болған объектілерді зерттеу үшін қолданылады;
-антропологиялық және антропометриялық әдістер, өлген адамның сүйек қалдықтары бойынша тұлғасын анықтау, адамды іздеу үшін сырт бейнесін суреттеп сипаттау және тануға қажетті белгілерді жақсарту кезінде қолданылады;
-әлеуметтану әдісі, қылмыстың жасалуы мен жасырылуының себептерін, қылмыс тәсілінің анализін, тактикалық әдістер мен түсінік қорытындысы туралы ақпарат жинаудың себептері мен шарттарын зерттеу үшін қолданылады;
- психологиялық, тактикалық әдістер мен құрамаларды жақсартуда қолданылады.
Криминалистикадағы әдістерді қолдану белгілері мыналар:
а) әдістің ғылымилығы, алынып отырған қорытындылардың анықтығы мен негізділігі, олардың сенімділігі ұғындырылады;
ә) әдістің қауіпсіздігі, яғни оны қолдану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығана зияны тимеуінің қажеттігі;
б) әдістің зандылығы мен этикалылығы. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қарастырылатын тек қана заттар емес, сонымен бірге адамдар болатынын ескеріп, заңдылықтың конституциялық қағидалары мен қоғамдық тәртіп белгілеріне жауапты әдістерді қолдану.
в) әдістің тұрақтылығы криминалистиканың кез келген мәселелерін шешуде қолданылады.