Криминалистикалық идентификация. Идентафикация - берілген объектіні ізделінуші болып табылатындығы туралы мәселені шешу мақсатындағы объектінің жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша жекешелігін немесе ерекшелігін анықтайтын құбылыс.
Салыстырудың мүмкіндік жағдайы материалды объектілердің табиғатына қарай құрылады. Бір жағынан бұл зерттелуші объектілердің жекелігі мен қайталанбайтындығына, шартты тұрақтылығы мен өзгермейтіндігіне, екінші жағанан — объектілердің өзіндік белгілерін басқа объектілерде көрсету мүмкіндігіне негізделеді.
Криминалистикалық идентификацияның иегізгі шарттары мыналар болып табылады:
а) криминалистикалық идентификация объектілерінің жеке өзіндік анықтылығы, объектілерді сипаттайтын тұрақты белгілердің болуы;
ә) салыстырылатын объектілерді тұрақты белгілерінің көрінісі бойынша криминалистикалық идентификацияны жузеге асыру;
б) қылмысты ашу мен тергеу және істі сотта қарастыру процесіндегі криминалистикалық идентификацияны қолдану.
Идентификациялау процесіне екі түрлі объект қатысады:
-идентификацияланатын (ұқсасталынатын) объект; ол ерекшелігі анықталатын объект.
-идентификацияланушы (ұқсастырылушы) - объект; ол арқылы ерекшелік анықталады.
Идентификацияланатын объект біреу, ал салыстырушы объект бірнеше болуы мүмкін.
Идентификацияланушы объектілердің екі түрі бар: пайда болуы белгілі және белгісіз.
4. Криминалистикалық идентификацияның теориясы мен практикасында екі көрініс формалары бөлінеді: материалды - тіркеуші және психо-физиологиялық.
Материалдық белгіленуші көрініс қалпы басқа материалды объектілерден көрінген объектінің есте қалған белгілерін білдіреді, оларға жататындар іздер (қол, аяқ, қару-жарақ, көлік құралдары); Ірі тұлғалардың, өліктердің, заттық дәлелдердің құрылыс, жер бөлшектершің көрнекі бейнелік көріністері (фото, кино, бейне көрініс); құжаттар (жазбаша, машинкалық баспа және т.б.); сипаттау, яғни белгілерді ауызша, сонымен қатар есепке алу картотекаларында белгілеу.
Психо-физиологиялық көрініс қалпы субъективті мағынаға ие. Ол салыстырушы тұлғаның есіндегі ойының, нақты сезімді кейпінің қалыптасуынан құралады. Ойлау арқылы салыстыруды жәбірленушінің, куәгердің, айыпкердің кейпін есінде қалған адам ғана жузеге асыра алады.
Идентификация іс жүргізуші немесе іс жүргізбеуші - екі қалыпта жүзеге асады. Іс жүргізуші қалыптағы салыстыру сараптама немесе басқа да тергеу әрекетінің жүру барысы түрінде жүзеге асады. Сарапшы қорытындысымен тергеу әрекетінің хаттамасында белгіленіп, идентификация қорытындысы дәлел мағанасына ие болады.
Іс жүргізбеуші идентификация тергеушімен оқиға болған жерді қарау, тінту, дәлелдерді алу барысында жүргізілетін салыстыру болып табылады; оның қорытындысы дәлел мағынасына ие емес. Олар басқа дәлелдерді алу үшін, қолданылатын ойлау оперцияларының ролін атқарады. Іс жүргізбеуші қалыпқа жедел тергеу мақсатында, сонымен бірге алдын алу, сараптамаға дейінгі тергеушінің немесе маманның зерттеулері жүргізілетін идентификация жатады.
Криминалистикада идентифнкацияның төрт түрі белгіленеді:
- материалды-тіркелген белгі көріністері бойынша идентификациялау;
- жалпы пайда болу белгілері бойынша идентификациялау (бүтінді бөлшектеп идентификациялау);
- адам есінде қалған ойша бейне бойынша идентификациялау;
- белгілерді сипаттау бойынша вдентификациялау.
Идентификацияланатын белгі — салыстырылатын объектілерге тән және идентификациялау мақсатында қолданылатын жекеше белгі.
Белгіні идентификациялаушы ретінде пайдалану үшін, ол келесі шарттарға жауап беруі тиіс:
а) белгінің ерекшелігі - оның ерекшелігі, сипаттамасы, өзектілігі. Белгі идентификация үшін қолданылатын объектінің құрамын толық көрсетуі қажет;
ә) белгінің мазмүндылығы - оның тұрақты көрінісін сақтау қабілеті. Белгі іздің қалыптасуының әрбір жағдайында пайда болады, сонымен бірге оның көрінісі біркелкі тепе-тең және объект құрамы жөнінде ақпарат беріп отыруы тиіс;
б) белгінің шартты тұрақтылығы - қоршаған ортадағы болып жатқан белгіге қатысы жоқ немесе көңіл бөлінбейтін өзгерістер. Кез келген жағдайда идентификацияда салыстырылатын белгінің мәні мен шартты өзгеру сатысына көңіл бөлінеді.
Идентификадиялық белгілер әр түрлі негіздер бойынша топталады:
- субъектіге толык қытынас бойынша: жалпы және жеке;
- сипаттамасы бойынша: сапалы және мөлшерлі;
- идентификация процесіндегі маңыздылығы бойынша: дифференцияланатын және идентификацияланатын;
- кезеңнің ұзақтығы бойынша: тұрақты және шартты тұрақты;
- табиғаты бойынша: занды және кездейсоқ;
- объектілер санының көіпігіне байланысты: топтық және жекешеленген;
- басқа да белгілермен байланысы бойынша: байланысты және байланыссыз;
- пайда болуы бойынша: жекеше және жасанды.
Объектінің топтық қатынасын анықтау - оның белгілі бір сыныпқа, түрге, топқа, яғни біртоптық объектілердің кейбіреулеріне қатысын айқындау мүмкіндігін тудырады. Объектінің белгілі бір топқа қатысын анықтау - берілген топ объектілерінің жалпы белгілерін зерттеу негізінде жүзеге асады.
Топтық тиістілік мына мақсаттарда анықталады:
а) белгісіз заттың табиғатын анықтау;
ә) заттаң болуы мен тағайындалуын анықтау;
б) объектіні белгілі бір топқа, заттар массасына жатқызу;
в) объектінің пайда болу көзі мен шығу әдісін анықтау.