Вейсспараметрлері деп аталатын өзара қарапайым сандар қатынасы түріне келтіруге болады, (қарастырылған жағдай үшін 3:2:∞).
Кристаллография мен кристаллофизикада жазықтықтарды (немесе жазықтық бағыттарын) параметрлер емес Миллер индекстеріменсипаттау қабылданған.
Миллер индекстері дегеніміз бүтін сандарға келтірілген Вейсс параметрлеріне кері шамалар. Егер жазықтық параметрлері p:q:r болса, онда Миллер индекстері келесі қатынаспен анықталады:
Ортақ көбейтіндісі жоқh, k, l сандары жазықтықтың Миллер индекстері деп аталады. Қатарынан үтірсіз жазылған, дөңгелек жақшаға алынған (hkl) индекстер жазықтық символы болып табылады. (hkl) символымен барлық параллель жазықтықтар сипатталады. Физикалық эквивалентті жазықтықтар жиыны hkl символымен белгіленеді. Бұл символ индекстердің орнын ауыстыру және индекс таңбаларын өзгерту арқылы алынатын физикалық эквивалентті жазықтықтардың толық жиынын береді.
Егер жазықтық кез келген координат осіне параллель болса, яғни бұл осьпен шексіздікте қиылысатын болса, онда оның осы ось бойынша индексі нольге тең болады:
Осьтердің арасындағы бұрыштарға тәуелсіз координат жазықтықтарының символдары – XOY = (001), XOZ = (010), YOZ = (100) болады.
Бұл заңның қағидасы: табиғи кристалдың кез келген екі қабырғасы үшін параметрлердің екі еселік қатынастары бүтін сандар қатынасына тең болады. Кристалдың қабырғасы болу үшін жазықтықтың координат осьтеріндегі кесінділері мен «бірлік» кесінділер өзара келесі қатынаспен байланысуы қажет:
Кристалдың қабырғалары мен қырларын индекстер және символдар көмегімен бейнелеу әдісі кристалдың торлық құрылымы анықталғанан бұрын табылған. Ол кристаллографияның – бүтін сандар немесе рационал қатынастар заңы (Гаюи заңы) – эмпирикалық заңына негізделген.
бұл жерде p, q, r – бүтін, өзара қарапайым сандар және табиғи кристалдар үшін аз сандар.
p:q:r қатынасы иррационал болатын қабырғалар табиғи кристалда мүмкін емес, әдетте p, q, r – бестен аспайтын сандар болады. Егер бұл сандар бүтін болып, бірақ бестен артық болса, онда қабырғаның пайда болуы мүмкін, бірақ ықтималдығы аз болады.