Кристалл және кристалл құрылысы заңдылықтарының физикалық қасиеттермен байланысы осы пәнің негізгі мәселесі болып табылады.
Кристаллофизика кристалдың физикалық қасиеттерінің оның симмет-риясымен байланысы туралы ғылым болып 20-шы ғасырдың басында П. Кюри мен Ф. Нейман еңбектерінің арқасында пайда болды. Олар кристалло-физиканың іргелі ұғымы болып табылатын физикалық құбылыстардың симметриясы деген ұғымды енгізді.
А.В. Шубников математикалық шамалардың симметриясы туралы ұғымды енгізді. Сонымен бірге ол кристалл симметриясы мен физикалық құбылыстардың байланысын айқындайтын негізгі заңдарға жаңа көзқарас ұсынды. Тензорлық алгебра кристаллофизиканың математикалық аппараты болып табылады.
Бұл схемада кристалдарды зерттейтін ғылымдардың классификациясы мен олардың ішінде кристаллофизиканың орны көрсетілген.
Кристалдық қатты заттар монокристалл және поликристалл түрінде кездеседі. Монокристалл бөлек бірлік кристалл, ал поликристалл ретсіз бағытталған ұсақ кристалиттер немесе басқа аталуы бойынша дәндер жиыны болып табылады.
Монокристалдарайна сияқты жылтыр және жазық қабырға мен түзу қырлары бар дұрыс көпқырлық тәрізді өседі. Көпқырлықтың пішіні симметрия мен кристалл бөлшектерінің заңдылықты ішкі орналасуына байланысты болады. Әртүрлі бағыттарда бөлшектер арасындағы қашықтық пен байланыс күштері әртүрлі болатын монокристалдар кем дегенде кейбір қасиеттері бойынша