Кудьярова гульнара базарбаевна


Көркем мәтіндегі метафораның аударматану саласында



бет12/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

1.2 Көркем мәтіндегі метафораның аударматану саласында

алатын орны
Халық тілі бейнелі ойды көркемдеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына өте бай. «Сөздің, немесе тілдің, көркемдігі» дегенде, ең алдымен, оның əсерлілігін ұғамыз. Əсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама-шарқынша айқын түсіндіру — осы метафора тәсілі арқылы ғана орындалмақ. Көркемдеу құралы болған метафораны неше түрлі етіп қиыстыру шығармада үлкен шеберлікті талап етеді. Ол дегеніміз суретті бейнелі, көркем ойлау, таным арқылы бір нəрсенің тікелей өзін емес оған ұқсас өзге затқа немесе құбылысқа балап, мағынасын, мазмұнын тереңдете, əсерін күшейту деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының танымы, ойлауы тілден тысқары тұрмайды. Тілдің көмегі арқылы елдің тарихын, мәдениетін және өмірлік көзқарасын оқып-үйренуге мүмкіндік болады. Тіл мен мәдениет бір-бірімен өте тығыз байланысты екендігі олардың көркем туындыларымен танысу, аудармашылар үшін оларды бір тілден екінші тілге жеткізу шеберлігін меңгеру аса қажет. Зерттеушілердің пайымдауынша, метафораларды күннен күнге ойлау қабілетінің арқасында жандандырады. Метафора – сана мен тілдің байланысын, әлем туралы ойлаудың тілдік бейнеленуін көрсететін құбылыс [54]. Ол әрдайым ауыспалы мағынада келіп, көркем де әсерлі бейне тудыру, ойды дәл жеткізу ерекшелігіне қарай көркем мәтін тілінде кеңінен қолданылады.

Терминдер сөздігінде: «Метафора, ауыстыру (гр. сөзі — ауыстырып қою), екі нəрсені, құбылысты салыстыру жəне жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі. Қ.Жұмалиев өзінің еңбегінде: «Метафора — тіл табиғатында терең тамыр жайған сөйлеу өнеріміздің барлық саласынан бой көрсететін жалпы тілдік категория, сөзді астарлай қолдану» десе [55, 5 б.], академик З.Қабдолов: «...метафора (гр. metaphora — көшіру) — сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту», — дейді [56, 201 б.].

Метафора - құбылтулардың ішінде көркем мәтінде, оның ішінде прозалық шығармаларда ерекше қолданылады. Әр түрлі жазушылардың повестерінен, романдарынан, жалпы айтқанда көркем шығармаларынан метафораны қолданудағы өнімділігін көре аламыз. Тілдік метафораны зерттеудің жаңа бағыттары» деген мақаласында А.Сыбанбаева метафораның бірнеше қызметін атап көрсетеді. Метафора жаңа мағына тудырады, бейнелі образ жасайды, көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде қолданылады, сөзге эмоционалды-экспрессивті баға береді [57]. Метафора құрастыру семантикалық процестердің нəтижесінде туындайды. Айта кетсек, біріншіден, метафора полисемия тудыру құралы; екіншіден, синоним жасауда метафораның өзіндік орны бар; үшіншіден, жаңа ұғымды жасаудағы құбылтудың бір түрі; төртіншіден, метафора эмоционалды-экспрессивті лексика жасауға қатысады; бесіншіден, жаңа мағыналық тіркестердің келуіне əсер етеді; алтыншыдан, метафора тілдің терминологиялық өрісінің кеңеюіне де ықпал жасайды.

Кейбір түрлері метафораның теңеуге жақын. Бірақ метафорада теңеудегідей екі нəрсені теңеп салыстырудан гөрі, олардың арасындағы ұқсастық жақындықты, сезім-əсер жалғастығын тірек ету басым болады. Көбінесе сондай екі нəрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап, сездіреді [58, 227 б.] деп анықтама айтылған.

Тіл білімінде метафора көркемдеуіш тәсіл ретінде қарастырылған, және де оған көп зерттеушілер өз тұжырымдарын білдірген. Метафора қолданыста түрленеді, ажарланады, бейнелі құралға айналады. «Тіл білімі сөздігінде»: «Метафора - троптың бір түрі, ұқсастық, сəйкестік жəне т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» деп беріледі, ал метафоралану былайша түсіндіріледі: ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нəтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» [59].

Х. Кәрімовтың піпірі бойынша, көркем мәтіннің тілі мен стилін, сөз зергерлерінің шеберлігін айтқанда, метафора айтылуы қажет. Сонымен қатар, жазушылардың шығармашылық мәнері туралы айтқан кезде, метафораның қызметі мен қасиеті туралы сөз етіледі [60]. Метафора заттар мен құбылыстардың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалады, ойды дамытады. Əр түрлі салыстырулар шығарма тіліне көркемдік береді.

Метафора сөздердің мағына өзгертіп қолданылуы. Бұрыннан қалыптасқан теория бойынша, метафораны тілдік қолдану сипатына қарай түрлерге бөлген. Метафораның құрылымын зерттеушілер түрліше саралайды. Мысалы, Б.Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «Біріншісі — белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі - халықтық сипат алған дəстүрлі метафоралар» [38, 138 б.]. Ғалымдар ойлауына қарағанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.

А.Ысқақов былай дейді: «Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем əдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дəл мұндай дəрежеде кездеспейді» [61]. Ғалым Т.Қоңыров метафораның жасалуына теңеудің негіз болатындығын айтады: «Əрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағына көрініп тұрады» [62].

Метафора тілде көркемдік қызметімен бірге жаңадан пайда болған ұғым, түсінікке неғұрлым дəл атау беріп бейнелейді. Метафора көңілге сыйымды, тіпті бір-біріне мүлдем сыйымсыз, қарама-қарсы ұғымдардың ассоциациялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, көркем, жарқын бейне туғызады жəне ұқсату заңдылығына негізделеді. Ұқсату философиялық тұрғыда заттардың, құбылыстардың немесе процестердің бір қасиетіне қарай ұқсастығын тану əрекеті ретінде танылады. Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден тыс сипатына байланысты. Қоршаған əлем заттар мен құбылыстар арасындағы əр түрлі ұқсастықты тануда, оны тілде белгілеуде адамның бай тəжірибелік қоры ескеріледі. Жаңа мағынаның тууына метафораның қызметі зор. Өзге тəсілдер сияқты метафора да тілдің дамуына қызмет етеді [63]. Көркем мәтінде концептуальдылық, жаңа мағынаның пайда болуы, эстетикалық ойлау сияқты іс әрекеттер метафораның көмегімен ғана жүзеге асырылады.

Жоғарыдай айтқанымыздай көркем мәтіннің авторы қарапайым тілдік ортаның өкілі және ол барлық базалық метафораларды репрезенттеудің жеке авторлық тәсіліне, сонымен қатар оның басты көркем сана концептілерінің құрылымы мен мазмұнына өзіндік ізін қалдырады. Мағына желісіндегі тірек буындарды байланыстырушы құралы болып сюжеттік көрініс болып табылады. Оны құру үшін әлемді ұжымдық тану емес, жеке тану болып табылатын субьективті-авторлық метафоралар құрылады. Метафораның бұл типі тілдік метафораға қарама-қарсы қойылады, ол дәстүрлі тақырыптық-логикалық байланыстарға негізделіп, ұлттық символикаға немесе белгілі бір коммуниканттардың өткен тәжірибесіне сай құрылады.

Метафора өте маңызды құбылтудың бір түрі болып табылады. Ағылшын тілінде метафоралар күнделікті өмірде де және көркем шығармада өте көп қолданылады. Күнделікті өмірдегі мысалға мынау сөйлемді айтуымызға болады. «I ran around town looking for the perfect pair of shoes». Осы жердегі метафора ретінде «ran» деген сөз. Бұл мысалда бір дүкеннен екінші дүкенге аяқ киім іздеп жүгіргенінді білдірмейді, бұл жерде сенің бір жерден екінші жерге барып іздегенінді білдіреді. Ал енді көркем мәтінге қайтып оралсақ, жазушылардың метафораны қолдануы адамдарды бір нәрсені ойлатуға, жаңа мағынаны табуға және сол білетін сөзді басқа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Авторлар метафора әдісі арқылы оқырмандарды басқа ортаны қабылдауға және басқа жолмен ассосиация жасауға және бір нәрсеге тереңірек қарауға үйретеді. Қоса айтсақ, метафора жазушылардың жинаған тәжірибелерін білуге, жазушы сипаттаған өмірді көз алдымызға елестетуге септігін тигізеді.Метафора адамға физикалық белгілерді білуге көмектеседі. Мысалы: «Eat your heart out» деген мысалды қарастырсақ, оның мағынасы өзіннің жүрегін жеу деген сөз емес, нені қаласан, соны жеуге болады деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз, Р. Сыздық тұжырымы бойынша, көркем мәтіндегі ассоциациялық образдар бейнеленетін нысанға және автордың прагматикалық ұстанымына байланысты түрленіп отырады [64]. Салыстырылатын образдарды таңдау көп жағдайда сол тілде сөйлеушілердің санасында бекіген тұрақты ассоциациялармен анықталады.

Метафораның көркем мәтінде қызметі ол бір объект немесе жағдайды басқа нәрсемен тұспалдау, меңзеу болып табылады. Ол түсіндірме беру үшін және сөзді көркемдеуші және аналогияның бір түрі ретінде қолданылады. Ол жазушының дара стилін танытатын негізгі белгілердің бірі болып табылады. Метафорасы дәл жеткізілген түпнұсқаның қай-қайсысының да бағы бар. Көркем шығарма құрылымындағы эмоциялық, эстетикалық жүктің көбін көтеретін метафора жоғалған жағдайда аударма ажары ашылмақ емес.

Авторлық метафоралар оны жасаушыны ерекше поэтикалық, философиялық ойлау қабілеті тән тілдік тұлға ретінде танытады. Философиялық толғаныс пен көркемдік қызмет адам мен оны қоршаған әлемнің болмысын ерекше ұғынумен байланысты. Бұндай ұғыну барысында қалыпты құбылыстар жаңаша қабылданып, өзгеше реңкке ие болады. Көп мысалдарды келтіруге болады. Мысалы, Фейт Болдуиннің «Face Toward the Spring» еңбегінде мынау мысалды келтіреді. «Time is a dressmaker specializing in alterations». «Уақыт ол өзгеріске мамандандырылған тігінші». Бұл мысал арқылы уақытты тігіншімен салыстырған. Ол екеуін біріктіретін зат ол өзгерістер болып табылады, яғни өмірдегі уақытқа байланысты және тігіншідегі киімге болып жатқан өзгерістер. Бұл мысал метафора арқылы беріліп, өзіндік стилистикалық семалар арқылы берілетін ерекше ассоциация мен бейнелерге құрылған когнитивтік модельдер  концептінің жалпы мағыналық шеңберін кеңейтеді [65].

Тілде ауыспалы мағына — әмбебап құбылыс, оның әмбебаптылығы құрылым, кеңістік пен уақыттан көрініс табады. Метафора түп нүсқаға қарағанда, сөздің лексикалық мағынасының ерекшеліктерін тауып, адам ақылының сыртқы қабылдауына эмоционалды және суреттеп, көркемдеп көрсететін экспрессивті әсерін көбірек тигізеді. Мысалы: « I gave my friend the green light to head to my home». Бұл мысалда «green light» деген сөз тіркесінің сөзбе-сөз аудармасы «жасыл түс». Бірақ бұл сөйлемде оның аудармасы «жол ашық» деген мағынаны білдіріп, яғни досының келгеніне қуанатынын вербалдайды. «He is the black sheep of the family» – бұл әсірелеу метафора,мұнда «black sheep» деген тіркес ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Себебі ол, адам қой емес, ол қап-қара да емес. Дегенмен, бұл сөйлемде адамды қара қоймен ассоциациясы жасалып тұр. Қара қой деп біз әдетте ерекше топтан бөлініп тұратын қойды айтады. Сол себептен бұл сөйлемде өз қоршаған ортасымен, тобымен бірге болмай, бөлек тұрған адамды сипаттайды. «The sky was dark and angry». Бұл мысалда «angry» деген сөз тіркесінің сөзбе-сөз аудармасы «ашу». Бірақ бұл сөйлемде оның түсінінігі аспанның қап-қара боп қатты түнергендігін астарлап түсіндіріп тұр. «I have always been an early bird, I like to do things in the morning». Бұл сөйлемде де метафора адекватты аударылады, бірақ таңғы құс деу арқылы ерте тұратындығын астарлы мағынада білдіреді. Бұл мысалдардың мағынасы, қолданысы Ф.Ш. Оразбаеваның: «Экспрессивтік реңкі бар сөздер айтылар ойға ерекше мән беріп, оны жан-жақты толық көрсету үшін, автордың белгілі бір құбылысқа көзқарасын білдіру үшін тағы басқа әр түрлі мақсатта жұмсалады»- деген пікірімен ұштасып жатыр [66, 101 б.].

Метафораның рөлі оның екі қызметіне көңіл аудартады. Олар: ол көркем сөз жасау құралы; атауға келмейтінді белгілеу қызметі. Оның екі функциясы туралы Цицерон өз пікірін білдірді: «Алдымен киімді суықтан қорғану үшін ойлап тапты, содан кейін денені әшекейлеу және игілендіру үшін киетін болды. Сондай-ақ, жетіспеушіліктен туындаған метафора да ләззат үшін дами түсті» [9, 27 б.].

Өз жұмысында қарастырған В.К.Харченко метафораның он бес қызметін айтады [67]. Олар атаушы, хабарлаушы, стиль, мәтін және жанр жасаушы, эмоционалды, бағалаушы, этикалық, эвристикалық, түсіндірмелі, ойынды, кодтаушы, мнемоникалық, дәстүрлі және жасырынды функциялары. Бұл троптың түрі сөзжасаушылықтан құтқарады, метафорасыз жаңа сөздерді құрастыру өте қиын болар еді.

Метафораның орасан зор рөлі номинативті немесе атау жүйемен байланысты, өйткені метафора көмегімен дәлелденбеген жасырын мен дәлелденген анық атау арасында теңдік қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, ол тілдің лексикалық жүйесінің семантикалық әлеуетінің дамуын көрсетуде маңызды рөл атқарады, себебі ол сөздің жаңа мағынасының пайда болуының қайнар көзі болып табылады. Метафоралар ең негізгі рөлі көркем мәтінде ол өзімен ұсынылатын тереңдікті түсінуге, бастаушы ойды ерекшелеп көрсетуге көмектеседі. Бұны айтып отырған себебім, жазушы көркем шығарманы жазған кезде, оның маңызы тек жазушының жалпы не туралы айтқаны ғана емес, сонымен қатар ауыспалы мағыналарды орынды, дұрыс қолдану бастауыш рөлді ойнайды. Көркем мәтінде пайдаланылған сөздің немесе сөз тіркесінің тереңдігін оқырманға жеткізуге көмектеседі. Ол затқа қатынаспайтын таңбалардың негізінде, бірақ оған артық қосылып айтылатын басқы заттардың қауымдастығында көріне алады. Метафоралар атау жүйесінде шарттылық өлшемінің орнын толтырады. Қолданбалы сөздер шарггы және дәлелденбеген болып есептеледі. Ауыспалы мағыналардың арқасында әділеттілік қалпына келтіріледі. Метафоралар тура мағыналардан анық, ашық және түсінікті болып келеді.

Метафоралар ауыспалы мағына бейнесінің реконструкциясы ретінде қерек. Тура мағыналы сөздер бейне сөздің ауыспалы мағынасында қолданылуынан келіп туады және әдеттегі қолданылуда бейнелілікті емес, түсінілікті көздейді. Метафора ауыспалы мағынада жұмсалып, адамға немесе затқа деген сипаттама жасағанда қолданылады. Мысалы: «He is a rug rat» деген тіркесті алатын болсақ, ол тура мағынасында аударсақ, «ол - егеуқұйрықтың кілемі» деп аударылады. Ал ауыспалы мағынада «ол - нәресте, бөпе» деген мағынаны білдіреді. Нәрете төртаяқтап жүреді және қолына түскен заттың бәрін ауызға сала береді. Сонымен қатар нәресте жарақаттанып қалмау үшін, көбінесе еденде отырады. Айтқандардың барлығын егеуқұйрықпен салыстырып көруге болады. Бейнеленіп отырған зат пен құбылыстың әлдебір белгісін немесе қасиетін мейлінше әсірелеп көрсетуін сипаттайды. Қоршаған ортамыз туралы ойымызды қалыптастыруда тура мағынадағы сөздер мен сөз тіркестерінің ассоциациялық кешенін құрайтын энциклопедиялық, ұлттық-мәдени, адамның жеке білімдерін пайдалану метафора арқылы жүзеге асырылады.



Зерттеуші В.Н.Телия метафораның қолданымдық қатысына байланысты: когнитивті - дерексіз ұғымдарды жасаушы метафоралар; идентификациялаушы - құбылыстар мен заттарға атау болу мақсатына қарай туындаған; бағалауыштық - деректі, дерексіз нысандарды бағалаудан туындаған метафоралар; экспрессиялық-бағалауыштық метафоралар - жасалуында эмоциялық мағына басым көрінуші метафоралар деп жіктейді. [68, 221 б.]. Идентификациялаушы метафораларда «атаулар таза ұқсастыққа негізделіп, сананы нысандардың қызмет, түр сияқты белгілерінің ұқсастығына бағыттайды» [67, 192 б.].

Метафораның хабарлау қызметін ауыспалы мағынаның тұтастығында және көрініс бейнесінде, плюрализмнің мүмкіндігінше, жағдайдын бейнелі оқылу көптігінде көруге болады. Эмоционалды бағалаушы қызметі адресат сөйлеуіне даңғаза өсер ететін құрал болып табылады. Метафораның бұл қасиетіне Аристотель өз пікірін білдірген болатын: «Метафора бізге табиғаттың өзімен сыйланған болатын, сондықтан кейде оны, өздеріде ескермей, ғалым емес адамдар да жиі қолданады. Екінші жағынан метафора жағымды және әдемі, содан да ең жарқыраған деген сөйлеуде өзіне меншікті жарық сәулесін түсіреді» [69]. Метафораның эмоционалды бағалаушы функциясымен келесі екі қызметі өзара байланыста: этикалық және аутосуггестивті. Метафораның этикалық функциясын афоризмдерді талдау барысында кездестіреміз, сондықтан да метафораның молдығы үйретулермен күнделікті өмір әдебиетінде кездесуі кездейсоқ емес. Сонымен қатар күнделікті қолданып жатқан метафоралар баршаға ортақ түсінікті болғандықтан оларды конвенциональды метафоралар деп те атауға болады. Мысалы, адамды «night owl – түнгі жапалақ» немесе «early bird –ерте тұратын құс» немесе сөз тіркесін қарастырсақ «life is a journey – өмір ол саяхат» т.б. Адамдардың баршасына түсінікті айтылған метафоралар да көптеп кездеседі: My brother was boiling mad. Бұл сөйлемді метафора - boiling mad және бұл ағасының өте ашулы болғандығын астарлап білдіреді. It is going to be clear skies from now on. Ауыспалы мағынада бұл өмірдің ешбір қорқынышсыз, өмірдің ашық болатындығын білдіріп тұр. The skies of his future began to darken. Қараңғылықтың өзі қорқынышты, сондықтан алдағы болатын уақыттың қиын болатындағын тұспалдап білдіріп тұр. Her voice is music to his ears. Бұл сөйлем арқылы оның дауысын естігенде ол өзін өте жақсы, бақытты сезінетін білдіргісі келген. Метафоралар тек күнделікті өмірде ғана ғана қолданылмайды, сонымен қатар оларды көптеп көркем әдебиетте де кездестіруімізге болады. Мысалға Агата Кристидің шығармаларын қарастырумызға болады. «The Million dollar bond robbery» атты шығармасын алып қарастырсақ, онда мынандай метафораларды кездестіруімізге болады You would have liked to cross swords with the man who sneaked the Liberty Bonds? - Әлгі құнды қағаздарды жымқырып кеткен «серімен» семсер серпіскің келіп отыр ғой, сірә? [70]. Бұнда түпнұсқадағы метафора аударма мәтінінде де өзінің бейнелік мағынасына сай келетін баламасын тапқан. So that’s way your enthusiasm runs! - Ә,көмекейің белгілі болды! Мұнда кейіпкердің шын бет-пердесін ашып, оқырманға бейнелеп беру мақсатында “enthusiasm runs” метафорасын қазақ тіліне негізгі ойын беру мақсатында «көмекейің белгілі болды» деп аударуға болады. Агата Кристидің «Where there’s will» атты шығармасында да метафора кездестіруге болады. My blood froze at the sight - Әлгіні көргенде төбе шашым тік тұрды [71]. Кейіпкердің сонша есі шығып, қорыққандығын көрсету үшін оны метафоралы жолмен суреттеуге болады. Мұнда да түпнұсқадағы суретті сөзді әлгіні көргенде қаным мұздай болып қатып қалды деп сол күйінде қазақ тіліне дәлме-дәл көшіру орынсыз болар еді. Жазылған шығармалары арқылы Агата Кристидің өзі өмір сүрген ортасын байқауымызға болады. Агата Кристи әлемі мән – мағынасының тығылып, құпияға толы болғандығын көрсетеді. Жалпы айтатын болсақ, жазушының жазған көркем шығармасы арқылы, сол жазушының өскен ортасын, қоршаған әлемін және де автордың стилін байқауға болады.

Теодор Драйзердің «Дженни Герхардт» романы бойынша алып қарастырсақ, мынандай метафораны кездестіруімізге болады. He put both hands to his temples, as if he feared his brain would give way, and stood looking at her, the mocking irony of the situation seeming to burn in his brain like fire [72, 87 б.]. Бұл жақта метафора burn in his brain like fire деген тіркесті алатын болсақ, оның миы қайнап кетті деген қазақтың метафорасымен ауыстыруға болады немесе ойына бір оқиға түсіп, сол ойдың жаулап алуы деген мағынада оқырманға түсінікті ету үшін басқа сөздер қолдану арқылы тұспалдап жеткізуге болады. Көркем шығармаларды оқу барысында оқиғалар, кейіпкерлердің істері мен ойлары арқылы олардың өмірге деген қатысын анықтауға болады. Кейіпкердің жағдайын, жан-дүниесін білдіргенде метафораның қолданылуы маңызды.

А.П.Чудинов метафоралық үлгілер жасаудың тілдегі белсенділігіне қарай төмендегідей қызметтерін көрсетеді: қатысымдық: метафора жаңа ақпаратты адресатқа қысқа да нұсқа түрде жеткізе біледі; атауыштық, егер реалидың атауы жоқ болса, метафора оған атау жасауға көмектеседі; ойлау амалы (метафора тұлғаға әлем туралы өз түсінігін қалыптастыруға көмектеседі); прагматикалық: метафора айтушының адресатқа жеткізуге қажетті ойы туралы түсінікті қалыптастырудың күшті құралы; көркемдеуші (метафора хабарлар жайтты бейнелі, айқын, көркем жеткізуге көмектеді); болжам жасаушылық (метафора толық танылып болмаған нысандардың қасиеті туралы түсінік қалыптастырады); үлгі жасаушы (моделирующая); метафора әртүрлі элементтер байланысын айқындай отырып, әлемнің тілдегі бейнесін, үлгісін жасауға ат салысады [73, 35 б.]. Ауыспалы мағынаның тілдік қызметінің басымдылығына көз жеткіземіз және қызметтеріне орай олардың түрлері айқындалмақ деп ойлаймыз. Тілдік деректерге сүйене отырып, метафоралардың қызметіне қарай, төмендегі жіктемені негізге алуға болады.

Когнитивті метафора (cognitive metaphor) – танымдық мақсатта, яғни белгісіз жаңа ұғымдарды атау мақсатында туындаған метафоралар.

Концептуальды метафора (conceptual metaphor) - заттар мен құбылыстардың қызмет (функция) ұқсастығын және адам танымындағы көріністері сөз семантикасын атауға болады.

Метафора – түбір (root metaphor) – оқиғаны адамның түсінушілік қабілеті арқылы қалыптастыратын негізгі дүниетаным.

Лингвистикалық емес метафора (nonlinguistic metaphor) – екі лингвитикалық емес тәжірибе ортасындағы ассоциация.

Визуальды метафора (visual metaphor) - әр түрлі ойды байланыстыруда суретті қолдану арқылы құрастырылатын метафора.

Атауыштық метафора - мұнда күрделі сөздерді жасауда ұқсату, салыстыру құбылыстың түрлі белгілері қолданылады.

Атауыштық метафоралар таза ұқсату заңдылығы бойынша жасалса, соңғы екі түрі сөздердің мағынасын ассоциациялы бейнелі түрде қайта жаңғырту барысында атауға енгендігін байқауға болады. Әр түрлі сезімдерді ағылшын және қазақ тілдерінде метафора қолданылғанда, сөйлемнің көңілге әсер етуі әсіреленеді. Мысалы, жек көру сезімі: A cry of pain and indignation broke from him. He could see no change, save that in the eyes there was a look of cunning and in the mouth the curved wrinkle eye of the hypocrite. The thing was still loathsome-more loathsome, if possible, than before-and the scarlet dew that spotted the hand seemed brighter, and more like blood newly spilled. It seemed to have crept like a horrible disease over the wrinkled fingers. [74, 187 б.].

Метафораның аугосуггестивті функциясында әсер етуші объект сөйлеушінің өзі болады, ал оның эмоционалды күйі өз сөздерінің әсерінен келіп туады. Аяныш сезімі: сорлы Ақбілек сен жыламай кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың!.. Жыла, жасың бұла! Жасыңмен қайғың жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын! [75, 130 б.]. Тамсану: “You have a wonderfully beautiful face, Mr.Grey. Don’t frown. You have to. And beauty is a form genius-is higher, indeed, than genius, as it needs no explanation. It is of the great facts of the world, like sunlight, or spring-time, or the reflection in dark waters of that silver shall we call the moon.People say sometimes that beauty is only superficial. That may be so, but at least it is not superficial as thought is. To me, beauty is the wonder of wonders”. Live! Live the wonderful life that is in you! Let nothing be lost upon you. Be always searching for new sensations. Be afraid of nothing [74, 21 б.]. Кінәләу: “You have killed my love. You used to stir my imagination. Now you don’t even stir my curiosity. You simply produce no effect. I loved you because you were marvelous, because you had genius and intellect, because you realized the dreams of great poets and gave shape and substance to the shadows of art. You have thrown it all away. You are stupid and shallow. My God! How mad I was to love you! I will never mention your name. I wish I had never laid eyes upon you! You have spoiled the romance of my life! How little you can know of love, if you say that it mars your art! Without your art, you are nothing [74, 76 б.].

Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі  әрі қасиеттісі - көркем әдебеит. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз-бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар, әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі метафоралар бір-бірінен біршама синтактикалық функциясы жағынан айрықшаланады. Көркем шығарма дегеніміз әсемдіктің әлемі, ол – халықтың ақын, жырау қаламымен танытылған эстетикалық, философиялық, психологиялық, танымдық дүниесі деп қарастырады. Ал көркем сөз стилінде сол дүниені көрсетуші құралдардың бірі болып – метафора болып табылады. Метафора — көркем шығармаларда ойды астарлы түрде, əсірелеп жеткізу үшін, сонымен қатар шығарманың көркемділігін, бейнелілігін арттыру үшін қолданылатын əдебиеттегі тілдік құбылыс. Əдебиетте көркемдеуіш құрал деген атау алған бұл құбылысқа берілген анықтамалар өте көп. Мысалы, «Метафора белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстың бір атаумен аталуы. Бұл жерде ұқсастық дегеннің ұғымы кең: заттар мен құбылыстар түр-түсі жағынан əр түрлі болып келуі мүмкін: бір атаумен аталатын зат немесе құбылыстың бірі өмірде бар, нақты, ақиқат болуы, ал дəл сол атаумен беріліп, белгілі бір заттың өзі нақты болмауы мүмкін. Бірақ екеуіне де ортақ жайт-жалпы бір ұқсастық атаулы» [58, 144 б.].

Көркем шығармадағы тұтас көркем ойдың жасалып шығуын, З.Қабдоловтың сөзімен айтқанда, «мидың мың градустық домнасында құрыштай қорытылып шыққан сөздердің» үйлесімділікпен беретін ерекше əсері деп танимыз [56, 196 б.]. Көркем мәтіндегі əрбір сөз — бейнелеуіш сөз, ал əрбір бейнелеуіш сөз — көрікті ойдың көрінісі. Жазушының тілі бай болуға тиіс. Олай айтуымыздың себебі: жазушы сөздік қорын көбейту үшін тыңнан сөз жасамай, жалпы халықтық тілдің телегей-теңіз бай қазынасын, мүмкіндігінше, молырақ игеруі, оның қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы көптеген өзгерулер мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыруларды дәл тауып, орынды қолдана алуы керек. Сонда ғана жазушы әр сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жетікізер тың және тартымды суреттер жасай алады. Мұның өзі жазушы тілінін үш түрлі ұтымдылығына — дәлдікке, ықшамдыққа, сұлулыққа — негізделуі шарт. Сонымен қатар, жазушының ерекшелінуіне де әкеледі.  Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура һәм туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік – жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі. Жазушылар шығарманы көркем түрде оқырманға жеткізу үшін метафораларды шеберлікпен қолданады. Қаламгерлер тіліндегі метафоралар көркемдігімен, бейнелілігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Көпшілікке таныс сөздер мен сөз тіркестерін өзге қырынан танытып, сөздерді ажарлып айшықтауда авторлар талғампаздық танытады. Автор қолданысындағы метафоралар тосындығымен, жаңалығымен қатар, бейнелілігімен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан метафораның көркем шығарма тілінде қаншалықты маңызды рөл атқаратыны анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет