Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Қазақ және ағылшын метафораның аударматанудағы зерттелуі және құрылымдық сипаты
Аударматану теориясындағы метафораның зерттелуі
және классификациясы
Қазіргі аударматану ғылымында аударма мәдени жанама қарым-қатынастың түрі ретінде қарастырылады. Аударма – бұл тіл арқылы жүзеге асатын қарым-қатынастың бір түрі, дегенмен, аударма процесі мұнымен шектелмейді. Оның тиімді жүзеге асуы үшін өзара қарым-қатынас жасаушы адамдардың мәдени ерекшеліктерін де ескеру қажет. Аударма теориясы мен практикасы мәдениеттанумен ұштасады, себебі аударма – бір тілден екінші тілге сөздер мен сөз тіркестерін тасымалдау ғана емес, сондай-ақ мәдениеттердің де өзара қарым-қатынасы. Мәдениет тілде, әлемнің тілдік бейнесінде айқын көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда, аударманы тек қана тіларалық қарым-қатынастың ғана емес, мәдениетаралық қарым-қатынастың құралы ретінде де тану қажет.
Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет, экономика, білім беру, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина және т.б. аударма арқылы қанаттанып, қалыптасып отырған. Көркем аударма – лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы көркем әдебиеттің міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Қазіргі таңда көркем аударманы зерттеу әдістемесінде көркем шығарманы аудару мен талқылау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. ХХ ғ. Аударма теориясында мәтінді аудару мен талқылау зерттеушілердің ұдайы назарынан тыс қалған емес. Аударма қызметі – аса қиын, жауапты қызмет. Аудармаға қойылатын бірнеше талаптарды атап көрсетейік: аударма түпнұсқа сияқты оқылып, түпнұсқа сияқты түсінікті болуы тиіс; аудармада түпнұсқаның ұлттық колоритін сақтау – маңызды міндеттердің бірі; аудару барысында түпнұсқадағы образдардың рухани-психологиялық әлеміне терең үңілу қажет; аударма үдерісінде көркемдік-бейнелеу құралдарын барынша дәлме-дәл беруге қол жеткізу; аударма стилі түпнұсқаның стилімен сәйкес келуі тиіс; түпнұсқаның басты идеясын сақтау керек; аудармада толықтырулар мен қысқартуларға жол бермеу қажет.
Көркем шығармада құбылтудың бір түрі болып саналатын метафора тіл білімнің әлемде өмір сүруі мен қалыптасуының маңызды құралдарының бірі. Метафора мәселесі ойшылдарды сонау ықылым заманнан бері мазалап келе жатыр. Тілдің күнделікті қатысымдық қызметінде көбінесе қолданылатын метафора шынайы өмірдегі нысандарды атауда тиімді тәсілі. Адам күнделікті тілдік қолданыста өзінің тәжірибиесі арқылы жинақтаған білім қорын кеңінен қолдана алады. Заттар мен құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора жинақталған білім қорын белгілі бір мақсатта аталым қажеттілігіне сай қолдануға көмектеседі. Қазіргі тіл білімінде енді зерделене бастаған мәселелерінің бірі метафораның аталымдық сипатын ашу болып табылады.
Әлемнің тілдік бейнесі, адамның әлемге деген көзқарасы мен қатысын астарлы мағынада бейнелейтін троптың түрі. Сонымен метафораға анықтама беретін болсақ, ол метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі [1]. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы болып табылады. Метафора құбылысының сөйлеудегі орны ерекше, олай болатын себебі мағынасы кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданысын туғызатын тәсіл – осы метафора тәсілі.
Метафораның әлем лингвистикасында зерттелуі ерте кезден басталған. Метафора терминіне алғашқы анықтама берген Аристотель. Грек ойшылы метафораға өзіндік ғылыми бағасын былай деп береді: «Метафора сөз мағынасының тектен түрге, түрден текке, немесе түрден түрге, я болмаса ұқсату негізінде өзгеруі» [2].
Метафора мәселесі екі мың жыл бойы адам санасын қызықтырып келеді. Американдық ғалым Монро Бердсли өз мақаласында метафораның жүйелік талдауын төрт түрде атап көрсеткен болатын. Олар: the emotive theory, the comparison theory, the iconic signification theory, the verbal opposition theory. Бұл топтардың анықтамалары төмендегідей: [3]
Метафораның жүйелік талдануы 1-кесте.
№
|
Түрлері
|
Анықтамасы
|
1
|
The emotive theory
|
metaphors, in virtue of their deviant meaning, cannot be verified.
|
2
|
The comparison theory
|
That theory emphasizes the intelligibility of metaphor to the detriment of its emotional tension. Metaphor does not differ much from a simile. The difference lies in dropping the use of words such “as” or “like” in metaphors.
|
3
|
The iconic signification theory
|
This theory regards metaphor as involving a double semantic relationship. First, the modifier, defined as “the metaphorical predicate or term, whether noun or adjective”, leads us to a specific occurrence or situation. Then, this occurrence or situation is brought forth as an iconic sign of the subject.
|
4
|
The verbal opposition theory
|
This theory brings together words or phrases whose central meanings collide. It is based on the theory of words having two meanings.
|
Метафораның эмоционалды түріне алғаш анықтама берген Аристотель болып табылады. Семиотикалық бағыт негізінен өзара әрекеттесу теориясы (Дж.Серль, Ф.Уилрайт) сөздерді көркемдеу негізінде ауытқу мағынада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |