Кудьярова гульнара базарбаевна



бет18/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

II-тарау бойынша тұжырым

Тілдердің генеологиялық классификациясына келетін болсақ ағылшын және қазақ тілі түрлі тіл семьяларына жатады. Яғни ағылшын және қазақ тілдері бір-біріне туыстас тілдер болып саналмайды, сонымен бірге, егер ағылшын тілі герман тобына, ал соның ішінде батыс герман тілдер тобына жатса, қазақ тілі түркі тілдер, соның ішінде қыпшақ тобына жатады. Ал метафоралардың екі тілде қолданылу екі ұлттың танымдарына байланысты ұқсас дәрежеде қолданылады. Жазушылар тіліндегі метафоралар заттың, құбылыстың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалып, ойдың дамуына серпіліс береді. Жазушы ойының ұшқырлығы өзге адамдар байқай бермейтін, көре алмайтын құбылыстардың әр алуан белгілері мен қасиеттерін сезіп, көріп, байқауына көмектеседі. Ой ұшқырлығы арқылы танылған жазушы танымы сөз болып кестеленеді де, ол метафоралық сипатта да бейнеленеді. Осы арқылы адамның ойлау дүниесінде күтпеген, батыл ассоциациялар жасалады да, шығарма тілі өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен оқырманын баурап алады. Метафора - екіншілік атауларды жасаушы бірден-бір тәсіл емес, бірақ адам санасының ассоциациялы-бейнелі ұқсата білу, теңестіру,салыстыру сияқты қабілетімен танылатын, әр сөз-таңбаның шынайы болмыс жүйесіндегі сипатын тереңдей түсетін, сонысымен ойды бейнелі қалыптастыратын,оны нақты жеткізе білу мақсатында адресатқа әсер ету дәлділігімен ерекшелінетін құбылыс. Аударма көркем шығарманың өзге мәдениетке кірігуінің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл үдеріс аудармашылық интерпретацияның қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Метафораларды аудару барысында мынандай әдіс-тәсілдері қарастырылды: метафораның адекватты аударылуы, метафораның сөзбе-сөз аударылуы, метафораның түсіп қалып, мағынасын түсіндіру арқылы аударылуы, метафораның алмастырылуы, метафораны калькалау әдісі арқылы берілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет