2.3 Көркем мәтіндегі метафораларды аударудағы қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Бір тілден екінші тілге аударуда шығарма тұтастай оқырманға жеткізілуі қажет. Тіл мен рухани үндестігі тәржімеші мен автор арасында сәйкес болуы керек. Адамзатқа тіл ғана емес, таным қызметі де маңызды. Әр жазушының құбылыстар мен заттар жөніндегі танымы ұқсас болғанымен, олардың өзге де қасиеттерін түсіну барысында жеке индивидуалдық тұрғыда баға беруге икемделеді. Күллі ғаламның тілдік бейнесі жазушы тілінде басқаша сипатқа ие болады себебі әр этностың әлемдік ситуацияға көзқарасы, өзін қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарға атау беруі әр түрлі.
Тіл танымдық және тарихи, мәдени құндылықтарды хабарлаушы, сонымен қатар ақыл-ойды жарыққа шығарушы және таратушы қызметін атқарады. Жалпы жазбаша және ауызша аудармалардың таралуы қоғамға басқа этностардың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен танып біліуіне үлкен мүмкіндік береді. Жазушылардың көзқарасын, рухани дүниесі мен мәдениетін шығармадағы қолданылған метафоралар арқылы хабардар болуға болады. Метафора ғаламның тілдік келбетін жасауға көмектеседі. Ғалам кескіні туралы В.Н. Телия: «...Ғаламның тілдік бейнесі-көріністері әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние-ғаламның түрлі-түсін өзінше мүшелей тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі»-дейді [68, 34 б.].
Бүгінгі тіл білімінде тіл мен ойлаудың байланысын когнитивтік негізде қарастыру тенденциясы басымдыққа ие болып отыр себебі айнала қоршаған ортадан көптеген танымдық әдістер негізінде (есту, сезу, дәм, иіс, көзбен көру, тыңдау, түйсіну) түскен ақпараттарды жаңаша өңдеп адам танымы үшін қайталанып отыратын қалыпты жағдай.
Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» атты көркем шығармасындағы кездескен метафоралар арқылы олардың табиғатымен танысуға болады.
Джейн Эйр новелласы түрлі метафораларды сипаттайтын кезеңдерден құралады. Метафоралар бір сезімнің мағынасын ашқанда, не болмаса басқа бір заттарды қарастырғанда қолданылады. Метафора ретінде қолданылған сөзді табу үшін көптеген анализ жасап, сөздердің жан жақты мағыналарын қарастыру керек. Жалпы көркем шығармадағы метафоралардың аударылуын тікелей аударса сөз мағынасын жоғалтады. Сондықтан бір елмен екінші тілдің мәдениетін, менталитетін ескере отырып, метафораларды дұрыстап зерттей отырып аудармасын қолданған жөн. Қазақ елінің даму ерекшеліктеріне қарай аудармада метафораны аударудың да өзіндік әдістері бар. «There are no approved and affirmed ways of carrying out that analysis, we even can not practically find approved ways of identifying the metaphors in texts, but it is assumed that we can use our knowledge and approaches of different linguists to conduct such analysis. Several methods can be used in this case. They include “the table of meanings” and “the metaphorical chain”». Метафораларды аударғанда салыстырмалы салғастырмалы әдістерді қолданғанды жөн тұттым.
Көркем шығармаларды аудару барысында автордың индивидуальды стилі сақталуы қажет. Қазақ елінің мәдени даму ерекшеліктеріне қарай аудармада түрлі әдіс орын алғаны белгілі. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі – еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. Аудармадағы екінші әдісі – сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады, түпнұсқадан пышақ жүзіндей ауытқымайтын кемшіліктер осыдан туады. Сөйтіп, басқа халық өкілдері жаза басудан қаймығып, жеке сөздерді, тіпті, нүктесін қисайтпай түсіруді күйттеп кетеді. Аударманың үшінші тәсілі – барабар (адекват) аударма. Бұл – ең қиын түрі. Мұны екі тілді жетік білумен қатар, сол түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын сарқа түсінетіндер қолданады. Оның үстіне аударманың бұл тәсіліне автордың стилін, жазу мәнерін, тіл мүсінін қалтқысыз, жете ұғынатындар ғана барады. Метафоралар автордың дүниеге деген көзқарасының туындысы болғандықтан, тәржімеші жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен, өмір сүру салтымен, ұстанымдарымен таныс болуы тиіс. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады [104]. Көріп отырғанымыздай аударма жасау үстінде балама сөздерді табу – әдеби тіліміздің баюына бірден-бір себебін тигізеді екен. Аударманы барабар яғни адекватты деп тану үшін оның келесі ұстанымдарға сай болуы керек. Олар: түпнұсқа мен аударманың эмоциональды әсерінің, түр мен мазмұнының сәйкестігі, аудармада автордың индивидуальды стилінің сақталуы, автордың ойын тура жеткізілуі. Сонымен аудармашы адекватты аударма жасау үшін түпнұсқада берілген бірліктердің баламаларын табуы қажет. Қазақ аударматану ғылымында аударма саласының терминдеріне қатысты А.Қ.Жұмабекова, Г.А.Жұмашева зерттеу жүргізген. Олар аудармашылық терминдердің түсіндірме сөздігінде балама аудармаға түсінік берген. Сөздікте адекватты аударма – түпнұсқаның мазмұны мен формасы бірлігінің басқа тілдің құралдары арқылы қайта құрылуы, яғни аударма тілдің жанрлық-стилистикалық, құрылымдық-семантикалық т.б. тілдік нормалары мен заңдылықтарының сақталынуымен аударылуы [105]. Қазіргі таңда кейбір зерттеушілер «адекватный перевод» деген тіркесті «балама аударма» (А.Алдашева), «дәлме-дәл аударма», кейде аудармай «адекватты аударма» (Дуанина), «деңгейлестік аударма» (Ә.Тарақ), «эквивалент» ұғымын «саймасай» (Ж.Дадебаев пен С.Абдрахманов) деп аударып жүр. С.Абдрахманов «адекваттылықты» «барабар» деп атай отырып, оның саймасай аудармадан айырмашылығы «түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында» деп көрсетеді. Сонымен, көркем шығармаларды аудара келе, оны адекватты аударылған деп айтуға болады, себебі автордың ойын тура жеткізген сонымен қатар жанрлық-стилистикалық т.б. тілдік нормалары сақталынған. В.Н.Комиссаров метафоралық құрылымның метафораны аударудағы үш негізгі түрін атап өтеді [106]. Олар: метафораның сақталуы (адекватты), метафораның алмастырылуы, метафораның түсіп қалуы. Адекватты аударуға байланысты П.Ньюмарк өзінің метафораны тілден-тілге ауыстырудағы мынандай қағидаларын ұсынады: түпнұсқа мәтінініндігі бейнені елестету;түпнұсқа мәтіндегі метафораны ауыстыру;ұқсастық арқылы аудару; мағынасын түсіндіру; метафораны алып тастау [107]. Н.Д. Арутюнова метафораны аударудың негізгі үш ұстанымды ұстанады [44, 23 б.]. Олар: калькалау, түсіндіру (интерпретация) және метафораны ауыстыру. Калькалау– бір тілдегі сөзді, не сөз тіркесін басқа тілге құрылыс қалпын сақтап, дәлме-дәл аудару. Метафораларды аудару кезінде калькалау тәсілі өте сирек қолданылады, себебі аударма мәтінінде калька ерекше түсіндіруді қажет ететін бөтен тілдік құрылым ретінде көрінеді. «Интерпретация» сөзінің мағынасы сөздікте «түсіндіру», «түсінік беру», «мағынасын ашу» дегенді білдіреді. Ағылшын және француз тілдерінде «interpret» бір мезгілде «аудару» және өзінше «түсіндіру, талқылау» деген мағынаны білдіреді. Мәтінді интерпретациялау – сол мәтіннің ішіндегі мазмұнды ашу деген сөз. Түпнұсқаны интерпретациялаудағы аудармашының маңызды рөліне басымдық көрсетуде автор «түпнұсқаны дұрыс түсіну үшін аудармашы әлемге жазушының көзімен қарай білуі тиіс» деген қағидаға жүгінеміз.
Аудару әдіс-тәсілдері
Аудару әдіс-тәсілдері
|
Түпнұсқа
|
Аудармасы
|
Мысалдары:
|
адекватты аудару
|
heart of stone
|
тас жүрек, бұл сөз тіркесі мейірімсіз, тас бауыр деген мағынаны білдіреді.
|
you must pray to God to take away your heart of stone and give you a heart of flesh."
|
адекватты аудару
|
broken English
|
бұрмаланған ағылшын тілінде сөйлеу, мағынасы ағылшын тілінде дұрыс сөйлей алмау
|
she was chattering alternately in French and broken English
|
адекватты аудару
|
angel
|
періште ол Алла Тағала нұрдан жаратқан құлы, бұл жерде өнегелі, періште адам
|
I laughed at him as he said that: "I am not an angel.
|
адекватты аудару
|
order my brain
|
өз-өзіне бұйрық беру, миға бұйрық беру, шабуыл жасау, ақылға шақыру мағынасында айтылады.
|
I ordered my brain to find a response, and quickly
|
адекватты аудару
|
clear
|
мұнтаздай таза, сүттен ақ, судан таза, кiнәсы жоқ, адал.
|
Jane, you are clear now.
|
адекватты аудару
|
the floods overflowed me."
|
топан су мені орап әкетті, бұл жерде қайғының топан су сияқты келгені сипатталынған.
|
that bitter hour cannot be described: in truth, " the floods overflowed me."
|
адекватты аудару
|
tears watered
|
көз жасы төгілді
|
Helen Burns was not here; and my tears watered the boards.
|
сөзбе-сөз аудару
|
monkey
|
мазасыз маймыл деп шыдамсыз, ұшқалақ, шошақай адамды сипаттайды.
|
Miss Ingram: «you tiresome monkey!» (apostrophising Adele)
|
сөзбе-сөз аудару
|
rat
|
егеуқұйрық, деген мағынада қолданып, қыздың егеуқұйрық сияқты тығылғандығын және сүйкімсіз бейнесін айтқысы келген.
|
that is for your impudence in answering mama awhile since," said he, "and for your sneaking way of getting behind curtains, and for the look you had in your eyes two minutes since, you rat!
|
сөзбе-сөз аудару
|
sheepishly
|
негізгі түбірі sheep, ұялып,жүрексініп шегіну
|
I was sheepishly retreating also; but Mr. Rochester followed me.
|
сөзбе-сөз аудару
|
horseman
|
ат құлағында ойнау, шабандоз, атбегі мағынасында тұспалданады.
|
a horseman as Mr. Rochester
|
сөзбе-сөз аудару
|
snake
|
сұp жылан,қас дұшпан, сұpқия,
қызғаншақтықтың нышаны ретінде, зәлiм адам дегенді тұспалдайды.
|
I seemed to see the green snake of jealousy
|
сөзбе-сөз аудару
|
ape
|
маймыл сүйкімсіз, адемі емес, ақымақ адамды сипаттайды.
|
Jane! Jane!you don't love me, then? Now that you think me disqualified to become your husband, you recoil from my touch as if I were some toad or ape.
|
сөзбе-сөз аудару
|
pig
|
доңыз,шошқа деп аударылады, бірақ мағынасы қанағатсыз, сараң адамды білдіреді.
|
John is a real pig when he eats.
|
мағынасын түсіндіру арқылы аудару
|
eye of ice
|
cөзбе-сөз мұздай көз деп аударылатын еді, бірақ қазақта оны суық қөз деп түсіндіру арқылы береміз; суық көз- дері арқылы қарым-қатынастың суығанын вербалдайды
|
Mrs. Reed's hands still lay on her work inactive: her eye of ice continued to dwell freezingly on mine. Миссис Ридтің қолдары әлі де жұмысында бос жатты: оның суық көзі маған мұздай қадалды.
|
мағынасын түсіндіру арқылы аудару
|
look of another world
|
сөз тіркесі «басқа әлемде тұратын жанды зат» ретінде қолданылып тұр; негізгі аудармасына келер болсақ, «look-ажар, кескін» деген мағынаны білдіреді, кескін келбетін суреттеп, оның сүйкімсіз екендігін басқа сөздермен вербалдайды.
|
no wonder you have rather the look of another world. Таңданатыны жоқ, сіз басқа әлемде тұратын жанды затқа ұқсайсыз.
|
мағынасын түсіндіру арқылы аудару
|
runs on
|
бұл сөйлемде түсіндіру әдісін қолдану арқылы, оқырманға қарапайым сөзбен талқыланған; осы сөйлемдегі сөздерді сөзбе-сөз аударсан, «run-жүгіру, runs on-жалғастыру» - деген мағынаны білдіреді, бірақ, жазушы оны «тез сөйлеу» арқылы сипаттайды.
|
«Can you under- stand her when she runs on so fast?» asked Mrs. Fairfax. Ол осылай тез сөйлеген кезде, сіз оны түсіне аласыз ба? – миссис Фэйрфакс менен сұрады.
|
мағынасын түсіндіру арқылы аудару
|
Green
|
green бұл мысалда шынымен де жасыл деген сөз емес, қыpшын жас, өpiмдей жас, жап-жас яғни жастықты тұспалдайды.
|
I have been green, too, Miss Eyre, grass green. Мен де жас болғанмын, Мис Эйр, мен де сіз сияқты жап-жас болғанмын.
|
Метафораның алмастырылуы
|
blind puppy!
|
осы сөйлемдегі «puppy-күшік» деген сөздің орнына аударған кезде «қуыршақ» деген сөзбен алмастырылған.
|
Не said something in praise of your eyes, didn't he? Blind puppy!". Ол сенің көздерін туралы бірнарсе мақтау айтты солай ма? Соқыр қуыршақ
|
Метафораның алмастырылуы
|
fluent tongue
|
осы тіркестегі tongue-тіл деген сөздің орнына speech-сөз, сөйлеу деген сөзбен алмастырамыз.
|
I had been accustomed to the fluent tongue of Madame Pierrot. мадам Пиэрроттың емін-еркін сөйлеу қабілетіне үйрену.
|
4-кестенің жалғасы
калькалау әдісі
|
the Roman emperors
|
осы сөйлемде the Roman emperors» сөзі негізгі аудармасы «римдік император» деген мағынаны сөзбе-сөз аудару арқылы жеткізген; автор баланың өте нашар тәрбиеленгендігін сипаттаған.
|
«You are the Roman emperors!». - сен — римдік императорсың!
|
калькалау әдісі
|
Sphynx
|
бұл жерде Sphynx- Сфинкс сөзі калькаланған; бірақ қазақ тілінде түсінікті болу үшін жұмбақтап сөйлегендіктен деп аударуға болады.
|
«You are afraid of me, because I talk like a Sphynx!» Сфинкс сияқты жұмбақтап сөйлегендіктен, сен менен қорқасын ба!
|
Жалпы аудару кезінде мынандай әдіс-тәсілдері қарастырылды:
- метафораның адекватты аударылуы
- метафораның сөзбе-сөз аударылуы
- метафораның түсіп қалып, мағынасын түсіндіру арқылы аударылуы.
- метафораның алмастырылуы
- метафораны калькалау әдісі арқылы берілуі
Метафора - екіншілік атауларды жасаушы бірден-бір тәсіл емес, бірақ адам санасының ассоциациялы-бейнелі ұқсата білу, теңестіру,салыстыру сияқты қабілетімен танылатын, әр сөз-таңбаның шынайы болмыс жүйесіндегі сипатын тереңдей түсетін, сонысымен ойды бейнелі қалыптастыратын,оны нақты жеткізе білу мақсатында адресатқа әсер ету дәлділігімен ерекшелінетін құбылыс [108]. Ассоциативті-бейнелі ойлай білуде атау сөздің алғашқы мағынасы беретін мәліметтермен ұштасып барып, қосымша мағыналарға ие болады.
Жалпы аударма кезінде төмендегіше шығарма аударылды:
-метафораны аударған кезде оның жалпы мағынасын беру: This done, I lingered yet a little longer the flowers smelt so sweet as the dew fell; it was such a pleasant evening, so serene, so warm; the still glowing west promised so fairly another fine day on the morrow; the moon rose with such majesty in the grave east. I was noting these things and enjoying them as a child might, when it entered my mind as it had never done before: moon – домалақ;
-метафораның мәндес баламасын беру арқылы аударма жасау, Five o’clock had hardly struck on the morning of the 19th of January, when Bessie brought a candle into my closet and found me already up and nearly dressed. I had risen half-an-hour before her entrance, and had washed my face, and put on my clothes by the light of a half-moon just setting, whose rays streamed through the narrow window near my crib: moon – бірқалыпты өмір;
-метафораны бір тілден екінші тілге сөзбе - сөз аудару немесе сипаттамасын беру, мысалы: Was it, I asked myself, a ray from the moon penetrating some aperture in the blind No; moonlight was still, and this stirred; while I gazed, it glided up to the ceiling and quivered over my head: moon – ай.
Алдымен біз сөйлемнен метафора бола алатын сөзді табуымыз қажет.First, мысалға алатын болсақ, Jane Eyre новелласынан “The Moon” сөзі бірнеше контекстте қолданылып түрлі қолданылады. Келесі кестеден біз сол сөздің неше мағынада қолданылғанын көрейік. Metaphor analysis of the word “moon” used in the novel Jane Eyre
Meanings of the word “Moon” Using the meaning of the word “moon” as a “planet satellite” , “a satellite” and the context when it is used in the novel, we can find out that “the moon” in the novel is used as a semantic metaphor for change. Time means “life satellite”, every time when Something is changing in Jane’s life, we can see that “the moon” appears in the describing part of the novel. It is either described or looked at many times throughout the novel when Jane's life will take on a new direction. So, four meanings of the moon. They are: the direct meaning – the moon, the satellite, lunar month, planet satellite. They used especially when Jane leaves Gateshead, Jane meets Rochester, Rochester proposes to Jane.
Бұл зерттеулерден кейін біз бір сөздің бірнеше жерде қолданылып, сөйлемнің мағынасына қарай түрлі мағына білдіретінің байқаймыз. Сонымен қатар, Джейн Эйр шығармасынан Шарлотта Бронтаның адам болмысына байланысты бірнеше метафораларды құрастырған. Адам болмысы табиғат құбылыстарымен салыстырыла берілген. Новелладағы әр түрлі өзен ағысы, теңіз дауылы және де түрлі табиғат құбылыстары Джейннің сезімімін білдіру мақсатында қолданылған. Рочестердің өмірін сақтап қалғаннан кейін новелла барысында келесідей метафоралара қолданылған: “Till morning dawned I was tossed on a buoyant but unquiet sea… I thought sometimes I saw beyond its wild waters a shore... now and then a freshening gale, wakened by hope, bore my spirit triumphantly towards the bourne: but . . . a counteracting breeze blew off land, and continually drove me back”.
Шығармадағы барлық дауылдар Рочестермен Джейннің арасындағы тығыз қатынастардан туындаған. Теңіздегі дауылға теңей отырып сойлемнің сәнін келтіре отырып, қос ғашықтың сезімін көрсете білген Бронтаның дарындылығын білдіреді. Сонымен қатар, құстардың да бекер ұшпай өзіндік мағынасы бар екенің де анықтадық. «Jane believes that birds are faithful to their mates. It is neither kind nor unkind, just nor unjust», мүмкін Бронта бізге қиялдан тыс ғажайыптардың болатының, және оған да сенуіміз қажет екенің білдіргі келген шығар. Құстармен теңіздің дауылы қосылып, Рочестермен Джейннің тағдырындағы сынақтың бірін білдірген. Бұл жерде, өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Зерттеудің өн бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде өлеңді аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда нешетүрлі пікірлер келтірілген.
Джейн Эйр тұжырымынан тағы да табиғаттан тыс әлемнің жетегінде жүрген өзінше әлем екенін көрсетеді: the instantiation of God, such general metaphor. John is filled with the same dispassionate caring that God’s nature provided Jane in the heath: he will provide, a little, but he doesn't really care for her. John is more human than God, and thus he and his sisters are able to help Jane. Осындай жайттарды білдіргісі келген.
Келесі метафора ретінде қодданылған сөздің бірі “food”, ол қажеттілікті білдіру мақсатында қолданылған. Бұған мысалы ретін Джейннің Лоуд мектебінде оқып жүрген кезін жатқызуға болады. Оқу жылының басында Джейн көбіне тамақтарына үйрене алмай жүрді. Мысалы, such as the burnt porridge are given. Bitter and base associations have become the sole food of your memory you wander here and there, seeking rest in exile happiness in pleasure—I mean in heartless, sensual pleasure—such as dulls intellect and blights feeling. Алайда Джейн тек тағамнан аш болмады, ол адами аш болып жүрді. Бұл жерде тасжүрек деп қазақ тіліне, метафораның айырбастау әдісімен аударылды. Ол оқу жылының басында тамақтарынан аш болып жүрсе, одан кейін мектеп ішінде жалғыз жүріп өз өмірінен қатал адамға айналып бара жатқаның көреміз. Мысалы Джейннің сөздерінен байқауға болады:
“That night, on going to bed, I forgot to prepare in imagination the Barmecide supper, of hot roast potatoes, or white bread and new milk, with which I was wont to amuse my inward cravings. I feasted instead on the spectacle of ideal drawings, which I saw in the dark - all the work of my own hands.”
Бұл оның өміріндегі жеке өмір бастауынын алғашқы баспалдағы болып есептелді. Ол аулайтын аң таппай жүрген аңшыға ұқсас болды. Кез-келген метафора өзінің қалыптасуында бейнелі сипатта болады, бейнелілік - метафоралардың негізгі принципі және жасалу тәсілі. Аталымның белгілі кезеңдерін басынан кешірген метафоралардың бейнелілігі тек олардың ішкі мағыналық құрылымында ғана сақталып қалуы мүмкін.Бұл метафоралардың жасалуынан, мағынасынан, қызметінен көрінеді.
Джейннің аштығы тамақпен емес, достарының жоқтығына деген, өз үйінен алыстап кеткеніне, жалғыздың болғандықтан өзін аш сезінді. Ол өз ортасынан аш болды, алайда ол Диянаны және Марияны кездестірді. Do not ask me, reader, to give a minute account of that day; as before, I sought work; as before, I was repulsed; as before, I starved; but once did food pass my lips. Бұл жерде салыстыру әдісімен аударылған. Аш адамды аңшыға теңеу. Сондықтан мәтіндегі “hunger”, “food” сөздері өз мағыналарында және тағы да басқа мағыналарда қолданылды. Бүл жердегі ол сөздердің автордың айтқысы келген нәрсені жеткізді деп айтуға болады.
Джейн Эйр концептісіндегі ең маңызды метафоралардың бірі “Fire and Burning”. Mr. Rochester turned and glared at him. His eye, as I have often said, was a black eye it had now a tawny, nay, a bloody light in its gloom; and his face flushed—olive cheek and hueless forehead received a glow as from spreading, ascending heart-fire and he stirred, lifted his strong arm—he could have struck Mason, dashed him on the church-floor, shocked by ruthless blow the breath from his body—but Mason shrank away, and cried faintly, “Good God!”. Оттай ыстық, оттай лаулап жанған сезім деген түрде салғастырылу әдісте аударылды. Бұл жердегі метафораны аудару әдісі “the metaphorical chain” алынды:
When it first becomes truly obvious that Rochester has feelings for Jane, she has just saved him from the fire in his bed. →
When Rochester tries to keep Jane with him after this incident, she says: ЭЖ№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№Ь ЖРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮ“strange energy was in his voice, strange fire in his look” →
When Rochester suggests that he and Jane remain together even though they cannot be married, Jane writes: “…a hand of fiery iron grasped my vitals. Terrible moment: full of struggle, blackness, burning! Not a human being that ever lived could wish to be loved better than I was loved”. Jane is tempted to succumb to her and Rochester’s passions, but she does not. →
So, we can see that passion, force, fire, struggle, burning – all this expressions are used throughout the novel to represent passion as an uncontrollable force.
Келесі қызық бір жайт “Chestnut Tree”. This tree that had been struck by lightning during a storm is a symbol for the relationship between Jane and Rochester. Жаңбырлы күні Джейннің Рочестерге жүгірген кездегі ағашты көрген кездегі аса бір ерекше сезімде болды. Джейннің сөзін алсақ: “You did right to hold fast to each other.” Шығарма соңында Рочестер ағаш жайлы пікір айтқанда, Джейн оғын ол ағаштың жай ағаш емес, олардың сезімінің өркеңдеу кезі айтқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |