Кудьярова гульнара базарбаевна


Ағылшын тіліндегі метафоралардың қазақ тіліне берілуінің педагогикалық және психологиялық негізі



бет13/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

1.3 Ағылшын тіліндегі метафоралардың қазақ тіліне берілуінің педагогикалық және психологиялық негізі

Әлем халықтары тілдерінің арасында қарым-қатынастың өз жүйесі, басқаша сөзбен айтсақ, трансляторы болуы қажет. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің шешімі ол аударма үрдісі болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деп айтуға да болады. Ағылшын тіліндегі метафораларды аудара білу тек аудармашыға ғана қажет деп ойлау қате түсінік болар еді. М. Тарлинская пікірі бойынша, метафора тек көркем шығармаларда ғана емес, сонымен қатар, ауызекі тілде де кеңінен қолданылады [76]. Кез - келген салада метафора кездескенімен, оны түсіну және аудару қиынға соғып жатады. Негізі аудармашы жұмысы үдерісі өте қиын да күрделі. Ең алдымен түпнұсқа мазмұнын, стилистикалық, семантикалық құралдарын жан-жақты зерделеу қажет. Содан кейін көркем шығарманың синтаксистік құрылымдарын айқындайтын белгілерді бөліп қарастырып, сосын аударма тілінде түпнұсқаның маңызды қырларын қайта қалпына келтіруге теңдес құралдарды іздестіру басталады. Мұнан соң түпнұсқада басында бөле көрсетілген белгілерді жаңа көркемдік тұтастыққа жинақтау жүреді. Соңғы кезеңде біткен аударма түпнұсқамен салыстырылып, түпкілікті түзетулер енгізіледі. Көркем шығармада метафораның мән-мағынасын берілген бірліктерге қарап емес, сол сөздердің қолданылуына мұқият болу керек. Осы троптың бір түрінің көмегі арқылы басқа бір елдің мәдениетін оқып-білуге болады.

Метафора адамдардың ойлау үрдісін қалыптастыратынын ескере келе, тілі білімі оны басқа қырынан да қарастыруға талпынады. Метафора табиғатын танып-білуге деген  талпыныс кейінгі уақытта таным мен ойлауға бағытталған зерттеу  түрлеріне және жасанды интеллект болмысын зерттеуге қатысты өзін көрсете бастады. Негізінен метафора қолданған кезде, ол ауыспалы мағынаны білдіреді. Метафораға басқа да анықтама беретін болсақ, оны былай тұжырымдауға болады. Ол ауыспалы мағынаны ғана білдіріп қана қоймай, көркемдік, бейнелеуіштік қасиеттері бар тілдік бірліктер деп анықтауымызға болады.

Метафоралардың пайда болуының екі тәсілі бар. Олар:

- әр тілдің өзіне тән ішкі даму процесімен байланысты болатын, белгілі бір халықтың ұлттық ерекшелігіне орай жасалып, қалыптасады.


  • метафоралар халықаралық қарым-қатынастың дамуына байланысты бір тілден басқа тілге ауызекі сөйлесу және жазбаша түрде ауысып отырады.

Ауыспалы мағынаны аударған кезде әр халықтың тілдік ерекшелігіне мән беріп қана қоймай, оның қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу қажет және де мағынасын түсінбей жатып, аударма жасауға болмайды.

Метафораға ағылшын тілде мынандай анықтама беруге болады: The term “metaphor”, as the etymology of the word reveal means transference of some quality from one object to another. Therefore it is better to define metaphor as the power of realizing two lexical meanings simultaneously. It is still widely used to designate the process in which a word acquires a derivative meaning.A metaphor becomes a stylistic device when two different phenomena-things, events, ideas, actions are simultaneously brought to mind by the imposition of some or all of the properties [77]. Құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару. Әсіресе көркем әдебиетте метафора мынау образдарда көбірек бейнеленеді. Олар метафоралық суреттемелерді қайнар көздері болып табылады: nightingale (бұлбұл), rose (раушан гүлі), moon (ай), nature (табиғат), art (өнер), war (соғыс), fairy tales (ертегілер) және myths (аңыздар).

Тілдің сөздік қорындағы қымбат қазынаның бірі метафора деп айтуымызға болады. Егер біз метафораларды сурет көрмесімен салыстырсақ, көрмедегі әрбір суретке үңілген сияқты, әрбір метафоралық бірліктің мағынасын қарастыру арқылы, тұтастай бір елдің тарихын, тұрмыс-тіршілігін оқып үйренуге мүмкіндік туады. Мысалы, he has a heart of gold – ол ақжүрек адам, he is a real pig when he eats – ол тамақ ішкен кезде шынымен торай, мағынасы ол тамақты өте көп және шашып жейді. Her home was a prison – оның үйі түрме, мәні ол өзінің үйінен шыға алмауы, a life is a day, death is sleep; a life is a summer, death is winter – өмір ол күн, өлім ол ұйқы, өмір ол жаз, өлім ол қыс, dark horse – үндемегеннен үйдей бәле шығады, your love is an ocean – сенің махаббатын ол мұхит, мағынасы оның махаббаты өте үлкен, they are green-eyed monsters – олар жасыл көзді құбыжықтар, мәні олар өте қызғаншақ адамдар.

Метафоралардың құрамындағы сөздер жеке-жеке қарастырылмайды, бірліктер бірге келе тұтас бір мағынаны білдіреді. Мысалы, ағылшынның storm және teacup сөздерінен мағыналары екеуі екі түрлі ал біріге келе, ол «a storm in a teacup» дейтін болсақ, «елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, біз мынау сөйлемді алатын болсақ, This question was a storm in a teacup. Бұл сұрақ өте қатты маңызды емес деген мағынада қолданылған. Тағыда бір мысал алып қарастырсақ, Ben can be a bull in a china shop. Бен ебедейсіз адам. Жеке бірліктерді алсақ, bull және china shop сөздерінен мағыналары екеуі екі түрлі ал біріге келе, bulls in china shops – ебедейсіз адам деген мағынаны білдіреді.

Метафораның мағынасын ажырату үшін контекстегі мағынасына назар аудара отырып, адекватты аударма түріне жүгіну керек. Ағылшын тіліндегі

marriage деген үйлену, ал rock жартас,құз деп аударылады. Ал his marriage is on the rocks деген метафораның мағынасының дәл тауып айту мүмкін емес. Бұл метафораның мағынасы оның некесі қыл үстінде тұр деген мағынада, яғни бықытсыздық, қайғы мағынасында пайдаланылған.

Лингвистик тіл саласында метафораларды қарастырудың жолдары бар. Н.Д.Арутюнованы алсақ, ол тілдік метафораның функциональды түрлерін қарастырған. Олар: атаушы метафора, бейнелі метафора, танымдық метафора және генерализация [78]. В.Г.Гак метафоразацияда болып жатқан семантикалық үдерісті өзінің жіктемесінде қарастырады. Ол екіге қарастырп көрсетеді. Ішінара метафоралық тасымалдау және толық метафоралық үдеріс. Ол екіншісіне екіжақты метафора (head-pot), бір жақты семасиологиялық метафора (legs of the chair), бір жақты ономасиологиялық метафораны кіргізіп анықтайды [79]. Ю.И.Левин салыстырмалы элементтер- дің негізінде жіктеме жасаған. Ол бойынша метафора-салыстыру (colonnade grove), метафора-жұмбақ (buttons-cobblestones) және басқа зат пен құбылыстың белгісін басқа затқа жазылған метафора (poisonous glance) [46, 82 б.].

Метафоралардың аударма жұмыстарын оңайлату үшін грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлу және жіктемесін жасау арқылы қарастырған өте ыңғайлы. Метафоралық топ терминімен метафораны және онымен байланысты сөздерді айтуға болады. Зат есім мәнді метафоралық топтың орталығы болып метафора-зат есім болып табылады. Зат есім мәнді метафоралық топта бірнеше түрлері бар:

- Метафора-зат есім, грамматикасы бойынша баяндауыш болып табылады, бірақта мағынасы зат есім арқылы түсіндіріледі. Мысалы: The house was a white elephant. Не sank as a stone. The boy flew as an arrow. You are dog. Today is a prison and I am the inmate. You are the star in my firmament. Тағыда метафора-зат есім басқа зат есімге мағынасын ашу мақсатта қосымша немесе балама болған кезде қолданылады. You, skunk, do go away from my place!

- Метафора-зат есім анықтауыш қызметін атқара келе, ілік септігі және зат есім көмегі арқылы жасалады. (ағылшын тілінде «of» және тәуелді септігі арқылы жүзеге асырылады.) You see, he is a sprig of nobility. Her eyes were an ocean of blue. Метафоралық топтарда мынандай сөздерде кездеседі, «the leg of the table» («стөлдің аяғы»), «the eye of the needle» («иненің көзі»), «the mouth of the river» («өзеннің сағасы») the apple of someone’s eyes («біреудің көзінің қарашығындай болу») т.б.

- Метафора-зат есім етістік ретінде де жүзеге асады. Бұл метафоралық топқа көбінесе етістіктің бір түрі кіреді. Ол «атау» («to call») етістігі көбінесе толықтауышпен қолданылады. Не is not very quick in temper. He is what we call a slowcoach.

Метафораның орталығы тек қана зат есім ғана емес, басқа да сөз таптары бола алады: сын есім (есімше), етістік, үстеу. Метафоралық топтың ішіне зат есім және оның баламалары кіреді. Адъективті метафоралық топтың бейнесі: сын есім + зат есім. Мысалы: «iron character – қатты мінез», «heart of stone –тас жүрек», «hot love – ыстық махаббат», «bitter experience – қайғылы тәжірибе» т.б.

Метафора-сын есім болып та қолданылады. Cын есім зат есімді суреттейді және метафорада ол қосымша мағынаны қамтамасыз етеді. Мысалы: «absent-minded – ұмытшақ адам», «He was a wilting flower in her presence». «He was a rather frightened flower in her presence».

Метафора-етістік бұл метафоралық топқа толықтауыш қызметінде болатын зат есім қажет. Метафора-етістік көбінесе арнайы сөздермен ғана қолданылады. Мысалы, «to break - сындыру» аталған зат есімдермен метафоралық топ құрады: silence, rule, promise, contract, money, health. Тағыда бір мысал «to pepper» ("бұрыштау"). Мысалы: I think that we have peppered that Frenchmen very well.

Метафора-үстеу метафоралық топта етістікті көркемдеп түсіндіру үшін пайдаланылады. Мысалы: The boys cuffed each other wolfishly. Very creditable. Dr. Hammerfied muttered lamely. I congratulate you most warmly. Мысалы: «smıle sourly», «sleep sweetly», «greet warmly» және т.б

Жалпы аударма кезінде мына жәйттерге мән беру керек:



  • метафораны аударған кезде оның жалпы мағынасын беру, «a sunny smile»-жарқын жүзді, «these thoughts melted away» - осы ойлар еріп кетті.

- метафораның мәндес баламасын беру арқылы аударма жасау, «сome rain or shine» – не болса сол болсын, «a quick temper» – қызуқанды.

- метафораны бір тілден екінші тілге сөзбе - сөз аудару немесе сипаттамасын беру: «a big shot» – маңызды адам, «field of human knowledge» – білім саласы.

Негізі ағылшын тілінде әр салаға байланысты сөз және сөз тіркестері көп кездеседі. Осындай сөз орамдарының қандай мағынада, қандай мақсатта қолданылып, пайда болғанын жақсылап біліп алу қажет, оны білмей тұрып аудара салуға болмайды. Мысалы: «field» сөзін алатын болсақ, физика терминдер құрамында ол өріс деген мағынада аударылады. Мысалы: «electric field-электрлік өріс, radiation field-радиауиялық өріс». Ал экономика саласында field жоғарыда көрсетілгендей өріс емес, сала деген мағынада аударылады. Мысалы: «field of science – білім саласы».

Мынадай классификация жасау арқылы жіктеуге болады:

- Parts of the body metaphors: «broken heart» – жаралы жүрек (сен жақсы көретін адам сенімен қарым-қатынасты бұзған кездегі сезім, яғни өте көңілсіз болу). Мысалы: After they broke up, his heart was broken. «To get cold feet» – ықыласын жоғалту, мазасыздану, абыржу. Мысалы: Sometimes the bride or groom might not show up to their wedding because they’ve gotten cold feet.

- Colour metaphors: «black» – қара нәсілді адамдарды айтады, мысалға африка-американдықтар көбінесе қара нәсілге, ал кавказдықтар ақ нәсілге жатқызады. Мынау мысалды алып қарастырсақ, In 2008, Barack Obama became the first black president. All U.S. presidents prior to Barack Obama were white males. «White trash» - өздерінің үйлеріне қарамайтын, есік алдыларында қоқыстар көп болатын кедей адамдарды айтады. Мысалы: Local politicians try to clean up white trash neighborhoods and try to get people to take better care of their homes and yards. «Black and white» – бәрі анық, түсінікті деген ойды білдіреді. Мысалы: After the Japanese attack on Pearl Harbor in 1941, the reason for the U.S. to go to war against Japan was black and white. «Out of the blue» - көктен құлаған күтпеген нәрсе деген мағынасында көрінеді, кенеттен деп аударылады. Мысалы: The rise of Hitler in World War II was not out of the blue; many Europeans knew he was gaining power in the 1930s. «A white lie» – ешкімге зияны жоқ өтірік. Sometimes it's better to tell a white lie than to tell someone a painful truth.

- Animal metaphors: «an early bird» – таңертең ерте тұратын адам. My sister is an early bird, she likes doing exercises n the morning. «Elephant in the room» немесе «Elephant in the living room» - ешкім біле тұра талқылағысы келмейтін өте үлкен мәселе. The degeneration of parental responsibility in this country is the elephant in the room, but no one in Washington wants to address it. «White elephant» - қайтадан оратылған немесе ұнамсыз, қажет емес сыйлықты айтады. Мысалы: I got this Joey Fatone Bobblehead doll from that turkey across the street. What could I do with it? I know, it can be the White Elephant at the Christmas party this year!

- Metaphors to do with health and illness: «Illness is down and health is up» - ауру болған кезіндегі өзінді жаман сезіну, ал егер денсаулығын мықты болса өзінді өте жақсы сезіну. Себебі олар көбінесе оны «down» және «up» сөздерін қолданып білдіреді. «Illness is an enemy attacker» - ауру ол шабуыл жасайтын дұшпан. Бұл сөйлемді ауру ол жау, дұшпан ретінде түсіндіріледі. «To be fighting fit» – денсаулығы мықты болу. Мысалы: Mary had responded to treatment and seemed fighting fit.

- Metaphors to do with money: «Money is water» – ақша ол су. Ақшаның кішкентай мөлшері адамның өмірін сақтауы мүмкін, ал үлкен мөлшері адамның өмірін алуы мүмкін. «To be broke» – ақшасы болмау. You're going to be broke soon if you don't get job and stop spending money. «Put your money where your mouth is» - сен сенген бір нәрсеге ақша беру арқылы демеу, қолдау. If you are really interested in helping the homeless you should put your money where your mouth is.

- Metaphors to do with emotions: «To be scared to death» – қатты қорқу. David suddenly appeared like a ghost in the doorway and scared me to death. «Sad is down» - уайым-қайғы болған кезда тұлғаның өзін-өзі жаман сезінуі. «Sad is dark» - қайғы ол қараңғылық. «Happy is up» - бақыт ол көңіл күйдің жоғары болуы деген ойды білдіреді.

- Metaphors to do with food: «His speech is sweet sugar» – Оның сөзі әдемі, құлаққа жағымды деген түсінікті білідреді. «You are the sugar in my coffee» – се менің тәттімсің, мен сені қатты жақсы көремін мағынасында айтылған. «it is not my cup of tea» – мен ұнататын нәрсе емес, мысалы: You three visit the museum without me. Looking at fussy old paintings is not my cup of tea. Going to church, Mary said, was not her cup of tea.

- Metaphors to do with countries and places: «to take coals to Newcastle» – онсыз да өздері шығаратын нәрсені ол жаққа апарудың қажеті жоқ. «The earth is rock hard» – жер қатты тас. Мысалы: During the dry season the land is rock hard.

- Metaphors to do with crime: «launder money» – заңсыз жолмен келген ақшаға банктен есеп-шоташу; «Wealth is sea-water» - байлық ол теңіздің суы. Мысалы: wealth is like sea-water; the more we drink the thirstier we become.

- Metaphors to do with movement and travel: «thumb a lift» – жолда кез келген машинаны тоқтатып, тегін жүру. «You can’t just go through life with your eyes closed» - сен ешнәрсені байқамай өмір бойы жүре алмайсын. «After university I was at a crossroads, and I didn’t know which way to go» – жоғарғы оқу орнынан кейін мен қай жолды таңдайтынымды білмедім. «Over the hill» - бір нәрсені жасағанға үлкен, қартайған адам. Мысалы: Her parents don’t understand her at all. They’re over the hill!

Метафоралар өзінің мағынасы мен стильдік қызметі, құрылымы арқылы ерекшеленеді. Метафоралар табиғатын қарастыруда, оның фразеологиялық теңеумен ұқсастығы мен айырмашылығын қарастырған жөн. Теңеуде екі затты салыстырғанға керекті негіз, яғни теңеу заты болады. Ал метафорада ондай негіз қажет емес. Екеуінің негізгі ортақтығы – олар құбылыстар мен заттар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауы болып табылады. Мысалы: «She's as fierce as a tiger – ол жолбарыстай қатал». Бұл мысалда «as» қолданылуы арқылы жасалынған. Ал келесі мысал метафора болып табылады: «She's a tiger when she's angry – ол ашуланған кезде жолбарыс».

Кез-келген метафораны түсінуге, түсіндіруге болады. Олардың мынандай белгілері бар: белгілі бір нысандарға тән қасиеттерді көрсетуі; нысандарға константты сипаттама беруі, синтаксистік тұрғыда ары қарай мүшелеуді қажет етпеуі, метафораның аталымдық қызметін арттырады [11, 8 б.]. Ұқсату арқылы әр категория заттары мен құбылыстары қасиеттері айқындала түседі. Бір тектес нысандар ұқсастық жасай алмайды. Сонымен қатар, тым алшақ нысандар да ұқсастық жасай алмайды. Ұқсастық логикалық тұрғыда міндетті түрде заттық немесе ассоциациялық дәлелі бір белгілерге негізделеді. Аталымдардың табиғатын зерделеудегі басты міндет - сол белгілерді анықтай білу. Нысандар өзгешелігі ұқсастықты тануға, айқындауға көмектеседі. Қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгергіштігімен, өзгешелігімен назарға ілігеді. Соларды салыстыру, салыстыра отырып ұқсастық табу және оны тілде бейнелеу метафора процесінде жүзеге асырылады. Аналогия көзге көрінетін сырт-пішін, түр-түс, қызмет, қасиет, мінез, сипат белгілеріне ғана емес, көзге көрінбейтін адамның ассоциациялы ойлауынан туындаған ұқсастыққа да негізделеді.

Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау. Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (You are a wolf), екінші жағдайда бастауыш немесе толықтауыш болады (Where does the wolf go? You shouldn’t meet with this wolf). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (bear, fox, sheep, dog and so on) ғана емес, метафора қызметін де адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (headman, officer, scientist and so on). Мұндай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (He is really a scientist! – He is not a scientist, but he likes looking for something like a scientist). Сөздерді метафоралау процесінде үштүрлі жағдайды байқауға болады:

• Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.

• Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).

• Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолданылып жүр [80].

Метафораны пән ретінде қолдану оқыту үдерісінде педагогикалық дискурсте көрініс тапты. Оқыту кезінде метафора үдерісі өзгертіліп, жаңартылып отыруы қажет. Оқыту барысында қолданылып жатқан метафораның көбісі дәстүрлі метафора болып табылады. Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады. Сондықтан да олар халыққа түсінікті, белгілі болады. Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты сөз айшығы ретінде жұмсала береді. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына тікелей байланысты болады. Бірақ, дегенменде осы метафоралар көмегімен оқыту үдерісі алға дамып отырады. Ю.А. Веряева көзқарасы бойынша, метафора басқа сөзбен қосылып жасалу арқылы, өз бейнелілігін жоғалтқанымен, одан да кең көлемді мағынаға ие болады, сондықтан сөйлеген кезде өзінді іштей бақылауда ұстаған дұрыс [81]. Метафора адамның танымының дамуында, сонымен қатар ұжымда танымдық педагогикалық қарым-қатынаста үлкен және маңызды рөл атқарады. Метафора ойлау құрылымы болғандықтан, мәлімет пен ақпаратты түсіну мен ұғынуға көмектеседі. Атақты зерттеуші А.П. Чудинов пікіріне сәйкес, әр түрлі дискурста метафора неше түрлі қызмет атқарады. Мысалы: көркем шығармада метафора көркемдік қызметті, ал ғылыми дискурста танымдық қызметті атқарады [82]. Ал педагогигалық дискурста метафора танымдық (бір зат пен құбылысты басқа затқа теңеу арқылы мағынасын ашу), атаулы (жаңа затты атау және оның қасиетін айту), хабарлау (жинақы, тұтас ақпарат беру), мнемоникалық (пайдаланылатын әдіс-тәсілдер арқылы мәтінді есте жақсы сақтау), эвристикалық (терминдерді түсіну мақсатында шығармашылық ойлау арқылы ізденістік зерттеу), қарым-қатынас (ақпаратты жеткізу), суреттеу (бейнелі көрініс арқылы мәтінге назар аудару), инструментальды (метафораны құрал ретінде қолдану арқылы адамның ойлау үдерісіне әсер ету), бейнелеу (алуан түрлі жағдайларды құрастыру), экспрессивті (метафора адамның жүріс-тұрысына әсер ету) қызметтерін атқарады. Р. Холмов тұжырымдауына қарағанда, метафора дүниеге көзқарас, дүниені сезіну және түсіну сияқты құрылымдарды қамтиды. Сол себептен метафора педагогикалық дискурста өте маңызды болып табылады [83].

Метафораны психологиялық жағынан қарастырсақ, адамның санасындағы заттар мен құбылыстардың бейнесінің басқа бір нысанның бейнесін елестетуі, оны еске түсіруі ойлаудың құрылымдық ерекшеліктерінің әлемді танудағы қызметін жеңілдетеді. Шартты түрде алғанда сөздің ассоциациялық өрісінде сол зат, нысан туралы адам санасындағы түсінік, ұғым жиынтығы көрініс табады. Ассоциациялық өріс тіл қолданушы ортаның тілдік бірліктердің мағынасын тілдік қолданыста, жалпы қабылдаудағы түсініктерге негізделеді. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол тілдік ортамен және де жеке адамның танымымен байланысты. Сондықтанда метафораның жасалуы адамның психологиялық ерекшеліктерімен ішкі жан дүниесі, ойлауы, қабылдауы, жадыда ұстауы сияқты әрекеттермен астасып жатады.



Әлі ашылып болмаған ғажайып әлем – ол адам жадының құпиясы. Осы туралы ғалым Августин Аврелий: «Жадыда сыртқы әлем сезімдері жалпылама және жекелеген қалыпта сақтаулы. Көзім денелердің формаларын мен бояуларын, жарықты, құлағым әлемдегі алуан түрлі дыбыстарды, мұрыным иістерді, аузым дәмді, денем қатты мен жұмсақты, ыстық пен суықты, тегіс пен қатпарды, жеңіл мен ауырды таниды, қабылдайды. Осының бәрі жадыда өңделеді, ой салады, қажет болса еске түсіріледі. Олар белгілі тәртіппен сананың қалтарыстарында, қоймаларында сақталады»,-дейді [84, 51 б.]. Тілдің қатынас құралы ретінде пайдалануын жеңілдететін ол адам санасында қоршаған әлем нысандары туралы ақпараттардың жүйелі түрде сақталуы. Метафора табиғатының құпия сырына үңілген ғалымдар оларды: заттардың көзге көрінетін ұқсас белгілеріне; заттардың қарама-қайшылықты мүлде алшақ белгілерінен ассоциациялы ұқсастық белгілеріне байланысты туындайтынын атап көрсетеді. Метафоралауда сыртқы пішін, әртүрлі қасиет, іс-әрекет, бейне ұқсастықтары танылады және де жоғары ассоциациялы-бейнелі ойлауда жүргізілетін іс-әрекеттер негізінде атаулар жасалынады. А.А. Залевская санадағы нысан туралы мәліметтердің көп сатылықпен орналасуын былай деп көрсетеді: «Переплетение и пересечение разнообразных связей и оценок хранится в памяти одновременно вместе с набором стратегий поиска единиц сочетаемости единиц в отдельных ярусах/подъярусах» [85, 164 б.]. Жадыдағы орналасу сатылары белгілі тәртіппен құрылғандықтан тез еске түсірілуге және қолдануға жағдай жасайды. Адам санасына белгілі бір зат туралы есіне түссе, ол міндетті түрде ойша түрін, түсін, қызметін елестету арқылы жадыдан іздейді. Егер жадыда сол нысан туралы ақпарат болса, санада оның қалыптасқан бейнесі де болады. Адам тәжірибесі арқылы жинақталған ассоциациялар мәліметтердің байланысынан пайда болады. М. Джонсон көзқарасы бойынша, ассоциациялық өрісте таңбалар беретін білім қоры, олардың бейнелері, семантикалық және грамматикалық қатынастары, бағалауыштық және де өзге де мағыналар жинақталады [86]. Сол себептен сөздің ассоциациялық өрісінде сол таңбаның беретін барлық мәліметтері, ақпараттары болады. Ассоциациялы ойлау арқылы көне мағыналар жаңа ұғымдарға іргетас болып, екіншілік мағыналар жасалады. Оны жасау мақсатында ұқсас нысандардың қасиеттері санада салыстырылады. Ұқсастық – ассоциативті ойлау үрдісінің жемісі. Ассоциация сөздің ішкі мағыналық құрылымы мен денотациясы арасындағы байланысты сипаттайды. Психологиялық жағынан айтқанда, тілдегі бар заттар мен атаулар бейнесінен жаңа мағыналар, ұғымдар пайда болуына түрткі болады. Адам санасындағы жасалған образдардың ұқсастығының туындауына байланысты біз метафораларды ассоциациялы ойлау жүйесінің жемісі деп тұжырымдауымызға болады. Метафора - таныммен байланысты күрделі құбылыс болғандықтан, ассоциация психологтардың тұжырымдамасында ойлау үрдісінің ажырамас бір бөлігі ретінде танылады. Ассоциациялы ойлау туралы В.Н.Телияның: «Ассоциативные механизмы мышления в их временных и причинно-следственных параметрах особенно наглядны. Именно в языке, так как слово как элемент второй сигнальной системы связано и взаимодействует с образом», - деген пікірі механизмінің негізгі тетігі ассоциация ойлау жаңа ұғымдар мен тілдік бірліктердің жаңа мағынасын туындауына қызмет ететіндігін айқындайды [68,94 б]. Психологияда ассоциацияны - бірінің белсенділігі арқылы екіншісін елестететін екі немесе бірнеше психикалық құбылыстардың байланысы деп көрсетеді. Аристотель ассоциацияның үш түрін көрсеткен: шектестік, ұқсастық, және қарама-қарсылық. Шектестік заттардың орналасуы, әрекеттердің жалғасып өтуі т.с. сипатарға, яғни жақын байланысына орай туындайды. ұқсастық салыстыру арқылы танылады. Қарма-қарсылық түстердің, пішіндердің, қасиеттердің контрастна құрылады делінген [87, 20 б.]. Ассоциациялы ойлау да жалпы ойлау үрдісінің бір түрі ретінде анализ, синтез және жалпылаудан тұрады. Психологияда анализ бен синтез ойлауда бір-бірімен байланыста әрекет етеді. Әсіресе, ұқсатуда санада алдымен синтездеу, яғни белгілі бір нысандарды бірқатарда қабылдау болады, сонан соң анализ, яғни салыстыра отырып олардың ортақ немесе ерекше қасиеттері айқындалады. Бұл салыстыру жалпылауға әкеледі. Ал жалпылау олардың ұқсас белгілеріне немесе ерекше белгілеріне қарай жүргізілуі мүмкін. Ұқсату, яғни аналогия метафораланудағы басты психологиялық әрекет ретінде танылады.

Тілдегі тура мағыналы атаудың сыртқы таңбалық, ішкі мағыналық құрылымы негізінде ауыспалы мағына туындайды. В.К.Харченко тілдік бірліктердің мағына өзгерістігін форма, мазмұн және қолданыс үштігінде түсіндіруде кезігетін кедергілердің себебін былай деп көрсетеді: «Біріншіден, сөзді графикалық және дыбыстық кешен ретінде ғана тану. Екіншіден, мағынаның функционалдық сипатына көңіл бөлмеу. Үшіншіден, сөзді морфологиялық, синтаксистік және лексикалық тұрғыда бірлік ретінде қарастырмаудан» [88,16 б]. Тіл бірліктерінің прагматикалық тұсы басты назарда болу керек, себебі олар қатысымдық, қолданымдық мақсатта сөйлеуде жұмсалады.

Мағына дамуында басты назарға ілігетін тілдің гнесологиялық тұрғыда зерделенуінде сөзтұлғасы, мазмұны мен қызметі арасындағы байланыстарды сипаттауда түсінік пен ұғымның қатынасын саралауда В.Н.Харченко: «Исследовать проблему гноселогии метафор значит исследовать взаймодействие понятия и представления в слове» - дейді [88, 20 б.]. Адам ойлауының бір ерекшелігі ретінде бұл процестер өзара байланысты, өйткені адамда қоршаған әлемді тануда кез келген зат, құбылыс т.б. нысандар туралы түсінік қалыптасады. Ал түсінік ұғымға айналады. Сол ұғымның негізінде өзге түсініктер қалыптасады.

1. Представление есть основа, почва для возникновения понятий. Понятия - необходимая ступень развития представлений.

2. Представления переходят в понятия, понятия переходят в представления, причем это имеет место не только при диахроническом рассмотрении фактов, но и на уровнях синхронии.

3. Представления и понятия сосуществует в многозначных словах. Взаимосвязь, взаимонеобходимость понятия и представления подтверждается анализом лексики, сравнением прямых и переносных смыслов слова» [88, 21 б.]. Нақты заттар туралы түсініктің қалыптасуы - оларды танудың ең бірінші сатысы. Түсініктер сезім мүшелерінің көмегімен санада қалыптасып, нақтыланып, кеңейіп, стандартты күйге ауысады, яғни мәліметтер базасына жинақталады.

Адам бай тәжірибесінің тілдік бірліктерді жасаудағы маңызы зор, өйткені белгілі бір нысанның таңбасының артында сол нысан туралы білім қоры да жинақталады. Білім қоры құрылымдық сипатта адам санасында сақталады. Дж. Лакофф, М.Джонсон метафораның когнитивтік феномен, ал адамның танымдық жүйесінің метафоралы екенін байқауға болады. Дж.Лакофф, М.Джонсон адам ойлау қабілетінің ерекшелігін саралауда 4 дистинктивті қабілетін көрсетеді:

1) адам ойлауында және концептуалдық жүйенің құрылуында адамның сыртқы әлемді танудағы физикалық және әлеуметтік тәжірибесі басты рөл атқарады. Осы ретте «тәжірибені» кең көлемде, яғни тарихи, әлеуметтік, лингвистикалық параметрлерді және перцептуалды әрекетерді есепке ала отырып түсіну қажет;

2) ойлауда бейнелер арқылы метафора мен метонимия күнделікті тәжірибелік дәлелі жоқ ұғымдарды таңбалайды;

3) ойлау гештальттік ( құрылымдық) сипатқа ие;

4) ойлау экологиялы, яғни қоршаған ортаны қабылдаудағы тәжірибеміз бен абстрактілі концептер өзара байланысып жатады [34, 46 б.]. Нақты заттар туралы түсініктер негізінде ұғымдар жасалынады. Ұғымға бейнелілік тән. Метафоралар - бейнелі ұғымдардың тілдегі көрінісі.

Метафораларды аудару барысына қайтып келетін болсақ, ол үдеріс сөздердің бейнелеуіш кері ұғымдар арқылы жүзеге асатын өнер болып табылады. Метафораларды қарастыра келе, жоғарыда көрсетілгендей оны аудару барысында мынандай ерекшеліктер көзге ілінді. Сонымен, көбіне қолданылатын метафора тіркесі сын есімді тіркес болып табылады: A+N. Жай сын есімде болуы мүмкін, мысалға, mysterious river - «жұмбақ теңіз», pearly beauty - «маржандай сұлулық», және күрделі сын есім болуы да мүмкін flat - cheeked visage - «жалпақ қырынды келбет», owl – like eyes - «үкі көзді», heart – burning sigh - «оттай жанған леп», golden – haired baby - «алтын шашты қыз». Қосымша айтар болсақ, жай сын есім салыстырмалы метафора түрінде қолданыла алады, мысалы, a faint and bitter smile - «әлсіз де ащщы күлкі». Алайда, сын есімдер көбіне күшейтпелі түрде қолданылады, мысалы, the sweetest little moustache - «сүп - сүйкімді кішкене мұрт». Негізі күрделі сын есімдерден жасалынған метафора күрделі метафора деп аталады

Келесі метафораның көп тараған түрі есімшелі, көсемшелі тіркес болып табылады, Participle + N. Метафора келесідей қолданылады:осы шақтағы көсемше, мысалы, crackling fire - «шытырланған от»; sleeping, yawning world - «ұйқыдағы есінеген әлем»; - өткен шақтағы көсемше, мысалы, choked, miserable voice - «аянышты тұншыққан дауыс»; a screwed-up smile - «қисық күлкі». Метафора сөйлемде зат есім орнына жүріп, анықтауыш қызметін атқара алады, N+N. Ал эпитет атаулы жалпы зат есім қызметін атқарады: ортақ септікте қолданылады, мысалы, hedgehog Sophia - «кірпідей тікенекті Софья»; gypsy wife - «сыған әйел» немесе «сығанға ұқсаған әйел»; a giant tree - «алып ағаш»; ілік септігінде, мысалы, clown's smile - «сайықмазақтың күлкісі»; lizard tongue - «шегіртке тіл»; зат есім ретінде of phrase, мысалы , a shadow of a smile - «күлкі көлеңкесі»; a man of courage — «батыл адам» [89]. Метафора өздік зат есімде немесе ілік септік қызметін атқара алады, мысалы, her Gioconda smile «оның күлкісі Джоконданікі»; his loud Titan's laugh «оның қатты күлкісі Титандікіндей».

Метафоры сөз тіркесі ретінде де және толық сөйлем ретінде қолданылып, hyphenated phrases деп аталып дефис арқылы жазылады. Бұл құрылымға И.Р.Гальперин фразалық метафораны (phrase metaphor) ұсынады [90]. Мысалы, Mildred turned her face again to the worried preoccupied, infinitely to-be-looked-after bald-headed Hugh «Милдред тағыда ылғи қарайлап жүретін жылтыр тақыр бас қапалы Хьюге бет бұрды». Фразалық метафоралар дефис арқылы көбіне мақал мәтелдерде, тұрақты сөз тіркестерінде келеді, мысалы, Не coolly told the waiter to telephone for two stalls, which seemed to me a grand man-about-town way of doing things, «ақсүйек адамдардікіндей күшті көрінген ол маған, екі кресло партерға тапсырыс берді». A man-about-town «ақсүйек адам, бай адам» дегенді білдіреді және тұрақты сөз тіркесі болып табылады.

Жай күрделі метафораларға қарағанда күрделі сын есім, көсемшелі, зат есімдік метафоралар сөйлемде қатысымдық анықтауыш қызметін атқарады, мысалы, eyes luminous, secretive «мөлдіреген көздер, жұмбақ» осылар әрқашан өздері анықтап тұрған зат есімнің алдынан келеді. Мысалы: There is a sort of "Oh-what-a-wicked-world-this-is-and-how-I-wish-I-could-do-something-to-make-it-better-and-nobler" expression about Montmorency that has been known to bring the tears into the eyes of pious old ladies and gentlemen – «Қалай бүлінген және бұзылған мынау әлем, мен оны өзгерте алам ба екен» деген сияқты білдіретіндей Монмарансидің түрі жалынышты көрінгені соншалық, ханымдар мен өнегелі адамдардың көзінен жас келді. [34, 32 б.] Сонымен қатар, тағы бір метафора бола алатын сөйлем мүшесінің бірі үстеу, Adv. =А, мысалы, her eyebrows were boldly black — «оның қастары ерекше қоңырқай болды», a hellish dull empty room «әзірейілдей іш пыстыратын бөлме».

Метафора әлемге өзгеше көзқарас тудыруы да мүмкін. Метафора зерттеулеріне барысында сөздік қатынастар жүріп, сөйлесу әрекеті тууы мүмкін. Соларды құрастырушылардың бірі, Дж.Р.Серль: «Проблема метафоры затрагивает отношения между значением слова и предложения, с одной стороны, и значением высказывания или значением говорящего, с другой», - деп айтқан болатын [91].

Метафораның табиғаты туралы Г.Н.Скляревская былай дейді: «Чувство аналогии заставляет человека отыскивать сходство между самыми отдельными сущностями: не только между предметами чувственно воспринимаемого мира, но и между конкретными предметами и отвлеченными понятиями» [51, 26 б.]. Метафора ғана алшақ та, тіпті кейде еш ұқсастығы жоқ нысандардан өзара ұқсастық тауып жасай алады.

Метафора семантикалық емес байланысатындықтан оны бөлудің қажеті жоқ деп айтқан болатын Д.Дэвидсон. Әрине, сөздің астында мүлде басқа мағына жатпаса, бөліктерге бөлудің қажеті жоқ. Метафораның қолданысы туралы Д.Дэвидсон: «Метафора подобна речевым действиям: утверждению, намеку, лжи, обещанию, выражению недовольства и т.д. Более того, только так метафора может отстоять свою необходимость. Ведь если бы мы рассматривали ее как средство передачи сообщения, то требовалось бы доказывать правомерность столь специфических способов так зашифровывать послания» [19, 31 б].



Қорыта келе айтарымыз, бір тілден екінші тілге аударма жасау барысында әр түрлі тиімді тәсілдерді, әдістерді қолдана білу керек. Өзге бір елдің салт-дәстүрі, мәдениеті және тарихы жайлы қандай да бір мәліметті оқу барысында метафоралардың кездесуі ғажап емес. Көркем сөздің авторы қарапайым тілдік ортаның өкілі және ол барлық базалық метафораларды репрезенттеудің жеке авторлық тәсіліне, сонымен қатар оның басты көркем сана концептілерінің құрылымы мен мазмұнына өзіндік ізін қалдырады. Аударма жасауда көркем шығарманың мазмұнын сол қалпында сақтай отырып, оқырманға әсерлі де мәнді етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндей, олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіне тән белгілерін саралауға басты назар аударған абзал. Метафора жасауға ұйтқы болар адам санасындағы түсініктер мен ұғымдар екенін ұмытпауымыз қажет. Сонымен қатар, метафораларды ассоциациялы ойлау жүйесінің жемісі деп анықтауымызға болады. Аударма жасау тәсілі аудармашыдан жақсы білім ғана емес, сонымен қатар, интуициялық көрегенділікті де қажет етеді. Жалпы аударма жасағанда, ең басты рөлді контекстің атқаратындығын ұмытпауымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет