Зерттеу жұмысының теориялық маңызы Бұл жұмыстың тұжырымдамалары мен қорытындыларын теориялық грамматикада, салыстырмалы тіл білімінде және аударма ісінде пайдалана алады.
Зерттеудің практикалық маңызы Бұл жұмыстың нәтижелерін ағылшын және қазақ тілдерінен арнайы лекциялар оқуда және семинар сабақтарын жүргізуде қолдана алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен мемлекеттік тілді бірге үйретуге арналған оқулықты құруда көмекші құрал бола алады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу кезінде тіл біліміндегі аударма салаларындағы теориялар, пікірлері мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Салыстырмалы әдіс зерттеу барысында көбінесе қолданылды. Осы тақырыпты қарастыру барысында теориялық мәселелерге байланысты қазақ ғалымдарының ішінен А.Байтұрсыновтан бастап, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, Б. Хасанов, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев т.б., ал орыс және шетелдік ғалымдардан М.Джонсон, М.Блэк, С.А.Хахалова, Ф.Ницше, Г.В. Гак, В.Н. Телия, Э.Маккормак, М.Минский Н.Д. Арутюнова, И.В. Арнольд, Дж. Лакофф, Дж. Серль, Ф. Уилрайт, А. Ричардс т.б. еңбектері негізге алынды.
Тіл білімінде сөздің ауыспалы мағынасы мәселесі бойынша көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, орыс тілі зерттеушілері А.А. Потебня, В.Н. Телия, В.Г. Гак, В.Н. Хорченко, Н.Д. Арутюнова т.б; қазақ тілі білімінде А. Байтұрсынұлы, Ә. Болғанбайұлы, М. Балақаев, Б. Хасанов, Ғ. Қалиұлы, Б. Қалиев т.б. зерттеу еңбектерінен орын алады. Сонымен қатар метафораны экономика, әскери саладағы, философия тіліндегі метафора тенденцияларын да қарастырады. Ғылыми мәтіндегі (Н.Д. Арутюнова, Г.Г. Кулиев, Г.С. Баранов), қарапайым мәтіндегі (Л.С. Билоус, В.Ф. Крюкова, Н.В. Позднякова), бұқаралық ақпарат құралдары мәтініндегі (А.Н. Баранов, Ю.Н. Караулов, Е.И. Чепанова, Т.А. Ширяева) метафоралар жөніндегі зерттеу жұмыстары бар. Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы В.Н. Комиссаров, И.Я. Рецкер, В.И. Тархова, А.Байтұрсыновтан бастап, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов сынды ғалымдар жақсы ғылыми пікірлерін білдірген еді. Кейінгі кезде де бұл тақырыпқа байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Солардың ішінде, әсіресе, А.Сыбанбаеваның, А.Қазанбаеваның, И.Мұратбаеваның т.б, еңбектерін атау орынды болмақ. Бұл ғылыми зерттеулерде метафораның көркем шығармадағы қолданысы, концептуальдық сипаты, термин жасаудағы қызметі сияқты күрделі мәселелер тілге тиек етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |