Пациенттің төсегін және киімін ауыстыру.
Пациенттің төсегін және киімін гигиеналық душтан кейін 7 – 10 күнде бір рет ауыстырылады.
Төсеніш физиологиялық шығарылымдармен бүлінген кезде жедел түрде ауыстырылады. Босанатын әйелдерде төсеніш әр 3 күнде 1 рет, киім және сүлгі – күнделікті, салфеткалар – қажеттілігіне байланысты ауыстырылады.
Операциядан кейінгі кезеңдерде пациенттерге төсек ауыстыру қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Лас төсек және киімдер клеенка қаптарға салынып, арнайы арба көмегімен орталықтанған кір жуу орнына жеткізіледі.
Жұқпалы аурулар, іріңді – хирургиялық, обсервация бөлімдерінен жеткізілген лас киімдер алдымен залалсыздандырылады, содан кейін жуылады. Пациент жанұяға шыққан соң немесе қайтыс болғанда матрац, жастық, одеялло дезинфекциялық камераға жіберіледі.
Таза төсеніш және киімдер арнайы орындарға сақталады, ал бөлімдерде 1 тәулікке жететін қоры болады. Киімдер, төсеніштер және тасымалдау құралдары бөлім атына сәйкес таңбаланған болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |