3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Домбыраның құлақ күйін келтіруді үйрену.
Сабақтың мақсаты: Құлақ күйді келтіру жолдары.
Білімділік: Күй арқылы қазақтың көне әдет-ғұрыптарымен танысу.
Қазақтың ұлттық музыкасындағы дәстүрлі әншілік және күйшілік өнердің қалыптасуы, даму жолдары.
Дамыту: Еске сақтау қабілетін қалыптастыру.Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып, оларды тыңдап, айтып үйрену.
Тәрбиелік: дәстүрлі музыка өнері-қазақтың рухани мұрасы, ол ұлттың рухани келбетін көрсетеді, оны әрдайым бағалап, құрметтеуге үйрету.
Көрнегкілігі: Халық ән-күйлерінің үнтаспадағы жазбалары,аудио-бейне құралдары,Әндердің ноталық үлгісі мен сөздік мәтіні, күйлердің ноталқ және аудио жазбалары
Ұйымдастыру: Дәптерімізді алып, жаңа сабақты меңгеруге кірісейік.
Жаңа тақырыптарды меңгеру:
Әңгіме әдісі арқылы:
Адамның көніл күйі мен домбыраның құлақ күйі бір тектес. Домдыраның құлақ күйі келмейінше, онымен ән-күй тарту мүмкін емес. Сондықтан алғашқы қадамдыаспаптың құлақ күйін келтіруден бастау керек.
Халықтық құйма құлақтық дәстүрге сүйенеміз. Домбыраны еркін дыбыс биіктеріне келтіру, жуан –жіңішке бұрауға түсіру. Бұл ежелден қалыптасқан дәстүр. Астыңғы ішекті тартыңқы үстінгі ішекті бостау ұстап, құлағын әсем де қоңыр саз үндестігі (ашық қос ішекте) естілгенше жәйлап бұрау керек. Домбыраның құлағының келгенін оның бес тетігін басу арқылы тексереміз.
Бірінші:Домбыраның үстінгі ішегіндегі төртінші (с о л ь) пернені бас бармақпен басып, астынғы ашық (с о л ь) ішек екуін қосып тарту.
Астынғы бірінші (л я) перне мен үстінгі ашық (р е) ішекті қосып тарту.
Астынғы алтыншы (р е) пернемен үстінгі ашық (р е) ішекті қосып тарту.
Астыңғы 13-ші (л я) пернемен үстінгі ашық (р е) ішекті қосып тарту
Астыңғы 18-ші (р е) пернемен үстінгі ашық (р е) ішекті қосып тарту
Екінші: Осы күнгі бұрау. Мұнда домбыраны фортепиано немесе сырнай арқылы с о л ь (астынғы) р е (үстінгі) нотаға келтіріп, ладтық жүйесі арқылы дыбыстар хроматизміне негіздейді. Үй тапсырмасы: Тақырыпты мазмұндау. Домбыра суретін салу.
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Домбыраның қағыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күй арқылы қазақтың көне әдет-ғұрыптарымен танысу.
Қазақтың ұлттық музыкасындағы дәстүрлі әншілік және күйшілік өнердің қалыптасуы, даму жолдары.
Дамыту: Еске сақтау қабілетін қалыптастыру.Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып, оларды тыңдап, айтып үйрену.
Тәрбиелік: дәстүрлі музыка өнері-қазақтың рухани мұрасы, ол ұлттың рухани келбетін көрсетеді, оны әрдайым бағалап, құрметтеуге үйрету.
Көрнегкілігі: Халық ән-күйлерінің үнтаспадағы жазбалары,аудио-бейне құралдары,Әндердің ноталық үлгісі мен сөздік мәтіні, күйлердің ноталқ және аудио жазбалары
Ұйымдастыру: Дәптерімізді алып, жаңа сабақты меңгеруге кірісейік.
Жаңа тақырыптарды меңгеру:
Әңгіме әдісі арқылы:
Сұқ саусақпен төмен қағыс
Сұқ саусақпен жоғары қағыс
Сұқ саусақпен алма-кезек қағыс
бас баомақпен жоғары қағыс
Бас бармақпен төмен қағыс
Саусақтар
0-ашық ішек
Б-бас баомақ
1-бірінші (сұқ) саусақ
2-екінші саусақ (ортаңғы)
3-үшінші саусақ (аты жоқ)
4-төртінші саусақ (шынашақ)
Үй тапсырмасы: Тақырыпты мазмұндау. қобыз суретін салу
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оң қолдың жаттығулары
Сабақтың мақсаты: Баланың алғашқы домбыра ұстауы мен отырысын еркін табиғи қалыпқа түскенше жаттықтыру.
Білімділік: Күй арқылы қазақтың көне әдет-ғұрыптарымен танысу.
Қазақтың ұлттық музыкасындағы дәстүрлі әншілік және күйшілік өнердің қалыптасуы, даму жолдары.
Дамыту: Еске сақтау қабілетін қалыптастыру.Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып, оларды тыңдап, айтып үйрену.
Тәрбиелік: дәстүрлі музыка өнері-қазақтың рухани мұрасы, ол ұлттың рухани келбетін көрсетеді, оны әрдайым бағалап, құрметтеуге үйрету.
Көрнегкілігі: Халық ән-күйлерінің үнтаспадағы жазбалары,аудио-бейне құралдары,Әндердің ноталық үлгісі мен сөздік мәтіні, күйлердің ноталқ және аудио жазбалары
Ұйымдастыру: Дәптерімізді алып, жаңа сабақты меңгеруге кірісейік.
Жаңа тақырыптарды меңгеру:
Әңгіме әдісі арқылы:
Оң қолдың білезік қол қоспасы домбыра қақпағына қарай қос ішектің үстінгі қатарласа 45-60 шамасында ішке иіледі. Ал сұқ саусақ пен бас бармақ қиғаштана ұсталып, қалған саусақтар алақанға қарай сағаанадай сәл ғана ішкері иіліп, тізбектеле орналасады. Кейде ән-күйлерлің орындалу ерекшеліктеріне сәйкес бармақ сүйектері қақпаққа тіреліп, саусақтар шертпе қағыстар жасайды.
Пернені қатты немесе жай емес,толық дыбыс үні шығу дәрежесіне жеткізе басқан дұрыс.Домбыраны қатты бассаң, қолдың қары қарысып қалады, жай бассаң дыбыс сапасы, өз дәрежесінде шықпайды.Сондықтан алғашқы кезеңде дыбыстың сапассына көңіл қойған дұрыс.
Үй тапсырмасы: Тақырыпты мазмұндау. Аспаптар суретін салу
Достарыңызбен бөлісу: |