Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет7/10
Дата21.07.2017
өлшемі0,78 Mb.
#21466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


№6- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы:Психосоматикалық жағдай. Психосоматикалық жағдай механизмдері. Рефераттар мен презентациялар дайындау.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: психологиялық денсаулық

проблемалары психологиялық көмектің, бұйрықшыл емес, медициналық емес

психотерапия мен дара психологиялық кеңес берудің аясында қарастырылады.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Психологиялық қорғану механизмдеріне сипаттама беру
2. Ауруға деген реакция типтерінің жіктеуі
3. Ипохондриялық реакцияға сипаттама беру.
4. «Ауруға салыну реакциясы».
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Кіріспе.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Қоғамдағы өзгерістер адам психикасыныа әсер етпей қоймайды. Қазіргі кездегі

қоғам санасының қарқынды жағдайда байқалып жатқан құбылыстары әрбір адамның

даралық санасының да қарқынды өзгеріп жатқандықтың дәлелі. Осыған орай қоғамның

саулығы әрбір тұлғаның психологиялық саулығына тәуелді болып табылады.

Жеке адамның психологиялық саулығы көптеген психологиялық әдебиеттерде

бірнеше категориялар бойынша сипатталынады. Айталық,

Психологиялық саулық анықтамаларына талдау жасау арқылы оның көптеген

аспектілерін қарастыруға болады. Ең алдымен, психологиялық денсаулықты психикалық

нормадан ауытқу ретінде қарастырылады.

Оған қоса, псиикалық денсаулықты мәдениеттің, эмоциялардың және психикалық

денсаулықтың өзара қатынастары тұрғысынан қарастыруда: «Психикалық денсаулық, бұл

– ең алдымен, әр түрлі психикалық қасиеттер мен процестердің балансы (басқа біреуге

беру және одан алу, жалғыз қалу және басқалардың ортасында болу, өзіне деген және

басқаларға деген махаббат арасындағы баланс және т.б.)». Ал психологиялық денсаулық

проблемалары психологиялық көмектің, бұйрықшыл емес, медициналық емес

психотерапия мен дара психологиялық кеңес берудің аясында қарастырылады.

Атап айтқанда, А. Маслоу адам табиғатын зерттеуде «психологиялық мағынадағы

денісаулар», бұл - өзін-өзі жоғары дәрежеде кемелдендірген адамдар деп тұжырымдаған.

Психологиялық денсаулық – тұлғаның негізін құрайтын және оның дамудың кез

келген кезеңінде даралық және жас ерекшелік-психологиялық мүмкіндіктерін

кемелдендіруге жағдай жасайтын іштей аман-саулылығының (үйлесімділіктің)

динамикалық күйі .

Бірқатар психологтардың еңбектерінде психикалық денсаулық психологиялық

қолайсыздық пен психологиялық жайлылықты бастан кешірумен салыстырылады.

Психологиялық қолайсыздық депривацияға алып келетін бала қажеттіліктерінің

фрустрациясының нәтижесінде туындайды. Бала қажеттіліктерінің бір немесе

бірнешеуінің фрустрациясы әртүрлі психосоматикалық аурулар (өкпе ауруы, құсу, бас

аурулары және т.б.) түрінде көрінетін мектептік невроздың негізінде жатады.

Патогенездегі басты рөлді, А.И.Захаров атап көрсеткендей жеке тұлғаның қарама-қайшы

қатынастарының қақтығысуын, сәйкес келіспеушілігін білдіретін, психологиялық, яғни

ішкі қарама-қайшылықтар атқарады. Қарама-қайшылыққа тән күйзелістер – жеке

тұлғаның қарым-қатынас жүйесінде орталық орынды алған жағдайда және дау-дамай

патогенді қысым жоқ болып, туындаған жағдайдан рационалды, тиімді шығу жолдары

болмаған жағдайда ғана аурудың туындау көзі болады.

Сонымен, психикалық денсаулықтың негізін онтогенездің барлық кезеңдеріндегі

баланың толыққанды психикалық дамуы құрайды.

Руханилықты – жеке тұлғаның ерекше эмоциялы-рухани күйі ретінде, абсолютті

құндылықтар – шындық, сұлулық, жақсылыққа бағдарланған және оларды заттық-

мақсаттық іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асыруға тырысатын адам саналылығы

ретінде түсінуге болады.

Енді тұлғаның өзіндік бағасы мен өзіндік баға сипатына орай психикалық хал

ахуалын қарастырайық.

Ӛзіндік баға тұлғалық базалық қасиеттер, оның негізгі функциялары тұлғаның

тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін қорғаныс қызметін атқарады, яғни

тұлғаның мінез құлқын реттеуші, қалыптастырушы психологиялық категория /4/.

Бірқатар зерттеушілер О. И Мотковтың «Жизненное предназначение» әдістемесін

жүргізе отырып, мынадай қорытынды жасайды. Әртүрлі көрсеткіштегі өзіндік баға

тұлғаның өзіндік шыңдалу деңгейіне , соған орай, оның психологиялық саулық деңгейіне

де тікелей байланысты. Яғни тұлғаның тәндік және психологиялық жағдайының жоғары

деңгейі психологиялық саулығын нығайтады және өзіндік шыңдалуын қамтамасыз етеді.

Ӛзіндік баға, яғни тұлғаның өзін өзіне, өзінің мүмкіншіліктеріне, қасиеттеріне және

басқалармен қарым қатынас кезінде алатын орныныа берген бағасы, адамның мінез

әрекеттеріне, оның іс әрекет нәтижелеріне әсер етеді. Ӛзіндік бағаның потенциалды

мүмкіншілігін кейде тартымдылық (белсенділік) деңгейі деп те атауға болады. Ал

тартымдылық деңгейі ең алдымен, адамның өз іс әрекетінің сәттілігі мен сәтсіздіктерін

субьективті бастан кешіру негізіне орай қалыптасады.

Т.Шибутани өзіндік баға туралы: «Егер тұлға өз құндылықтарымен

сипатталынатын болса, онда оның функционалды бірлігін өзіндік баға құрады».

Мен қонцепциясындағы жайсыздықтар мен жағымсыздықтарғ яғни өзіне

сенімсіздіктің төмендігі, бас таруды сезінудегі қорқыныш, өзіндік бағаның төмен болуы

әлбетте оның мінез ірекеттерінің салдарына әсер етеді.

Лондондық Модсли госпитальдің біртоп зерттеушілері (Eysenk,Himmelweit,1946)

қызық факт келтіреді: тартымдылық деңгейінің көпжақтылықғы мазасыздану деңгейі

жоғары патологиялы тұлғалар қалыптағы тұлғаларға қарағанда (неврастиктер мен

дистимдік типтегі тұлғалар) алдына өте жоғары деңгейдегі мақсаттарды қояды, ал

истерик типтегі тұлғалар тартымдылық деңгейі төмен, өзі осы уақытқа дейін қол жеткен

табыстарыныан төмен мақсаттар қояды екен,

Кузьмина Ю. В. Диссертациялық зерттеу жұмысында «Оценка уровня здоровья и

образа жизни» Р.Страуба, тест «Оценка системы ценностей личности» М.Рокича, шкала

«Актуальной флексибильности» и шкала «Лжи» Г.В.Залевского (ТОРЗ), «Краткая шкала

измерения самоактуализации» (Джоунс и Крэндел, 1986) әдістемелерін жүргізе отырып,

денсаулық және салауатты өмір жастардың өзін өзі жүзеге асыру белсенділігіне, олардың

белсенді өмір сүруіне, күрделі оқу және кәсіби іс әрекеттерді таңдауына байланысты деп

көрсетеді.

Н.Г.Фирсова »Самооценка как фактор психологического здоровья пожилых людей

после выхода на пенсию» деп аталатын жобасында өзін өзі бағалау көсеткіші оның

пратикалық өмірінде үлкен мәне бар, өзі туралы шынайы білім, адамның тек қол жеткізген

табыстары мен сәтсіздіктерін бағалап қана қоймайды, адекватты өзіндік бағаның

қалыптасуына да зор әсер етеді, деп көрсетеді. Тұлғаның өзіндік бағасын зерттеу оның

тұлғалық ерекшеліктерін, мінез әрекеттері мен іс әрекеттерін түсініп қана қоймай, өзіндің

ішкі әлемін сапалы бағалауына да әсер етеді .

ТА Рытченко өзіндік бағалауға мынадай сипаттама береді: адам өзін өзі тану

барысында қандай да бір өзіне деген эмоциялық құндылықтық қатынас, қалыптасады,

өзін дұрыс бағалау, өзіндік үйлесімділікті білдіреді. Ал бұл дегеніміз тұлғаның

психикалық саулығы деп айтуға болады.

Ӛзіндік бағасы өте төмен болған жағдайда, өзіндік сенімділігі жоғалады, ұяңдық,

тұйықтық пайда болады, өзіндік қабілеттіліктері мен қасиеттерін жүзеге асыры алмайды.

Мұндай адамдар алдына төмен мақсаттар қояды, сәтсіздіктерді әсерелетіп жібереді, өзіне

үнемі сыни қарайды, басқалардың қолдауын күтеді, мұның барлығы жарымжандыққы

әкеп соғады. Осыдан өзі бақытсыз сезініп психикалық саулығы нашарлауының көрсеткіші

бола алады.

Позитивті өзіндік баға адамның бүкәл өмірінің кепілі. Яғни адекваты өзіндік баға

тұлғаның толыққанды психикалық саулығының негізгі белгісі.

Ӛзін үнемі төмен бағалауы салдарынан адам біртіндеп эмоциялық қысымға тірелед,

тіпті адамды қылмыстық әрекеттерге апарады, жинақталып қалған агрессияның бұрқ етіп

шығуна әсер етеді.

Е.В. Москалева өзінің «Влияние самооценки на психологическое благополучие

личности в юности» деген еңбегіндегі эмпирикалық зерттеулер (К. Рифф ұсынған «Шкала

психологического благополучия» (ШПБ), (Ryff, 1989) и «Опросник самоуважения» http://www.enu.kz

ДеБоис (DuBois, 1996) әдістемелерін жүргізе отырып, жасөспірімдердің жоғары адекватты

өзіндік бағасы оның жеке басының психологиялық жайлылығын анықтайды, деп

көрсетеді.

К. Рифф теориясы бойынша психологиялық жайлылық автономды және қоршаған

ортаны өзіне баулумен сипатталады .

Социологтардың зерттеулері бойынша өзіне сенімсіз адамдар, өзінің жұмысы мен

жалақысына қанағаттанбайды, осыдан келіп өмірлік мәні төмендей бастайды, қаржылық

жағдайы демалысты, тамақтануды, бос уақытын ұйымдастырудың сапасына тікелей әсер

етеді. Мұның барлығы адамның тек психикалық саулығына ғана емес, тән саулығына да,

адам ағзасына да әсер етеді.

Адекватты өзіндік баға сау тұлғаның негізгі көрсеткіші, егер өзіндік баға төмен

болса, онда ол адамды түрлі психологиялық проблемелар мен психикалық бұзылыстарға

әкеп соғады.

Бехтеревтің айтуынша психологиялық сау тұлғаны дамытудың негізгі факторлық

жағдай: бірінші және бастысы адамның табиғаты, әкесінің ата тегі антропологиялық

ерекшелігі, яғни биологиялық тұқымқуалаушылығы, екінші адам организімі мен

тұқымының дамуының жағдайы.

GRC өзара әрекеттесу орталығы тренинг компаниясының директоры Ю. Кузнецов

«сәттілікке талпыну өзіндік төмен баға белгісі» атты мақаласында адамның

мақсаттарының орындалуына алып баратын жеті қадам жасау керектігін және сол жеті

қадамды сипаттап береді


9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Интеллекті шектелген науқастармен жұмыс жасау.
2.Депрессивті жағдайдағы науқастар
3. «Пресуицидальді жағдай».
4. Патологиялық қорқыныштары бар науқастар.
5. Жағдайы ауыр, емі нәтижесіз болған науқастармен қарым-қатынас жасау.
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы:
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет