№8- сабақ. 1.Сабақтың тақырыбы: Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: *оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру). *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері. 2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері. 3. Илешова Р. Медициналық психология. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері. 2.Тұтығатын науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері. 3. Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері. 4. Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері. 5. Қауіпті мінезді науқастар түсінігі 6. Әлеуметке қарсы пациенттермен жұмыс барысында ескерілетін мәселелер. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын , оның болашақ өміріне ,еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы,спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохандроз секілді дерттер ауыр тиеді.
Темперамент – индивидтің психикалық жүйесінің ,психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы,қарқыны,ритімінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы колерик пен меланхоликке ,сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.
Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне,соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік,шыдамдылық,жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.Отбасында баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда ғосы пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден өткен адам болса,сол ауру ең ауыр дерт деп саналады.
Адамның ауруы туралы көзқарасы, реакциясы соматонозогнозия деп аталады. Оның келесі түрлері болады:наромсоматонозогнозия ,гиперсоматонозогнозия, гипосоматонозогнозия, диссоматонознозия.
Наромсоматоноогнозия –адам өз ауруына ,жағдайына және сауығу мүмкіншілігіне қаліпті баға береді. Емдеуе аурудың ынтасы оңды ,дұрыс ,дертпен күресіп, қарсы тұруға белсенділік көрсетеді. Бұл қасиет салмақты және бір қаліпті адамдарға тән.
Гиперсоматонозогнозия- адам аурудың жеке белгілеріне қалыптан тыс , өте жоғары баға береді. Бұдай адам дертіне өте көп көңіл бөліп, өатты өапаланып үрейленеді. Оның емдеу кезіндегі белсенділігі де өте жоғары, арнайы медицмналық әдебиетті оқуға құмар және дәрігерді жиі ауыстырып, әр түрлі емге жүгіреді. Көңіл күйі болмай медициналық қызметкердің айтқанын толық орындағанмен , келешегіне күмән болады. Бұл қасиет үрейленген, өзіне-өзі сенбеген, көп қайғыға берілетін адамдарға тән.
Гипосоматанозогнозия- адам ауруын, жағдайын өте төмен бағалап мән бермейді. Олардың белсенділігі төмен, тексерілуге және емделуге мүддесі жоқ. Келешегіне жоғары нәтиже бере алмайды. Ем шараларын толық орындамайды. Бұл қасиет жеңілтек ,ұстірт ойлы адамдарға тән.Дәрігерге барудан бас тартады, емдеуге теріс көзқарас жасайды.
Диссоматонозогнозия-адам ауырғанын жоққа шығарып мойындамайды, әсіресе , онкологиялық аурулардың бастапқы кезінде . Кейбіреулері өз дертін жасруға ынталанады.
Адамның ауырғанына қалыптасқан реакциясы жасына да байланысты болады. Мысалы , жас адамдар өз ауруларына мән бермей, төмен баға береді(гипосоматнозогнозия), ал егде адамдарда гиперсоматонозогнозия , орта жастағыларда –дисоманотогнозогнозия байқалады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. 10.Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%) Бақылау сұрақтары: 1.Соматонозогнозия түсінігі. 2.Нормосоматонозогнозияға түсініктеме беру. 3.Гипосоматонозогнозияға түсініктеме беру. 4.Гиперсоматонозогнозияға түсініктеме беру. 5.Азоногнозия түсініктемесі. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
№9- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Тілдік және мәдени айырмалары бар емделушілермен қарым-қатынас. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: *оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру). *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері. 2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері. 3. Илешова Р. Медициналық психология. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Соматонозогнозия түсінігі. 2.Нормосоматонозогнозияға түсініктеме беру. 3.Гипосоматонозогнозияға түсініктеме беру. 4.Гиперсоматонозогнозияға түсініктеме беру. 5.Азоногнозия түсініктемесі. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Кіріспе. мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда
130-дан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Басты ұлттық топ - қазақтардан басқа, елімізге орыстар, украиндер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, түріктер, немістер, курдтар және баска да ұлттар қоныстаған. Қазақстанның экономикалық өсуіне байланысты Реснубликамызға шетелден жұмысшылар көптеп келуде. Мәдениет аралық коммуникадияны «қарым-қатынастың түрлі формаларының жиынтығы, түрлі мәдениетке жататын жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас» ретінде қарастыруға болады.
Мәдени өзгешелігі бар науқастармен жүмыс жасауда не нәрсеге басты көңіл бөлу керек
Мәдени ерекшелігі өзгешс науқастармен жұмыс жасауда коммуникацияның мына компонеттерін ескеру маңызды:
Сөздік емес тәсілдер:
белгілер
дене контактісі
кеңістіктегі жақындық
дененің қалпы
сыртқы келбет
мимика мен жест
көз контактісі
функциялар
сезімдердің корінуі
тұлға аралық қарым-қатынастағы ұстаным
өзіңе қатысты ұстаным әлеуметтік интеракцияны басқару
Паравербальды тәсілдер
интонация
дауыс тембрі
акцент
дауыс ырғағының күші
дауыстың үйлесімділігі
Мәдениет аралық контактіде кандай сөздік емес сигналдарды ескеру қажет
Сөздік емес коммуникация адамдар қарым-қатынасының біршама ежелгі формасы болып табылды. Сөздік емес тәсілдер мен сөздік тәсілдердің арасында біршама артықшылық бар екенін айтып өтелік. Оларға: эмоциональды көркемділік, оларды тікелей қабылдау мүмкіндігі. Кейбір сөздік емес коммуникацияның нормалары индивидтің белгілі-бір ортаға деген әлеуметтенуі барысында калыпасады. Бір гана жест немесе ым-ишара түрлі мәдени ортада, әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Мәселен, қолды ары-бері сермеу орыс мәдениетінде сәлемдесуді білдірсе, Солтүстік Америкада бұл қоштасудың белгісі, ал Орталык Америкада немесе Африкада мұндай ишара арқылы көлік тоқтатып немесе біреуді өзіңе шақырып ала аласың. Ишараның әнгімені бастау немесе аяқтауды білдіретін рөлі кеңінен танымал. Сөздік емес мәдениет аралык қарым-қатынаста окулистика маңызды орын алады. Окулистика дегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен контакт жасау, көзді қозғалту. Шығыс мәдениетіне қарағанда, Батыс мәдениетінде көзге тіке қарау коммуникация кезінде маңызды болып есептелінеді. Егер, әңгіме барысында адам өзінің сұхбаттасушысына карамаса, онда оны шынайы емес, сенім білдіруге болмайтын адам деп кабылдайды. АҚШ-та визуалды контакт адамдар арасындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Дегенмен, сөздік емес тәсілдердің аймақтық ерекшеліктері де бар. Ағылшындар сөйлеушіге бір нүктені белгілеп алып қарайды. Солтүстік американдықтар сөйлеушінің бір көзінен ауысып, тіпті басқа жаққа қарап кетуі де мүмкін. Кейбір Азия мәдениетінде әйелдердің ер адам көзіне, әсіресе бөген таныс емес еркектерге қарауына тыйым салынады. Арабтар тіке көзгс қарауды жөн көрсе, жапондықтар адамның көзіне емес тамағына (мойынына) қарайды екен. Түрік халқы құрмет көрсету кезінде көзін темен салады. Ал камбоджиялықтар басқа адамның көзқарасын оның ішкі әлеміне, жан дүниесіне қол суғу, намысқа тию деп қабылдайды.
Мәдениет аралық қарым-қатынас үшін жанасудың қандай манызы бар?
Жанасуға: қол алысу, сипау, сүю, қүшақтасу, арқадан қағу және т.б жатады. Мұны салыстырмалы зерттеу жанасу кеңінен тараған контактілігі мәдсниеттің және жанасу, көп құптала бермейтін истантты мәдениеттің бар екенін көрсетті. Жанасу кеңінен тараған елдерге латын америка және оңтүстік-европа мәдениеті кіреді. Және ортаға қазақ мәдениеті мен аздап орыс мәдениетін кіргізуге болады. Себебі, қазақ ұлты жанасу арқылы түрлі сезімдерін білдіріп жатады. Бұған мәдениеті қайшы келетін елдерге солтүстік Америка, солтүстік Европа, Қытай жэне Жапон елдері жатады. Әсіресе, азия халқы біршама қашықтық ұстанып, жанасуды құптамайды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) Бақылау сұрақтары: 1.Тіл және мәдени айырмашылықтары бар науқастармен ара қатынас жасау. 2. Әлеуметтік айырмашылықтары бар науқастармен қарым қатынас жасау. 3. Саяси айырмашылықтары бар науқастармен қарым қатынас жасау. 4.Мәдени айырмашылықтары бар науқастармен жұмыс жасауда қолданылатын компоненттер. 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Әлеуметтік мәдени айырмащылықтары бар емделушілер. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Достарыңызбен бөлісу: |