Курсы: 5 Пәні: Еңбек гигиенасы



бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#32043
  1   2   3   4   5   6

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КУРСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ





МАМАНДЫҒЫ: ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КУРСЫ
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Курсы: 5

Пәні: Еңбек гигиенасы

Құрастырғандар:

проф. Тоғызбаева Қ.Қ.,

проф. Лукашев А.А.,

проф. Бекмагамбетова Ж.Д.,

аға оқытушы, м.ғ.к. Ниязбекова Л.С.,

Алматы,2011

Еңбек гигиенасы курсының мәжілісінде бекітілген

Хаттама № _____ «____»__________2011 ж.

Еңбек гигиенасы курсының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Қ.Қ. Тоғызбаева
Кредит № 1

1. Тақырыбы: Еңбек гигиенасы. Пәні, мазмұны, мәндеттері, әдістері.

2. Дәрістің мақсаты: Студенттерге еңбек гигиенасы туралы мағлұмат беру, оның гигиенадағы орны, денсаулық сақтаусаласындағы маңыздылығы мен кәсіптік салдардан туындайтын және кәсіби ауруларды алдын алу, сонымен қатар еңбек гигиенасының құрылымдық салаларын игеру.

3. Дәрістің тезистері:

Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицинаның бөлімі, ол адам ағзасына жұмыс үрдісінің әсерін және өндіріс орындағы факторларын зерттеу арқылы, қойылатын талаптарға ғылыми түсініктеме береді, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында, жұмысшыларға еңбек жағдайында жағымсыз әсер ететін факторларды зерттейді

Еңбек гигиенасы төмендегідей жұмыс атқарады: Еңбек жағдайын жақсарту мақсатында, гигиеналық нормативтерді орнатады; Өндірістік кәсіпорындарда санитарлық ережелерді орнатады, жұмыс үрдістері мен жұмыс орындарында жұмыс жағдайының рационалды ұйымдастырылу бойынша, еңбек тәртібі мен демалыс уақытына қатысты ұсыныстар даярлайды.

Еңбек гигиенасы түрлі зерттеу әдістерін қолданады: талдау, статистикалық, химиялық, биохимиялық, физикалық, инструментальді, клиникалық, экспериментальді.

Еңбек гигиенасы ғылыми дисциплина бола тұрып, өз алдында қойылған мәселелерді шешу үшін, түрлі зерттеу әдістерін пайдаланады. Өндірістік орталарды зерттеу кезінде көбіне физикалық және химиялық зерттеу әдістері қолданады. Жұмыс жағдайының сипаттамасымен танысу мақсатында және жұмыс үрдісі кезінде пайда болатын зиянды факторлардың адам ағзасында туындататын физиологиялық реакцияларға баға беру үшін - физиологиялық, биохимиялық, психологиялық және т.б.әдістер қолданылады.

Жұмысшылар топтарының денсаулық жағдайын және аурушаңдық көрсеткіштерін зерттеу үшін клиникалық және санитарлы – статистикалық әдістер қолданылады.

Өндіріс орталарына арналған нормативтерді даярлау үшін экспериментальді зерттеулер жүргізіледі: электрофизиологиялық, биохимиялық, патоморфологиялық, гематологиялық, токсикологиялық, эмбриологиялық және т.б.әдістер.

Еңбек гигиенасы кәсіби патологиялармен тығыз байланысты. Сонымен қатар теоретикалық және клиникалық салалармен ( аналитикалық химия, физика, физиология, оториноларингология және т.б.)

Еңбек гигиенасының маңызды салаларының бірі уақытша еңбекке жарамсыз жұмысшылардың, өндірістік кәсіпорында аурушаңдық көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.

Еңбек гигиенасы даму барысында қоғаммен және оның қоғамдық – экологиялық құрушыларымен тығыз байланыста болады.

Еңбек гигиенасының тарихы ерекше, әрі бай, оған көптеген ғалымдар мен практиктер ( тәжірибешілер) үлес қосқан.

Еңбек гигиенасының ішінде санитарлы химия, өндірістік токсикология, еңбек физиологиясы, еңбек психологиясы кіреді.

Гигиена – өндірістік кәсіпорындарда туындайтын санитарлық қадағалау сұрақтарын шешеді.

Еңбек гигиенасы жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы – жұмыс үрдісінің және жұмыс жағдайының адам ағзасына әсерін зерттейді. Жеке – кәсіпорындағы нақты бір саланың жағдайын зерттейді.



4. Иллюстрациялық материал: еңбек гигиенасына арналған оқулықтар және оқу – әдістемелік құралдар.

5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н. Ф. Измеров, В. Ф. Кириллов М."ГЭОТАР", 2008 ж.

  2. Алекссев С.В., Усенко В.Р., Гигиена труда. Оқулық. Медицина 1998.

  3. Руководство по гигиене труда. Том I, II. Н. Ф. Измеров Москва – 1987ж.

  4. Руководство по профессиональным болезням. Н. Ф. Измеров М. – Медицина 1996ж.

  5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н. Ф. Измеров М. - Медицина 2001ж.

  6. Измеров Н.Ф., Каснаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность М - "ГЭОТАР", 2002ж., 390 бет.

  7. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" ( 4.12.02г.,№361 – II - РК ).

Қосымша:

1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии. // Медицина труда и промышленная экология.- 2002 - №3., бет. 1 – 8.//

6. Бақылау сұрақтары:


  1. Еңбек гигиенасына ғылым ретінде анықтама беріңіз.

  2. Еңбек гигиенасының міндеттері.

  3. Еңбек гигиенасы қандай жұмыстар атқарады?

  4. Еңбек гигиенасының құрылым бөлімдерін атаңыз.

  5. Еңбек гигиенасы қандай зерттеу тәсілдерімен қолданады?

  6. Қандай екі үлкен бөлімге еңбек гигиенасы бөлінеді?

  7. Жалпы гигиена қызметі қандай?

  8. Жеке гигиена қызметі қандай?

  9. Қандай аурулар кәсіби болып есептелінеді?

  10. Уақытша еңбекке жарамсыздықтан туындайтын аурушаңдық дегеніміз не?


1. Тақырып 2: Еңбек гигиенасындағы өткізілетін сақтық және ағымды санитарлық қадағалау.

2. Дәрістің мақсаты: Сақтық және ағымды санитарлық қадағалау, өндірістік кәсіпорындарында санитарлық дәрігерлердің негізгі іс – әрекеттерінің бірі.

3. Дәрістің тезистері:

Сақтық санитарлық қадағалау келесі кезеңдерде жүзеге асады – жоспарлау, құрылыс, өндірістік кәсіпорындарын және басқа да объектілерді қолданысқа (эксплуатация) беру.

Ағымдық санитарлық қадағалау, қолданысқа (эксплуатация) объектілерді өткізген кезде жүргізіледі.

Сақтық санитарлық қадағалау бірнеше кезеінен тұрады, әрбір кезеңнің ерекшелігі болады.

Өндірістік объекттің салынуы барысында өткізілетін сақтық санитарлық қадағалау 4 негізгі кезеңнен тұрады:


  1. Құрылысқа арналған жер жобасын талдау;

  2. Жоба құжаттарын даярлау кезінде, санитарлық - гигиеналық талаптар мен ережелерді ң арындалуын бақылау.

  3. Салынып жатқан объектілерге сақтық санитарлық қадағалау жүргізу.

  4. Салынған, реконструкцияланған және қолданысқа өткізілген объектілерге сақтық санитарлық қадағалау жүргізу.

Сақтық санитарлық бақылау жүргізгенде санитарлық дәрігер, келесі директивті құжаттарды ұстану керек:

  1. ҚР Конституциясы (1995ж.)

  2. ҚР "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі" туралы Кодексі.

  3. ҚР "Кен орындары мен кенді қолдану" туралы Заңы.( 1994ж)

  4. Қаз ССР Министрлер Кабинетінің 22.05.1991 №318 "Сараптау жұмысының тәртібі және жобалық құжаттардың қабылдануы және аяқталған құрылысты қабылдау жөнінде Мемлекеттік тексеру тобын құру" туралы жарлық.

  5. ҚР "Еңбекті қорғау" туралы Заңы.

  6. ҚТ мен Е (СНиП) №1."Жобалық құжаттарды даярлау, келісім алу, заңдастыру мен құрылысқа рұқсат алуға қойылатын талаптар жиынтығы" 02.01.2007ж.

  7. ҚТ мен Е (СНиП) №1. 03.06.2002."Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар мен ғимараттардың құрылысын ұйымдастыру."

  8. Санитарлы ережелер "Өндіріс объектілеріне санитарлы қорғаныс аймақты орнату бойынша санитарлы – эпидемиологиялық талаптар." ҚР – ң денсаулық сақтау министрімен қабылданды 6 қазан 2010ж. №795.

  9. "Технологиялық үрдістерді ұйымдастыру бойынша санитарлы ережелер мен өндіріс құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар" №1 01.002. – 94.

Ағымды санитарлық қадағалау – гигиеналық жағдай мен еңбек жағдайының сипаты мен ерекшеліктерін терең зерттеу, жұмысшылар денсаулығын объектілерде бақылау арқылы, олардың денсаулығын қорғау мен еңбекке жарамдылық көрсеткішін арттыру. Осы мақсатпен кәсіпорын басшылығымен орындалатын заңдар ұйымдастыру жұмысына, санитарлы ережелерге және нормативті құжаттарға бақылау жүргізіледі.

Тексеріс жұмысының қорытындысы бойынша, акт толтырылады, кемшіліктерді жою мақсатында ұсыныстар беріледі.

Ағымдық санитарлы қадағалауға, гигиеналық классификация негізінде жұмыс орындарын аттестациялау және жұмыс ауырлығы мен қарқындылығын зерттеу кіреді.

4. Иллюстрациялық материал: презентациялар.

5. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Жаңа құрылыс пен өндірістік кәсіпорындардың реконструкциясы кезіндегі сақтық санитарлық қадағалау (оқу – медициналық оқулықтар, студенттерге арналған). К.К.Тоғызбаева және т.б. Алматы, 2010ж.

  2. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда . Оқулық. М. ГЭОТАР.2008ж.

  3. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Кириллов В.Ф. М.- Медицина 2008ж.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н. Ф. Измеров М. - Медицина 2005ж. – 655 бет.

  5. Н.Ф.Измеров., А.А.Каспаров. Медицина труда. Введение в специальность. М. – Медицина 2002ж., 390 бет.

  6. Руководство по гигиене труда. Том I,II. Н. Ф. Измеров, Москва – 1987ж.


6. Бақылау сұрақтары:

  1. Сақтық санитарлық қадағалау қашан жүргізіледі?

  2. Ағымды санитарлық қадағалау қашан жүргізіледі?

  3. Еңбек гигиенасы дәрігерінің қызметінде ағымды және сақтық санитарлық қадағалаудың маңыздылығы қандай?

  4. Сақтық санитарлық қадағалауға анықтама беріңіздер?

  5. Ағымды санитарлық қадағалауға анықтама беріңіздер?

  6. Қандай құжаттар сақтық санитарлық қадағалау кезінде толтырылады?

  7. Қандай құжаттар ағымды санитарлық қадағалау кезінде толтырылады?

  8. Қай құжаттың негізінде жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіледі?

  9. Қандай тесттер бойынша жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіледі?

  10. Жұмыс орнын аттестацмялау кезінде, жұмыс жағдайы қандай класстарға (топтарға) бөлінеді?


1. Тақырып 3: Өндірістегі зияндылықтардың гигиеналық бағасы (микроклимат, шу және діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, өндірістік шаң, өндірістік улар, төмендеген және жоғарлаған атмосфералық қысым) және өндірістік жарықтандыру, желдету және жылыту жүйелері.

2. Дәрістің мақсаты: Студенттерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлар туралы жалпы мағлұмат және оларға қысқаша гигиеналық баға беру.

3. Дәрістің тезистері:

Зиянды өндірістік факторлар – ол, адам ағзасына түскен кезде, зиянды әсерлер туындататын факторлар.

Қауіпті өндірістік факторлары – ол, белгілі бір жағдайда ғана адамға зиян тигізетін факторлар. Қауіпті және зиянды факторлар арасында анық айырмашылық жоқ. Қауіпті факторлар зиянды да бола алады.

Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары, өзінің генезі бойынша химиялық, физикалық жіне биологиялық болып бөлінеді.

Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену, иондаушы сәулелену.

Химиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – химиялық заттардың газдары мен булары, токсикалық химиялық заттардың аэрозольдері.

Биологиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары - макро- және микроорганизмдер, микроорганизмдердің метаболикалық іс – әрекеттерінің өнімдері және микробиологиялық синтез өнімдері, сонымен қатар табиғи негізі бар органикалық заттар.

Өндіріс орындарындағы микроклиматқа кіреді: температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысы, адамның қоршаған ортамен жылу алмасу және жылу бқлу қасиеті.

Адам ағзасына қажетті терморегуляциялық гомеостазды қамтамасыз ету, температуралық диапазонның қысқа болуына байланысты қиын. Микроклимат жылулық баланс әсеріне байланысты келесі дәрежелер бойынша ерекшелінеді - нейтралды, жылытушы және суықтаушы. Өндіріс орындарындағы микроклиматқа арнайы гигиеналық талаптар даярланады.

Шу – қатты ортаның механикалық тербелістері. Шу дегеніміз, кез – келген жағымсыз немесе ретсіз жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен демалысқа әсер етеді. 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер адам ағзасына қалыпты болып саналады, оны дыбыстық деп атайды, ал 16 Гц төмен жиілік – инфрадыбыс, 20 кГц жоғары жиілікті – ультрадыбыс деп атайды. Шу әсерінен адамда кәсіптік кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері болады.

Діріл – қатты байланыстары бар жүйелердің тербеліс қозғалыстары. Дірілдің таралуына байланысты – жалпы және локальді дірілді ажыратады. Спектрдің қасиетіне байланысты дірілдер тар жолақты және кең жолақты, жиілікті құрамына байланысты – төмен жиілікті (октавты жолақта максималды жиіліктердің болуымен 8 – 16 Гц сипатталады), ортажиілікті ( 31,5 және 63 Гц ),жоғары жиілікті (125, 250, 500 және 1000Гц) - локальді діріл үшін , жұмыс орындарының дірілі үшін – 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63Гц. Уақыт бойынша дірілдер тұрақты, олар үшін виброжылдамдық 2 еседен көп өзгермейді ( 6 дб – ға ) бақыланған уақыт аралығында (1 мин.кем), және тұрақсыз – виброжылдамдық 2 еседен кем емес өзгереді (6 дб –ға) бақыланған уақыт аралығында 1 мин.кем емес. Тұрақсыз дірілдер уақытта тербелетін келесілерге бқлінеді : үзілмелі және импульсті. Діріл көзі –ұрмалы аспаптар ( барабан ), ұрмалы - айналмалы әсері бар машиналар, механизацияланған айналмалы машиналар.

Жалпы діріл тасымалданушы, тасымал – технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл адам ағзасына әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Діріл ауруының ең маңыздысы, айқын қан тамыр өзгерістеріне алып келетін және полиневропатиялық симптоматикамен кездесетін түрлері.

Ультрадыбыс деп қатты ортаның механикалық тербелістерін айтады, оның жиілігі есту шегінің жоғарғы көрсеткішінен жоғары болады ( 20 кГц – тен). Ультрадыбыс, дыбыс сияқты физико – химиялық көрсеткіштермен сипатталады. Ультрадыбыс көзі ретінде ультрадыбысты жиілікті тербелістерді туындататын генераторлар.

Ультрадыбыс мүмкіндіктері кең, тірі организмдерге де әсері белгілі. Бактерицидті әсер көрсетеді.

Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром – ультрадыбыстың адам ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін аурулар.

Инфрадыбыс – акустикалық тербелістер жиілігі 20 Гц – тен төмен. Адам ағзасына әсері – жағымсыз сезім тудырады, астенизация, ағзаның функционалды жүйелерін өзгертеді.

Инфрадыбыс кең жолақты және гармониялық, тұрақты және тұрақсыз. Инфрадыбыс дауыс қысымының деңгейімен сипатталады. Күресу жолдары – ең негізгісі, пайда болатын көздердің алдын алу. Жеке бас қорғану шаралары – тығындар, наушниктер.

Өндіріс шаңы өндіріс аэрозольдерге жаталы. Өндіріс аэрозольдері – аэродисперсті жүйелердің түрі, олар өндіріс кәсіпорындарының жұмыс салдарынан пайда болады, бұл жерде дисперсті орта ретінде ауа саналады, ал дисперсті фаза – қатты және сұйық бөлшектер. Дизинтеграция аэрозольдері, конденсация аэрозольдері, шаң дисперстілігі. Шаң органикалық және бейорганикалық болады. Шаңның ағзаға негізгі әсері – өкпе тінінің фиброздануы. Қорғану шаралары – ұжымдық қорғаныс шаралары, жеке бас қорғаныс заттары.

Өндіріс шаралары – адам ағзасымен байланысқа түсетін заттар, аурушылдыққа немесе бөгде өзгерістерге байланыс уақытында және байланыс үзілгеннен кейін келешекте әсер ете береді. Улы заттар классификациясы түрлі ( адам ағзасына әсеріне қарай, ағзаға енуіне қарай, топтардың химиялық құрамына қарай, токсикалық дәрежесіне қарай бөлінеді).

Улардың адам ағзасына әсері, рецепторлы аппарат арқылы жүзеге асады. Ағзада улы заттар метаболикалық өзгерістерге ұшырайды немесе өзгермейтін түрде бөлінеді.

Улар жедел және созылмалы болып бөлінеді.



Зиянды өндіріс факторларына жоғары және төмен атмосфералық қысым жатады. Декомпрессионды ауру. Биіктік ауруы. Гипоксия.

4. Иллюстрациялық материал: презентациялар.

5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллова. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.


Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

  3. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

  4. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар дегеніміз не?

  2. Өндіріс орындарындағы микроклиматқа анықтама беріңіздер?

  3. Микроклиматтың адам ағзасына әсері?

  4. Шуға өндірістік зияндылық ретінде анықтама беріңіздер?

  5. Шудың адам ағзасына әсері қандай?

  6. Өндірістік дірілдер және оның негізгі сипаттамасы?

  7. Ағзаға дірілдің әсері?

  8. Өндіріс зияндылық ретінде, ультрадыбысқа анықтама беріңіздер?

  9. Инфрадыбысты сипаттаңыз, оның ағзаға әсері?

  10. Өндірістік шаң неден тұрады?

  11. Шаңның адам ағзасына әсері қандай?

  12. Өндірістік улар дегеніміз не?

  13. Улардың әсеп ету ұзақтығына қарай қандай болады?

  14. Декомпрессионды ауру дегеніміз не?

  15. Биіктік ауруы неден пайда болады?


Кредит № 2

  1. Тақырып №1: Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар және оларды бағалау. Өндірістік микроклимат.

  2. Дәрістің мақсаты: студенттерді жалпы физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторлармен таныстыру. Өндірістік бөлмелердің микроклиматының өндірістегі зиянды және қауіпті фактор ретіндегі рөлін көрсету.

  3. Дәрістің тезистері:

Өндірістік физикалық факторларға мыналар жатады:

  • микороклимат (температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулелену);

  • иондамайтын сәулеленулер;

  • иондаушы сәулелер;

  • шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс;

  • діріл (жергілікті, жалпы);

  • негізінен фиброгенді әсері бар аэрозолдар (шаң);

  • жарықтандыру (табиғи немесе жасанды);

  • аэроиондар – ауаның электр зарядталған бөлшектері.

Әрбір фактордың бағалануы – сәйкес дәрістерде.

Өндірістік микроклимат адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына, жылу жағдайына әсер ететін физикалық факторлар (температура, ылғалдылық, кешенімен сипатталады. Ол, іс жүзінде, организмнің барлық жүйелеріне әсер етеді.

Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты микроклимат қалыпты, салқындатушы және қыздырушы болып бөлінеді.

Бейтарап микроклимат – оның факторлары организмнің жылу тепе-теңдігін қамтамасыз ететін жағдайы. Бұл кезде жылу түзілу (Qм) мен суммарлық жылу бөлудің (Qсум) айырмашылығы ±2 Вт шамасында болады, ал ылғалдың булануы арқылы жылу бөлудің үлесі жалпы жылу жоғалтудың 30%-нан аспайды.

Салқындатушы микроклимат – оның факторларының қоршаған ортаға жылу беру (Qсум) организмдегі жылу түзілуінен (Qм) асып түсетін, организмде жұмыс ауысым барысында 2Вт-тан аса жалпы немесе жергілікті жылу тапшылығына әкелетін жағдайы.

Қыздырушы микроклимат – оның факторларының адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы өзгеріп, организмде жылу жинақталатын (жұмыс ауысым барысында 2 Вт-тан аса) немесе ылғалдың булануы арқылы жылу жоғалту үлесі 30%-дан аса болатын жағдайы. Қазап кетудің ең қауіпті көрінісі – ыстық өту. Адамның созылмалы қызуы жұрек-тамыр жүйсеі ауруларынан өлу қаупі факторы болып табылады.

Микроклимат параметрлерін нормалау жылу алмасуына көрсеткіштердің кешенінің әсерін, сондай-ақ олардың әрбіреуінің көңіл-күйге, денсаулыққа, қоршаған ортаға әсерін де ескереді.

Қызып кетуден және үсуден қорғау шаралары: кондиционерлеу жйелері, ауа душы, демалысқа арналған бөлмелермен жабдықтау, жеке басты қорғау құралдаын пайдалану, қыздырушы немесе салқындатушы ортада жұмыс істеу кезеңін шектеу, жұмыс ауысымын қысқарту және т.б.

Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін жалпы қабылданған аспаптар қолданылады: парометрлер, психрометрлер, анемометрлер, кататермометрлер және т.б




  1. Иллюстрациялық материал: еңбек гигиенасы бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар.

  2. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

  2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

  3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров а. М.-1987.

Қосымша:

  1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

  2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, с.1-8.

  3. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

  4. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

  5. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.


6.Бақылау сұрақтары.

  1. Физикалық факторларға қандай факторлар жатады?

  2. Өндірістік бөлмелердің микроклиматына анықтама беріңіз?

  3. Бейтарап микроклимат немен сипатталады?

  4. Салқындатушы микроклимат немен сипатталады?

  5. Қыздырушы микроклимат немен сипатталады?

  6. Салқындатушы микроклиматтың әсерінен қандай аурулар болады?

  7. Қыздырушы микроклиматтың әсерінен қандай аурулар болады?

  8. Үсуден қорғау шаралары.

  9. Қызып кетуден қорғау шаралары.

  10. Өндірістік бөлмелердің микроклиматын нормалау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?



1. Тақырып № 2: Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс. Гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары.

2. Дәрістің мақсаты: өндірістің зияндылықтар ретінде шуға, дірілге, инфрадыбыс пен ультрадыбысқа сипаттама беру және олардың адамға әсерімен күресу шаралары көрсету.

3. Дәрістің тезистері:

Шу – ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрабыс деп аталады. Шудың әесрінен кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері бар.

Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық жиіліктері 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді жолақ кіреді.

Шу децибелмен (дБ) – дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. 2*10-5 Па тең болатын дыбыс қысымына нөл децибел сәйкес келеді. Стресс факторы ретінде әсер ете отырып шу орталық жүйке жүйесінің реактивтілігінің өзгеруін туғазады, соның салдарынан адамның органдары мен жүйелерін реттеуші функцияларының бұзылыстары болады. «Шу ауруы» - негізінен есту органы, орталық жүйке және тамыр жүйелері зақымдалатын, ұзақ уақыт қарқынды шудың әсерінен дамитын организмнің жалпы ауруы.

Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті болып бөлінеді.

Гигиеналық бағалау үшін жұмыс орнындағы тұрақты шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейі және орташа геометриялық жиіліктері 31; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц болатын октавалық жолақтардағы дыбыс қысымдарының деңгейлері болып табылады. Тұрақсыз шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейлері, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейлері және дБА-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Импульсты шудың сипаттамасы дБАS-мен көсретілген шудың деңгейі, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейі және дБАІ-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Мұндағы дБАS, дБАI – сәйкесінше, «А» жиілік коррекциясында және шумомердің «баяу» және «импульс» уақыт сипаттамасында өлшенген дыбыс деңгейлері.

Шудан қорғану құралдары мен әдістері акустикалық, сәулет-жоспарлау және ұйымдастыру техникалық болып бөлінедә. Жеке басты қорғау құралдарына наушниктер, вкладыштар, шлемдер, каскалар мен костюмдер жатады.

Діріл – серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор-адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31,5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц – жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63 Гц) дірілді ажыратады. Уақыт сипаттамалары бойынша діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен аспайтын (6 дБ-ге) тұрақты дірілді, және, діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен асатын (6 дБ-ге) тұрақсыз дірілді ажыратыды.

Тұрақсыз діріл уақыт ішінде тербелетін – үздікті және импульсытға бөлінеді. Дірілдің көзі – соққымен әеср ететін аспаптар, соққылы-айналмалы машиналар, айналмалы әсерлі механикаландырылған қол машиналары.

Жалпы діріл транспорттық, транспортты-технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл организмге әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Жергілікті діріл әсерінен болатын тамыр бұзылыстары мен полижүйкелік симптомдары айқын діріл ауруының маңызы үлкен.

Дірілді өлшеуде виброметрлер қолданылады (ШВК-1, ВМ-1, ВШВ-ООЗ).

Дірілдің организмге қолайсыз әсерін болдырмау шараларына техникалық шаралар, тиімдің жұмыс тәртібін енгізу, жеке басты қорғау құралдарын қолдану, емдік-алдын алу шаралары жатады.

Ультрадыбыс дегеніміз – жоғары есту шегі 20кГц-тен асатын, қатты ортадағы механикалық тербеліс жиілігі. Ультрадыбыс физико-химиялық корсеткіштері бойынша дыбыспен бірдей сипатталады. Ультрадыбыс көзі – ультрадыбыстық тербеліс генераторы болып табылады. Ультрадыбыс бірнеше қасиеттерге ие, соның ішінде тірі организмге де әсер етеді. Ол көбінесе бактерицидті әсер көрсетеді. Вегетативті тамырлық дистония және астеникалық синдром – ультрадыбыстың организмге әсерінің жиі көрінісі болып табылады. Ультрадыбысты диапазон төменгі жиілікті 20-дан 100кГц және жоғары жиілікті 100-ден 1000мГц-ке дейін болып бөлінеді. Жоғары жиілікті ультрадыбыс қысқа толқынды ұзындықта тәжірибе жүзінде ауада таралмайды және жұмысшыларға дене беткейімен жанасқан жағдайда ғана әсер етеді. Ультрадыбыстың нормаланған параметрлері болып жанасу жолымен таралуы, 0,1-10мГц жолақ жиілігіндегі діріл жылдамдығы немесе децибелдегі логарифмдік деңгейі пиктік мәні болып табылады. Жұмыс аймағында приборлармен істейтін қол жұмыстарының ультрадыбыспен жанасқандағы ШРЕД-і 110дБ немесе 0,1В/см құрайды. Ультрадыбыстың жанасулық әсерінің алдын алу автоблокировканың көмегімен детальдарды жүктеу және түсіру кезінде тербелісті өшіру арқылы жүзеге асырылады. Жеке қорғаныс заттары – шуға қарсы, екі қабатты қолғаптар (сырты-резина, іші-қағазмақта). Еңбек және демалыс режимін сақтау керек. Оған ультракүлгін сәулелері, су процедуралары, массаж қолданылады.



Интрадыбыс – жиілігі 20Гц-тен төмен акустикалық тербеліс. Организмге әсері – астенизация, қолайсыз сезімдер тудырады, организмнің функционалдық жүйесінің жағдайын өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты және гармоникалық, тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Инфрадыбыстың нормаланған сипаттамасы дыбыс қысымының деңгейі болып табылады. Күресу шаралары – негізгі шығу көздерін төмендету. Жеке қорғаныс шаралары – наушниктер, вкладыштар. Жұмыс орнында инфрадыбыстың деңгейі 105дБ октавалық жолақта жиі 2-16Гц, 102дБ 31,5Гц жиіліктен аспау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет