Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет4/10
Дата05.06.2017
өлшемі3,2 Mb.
#17823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка). Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан).

7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка). Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.


Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-4

АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасының негізгі мақсаты болашақта АИ-2 алмастыру. АИ-4 пластмассалы қорапшасында біреудін орнына үш шприц түтікті орналасқан.



АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы тұрғындарды қорғау үшін ең тиісті мына құралдармен жабдықталған:

-фосфорлы-органикалық заттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

-уландыратын заттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

-ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті;

-радиациядан қорғау дәрмегі № 1;

-радиациядан қорғау дәрмегі № 2;

-бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1;

-бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2;

-құсуға қарсы дәрмек.


Радиациядан қорғау дәрмегі

Радиопротектор Б-190 (Цистаминның орнына)




Б-190 препараты кәзіргі замандаәлем бойынша ең тиімді радиопротектор деп саналады. Ол сәулелендіруден өлтіретін мөлшер қабылдаған 10 адамынан 9 өмірін сақтап қалады.





Радиопротекторды қолданбағанда



«Амифостин» (Этиол) препаратын қолданғанда



АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасына кіретін «Цистамин» препаратын қолданғанда



Б-190 препаратын қолданғанда
Құсуға қарсы дәрмек

Әр таблетканың қабылдау мөлшері АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы таблеткаға қарағанда кішкене азырақ (0.004 грамы 0.006 грамының орнына). Осы мөлшердің өзі жеткілікті. 0.006 грамының өзі кейбіреулерге жеткілікті болуы мүмкін.

Ал Латран (құсуға қарсы дәрмек) болса, Этаперизианға қарағанда тиімдірек, сол себепті қымбат. Құсу рецепторларын қорғайды. Таблетка және ампула түрінде болады.
Радиациядан қорғау дәрмегі

Егер калий йоды болмаса, онда оның орнына бір шыны сүт немесе суға 5-7 тамшы (ерітіндінің % концентрациясына байланысты) йод тұнбасын қолдануға болады.


Радиациялық және бірлескен зақымдану кездерінде

көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Радиоактивті зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, ең алдымен, зақымдайтын заттарды, радиациялық-қауіпті жерлерде ядролық жарылыс және апат жағдайларындағы қалыптасатын иондалған сәулеленуді, осындай зақымдаулардан адамда туындайтын ауру белгілерін және олардың таралуын, сонымен қатар зардап шегушіні қорғайтын және оған медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын амалдарды білуден қалыптасады.



Иондалған сәулемен зақымданған кезде алғашқы көмек тез көрсетілуі керек. Бірінші орында зақымданушының өмірін сақтайтын іс-шараларды атқару керек. Содан кейін сыртқы гамма-сәулелерді азайту немесе жою керек., ол үшін қорғаныс құрылыстарын қолданады: баспана, тереңдетілген бөлмелер, кірпішті және бетонды ғимараттар. Радиациялы зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) сәулелі аурудың алғашқы белгілерін азайту немесе жоюды көздейді (біріншілік реакцияның алдын-алу мақсатында жеке дәрі-қобдишасынан құсуға қарсы дәрі – РСД немесе этаперазиннің бір таблеткасын қабылдайды). Ары қарай сәулелену қаупі бар болса (аймақтың радиоактивті зақымдануы кезінде) радиоқорғаныс дәрісі – цистамин – бір ретте 6 таблеткасын қабылдайды. Радиоактивті заттың әсерін жою үшін тері мен шырышты қабатқа санитарлы өңдеу мен киім және аяқ киімге дезактивация жасайды. Зақымданушының көзін жуып, аузын шаяды. Содан кейін зақымдаушыға респиратор, мақта-дәкелі таңғыш кигізіп немесе аузы мен мұрнын сүлгімен, орамалмен немесе шарфпен жауып, киіміне дезактивация жасайды.Бұл кезде желдің бағытын ескереді, киімнен түскен шаң басқа адамдарға түспес үшін. Радиоактивті заттар ағзаның ішіне түскенде асқазанды шаяды, адсорбтейтин дәрілерді береді (белсенді көмір). Зақымданушыда жүрек айну сезімі пайда болса, жеке дәрі қобдишасынан құсуға қарсы дәріні қолданады. Сәулеленген адам инфекциялы ауруларға тез шалдығатын болғандықтан, алдын-алу мақсатында бактерияға қарсы дәрілерді қолданады.Радиоактивті ластанудан (радиоактивті шаң) кейін санитарлы өңдеуді радиоактивті ластанған аймақта 1 сағат уақыт көлемінде жасалады. Ол үшін сыртқы киімді шешіп, желге арқасымен тұрып қағу керек. Содан кейін киімді жайып тазалау керек. Аяқ киімді сумен жуу керек немесе суланған шүберекпен сүрту керек. Мойын мен қолдың ашық жерлерін, противогаздың алдыңғы бөлігін таза сумен жуу, противогазды шешіп, ибетті тазалап жуып, ауыз бен көиейді шаю керек.Егер су жетпеген жағдайда, тері беті мен противогаздың алдыңғы бөлігін суланған анжымен сүрту керек. Киім мен аяқ киімді қыста таза қармен сүрту керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсетуде, дәрі-дәрмектің ерекше тобын радиоқорғаныс заттары құрайды (оларды сәулеге қарсы заттар немесе радиопротекторлар деп атайды). Радиоқорғаушы заттар – иондалған сәуле әсеріне ағзаның тұрақтылығын жоғарылататын дәрілік заттар, олар сәулелі ауру мен радиациялық зақымданудың алдын-алу үшін қолданады. Мысалы: меркамин гидрохлориді, цистамин гидрохлориді, мексамин, батилол.

Радиациялы зақымдану кезінде қолданылатын барлық радиоқорғаушы заттар бөлінеді:


  • сыртқы бірреттік күшті сәулелендіруден қорғауға арналған медициналық дәрі-дәрмектер;

  • сыртқы ұзақ, әлсіз сәулелендіруден қорғауға арналған дәрі-дәрмектер;

  • ағзаның радиацияға тұрақтылығын жоғарылататын медициналық дәрі-дәрмектер.


Бұны білу керек! Радионуклидтер ағза мүшелерінде біркелкі жиналмайды. Адам ағзасында зат алмасу процессінде жасушаның биологиялық белсенді қосындысына және тұрақты элементтер атомдарын алмастырып, жергілікті үлкен мөлшерге жеткізеді. Радионуклид ыдыраған кезде химиялық элементтердің изотопы пайда болады, ол химиялық байланыстардың үзілуі мен молекуланың қайта құрылкына әкеледі. Радиациялы әсер сәулеленуге шалдыққан жерде ғана пайда болмайды. Радиация мөлшерінің жоғарылауы ағзаның иммундық жүйесін төмендетіп, әртүрлі ауруды қабылдағыш етеді. Сәулелену кезінде қатерлі ісік пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Ядролы бөлінудің өнімдері түскенде ағза ұзақ, интенсивтігі бойынша аз сәулелендіруге шалдығады.

Ағзаға радионуклидтер түскен мүшелер қатты сәулеленеді (дем алу мен ас қорыту мүшелері) және қалқанша без бен бауыр. Басқа мүшелер мен терілерге қарағанда, олар сіңірген мөлшер 1-3 есе жоғары. Концентрациялау қабілеті бойынша негізгі мүшелерді келесі қатарға орналастырады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет