Церебральді (милық) түрі - сәулелену дозасы 80 грейден асқанда пайда болады. Бұның негізінде ионизациялық сәулеленудің үздіксіз зақымданушы әсері нерв тініне және нерв жүйесінің массалыжасуша өліміне әкеледі. Нәтижесінде мидың ісінуі дамиды. Сәулеленуден кейін үздіксіз құсу, іш өту, анаксия, ұстама, естің бұзылысы дамиды. Гемодинамика және тыныс алу 2-лік бұзылыстар ретінде кеш дамиды. Өлім 1-3 тәуліктің 1-ші сағатында дамиды.
Токсикалық түрі - сәулелену дозасы 20 - 80 грей аралығында дамиды. Негізінде гемопоэтикалық тіннің, ішектің, терінің, ішкі ағзаның жасушасының массалы өліміне, ал үлкен дозада бұлшықет тінінің де зақымдануына алып келеді. Нәтижесінде ауыр токсемия, коллапс, олиго және анурия дамиды. ОЖЖ жұмысы, гемодинамика мен тыныс алудың реттелуінің бұзылысы екіншілік бұзылыстарға жатады. Өлім 4 -7 күн аралығында дамиды.
Ішектік түрі - сәулелену дозасы 10-20 грей аралығында болғанда дамиды. Негізінде ішек эпителийінің митотикалық белсенділігінің бұзылысы және жасушаның массалы өлімі жатыр. Сәулелерден кейін - ауыр 1-лік реакция айқын отофарингеальді синдром ретінде байқалады. Латентті кезең болмайды. Қызба, гастроэнтерит, су -электролит алмасуының ауыр бұзылыстары дамып, артериялық қысым төмендейді. Өлім 8-12 тәулік ішінде дамиды.
Жұлындық түрі - сәулелену дозасы 1-10 грей аралығында болғанда дамиды. Жұлындық түрінің клиникалық белгілері - гемопоэтикалық ағзаның бұзылысымен көрінеді.
Алғашқы 3 түрінде болжам - жағымсыз. Сәулелі аурулар ішінде практикалық маңыздысы жұлындық түрі.
Сәулелі аурудың жұлындық түрі ауырлық дәрежесіне байланысты болады:
1) жеңіл - сәулелену дозасы 1-2 грей
2) орташа - сәулелену дозасы 2-4 грей
3) ауыр - сәулелену дозасы 4-6 грей
4) өте ауыр - сәулелену дозасы 6-10 грей.
Сәулелі аурудың жұлындық түрінің клиникалық көрінісі -бірнеше синдроммен ажыратылады.
Солардың ішінде анықтаушы синдром ретінде панцитопениялық, гемотологиялық синдром жатады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1. Радиациялық зақымданулардың жіктелуі
2. Радиоактивтің өлшем бірліктері
3. Экологиялық аспект туралы түсінік
ІІ нұсқа
1. Радиациялық әсердің жіктелісі
2. Сәулелік аурулардың түрлері
3. Этиологиялық фактор бойынша радиациялық зақымданулардың жіктелісі
ІІІ нұсқа
Орналасу көзіне байланысты радиациялық зақымданудың жіктелісі
Токсикалық сәулелену ауруы дегеніміз не?
Сәулеленудің жұлынды түрі және ауырлық дәрежелері
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. Жіті сәулелік аурудың ерте айқындалуынаа байланысты жедел дәрігерге дейінгі көмек Н14, 55-58 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру (сағат саны: 6сағ -270мин; тәжірибе 4сағ-180мин)
№4 Сабақ:Жіті сәулелік аурудың ерте айқындалуына байланысты жедел дәрігерге дейінгі көмек
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқу;
-радиоактивті заттардың әсеріне ағзаның қарсы тұруын жоғарылататын тәжірибелік іс-шараларды оқу;
-сәулелі аурудың даму кезеңдерің, бастапқы белгілерің білу;
-АИ-2 жеке қобдишаларының қолдану инструкциясын білу.
-радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете алуы;
- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;
- алғашқы медициналық көмекті абдыраусыз көрсете алу
- студенттердің ой-өрісін кеңейту;
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:топтармен жұптасып жұмыс істеу,оқу, консультация, бақылау жұмысы.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Жіті сәулелік аурудың ерте айқындалуына байланысты жедел дәрігерге дейінгі көмек
2. Адам сәулеленуінің радиациялы әсері
3. Сәулелі ауру, оның бастапқы белгілері
4. Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-2
5. Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-4
6. Радиациядан қорғау дәрмегі
7. Радиациялық және бірлескен зақымдану кездеріндекөрсетілетін алғашқы медициналық көмек
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10. Ақпараттық материалмен жұмыс
Ақпараттық материал
Радиация – электромагнитті толқын немесе бірліктер түріндегі энергия сәулесі. Радиоактивті ядролар түрленген (бөлінген) кезде әртүрлі сәулелер пайда болады: альфа, бета, гамма-сәулелер, рентген сәулелері, нейтрондар, ауыр иондар. Затпен әрекеттесу кезінде энергия сәулесі мен молекулаларға өтіп, оларды зарядталған бірліктер – иондарға ауыстырады. Ионизациялау нәтижесінде молекулалардың химиялық байланысы үзіліп, соның салдарынан маңызды биологиялық өзгерістер (соматикалық, генетикалық) болады.
Соматикалық (денелі) – сәулелендіруге ұшыраған адам ағзасында пайда болады.
Генетикалық – генетикалық аппараттың зақымдануымен байланысты және келесі немесе арғы ұрпақта шығады: бұл балалар, немерелер және сәулеленуге ұшыраған адамның кейінгі ұрпақтары.
Адам сәулеленуінің радиациялы әсері
|
Соматикалық әсері
|
Генетикалық әсері
|
Сәулелі ауру
|
Гендік мутациялар
|
Жергілікті сәулелі зақымданулар
|
Хромосомды аберрациялар
|
Лейкоздар
|
|
Әртүрлі мүшелердің қатерлі қабынуы
|
|
Радиацияның үлкен мөлшері денсаулыққа қауіпті екендігі жылдар өте айқындалып келеді. Атомды проекттермен жұмыс кезінде атом бомбалары жарылған кездегі радиация мөлшерінің жоғарылығы соншалықты, адамдар бірнеше сағаттан кейін немесе бірнеше күннен кейін қайтыс болатын.
Сәулелі ауру, оның бастапқы белгілері
Адам ағзасына басты қауіптің бірі, радиоактивті заттардың адам ағзасына ауамен, су және тамақпен ішке кіруі және сыртқы сәулелендіру.
Қорғау тәсілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады.
Сәулелі ауру – бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің (ішкі және сыртқы) көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы, нервті-дистрофиялық процесстермен, көптеген симптомдармен және ауру ағымының кезеңдігімен сипатталады.
Түрлі сәулелену түрлері олардың ену қабілеттілігінің ерекшеліктеріне және жеңіл элементтер негізінде құралатын тірі нәрселердің ағзалары мен ұлпаларына энергияның берілу сипатына байланысты әр түрлі биологиялық тиімділігімен сипататалады (№1 сызбаны қараңыз).
Адам денесін (№2 кестені қара) бірреттік сыртқы біркелкі сәулелендіру мөлшеріне байланысты жедел сәуле ауруының 4 ауырлық деңгейін ажыратады:
Жеңіл – сәулелену мөлшері 100-200 Р (1-2 Гр).
Орташа ауырлықта – сәулелену мөлшері 200-400 Р (2-4 Гр).
Ауыр – сәулелену мөлшері 400-600 Р (4-6 Гр).
Өте ауыр – сәулелену мөлшері 600 Р жоғары (6 Гр).
Жедел сәуле ауруының ағымын төрт кезеңге ажыратады:
біріншілік сәуле реакциясы;
көрінбейтін (инкубациялы);
айқындалған клиникалық белгілері (аурудың шыңы);
айығу (ауру соңы).
Бастапқы (детерминирленген) және стохастикалық әсерлерге бөлінеді. Біріншісі, қайта өндірілуге немесе қалыпты қызмет ету қабілетін жоғалтқан, сәулелену нәтижесінде өлген жасушалардың саны соңына жеткенде пайда болады, бұл кезде зақымданған мүшенің қызметі бұзылады. Сәулелену мөлшері мен жарақаттану ауырлығының тәуелділігі №3 кестеде көрсетілген.
Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-2
Медициналық қорғаныс құралдарына АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы жатады.
АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациамен, ұлағыш заттармен және бактериалдык қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған.
АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі - 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:
1-ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған.
а — жалпы көріндісі: 1 — корпус; 2 — канюли мен ине; 3 — қорғау қалпағы; б — қолдануы: 1 — канюли дегенді тірелгенше бұрап корпустағы мембрананы тесуі; 2 –инеден қалпағын алып тастау; 3 — иненің қадалау жол-жобасы
2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка). Бір таблеткада 0,006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады.
3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы). Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан).
4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин). Бір таблеткада 0,2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка). Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.
5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек
№ 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |