Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


Үсік шалу кезіндегі алғашқы жәрдем



бет7/10
Дата05.06.2017
өлшемі3,2 Mb.
#17823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үсік шалу кезіндегі алғашқы жәрдем:


  • Жылы жерге алып бару (суық жерде ысқылау және жылыту пайдасыз және қауіпті).

  • Құрғақ дәкемен орау (жылыту үшін).

  • Бөлмеде жәймен жылыту.

  • Жылы және тәтті шәй немесе сұйықтық беру (іштей жылыту).

Үсіктің белгілері және симптомдары:


  • Сезімталдылықтың жоғалуы.

  • Шымырлауды және шаншуды сезіну.

  • Терінің ағаруы – үсіктің 1-дәрежесі.

  • Күлдіреуі – үсіктің 2-дәрежесі (жылынғаннан кейін білінеді, 6-12 сағаттан соң көрінуі мүмкін).

  • Қараю және ұлпалардың өлуі – үсіктің 3-дәрежесі (жылынғаннан кейін білінеді, 6-12 сағаттан соң көрінуі мүмкін).отморожении

Үсік кезінде нені істемеу керек:


  • Мән бермеу.

  • Ысқылау (бұл ұлпаның өлуіне және тері бетінде ақ дақтардың пайда болуына алып келеді).

  • Бірден ысыту.

  • Спирттік ішімдік ішу.

Ары қарай не істеу керек:


Үсіген жерді және жалпы жағдайын бір тәулік бақылауға алу.

Зардап шегушіні дәрігерге жеткізу керек:

- Егер үсіктің 2-3 дәрежесі болса.

- Егер үсік жас сәбиде немесе қарт адамда болса.

- Егер үсіген жер зардап шегушінің алақанынын көп болса.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Көзбен шолуға арналған тапсырма

Үсік шалудың дәрежесін анықтап, қысқаша түсіндірме бер.



Үсік шалу



Бақылау жұмысы
1 нұсқа

1.Үсік шалу дегеніміз не?

2. 2-дәрежелі үсік шалудың белгілері қандай?

3. 3-дәрежелі үсік шалудың белгілері қандай?


2 нұсқа

1. Үсік кезінде алғашқа медициналық көмек қалай жүргізіледі?

2. Үсік шалу дегеніміз не?

3.1-дәрежелі үсік шалудың белгілері қандай?


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Н16, 153-166 беттер 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: ТЖ ошағында хирургиялық профильде зақымданғандарды емдеу мен диагностикасының ерекшеліктері

(сағат саны: 8сағ -360мин; тәжірибе 8сағ-360мин)

11 Сабақ: Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту:

- күйік және оның түрлерін талдау;

- күйік кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау.



  • тәрбиелік:

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- алғашқы медициналық көмекті абдыраусыз көрсете алу



  • дамыту:

- студенттердің ой-өрісін кеңейту;

-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.

- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:пікірталас, бейне материалдар көру,топтармен жұптасып жұмыс істеу,оқу, консультация, тест тапсырмаларын шешу.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.


7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Күйік туралы түсінік

2. Күйіктің түрлері

3. Күйік дәрежелері

4. Күйік болған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

5. Оқиға орнында медициналық көмек көрсету тәртібі

6. Термиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек алгоритімі

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10. Ақпараттық материалмен жұмыс

Күйік

Күйік:


  • термиялық күйік;

  • химиялық күйік;

  • сәулелік күйік.

    • Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

    • Химиялық күйік - денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т.б.) әсерінен пайда болады.

    • Сәулелік күю – ядролық жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады.

      • I дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домбығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.

      • II дәрежедегі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады. II дәрежелі күйік кезінде терінің тереңдегі қабаттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, онда бір аптадан соң терінің барлық қабаттары кедір-бұдырсыз қалпына келеді.

      • III дәрежелі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.

      • IV дәрежелі күйікте аса қатты жоғары температураның әсерінен (жалын, напалм) тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғарғы ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.

III және IV дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйік ауданын «тоғыздық тәртібін» пайдалана отырып өлшеуге болады.



Оқиға орнында көмек көрсету тәртібі

Бірінші тәртіп – мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Есіңізде болсын!

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп – целлофан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп – зардап шегушіге екі-үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп – зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай I және II-і дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету:



  1. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астына қойып 10-15 минут ұстау.

  2. Таза құрғақ матамен жабу.

  3. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай II және IV дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету:

  1. Сумен шаюға болмайды.

  2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабу.

  3. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою.


Термиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек алгоритімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет