Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет5/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11596
1   2   3   4   5   6   7

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру

Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті көрсету үшін азаматтық қорғаныстың медицина қызметі төтенше жағдай кезінде қала сыртындағы аймақта ауруханалық базаны құрады.

Ауруханалық базаны құру үшін қалалардан көшірілетін емдеу мекемелерінің күші мен жабдықтарын қолданып, босап қалған санаториялар, демалу орындары және тағы басқа босап қалған мекемеге ғимараттарын пайдаланады.

Ауруханалық базаның құрамына кіреді:



  • ауруханалық базаны басқару бөлімі;

  • 2-4 ауруханалық коллектор;

  • медициналық тарату пункті;

  • қосымша реттеу пункті;

  • көшіру қабылдау пункті.

Ауруханалық коллектор құрамына сұрыптау көшіру госпиталы және басты ауруханалар, бірнеше профильденген ауруханалар, көшіру қабылдау пункті медициналық тарату пункті кіреді.

Ауруханалық базаны басқару бөлімі – ауруханалық база құрамына емдеу – профилактикалық мекемелері кіреді.



Ауруханалық база басқару бөлімінің жұмысына:

  • аурухана базасының мекемесінің құрылуын ұйымдастыру;

  • науқастарды қабылдап, арнайы медициналық көмекті және емдеуді ұйымдастыру;

  • медициналық жабдықтармен жабдықтау;

  • медициналық күштер мен жабдықтарды дер кезінде медициналық қызмет бастығының басқаруына береді.

Ауруханалық коллектор, аудандық шекарада орналастырылады, сондықтан көппрофильді ауруханалар әртүрлі профильдерден зақымданғандарды қабылдайды.

Сұрыптау – көшіру госпиталінің негізгі міндеттері:

  • сақталған емдеу – профилактикалық мекемелерінен түскен науқастарды қабылдау;

  • медициналық сұрыптау жүргізіп, зақымдану түріне байланысты профильденген ауруханаларға жіберу;

  • арнайы медициналық көмекті көрсету;

  • тасымалдануға жатпайтын науқастарды жатқызу;

  • жұқпалы аурумен ауырғандарды анықтап, оқшаулау.

Сұрыптау – көшіру госпиталі қалаға жақын аймақта, негізгі көшіру жолында аудандық орталық ауруханада және қосымша әкімшілік ғимараттарында орналасады.

Сұрыптау – көшіру госпиталінің құрамы:

  • сұрыптау – қабылдау бөлімшесі;

  • жедел көмек көрсету бөлімшесі;

  • таңу – операциялық блок;

  • анаэробты бөлімше;

  • шокқа қарсы бөлімше;

  • босану бөлімшесі;

  • психоизолятор

  • қосымша медициналық бөлімшелерде (дәріхана, клиникалық – диагностикалық және радиологиялық лаборатория, физиотерапиялық бөлме, қан дайындау, қан құю бөлімшесі, паталогоанатомиялық лаборатория)

Арнайы медициналық көмек бригадасы, шаруашылық бөлімшесі, медициналық тарату және көшіру қабылдау пункті.

Бас (головной) аурухананың құрамында медициналық тарату пункті, көшіру пункті, арнайы медициналық көмек бригадасы болмайды. Бас ауруханада тасымалдануға жатпайтын, шок жағдайындағы операцияны қажет ететін ауыр науқастар қалдырылады.

Медициналық тарату пункті. Ауруханалық базаның құрамында орналасады, оның негізгі міндеті:


  • аталған аурухана базасының коллекторларына теңдей етіп көлікпен жарақаттанғандарды бөледі.

Көшіру қабылдау пункті – теміржол стансаларында, өзен, теңіз порттарында, аэродромдарда ұйымдастырылады. Міндеті: көшірілген халықты қарсы алу, тіркеу, орналастыру, зақымданғандарды бір көліктен екінші көлікке ауыстыру, науқастарды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғау, (ыстық, суық, жаңбырдан) және тамақтандыруды үйымдастыру, жедел медициналық көмек көрсету.

Бейіндік (профильды) ауруханалар жарақаттанғандарға арнайы медициналық көмек көрсетіп, толық айығып кеткенше ем көрсететінемдеу мекемесі:

Оларға:


  • хирургиялық ауруханалар

  • терапиялық ауруханалар

  • жұқпалы аурулар ауруханасы

  • психоневрологиялық ауруханалар жатады.

Бейіндік ауруханаларда төмендегі іс – шаралар жүргізіледі: қабылдау, медициналық сұрыптау, дозиметриялық бақылау жүргізіп санитарлық өңдеуден өткізу, арнайы медициналық көмек көрсету, жұқпалы ауруы бар науқастарды анықтап, оқшаулап, емдеу, киім мен аяқ – киімдерді дезактивациялау, дезинфекциялау және дегазциялау.

Арнайы медициналық көмек бригадалары немесе арнайы медициналық көмек отряды – бұл азаматтық қорғаныстың медицина қызметінің негізгі құрылымдары, бұл құрылымдар қала сыртындағы емдеу мекемелеріндегі жарақаттанғандарға арнайы медициналық көмек көрсетуге арналған. Бригадалар мен отрядтар медициналық институттар, дәрігерлік білімін жетілдіру институттары, медициналық ғылыми – зерттеу институттар, қалалық, областық, республикалық ауруханалар және арнайы мамандандырылған дәрігерлері бар ірі емдеу мекемелер базасында құрылады. Арнайы медициналық көмек бригадасы емдеу мекемесінің бір базасында құрылып, 8-17 бригададан тұрады.

Егер арнайы медициналық көмек бригадасы болмаған жағдайда басқа жеке бригадалар құрылады: жалпы хирургиялық, көкірек ішкі ағзалар, травматологиялық, нейрохирургиялық, жақ – бет, токсико – терапиялық, инфекциялық, психоневрологиялық бөлімшелер.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-вариант

1. Ауруханалық базаның құрамы.

2. Ауруханалық коллектор құрамы.

3. Ауруханалық база басқару бөлімінің жұмысы.



2-вариант

1.Сұрыптау – көшіру госпиталінің негізгі міндеттері.

2.Сұрыптау – көшіру госпиталінің құрамы.

3.Бейіндік (профильды) ауруханалар.



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма:Сұрыптау-көшіру госпиталінің негізгі міндеттері және құрамы. Н-2,92-95бет 2 мин (5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру

6 Сабақ: Сұрыптау-көшіру госпиталінің негізгі міндеттері және құрамы



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі:тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,

кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының құрамына басқару тобынан басқа, қандай бөлімдер кіреді?

  2. Қабылдау – сұрыптау бөлімшесі.

  3. Таңу – операциялық бөлімше.

  4. Госпитальды бөлімше.

  5. Мамандандырылған медициналық көмек.

  6. Арнайы медициналық көмекті.

  7. Медициналық сұрыптау, оның түрі және медициналық эвакуацияны ұйымдастыру.

  8. Эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс

Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының құрамына басқару тобынан басқа, келесі бөлімдер кіреді:

  • қабылдау – сұрыптау;

  • таңу – операциялық;

  • госпитальды;

  • зақымданушыларды көшіру;

  • медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • лабораторлық;

  • киім мен аяқ – киім жартылай санитарлық өңдеуден өткізу;

  • шаруашылық.

Алғашқы дәрігерлік көмек отряды 10 сағаттың ішінде шамамен 500 зақымданғандарға бірінші дәрігерлік көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.

Қабылдау – сұрыптау бөлімшесі екіге бөлінеді, әрқайсысына жеке сұрыптау бригадалары жұмыс жасайды. Егер бір мезгілде жарақаттанғандар саны көбейсе, сұрыптау бригадасының саны басқа бөлімшелерден құрылады.

Санитария жасақтары науқастарды көліктен түсіріп, бөлімшеге тасымалдайды, киімдерін шешіп, жартылай санитарлық өңдеу жүргізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Жарақаттанғандарға сұрыптау жұмысын дәрігер жүргізеді, ол көмектің түрін және ретін анықтап, науқастарды бөлімшелерге бөліп жібереді, бұл пункішілік сұрыптау болып саналады.

Медициналық көрсеткішке байланысты зақымданғандарды таңу – операциялық, госпитальды, және шокқа қарсы палатаға жібереді.

Қабылдау – сұрыптау бөлімшесінде көшіру реттілігін анықтап эвакотранспорттық сұрыптау жүргізеді, транспорттың түрін, жарақаттанғандарды отырып немесе жатқызып көшіру түрін белгілейді.

Таңу – операциялық бөлімше – зақымданғандарға өмірлік көрсеткіші бойынша хирургиялық ем, шокқа қарсы шаралар, қан құю жүргізіліп, байламы шешіліп – қан ағу түбегейлі тоқтатылады, салынған тасымалдаушы шендеуіштердің сапасы қадағалады. Инфекцияның өршуін алдын – алу үшін антибиотиктер қолданылады. Инфекцияның өршуін алдын – алу үшін антибиотиктер қолданылады.

Санитария жасақтары медициналық қызметкердің басқаруымен таңу байламдарын, шендеуіштерді ауыстырады, жарақаттанғандарды басқа бөлімшелерге тасиды.



Госпитальды бөлімшеде тасымалдануға жатпайтын ауыр науқастарды жатқызады және оларды көшіруге дайындайды.

Палаталарда тасымалданатын ауыр науқастарды көшіруге арналған керуеттер дайындалады. Госпитальды бөлімшелерде санитария жасақтары ауыр науқастарды күту жұмысын атқарады: оларды тамақтандырады, дәрі – дәрмек береді, дене қызуын өлшейді және көшіру кезінде науқастарды тасымалдайды.

Қала сыртындағы ауруханаларға зақымданғандарды сұрыптап топ – тобымен жібереді, ал ауыр жарақаттанғандар бірінші кезекте жақын маңдағы ауруханаға көшіріледі.

Жартылай санитария өңдеуін және дезактивация жүргізу бөлімшесінде киім мен аяқ – киімдерді санитарлық өңдеуден өткізеді. СЖ зақымданғандардың ластанған киімдердіншешіп, толық немесе жартылай санитарлық өңдеу жүргізеді. Бұл бөлімшенің жеке құрамы арнайы жабдықтармен жабдықтанған топ болып жұмыс атқарады. Алаңды екіге бөледі: таза және лас алаң.

Дезактивацияға арналған алаң. Жел бағытын есептеп жайылады, себебі радиоактивтік шаң жақын маңдағы бөлімшелерге түспес үшін. Жартылай санитарлық өңдеуде дененің ашық бөліктерін сумен немесе ылғалды дәкемен екі – үш рет жуу немесе сүрту жұмысы жүргізіледі.

Толық санитарлық өңдеу душ қабылдаудан басталады. Барлық зақымдалғандардың кілегей қабаттарын (көз, мұрын және ауыз қуысын) өңдеуден өткізеді. Байламдарды сыртын су өткізбейтін клеенкамен таңып, зақымданғандарды жуыну бөлімшесіне өтіп, залалсызданған таза киім киеді. Есте сақтау керек, жедел көмек көрсетудің әрбір кезеңінде балалар мен жүкті әйелдерге бірінші кезекте көмек көрсетілуі тиіс.

Зақымданғандарға алғашқы медициналық және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп болғаннан кейін қала сыртындағы қауіпсіз аймақты аурухана базаларына мамандандырылған және арнайы көмек көрсету үшін көшіріледі. Бұл медициналық көмек түрлері медициналық көмектің толық көрсетілуімен аяқталады.

Мамандандырылған медициналық көмек жоғары мамандандырылған

хирург және терапевт дәрігерлер көрсететін, хирургиялық және терапиялық шаралардың жиынтығы.

Мамандандырылған медициналық көмектің мақсаты – зақымданғандардың өміріне қауіп төндіретін себептерді жою, асқынулардың алдын – алу, сонымен қатар мүшелер мен жүйелердің бұзылыстарын қалпына келтіру.

Осындай көмек көрсетілу екі тәуліктен кешікпеуі керек.

Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетілуі жеделділігіне байланысты үш топқа бөлінед:


  • бірінші топтың науқастарына жағдайының ауырлығына байланысты жедел ем жүргізу, емнің кешігуі бірнеше сағаттан кейін науқас өліміне әкеліп соғуы мүмкін;

  • екінші топ – дер кезінде көрсетілмеген емнің әсері ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін;

  • үшінші топ – жоспарлы түрде жүргізілетін ем.

Мамандандырылған терапиялық көмек өмірге қауіп төндіретін төменгі асқынулардың алдын – алады, оларға асфиксия, тырысу, коллапс, өкпе ісінуі және жедел бүйрек жетіспеушілігі жатады.

Мамандандырылған терапиялық көмек науқастарға ем жүргізудің жеделділігіне байланысты екі топқа бөлінеді:



  • әртүрлі улағыш заттармен уланған жедел шараларды жүргізудің жеделділігіне талап ететін науқастар:

  • емшараларын жүргізу кейінге қалдырылған науқастар, осындай шаралардың кеш атқарылғаны олардың өміріне ешқандай қатер төндірмейді.

Арнайы медициналық көмекті – қала сыртындағы аймақтағы емдеу мекемелерінде көрсетеді. Арнайы медициналық көмек көрсетудің ең тиімді мерзімі зақымданғаннан кейінгі алғашқы үш тәулік. Бұл көмек түрі әртүрлі медициналық арнайы жабдықтарды қолдана отырып, мүшелер мен жүйелердің қызметін қалпына келтіріп, науқастың толық айығуы және реабилитация жұмыстарын жүргізумен шектеледі.

Медициналық сұрыптау, оның түрі және медициналық эвакуацияны ұйымдастыру

Жаралылар мен сырқаттарды медициналық эвакуациялау ТЖ кезінде маңызды емдеу шараларының бірі болып табылады. Әсіресе, қазіргі кездегі жаралылардың медициналық эвакуация кезеңіде оның маңызы артып отыр.

Медициналық сұрыптау негізіне жаралылар мен сырқаттарды бірегей қажетті емдеу-эвакуациялық және профилактикалық шараларға медициналық эвакуацияны аталмыш сатыда, белгілі бір нақты жағдайларды топтастыру жатады.

Медициналық топтастыруды, жағдайға байланысты екі топқа ажыратады: ішілік және эвакуациялық-көліктік. Пункт ішілік медициналық сұрыптауды жаралылар мен сырқаттарға медициналық көмекті бұл сатының қай функционалдық бөлімшесінде және қандай кезеңділікте жүргізу керектігін анықтау мақсаты бар.

Эвакуациялық-көліктік сұрыптауда жаралыны не сырқатты қайда, қандай қалыпта (жатқызып немесе отырғызып), қандай көлікте және қандай кезеңділікте жеткізу мақсаты бар.

Медициналық эвакуация сатыларында жаралылар мен сырқаттардың ауқымы, түсуі жағдайларын медициналық сұрыптаудың екі түрін бір уақытта атқару, күштер мен заттарды максимальді үнемдеуге алып келеді. Пункт ішілік сұрыптау үрдісінде жаралылар мен сырқаттардың медициналық көмек қажеттілігі, сипаты, жылдам атқарылуы мен орындалу орнында эвакуациялық тағайындамалары жайында сұрақтарын шешуде (қай госпитальға, ауруханаға эвакуациялау) орындау реті мен кейінгі эвакуация жабдықтары анықталады.

Медициналық эвакуацияның әр сатысында жаралылар мен сырқаттарды сұрыптаудың үш негізгі бағыты бар:

- санитарлық өңдеу немесе оқшаулауға қажеттілігіне байланысты;

- медициналық көмекке қажеттілікке, жеделдігіне және атқару орнына байланысты;

- мүмкіндіктердің эвакуациялық сипаттарына және ары қарайғы мақсаттылығына, кезеңділігі мен тасымалдау тәсіліне, эвакуациялық тағайындалуына байланысты.

Санитарлық өңдеуге немесе оңашалау қажеттілігіне байланысты жаралылар мен сырқаттар келесідей жіктеледі:

- санитарлық өңдеу мен оқшаулауды қажет ететіндер;

- санитарлық өңдеу мен оқшаулауды қажет еьпейтіндер.

Медициналық көмек қажеттілігіне байланысты жаралылар мен сырқаттар келесідей жіктеледі:

- медициналық эвакуацияның осы сатысында медициналық көмекті қажет ететіндер;

- медициналық эвакуацияның осы сатысында медициналық көмекті қажет етпейтіндер;

- өмірмен үйлесімсіз ауыр жарақаттар мен сырқаттар.

Медициналық көмекті қажет етпейтін, бірақ ағымды сатыда көмек алған жаралылар мен сырқаттар эвакуациялық сипаттарына байланысты келесі топтарға жіктеледі:

- кейінгі эвакуацияны қажет ететіндер;

- медициналық эвакуацияның аталмыш сатысында ақырына дейін емделуге қалдырылатындар немесе транспортабельді еместер;

- өз бөліміне қайтарылатындар.

Ары қарайғы эвакуацияланатын жаралылар мен сырқаттар эвакуациялық тағайындамаларына, кезектілігіне және қолданалатын көлік түріне байланысты эвакуация тәсіліне негізделеді. Медициналық сұрыптау зақымдау диагнозын анықтау негізіне немесе дерттер мен олардың болжамына байланысты жүргізіледі, сондықтау диагностикалық және болжамдық сипатта болады.

Медициналық сұрыптауды сұрыптаушы бригады атқарады: дәрігер, екі медбике (фельдшерлер), екі тіркеуші, тасымалдағыш-санитарлар.

Эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау зардап шеккендерді бырыңғай топқа бөлу үшін жүргізеді:


  1. Эвакуацияның қажеттілігі бойынша;

  2. Эвакуацияның кезегі бойынша;

  3. Тасымалдаушы көліктің түрі бойынша;

  4. Зардап шегушілерді көлікте орналастыру жағдайлары бойынша (жатқызып, отырғызып және т.б.).

Медициналық қабылдау – сұрыптау бөлімінің функционалдық міндеттері

Қабылдау – сұрыптау бөлімінің бастығы жасақ бастығына бағынады және бөлімінің жұмысқа дайындығы үшін, қабылдауды ұйымдастыру мен АДКЖ – ға түскен, зақымданғандарға сұрыптауды ұйымдастырудың сапасы үшін жауап береді.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-вариант

1.Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының құрамына басқару тобынан басқа, қандай бөлімдер кіреді?



2-вариант

1.Қабылдау – сұрыптау бөлімшесі дегеніміз не?



3-вариант

1.Таңу – операциялық бөлімше.



4-вариант

1.Медициналық қабылдау – сұрыптау бөлімінің

функционалдық міндеттері.

5-вариант

1.Госпитальды бөлімше.



6-вариант

1.Мамандандырылған медициналық көмек.



7-вариант

1.Арнайы медициналық көмек.



8-вариант

1.Медициналық сұрыптау, оның түрі және

медициналық эвакуацияны ұйымдастыру.

9-вариант

1.Эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау.



10-вариант

1.Медициналық эвакуация сатыларындағы максимальді үнемдеу.



11-вариант

1. Жаралылар мен сырқаттарды сұрыптаудың негізгі бағыттары.



12-вариант

1.Эвакуациялау-көліктік медициналық сұрыптау.



13-вариант

1. Эвакуациялау шараларын мұқтаждығына байланысты бөлу.


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: ТЖ ошағындағы госпиталдық кезеңге дейінгі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек. Н-16,16-18бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарғажеделмедициналық көмекті ұйымдастыру

7 Сабақ: ТЖ ошағындағы госпиталдық кезеңге дейінгі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет