Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Тақырыбы: Хелицерлілер (Chelicerata) Дәріс мақсаты



бет87/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214
Тақырыбы: Хелицерлілер (Chelicerata)
Дәріс мақсаты: Хелицерлілер т/т, Семсерқұйрықтылар, құрлық фаунасы-өрмекшітәрізділердің морфофизиологиялық ерекшеліктері, биологиясы, филогениясы және экологиялық топтары туралы мәлімет беріп, теориялық білімдерін кеңейту.
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Хелицерлілер т/т-ның сипаттамасы. Семсерқұйрықтылар.
2.Құрлық фаунасы-өрмекшітәрізділердің құрылысы, биологиясы. Филогения және экологиялық топтары.
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер ( жануарлар филогениясы, буынаяқтылардың жалпы кестесі, өрмекшітәрізділер. ылғалды препараттар: өрмекшітәрізділердің түрлері.
1-сұрақ. Су буынаяқтылары трилобиттермен шаянтәрізділерден айырмашылығы хелицерлілер негізінен құрлық тұрғындары. Құрлық формаларының арғы тегі өліп-біткен су жануарлары. Бүгінгі күні су хелицерлілернен «тірі қазба» - семсерқұйрықтылардың бірнеше түрлері сақталған. Хелицерлілердің 63 мың түрі белгілі. Оларға тән белгілер:
1. Хелицерлілер денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады. Біріккен баскөкірек акроннан және 7 сегменттен (соңғысы дамымаған) түзілген. Құрсақ 12 сегменттен және тельсоннан тұрады.
2. Аяқтары бір бұталы. Баскөкіректе 6 жұп аяқ: хелицер, қармалауыш аяқ, төрт жұп жүру аяқтар. Су формаларында құрсақ аяқтарында желбезек өсінділері болады. Хелицерлілердің ерекшелігі: басында антенна болмайды. Бірінші баскөкірек бас сегментінде қысқаштәрізді – хелицер орналасқан, сондықтан тип тармағы хелицерлілер деп аталады. Хелицер - қоректі ұсақтайтын мүше. Екінші жұп – қармалауышаяқ – қоректі қармалау, ұстау қызметін атқарады. Қалған төрт жұп жүру аяқтары. 7-нші сегментте аяқ болмайды, тек су хелицері – семсерқұйрықтыларда рудиментті аяқ сақталған.
Құрсақ бөлімде аяқтар жоқ. Су формаларында алдыңғы 6 құрсақ сегментте желбезек аяқтары болады, кейбір құрлық түрлерінде рудиментті құрсақ аяқтары жыныс өсінділеріне, тыныс өсінділеріне, тыныс алу мүшелері - өкпе немесе өрмек сүйеліне айналған.
3. Ас қорыту жүйесіне бауыр – деп аталатын ішектің ерекше жұп безді өсіндісі тән.
4. Зәршығару мүшесі – коксаль безі немесе 5-ші жүру аяқ негізінде ашылады, шығу тегі – түрі өзгерген целомодукт. Құрлық хелицерлілерінде және артқы ішек аралығында ашылатын мальпигиев түтіктері – зәр шығару мүшесі. Артқы ішекте су реабсорбциясы жүреді. Мальпигиев түтіктері организмдегі ылғалдың экономиясын қамтамасыз етеді.
5. Тыныс алу мүшесі су хелицерлілерінде құрсақ аяқтарындағы желбезек, ал құрлық формаларында өкпе немесе кеңірдек. Ұсақ формалар тері арқылы тыныс алады.
6. Сезім мүшелері нашар дамыған: қарапайым көздері бар, иіс сезу, сипап сезу мүшелері жекелеген сенсиллалар және олардың жиынтығы.
7. Бас миы прото – және тритоцеребрумнан тұрады, ал дейтоцеребрум
(атеннаны нервтендіретін) болмайды.
8. Су хелицерлілерінде ұрықтану сыртта, ал құрлық формаларында ішкі-сыртқы (сперматофоралы) немесе іште жүреді.
9. Дамуы тура, өсу және түлеу арқылы жүреді.
Хелицерлілер тип тармағына үш класс жатады.
Семсерқұйрықтылар (Xiphosura)
Өліп-біткен Алыпқұршаяндар (Gigantostraca)
Өрмекшітәрізділер (Arachnida) кластары
Семсерқұйрықтылар класы - өте ертедегі су хелицерлері, палеозой және мезозой эрасында кең тараған, қазіргі кезде тек бес түрі белгілі.
Денесі жалпақ, қалқанмен жабылған, біріккен құрсағы семсертәрізді өсіндімен аяқталады. Сыртқы түрі трилобитке, дулығарға (қалқанды шаяндарға) ұқсас. Бұл жануарлар бентосты тіршілік етуіне байланысты ұқсас тіршілік формаға ие болған. Қалқанның алдыңғы жиегімен су түбін қазып, түрлі құрттармен моллюскаларды тауып қоректенеді, ал семсер - өсінді қазу кезінде тірек болады.
Баскөкірек қалқанында бір жұп күрделі көз, ортасында жұп жәй көздер орналасады. Баскөкіректің астында саңылау тәрізді ауыз, 6 жұп аяқтарымен қоршалған. І-ші жұп аяқ- үш буынды хелицер, қоректі ұсақтайды (үгітеді). Қалған 5 жұп аяқпен су түбінде қозғалады. Олардың біріншші жұбы қармалауыш аяққа(педипальпа) сәйкес және келесі
үш жұбы қысқашпен аяқталады, қорек ұстайды. 5-ші жүру аяғы тырнақпен аяқталады, қылтанды. Судың түбін қазғанда бұл аяқтар тірек қызметін атқарады және оның негізінде желбезек өсіндісі болады. Барлық 5 жұп аяқтар негізінде қоректі үгітетін шайнау өсінділері бар. Баскөкіректің 7-ші сегментінде аяқ рудименті-хилярии сақталған.
Қазіргі семсерқұйрықтылардың құрсағы біріккен 6 сегменттен және семсер тәрізді аяқтар орналасқан. Бірінші жұп-желбезек қақпағы, қалған 5 жұп желбезек аяқтарын жабады. Эмбриология мәліметтеріне байланысты семсер өсіндісі үш құрсақ сегментімен тельсоннан пайда болған.
Асқорыту жүйесі алдынғы ішек іші хитинмен астарланған және үгіткіш қарыннан; бауыр ашылатын ортанғы ішектен ,артқы ішектен тұрады.
Қан айналу жүйесі ашық. Түтік тәрізді жүрегінде 8 жұп остия болады, миксоцильдің перикардия сикусында орналасады.
Зәр шығару мүшелері: 4жұп бүйрек –коксаль бездері, 5-ші жұп жүру аяқ негізінде ашылатын 2 каналдан тұрады. Бүйрек түрі өзгерген целомодукт.
Жүйке жүйесі-бас миынан (көзді нервтендіреді),жұтқыншақ маңы коннектив, құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.
Сезім мүшелері нашар дамыған. Бір жұп күрделі және жәй көздері болады.
Семсерқұйрықтылар дара жынысты. Жыныс гонадысы, өзектері жұп мүшелер.Жыныс тегісі 1-ші құрсақ сегментінде желбезек қақпағының астынды ашылады.
Семсерқұйрықтар сары уызға бай жұмыртқаларды теңіз жағалауына салып, құммен көмеді. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл трилобиттерге ұқсас. Бірақ олардың дамуын тура деуге болады, себебі трилобиттәрізді дернәсілдің құрылысы ересек формаға ұқсас, айырмашылығы семсер өсіндісі дамымаған. Эмбрионнан кейінгі даму өсуімен және тұрақты түлеумен сипатталады.
Семсерқұйрықтылар Атлант мұхитында, Орталық Америка (1түр), Оңтүстік-Шығыс Азия (3түр), Филиппен аралдарының (1түр) жағалауында кездеседі. Олар тірі қазба, ертедегі өкілдері силур шөгіндісінде табылған.
2-сұрақ. Өрмекшітәрізділер - құрлық хелицерлері, баскөкірегінде қысқаш-немесе тырнақтәрізді хелицер, қармалауышаяқ, 4жұп ұзын жүру аяқтары бар. Құрсақта аяқ болмайды. Өкпе немесе кеңірдек арқылы тыныс алады. Коксаль безінен басқа мальпигиев тамырлары бар.
63 000-ға жуық түрлері белгілі. Құрлық формалары топырақта, өсімдікте тіршілік етеді. Арасында екінші ретті су формалары, өсімдікпен жануар паразиттері кездеседі.
Өрмекшітәрізділердің көбі өрмек безінің өнімі өрмек жібін бөледі. Өрмек қорек ұстау, жауынан қорғану және таралуда маңызы бар.
Алғашқы су хелицерлерден өрмекшітәрізділердің ерекшелігі-құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Хитинді жабын өте жұқа-дененің меншікті салмағын жеңілдетеді. Хитинді кутикуланың құрамына сыртқы қабат-эпикутикула тән. Ол кеуіп кетуден сақтайды. Құрсақтағы желбезек аяқтар жойылып, ауамен тыныс алуға бейімделген мүше - өкпе және кеңірдек пайда болады. Рудиментті құрсақ аяқтар жыныс, тыныс алу қызметін атқарады немесе өрмек сүйеліне айналған. Жұру аяқтары ұзын, құрлықта қозғалуға бейімделген.
Өрмекшітәрізділер класс шегінде дене сегменттері олигомеризацияланған (барлық сегменттер біріккенге дейін).
Морфофизиологиялық ерекшеліктері лабораториялық сабақта қаралады.
Классификациясы, экологиясы-СООЖ, СӨЖ-де қаралады.
Ертедегі хелицерлілер, желбезек арқылы тыныс алған су жануарлары: семсерқұйрықтылар тағы басқалары. Олардың қазбалары кембрийден белгілі, палеозойда басым топ болған. Құрлыққа алып құршаяндар класының өкілдері шыққан. Қазбада алып құршаяндар арасындағы аралық формалар бар (Құрлықты мекендеген).
Салыстырмалы морфологиялық мәліметтер қазіргі заман отрядтары бір- біріне тәуелсіз қалыптасқан және құрлыққа шыққан. Әр отряд мүшелерінің эволюциясы әр түрлі. Мысалы: құршаяндар суда тіршілік еткен ата- тектердің құрсақ желбезек аяқтары жыныс қақпағына, тарақшаға, өкпеге, ал өрмекшілерде - өкпеге және өрмек сүйеліне айналған. Кенелерде бірнеше жұп желбезек аяқтар орнында коксоль мүшесі сақталған. Эволюцияның екінші жолы: өрмекшітәрізділердің барлық отрядында морфогенезде эволюция жүрген: су өткізбейтін кутикула, желбезек өкпеге немесе кеңірдекке, бүйрек мальпигиев тамырына ауысқан, құрсақ біртұтас мүшеге айналды, хелицер мен қармалағышаяқ маманданған, жүру аяқтарда табан пайда болған. Жұмыртқа іште ұрықтанады, дамуы метаморфоздан тірі тууға дейін жүреді. Кейбір өрмекшітәрізділер өрмек жібін пайданалады. Орыс ғалымы А. Б. Ланг бойынша су хелицерлерінің жорамал тегінен семсерқұйрықтар, алып құршаяндар шыққан.
Құрлыққа шығу және су маңында ылғалды ортада тіршілік етуге бейімделуге байланысты қазіргі кезде өліп- біткен алыпқұршаяндардан құрлық хелицерлері құршаяндар отряды шыққан. Өрмекшітәрізділер класы су хелицерлерінің белгісіз топтарынан шыққан. Құрлық кенелерінің шығу тегі, желбезек аяқтардың редукциясы, коксаль мүшелердің дамуы, тері арқылы тыныс алу, топырақта тіршілік етумен сипатталады.
Өрмекшітәрізділер эволюциясының үшінші кезеңі құрлықты мекендеу және ылғалға мұқтаж ортада жетілген кеңірдек жүйенің дамуымен байланысты. Бұл деңгейде екі өкпелі және кеңірдекті өрмекшілер, кене, жалған құршаяндар тағы басқа шыққан.
Сонымен бүгінгі таңда өрмекшітәрізділер отрядтарының шығу тегінің бірлігін көрсететін дәлелдемелер жоқ, сондықтан бұл класты полифилетикалы деп есептеуге болады. Таксондар эволюциялық радиациямен қатар жүрді. Алғашқы хелицерлілер- су жануарлары: бентосты және бенто-пелагикалық формалар. Желбезекпен тыныс алды, ұрықтану сыртта жүрді, дамуы метаморфозды. Ұсақ жаға формалары құрлыққа шыққан болар. Оларда ауамен тыныс алатын мүше, т.б. бейімділіктер қалыптасты. Алғашқы құрлық формалары тас астында жасырын тіршілік еткен ымырт жануарлары (құршаян тәрізді). Құрлықты игеру бірнеше бағытта жүреді. Кейбіреуі топырақ (кенелер), басқалары ыдыраған өсімдік қалдықтарын, орман төсенішін тіршілік орта ретінде меңгерді. Өрмекшілермен кенелер топырақпен байланысты үзіп, басқа экологиялық қатарды меңгереді. Олар өсімдік ярустарында, ал кейбіреуі қайтадан суда тіршілік етуге көшкен. Кенелер барлық ортаны (топырақ, су, өсімдік ярустары) иемденген, арасында хелицерлілерге тән келмейтін трофикалық топтар: фитофагтар, сапрофагтар және өсімдік пен жануар паразиттері кездеседі. Жас өрмекшілер өрмек жібімен жел арқылы таралады, ал ұсақ кенелер ауа қабатына көтеріледі.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет