Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Омыртқасыздар зоологиясының мақсаты



бет4/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Омыртқасыздар зоологиясының мақсаты:
Омыртқасыз жануарлардың көптүрлілігі, морфофизиологиялық ерекшеліктері, шығу тегі, биологиясы, эволюциясы, қазіргі экожүйедегі орны, таралуы, биосферада және адам өміріндегі маңызы туралы білім қалыптастыру. Сонымен қатар олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және табиғаттағы қорын сақтау.


Зоологияның міндеттері:
Студенттер жануарлардың ұйымдасу деңгейін, олардың эволюциялық- тұрғысынан танып-білу:
- жануарлардың түрлік құрамы және олардың филогенетикалық байланысы, әрбір типтің ұйымдасу ерекшелігі, тіршілік процестері және экологиясымен танысу. Олардың табиғи экожүйедегі ролін анықтау.
- өсіп-өну және онтогенез, таралуы, негізгі таксономиялық топтардың маңызы, систематикасы, ірі топтардың филогениясы;
- студенттердің өз бетімен жануарларды анықтау, морфологиялық зерттеу және лабораториялық жануарларды бақылау әдістерін меңгеруге тиісті;
- ғылыми зоологиялық терминдерді меңгеру;
- лабораториялық құралдармен жұмыс жасап үйрену, өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану;
- Әлем, ҚР , облыс жануарларының көптүрлілігін сақтау, сирек, және жойылу қаупіндегі түрлерді қорғау, ғылыми негізде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту шараларын меңгеру.
- студенттердің дүниетанымдылығын арттыру, диалектико-материалистік көзқарасын қалыптастыру


Пререквизиты
ЖОО-да студенттер омыртқасыздар зоологиясы курсын меңгеру кезінде мектепте биологиядан алған білімдеріне және 1 семестрде өткен Ботаника курсына сүйенеді.


Постреквизиты
Кейінгі биология ғылым салаларын түсінуге омыртқасыздар зоологиясы базалық пән болып есептеледі. Алған және қалыптасқан білімдері, біліктері және дағдылары болашақта мектеп, колледж оқушыларын оқыту кезінде практикалық іс-әрекеттерінде қолданылынады.
Зоологиялық білім табиғи экожүйе – көптүрлілігін, сирек және жойылып кету қаупіндегі жануарлар түрін сақтау, қорғау, қалпына келтіру, кәсіптік түрлерді тиімді пайдалану, биотехнологияда, өсімдік зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру, т.б. іс-әрекеттерді жүргізуде қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет