Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Тақырыбы: Буынаяқтылар (Arthropoda) типі Дәріс мақсаты



бет83/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   214
Тақырыбы: Буынаяқтылар (Arthropoda) типі
Дәріс мақсаты: Морфологиялық прогресте дамыған, жер планетасының барлық биотопын мекендейтін буынаяқтылар типінің ұйымдасу ерекшелігі, көптүрлілігі, биологиясы, экологиясы, эволюциясы, маңызы туралы түсінік беру және қалыптастыру.
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Типтің жалпы (морфофизиологиялық) сипаттамасы


2.Трилобиттәрізділер (Trilobitomorpha) типтармағы, оның ұйымдасу ерекшелігі, буынаяқтылар филогениясында маңызы.
Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, буынаяқтылар типі, семсер құйрық, трилобит, полихеттер). Коллекциялар: семсер құйрық, трилобит, ылғалды препараттар, бейне материалдар, т.б. көріністер .
1- сұрақ. Буынаяқтылар жер планетасында кең тараған, барлық биотопты меңгерген гүлдеген топ, 1,2-1,5 млн түрі белгілі. Денесі гетерономды сегменттелген, қатты хитинді жабыны және буынақты қол-аяққа ие болған жануарлар. Экологиялық алуантүрлі олар теңізде, мұхитта, тұщы суда, топырақта, құрлықта тіршілік етеді. Паразит формалар да аз емес. Буынаяқтылар ішінде жүзгіш, жорғалағыш, жүгіргіш, қазғыш, ұшқыш, тіпті аз қозғалатын және бекініп тіршілік ететін формалар бар. Олар табиғатта жануар мен өсімдіктің тірі ұлпаларымен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар қиын қорытылатын: ағаштекті, балауыз, мүйізді туындылар, тері, түк, қауырсындар т.б. қоректермен де қоректенеді.
Буынаяқтылардың сан мөлшері өте жоғары. 1 м2 топырақтың қарашірік қабатында 1 млн дараға дейін топырақ кенелері және алғашқы қанатсыз насекомдар кездеседі. 1 м3 теңіз суының беткі қабатында 30 мың данаға жуық ескекаяқты шаяндар тіркелген. Ал теңіз түбінде ірі буынаяқтылар – крабтар мекендейді. Ұшқыш насекомдар көпсанды: шегіртке, маса, т.б. қансорғыштар.
Буынаяқтылардың табиғи экожүйеде биологиялық маңызы зор. Теңіз және құрлық экожүйесінің тұрақты компоненті ретінде биологялық зат айналыммен биоэнергетикалық процесте маңызы айтарлықтай. Көптеген су өкілдері биофильтраттар (суды органикалық ластанудан тазалайды). Топырақ түзілу процесіне қатысады. Кәсіптік маңызы бар шаруашылық дамыған (бал, жібек). Буынаяқтылардың жағымсыз маңызы – ауыл шаруашылық, орман шаруашылығының зиянкестері, адам мен жануар ауру қоздырғыштары және таратушылары.
Буынаяқтылар – билатеральды симметриялы, целомды – трохофоралы жануарлар тобына жатады. Құрылыс жоспары буылтық құрттарға жақын. Метамерлі құрылысты. Эволюция барысында буынаяқтылар көптеген прогрессивті ерекшеліктерге ие болған, жерде экологиялық қатардың кең меңгерген, құрлыққа және ауа кеңістігіне шыққан.
1. Буынаяқтыларға тері-гиподермадан бөлінетін хитинді кутикула тән. Кутикула хитиннен (т.б. заттардан қаныққан күрделі полисахарид) тұрады. Ол иілгіш, созылғыш және берік, жануар денесін жыртқыштардан, сыртқы бөгде заттардан қорғайды, кейбір түрлердің кутикуласы Ca, Fe, Cr тұздарымен қаныққан.
Кутикула бірнеше қабаттан тұрады: сыртқы қабат экзокутикула, ішкі – эндокутикула, құрлық формаларында қосымша беткі қабат – эпикутикула, липидті қосылыстардан тұрады, дененің ылғалын сақтайды (ылғалдың булануына кедергі). Хитинді кутикула сыртқы, ішкі қаңқа қызметін атқарады. Хитинді жабынның тығыз учаскасы – склерит және жұқа жұмсақ – жарғақша (мембрана), ол сегменттер арасында орналасады, сондықтан денесі қозғалғыш. Буынаяқтылардың өсуі түлеумен байланысты.
2. Дене сегментациясы гетерономды. Морфо-функциональды біртекті сегменттерден дене бөліктері қалыптасады. Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ. Бас акроннан және 4 сегменттен тұрады. Акрон аннелидтің простомиумына және 2 сегментке сәйкес. Баста ауыз және сезім мүшелері орналасады. Көкірек локомотор қызметін атқарады, ал құрсақта ішкі мүшелер орналасады. Көкірек, құрсақ сегмент саны өзгергіш. Құрсақ аналь қалақшасымен (тельсон-аннелид пигидиясына сәйкес) аяқталады.
3. Бунақты аяқтар –прогрессивті белгі. Олар кутикуламен жабылған, оның қозғалысын бунақты құрылыс қамтамасыз етеді. Аяқтары локомотордан басқа көптеген қосымша функция атқарады. Кейбіреулері сезім мүшелері – антенна, басқалары жақ, тыныс алу немесе шағылысу мүшелеріне айналған.
4. Бұлшық еті – көлденең жолақты. Бас бұлшықеттері – үгіту, көкірек – локомотор қызметін атқарады. Ұзына бойы және дорсовентральды еттер дене сегменттерінің қозғалысын қамтамасыз етеді. Буынаяқтылар бұлшықетінің күші салыстырмалы сүтқоректілер бұлшықетінен күшті ( насекомдар өз салмағынан 14-25 есе артық жүкті қозғай алады).
5. Дене қуысы – миксоцель – аралас (целом мен алғашқы қуыстың араласу нәтижесінде пайда болады). Миксоцель сұйықтығы гемолимфа деп аталады. Миксоцель екі диафорагмамен 3 синусқа бөлінеді: перикардия, висцераль және периневраль. Перикардия синусында жүрек, периневральда – бауыр жүйке тізбегі, ал висцеральда – басқа ішкі мүшелер орналасады. Целом қалдығы гонадада және бүйреккте сақталған.
6. Ас қорыту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлім: өңеш, үгіткіш қарын, ортаңғы ішекте ас қорытылады, сіңеді. Бауыр немесе тұйық пилорикалық өсінділері бар.
7. Қан айналу жүйесі ашық. Қан тамырлары нашар дамыған. Гемолимфа тамыр және миксоцель синустарымен қозғалады. Жүрегі көп камералы түтік тәрізді – арқа қан тамырының өзгерісі.
8. Жүйке жүйесі буылтық құрттардың жүйке жүйесіне ұқсас. Қарапайым формаларда – баспалдақты. Жоғары сатыдағы буынаяқтыларда бас миын түзетін жұтқыншақ үсті жұп ганглиясынан, бауыр жүйке тізбегінен тұрады.
Мінез-құлқы күрделі, сезім мүшелері жақсы дамыған. Күрделі – фасет және жәй көздер, сипап сезу, есту, тепе-теңдік және химиялық сезім мүшелері.
9. Тыныс алу мүшесі: желбезек, өкпе немесе кеңірдек жүйесі. Ұсақ формаларда тері арқылы т/а байқалады.
10. Зәршығару мүшесі түрі өзгерген целомодукт – бүйрек (1-2 жұп), құрлық өкілдерінде организмнің ылғалын экономдайтын – мальпигиева түтіктері.
11. Метаморфозды дамиды, тура даму сирек.
Буынаяқтылар типі 4 тармағына бөлінеді:
1. Трилобиттәрізділер (Trilobitomorpha)
2. Желбезектыныстылар (Branchiata)
3. Хелицерлілер (Chelicerata)
4. Кеңірдектыныстылар (Tracheata) тип тармақтары
2-сұрақ. Трилобиттер тип тармағы – қарапайым, өліп-біткен топ. Кембрийге дейінгі палеозой қазба шөгінділерінде белгілі. Денесі гомономды сегменттелген, бас және тұлғаға бөлінеді, бір жұп мұртша – антеннулла , аяқтары екі бұталы, желбезекпен тыныс алған.
Трилобиттер (Trilobitа) 10 мың қазба түрлер белгілі. Плеозойда теңізде, мұхитта бентосты тіршілік еткен. Буынаяқтылар типінің тарихи тегі туралы сұрақты шешуде трилобиттер – маңызды топ. Буылтық құрттармен (полихеттермен) ұқсастығы айқын.
Денесі бас және сегменттелген тұлғадан тұрады. Басы: акрон - 4 сегмент. Акронда бір бұталы мұртша – антеннулла орналасқан, ол сипап-сезу мүшесі. Басқа бас сегменттеріндегі 4 жұп аяқтар тұлға аяқтарына ұқсас. Аяқтары қозғалыс, тыныс алу, үгіту қызметін атқарады. Аяқтың көмегімен жорғалайды, жүзеді, қорек ұстайды. Тұлға сегменттері гомономды, соңғы дене сегменттер және аналь қалақшасы бірігіп, құйрық қалқан – пигидий түзеді. Арқа бетінде трилобит үш жолаққа бөлінеді. Дамуы метаморфозды, дернәсілі – протаспис.
Әдебиет: Дәуітбаева К.«Омыртқасыздар зоологиясы»А.2004 1кітап 273-297 б.
Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 290-311, 399-401 б.
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 341-348 б.
Интернет ресурстары т.б. деректер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет