2 - сұрақ. Соңғы ауызды жануарлар
Соңғы ауыздылар целомды жануарлардың ерекше филогенетикалық бұтасы. Бұл типүстіне Тікентерілілер (Echinodermata),Жартылай хордалылар (Hemichordata), Хордалылар (Chordata) типтері жатады. Бұл типтер тобы трохофоралы (алғашқы ауызды) жануарлардан ерекше.
Соңғы ауыздыларға тән ерекшеліктер:
1. Терісі екіқабатты, эктодермальды эпителийден және мезодермальды дәнекер ұлпа қабаты кутистен тұрады. Трохофоралы жануарлар терісі – эктодермальды клеткалар қабатынан тұрады.
2. Қаңқасы – мезодермальды ізбестен тұрады, терінің дәнекер ұлпа қабатынан пайда болады. Трохофоралы жануарларда қаңқа – эктодермальды туіынды.
3. Соңғы ауыздыларда эмбриогенезде ауыз екінші ретті, бластопораның алғашқы ауызынан аналь тесігі қалыптасады, ал трохофоралы жануарларда ауыз негізінен бластопорадан пайда болады.
4. Мезодерма – энтодермальды алғашқа ішектен энтероцельді жолмен қалыптасады, трохофоралы жануарларда – мезодермадан телобластикалық жолмен немесе аралас ұрық – энтомезодермадан пайда болады.
Соңғы ауыздылардың алғашқы даму фазасына үш жұп целом қабы тән. Бұл олардың тегінің метамерлі құрылысты болғанына дәлел, олардың басқа метамерлі целомды жануарлармен жақындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |