Тақырып: Бунақтыденелілердің классификациясы.
Дәріс мақсаты: Бунақденелілердің (насекомдардың) көптүрлілігі, классификациясы туралы, алуантүрлі отрядтардың құрылыс ерекшелігі, биологиясы, экологиясы туралы түсінік беру.
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Насекомдардың жіктелу принциптері. Алғашқы қанатсыз (Apterygota). 2.Қанатты насекомдар (Pterygota). Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер.
3. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.
4. Буынаяқтылар типінің филогениясы .
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, отряд өкілдері ), коллекциялар, бейне фильмдер
1 -сұрақ.
Насекомдар қанатының, ауыз аппаратының құрылысына, эмбрионнан кейінгі даму типі тұрғысына сәйкес ірі систематикалық категорияларға (класс тармағы, инфракласс, отряд) бөлінеді. Туыс және түрді сипаттауға толық морфологиялық белгілер (қанаттың жүйкеленуі, ауыз аппараты, аяқтары, гениталь тағы басқа мүшелер құрылысындағы вариациялар), соңғы кезде микроморфологиялық белгілер: қылтандар құрамы және құрылысы (хетом), сенсилл, кутикула құрылымы тағы басқа да белгілер қолданылады.
Қазіргі заман пікірлеріне сәйкес насекомдар класы екі класс тармағына бөлінеді: Алғашқы қанатсыздар-Apterygota және Қанатты насекомдар-Prerygota.
1. Алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygota) өте қарапайым топ. Қанаттары жоқ (алғашқы белгі). Ауыз аппараты кеміргіш. Тура дамиды (аметаболия). Дернәсілдің имагодан айырмашылығы: дене мөлшерінде, дене пропорциясы және хетомда. Ересек формада да түлеу процесі жүреді.
Қылқұйрықтылар (Thysanusa) отряды. Мөлшері 8-20мм., бунақты үш құйрық жібі бар ұсақ қанатсыз насекомдар. Дене жабыны жұқа, нәзік, кейде қабыршақты (кейде қабыршақтылар деп те атайды). Көздері қарапайым, кейде күрделі. Құрсағында бірнеше жұп грифелькалары (құрсақ аяқ рудименттері) бар. Діңдерде, орман төсенішінде жасырын тіршілік етеді. Дамуы-аметаболия (протоморфоз). Адам тұрғындарында қант қабыршақтылары (Lepisma sacharina) кездеседі.
3 отряд жатады: Протуралар (Protura), Коллемболалар (Collembola), Двухвостые (Diplura)
Протуралар топырақта жасырын тіршілік ететін, ұсақ (0,5-2 мм) жәндіктер. Басы конус пішінді, мұртша, көзі болмайды.Ауыз аппараты стилеттәрізді мандибула және кішкентай максилладан тұрады (жасырын). Алдыңғы көкірек аяғы ұзын, антенна қызметін атқарады.
Оларда қарапайым белгілер сақталған: құрсақ сегменттері – 12, алдыңғы үш құрсақ сегментінде рудиментті құрсақ аяқтары болады. Кейбір түрлерінде екі жұп тыныс тесігі бар, көбі терімен тыныс алады. Сперматофор арқылы көбейеді. Анаморфозды дамиды (дернәсіл түлеп құрсақ сегменттері көбейеді ).
Протуралар орман төсенішіндегі тіршілік етеді, ыдыраған органикалық қалдықтармен қоректенеді.
Коллемболалар (0,2-10 мм) топырақта және өсімдікте тіршілік етеді. 2000 түрі белгілі.
Басында 4-6 буынды антенна, жәй көздері болады. Ауыз аппарат кеміргіш, кейде стилеттәрізді, жасырын. Үш жұп көкірек аяқтары бар. Құрсақ 6 – буынды, құрсақаяқтың түр өзгерісі – секіргіш айырмасы және құрсақ түтігі болады, коллемболада мальпигиев тамырлары және кеңірдек жүйесі болмайды. Тура дамиды. Сперматофоралы көбейеді. Өсімдік қалдығымен, топырақ саңырауқұлақтарымен, балдырлармен қоректенеді, табиғатта зат айналымда және топырақ түзілуде маңызы бар.
Diplura – жасырын тіршілік етеді, соқыр, ұсақ және орташа жыртқыш жәндіктер. Тез қозғалады. Денесінің артында сезім өсіндісі – церки, кейбір түрлерінде қысқаштәрізді мүшеге айналаған. Ауыз аппараты ішкі, мандибула қылыш пішінді. Аяқтары ұзын, жүгіргіш. Құрсағы 10 буынды. Алғашқы құрсақ сегменттерде аяқ рудименттері – грифелькалар болады, олар қозғалыс кезінде тірек қызметін атқарады. Грифелькалар маңында терімен тыныс алуда маңызы бар қалта-коксаль мүшесі орналасқан. Кеңірдек жүйесі (көкіректе 3 жұп тыныс тесігі бар) дамыған. Сперматофоралы көбейеді. Тура немесе протоморфозды (метаморфоз элементтері бар) дамиды. 400 түрі белгілі.
2- сұрақ Қанатты насекомдар (Pterygota): қанаттары бар, кейбір ұшпайтын түрлердің қанаттары рудиментті-екіншіретті белгіге дәлел. Ауыз аппараты алуантүрлі. Метаморфозды дамиды (жартылай және толық). Бұл класс екі инфракласқа бөлінеді: 1). Ежелгіқанатты насекомдарға (Palaeoptera) бүгінгі насекомдардан Инеліктер мен Біркүндіктер жатады. Олардың қанаты арқасына жиналмайды, қарапайым торлы жүйкеленген. Ұшу кезінде қанаттары бір жазықтықта қозғалады. Ауыз аппараты-кеміргіш. Жартылай түрленіп дамиды. Дернәсіл суда дамиды, провизор мүшелері (кеңірдекті желбезек, тағы басқа мүшелері) бар. Біркүндіктерде ежелден сақталған белгі: имаго түлейді(дерижіл түлеп суб имаго, одан- имаго шығып, көбейеді).
Біркүндіктер отряды (Ephemeroptera) - қанатты имаго бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін өмір сүреді. Суға жұмыртқа салады да өледі. Ауыз аппараты-жетілмеген,үш ұзын құйрық жібі болады. Дернәсілі суда 2-3 жыл дамиды, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ауыз аппараты-кеміргіш, құрсақта орналасқан кеңірдекті желбезек арқылы тыныс алады. Ымыртта өзен, көл жағасында тобымен ұшады. Кәдімгі біркүндіктер-Ephemera vulgata кең тараған түр.
Инеліктер (Оdonata)- денесі ұзын, ашық реңді, мөлдір қанатты жүйкесі-торлы, басы қозғалғыш, жақсы ұшқыш. Мұртшалары қысқа, ауыз аппараты-кеміргіш. Ауада қоректенеді. 4500 түрі белгілі. (СОӨЖ-де қаралады).
Достарыңызбен бөлісу: |