Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет73/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   214
Турбеллярияның шығу тегі
Турбеллярияның – жалпақ құрттардың қарапайым тобы, сондықтан оның филогениясы тип, эволюциясымен байланысты. бірнеше гипотеза бар.
Ланг бойынша – қарапайым турбеллярияға сәулелі симметрия элементтерін сақтаған көпбұталы турбеллярияны жатқызыады. Кірпікше, а/қ жүйесі, статоцист ескектілерге ұқсас деп қарайды. Бірақ турбеллярия мен ескектілердің эмбрионды дамуын зерттеп, бұл гипотезаның келіспейтінін көрді.
Гоафар ұсынған гипотеза, кейін В.Н.Беклемишев қолдады. Фиолгения басына ішексіз турбеллярияны қойды. Ол Radiataның планула тәрізді ата-тегінен басып алады. Оның ішегі жоқ, сондықтан Ішекқуыстылар мен Ескектілердің тегі деуге болмайды. Авторлар – Radiata тегі - дернәсіл неотения (қысқарған онтогенез) арқылы ішексіз турбеллярия түзген.
Фагоцителлотәрізді тектен турбеллярияның пайда болғаны туралы гипотеза дәлелді. А.В.Иванов Radiata мен Bilateria бір-біріне байланыссыз фагоцителлотәрізділер тектен шыққан деген гипотеза ұсынады.
Трихоплакс ішексіз турбеллярия тегіне жақын форма. Фагоцителлотәрізді тектің паренхимасы екі тақтаға жіктеледі: ішкі – фагоцитобласт – клетка іші а/қ жүзеге асырған және аралық – мезодермальды паренхима – тірек қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы планарияда мезодермада бұлшықет қалыптасады. Фагоцитобласт дене ішіне түсіп, ауыз пайда болады, билатеральды симметрия түзіледі. Ішексіз турбелляриядан эволюция күрделену бағытында жүреді. (а/қ, жүйке, з/ш, жыныс жүйе).
Хаджи гипотезасы бойынша турбеллярия инфузориядан шыққан. осы гипотезалардың ішінде дәлелдісі алғашқы билатеральды жануар тегі фагоцителлотәрізділер туралы Ивановтың гипотезасы деп есептеледі.
Жалпақ құрттар ішінде тек Турбеллярия класы – еркін тірішілік етеді, басқалары маманданған паразиттер. Сондықтан жалпақ құрттардың шығу тегі туралы проблеманы турбеллярияның шығу тегі туралы теориялар анықтайды.
7-дәріс материалы

Паразитті жалпақ құрттардың ұйымдасу ерекшелігі, осы типтің эволюциясында маңызды тура ішекті турбеллярияға жақын. Олардың негізінде дененің алдында орналасқан тура ішек ауызбен, жұп протонефридия, жұп гонада, 2-6 жүйке бағаналы ортогон. Моногениямен трематодтар дернәсілі кірпікшелі эпителиямен жабылған, тура ішегі және инвертирлі көзшелері тураішекті турбеллярияға ұқсастығы үлкен. Жалпақ құрттардың паразитизмге өтуі селбесу арқылы жүзеге асқан. Балықтың желбезегінде, қанаттарында тұрғын тапқан турбеллярия тәрізді тектен моногения шықты деген түсінік бар. Олар кейін эктопарзитизмге ауысқан. Моногенияның эктопаразитизмге морфологиялық адаптациясы – жабысу мүшелерінің пайда болуы, кірпікшелі эпителия жойылуы. Кірпікшелі эпителия моногения дернәсілінде сақталған. Кейбір моногения арасында эндопаразитзмге ауысу байқалады (көлбақа көп ауызы). Бұдан ерекшелігі моногенияға жақын эндопаразит – цестодтар осы топтан шықты деген ұғым туады. Моногениямен цестодтардың туыстығын дәлелдеген орыс ғалымы Б.Е.Быховский. Цестодтар мен моногенияның жыныс жүйесінің құрылысы, протонефредия ұқсас. Омыртқалылардың ішегінде эндопарзитті тіршілік етуіне байланысты цестодтарда терең өзгеріске ұшыраған. Оларда жабысу мүшесі – сколекс, жыныс аппаратының құрылысында метамерия пайда болған. Эволюцияның соңғы кезеңінде цестодтарда тұрақты иеге жұғуды қамтамасыз ететін- аралық ие пайда болады.


Трематодтар эволюциясы моногения мен цистодтарға байланыссыз жүрген. Эндопаразит- трематод мариттері мардымсыз өзгерген. Олардың моллюска денесінде паразитті тіршілік ететін дернәсіл стадияларында эволюцияның өзгеріс айтарлықтай. Моллюскалардың парзитті – трематод дернәсілдері партогенезді көбеюге маманданған. Алғашында ересек трематодтар еркін тіршілік еткен, моллюскалармен симбиозды тірішілік еткен, дернәсілдері паразитизмге ауысқан. Кейін трематод мариттері де омыртқалы жануарлардың эндопаразитіне айналып, иесі ауысатын гетерогония – тіршілік циклі қалыптасқан.
Turbellaria
Monogenea
алғ.Plathelminthes
Cestoda

Trematoda
сосальщик Эндопаразиты
Планария лент.червы
мonogenea Эктопаразиты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет