Тақырыбы:
Дәріс мақсаты: Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі, Шаянтәрізділер класы -алғашқы су буынаяқтылары, классификациясы, филогениясы, экологиялық радиациясы, маңызы туралы білімдерін толықтыру.
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі.
2. Шаянтәрізділер класы -алғашқы су буынаяқтылары
3. Шаянтәрізділердің классификациясы, филогениясы, экологиялық радиациясы.
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, Полихиттер, буынаяқтылар, шаянтәрізділердің құрылысы). Коллекция (өзен шаяны , омар, хелицерлілер, насекомдар) ылғалды препараттар, бейнефильмдер, т.б.
1-сұрақ
Желбезектыныстылар типтармағы (Branchiata) су жануарлары, тыныс алу мүшесі – желбезек. Денесі үш бөлімнен тұрады. Бас – акроннан және 4 сегменттен түзілген. Басында 2 жұп мұртша: акрон өсіндісі – антеннула, бірінші бас сегмент аяғының түр өзгерісі – антенна. Қалған 3 жұп бас аяқтарынан – жақ пайда болған. Бұл тип тармағына бір класс жатады.
Шаянтәрізділер класы (Crustacea)
2-сұрақ
Су жануарлары, 40 мыңға жуық түрі белгілі. Жүзіп, жорғалап, бекініп (теңіз жаңғағы, теңіз үйрекшесі) мұхитта, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. Кейбір өкілдері құрлықта (жылбыс) кездеседі. Ылғалды тропикада құрлықта (топырақта) бүйір жүзгіщтер, құрлық крабтары мекендейді. Ішінде су омыртқасыздары мен балық паразиттері де бар.
Су экожүйесінде шаянтәрізділердің биологиялық зат айналымда ролі үлкен. Планктонды формалар бір клеткалы балдырлармен, су қабатында қалықтаған органикалық түйірлермен қоректенсе, ал олармен балықтар, киттер қоректенеді.
Суды биологиялық тазалауда шаянтәрізділердің маңызы зор. Олардың көбі биофильтраттар, детритофактар. Шаянтәрізділерді адам тамаққа пайдаланады. Әсіресе асшаян, краб, лангустар, т.б. шаяндар - кәсіптік объект, оларды аулау, өңдеу өнеркәсібі ұйымдастырылған. Балық зауыттарында балыққа қорек үшін ұсақ шаяндарды өсіреді.
Шаянтәрізідлердің морфологиясы лабораториялық сабақта қаралады.
Дамуы. Эмбриональды дамуы буылтық құрттарға ұқсас: жұмыртқа спиральды, тегіс емес детерминирлі бөлшектенеді. Мезодерма телобласт жолымен қалыптасады. Эмбрионнан кейінгі даму метаморфозды жүреді. Көбінде жұмыртқадан планктонды дернәсіл науплиус шығады. Оның денесі акроннан, 2 сегметтен және аналь қалақшасынан тұрады. Бір бұталы антеннулалар, 2 жұп 2 бұталы жүзу аяқтары (ересек шаянның антеннасы мен мандибула гомологиясы) болады. Дара науплиус көз, ішек, антенналь бүйрегі, бас ганглиясы бар. Аналь қалақшасының алдындағы өсу аймағында жаңа сегменттер бөлініп, келесі дернәсіл стадиясы – метанаулиуске айналады. Оларда барлық бас сегменттері, алдыңғы көкірек сегменті (жақ аяқпен) бар. Бірнеше рет түлейді, сегменттері, аяқтары, ішкі мүшелері жетіледі.
Жоғарғы сатыдағы шаяндарда (ас шаян) жұмыртқадан науплиус шығып, метанауплиус, кейін жоғарғы сатыдағы шаяндарға тән ерекше дернәсіл – зоеа дамиды. Зоеа-да бас және алдыңғы көкірек аяқтарынан басқа қалған көкірек аяқтар бастамасы, соңғы аяқпен құрсақ қалыптасқан және фасет көзі бар. Ас шаяндарда зоеа-дан кейін көкірек аяқтары жетілген, барлық құрсақ аяқ бастамасы дамыған мизид стадиясы болады. Мизид дернәсілі түлеп, ересек формаға айналады.
Крабтарда жұмыртқадан зоеа дернәсілі шығады, ал өзен шаяны тура дамиды.
3-сұрақ. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:
Желбезекаяқтылар (Branchiopoda)
Цефалокаридтер (Cephalocarida)
Максиллоподтар немесе Жақаяқтылар (Maxillopoda)
Бақалшақты шаяндар (Ostracoda)
Жоғарғы сатыдағы шаяндар (Malacostraca) - СОӨЖ
Шаянтәрізідлер буынаяқтылар типінің ежелгі тобы. Кембрий шөгінділернен белгілі. Оның класс тармақтарын салыстырмалы – морфологиялық талдау олардың ортақ тектен жеке даму жолы бар екенін көрсетеді. Систематиктер шаянтәрізділердің бірнеше туыс кластар ретінде қарау мүмкін дейді.
Шаянтәрізділердің эволюциясы әртүрлі экологиялық қатарға ие болған түрлі тіршілік форманың түзілуіне әкелді. Арғы тегі – жүзіп тіршілік еткен ұсақ пелаго-бентосто формалар, олардан бірнеше бағытта бейімделген топтар шыққан: планктон, нектон, бентос, паразит және құрлық формалары.
Cephalocarida
Алғашқы Branchiopoda
Crustacea Maxillopoda
Ostracoda
Malacostraca
Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2004. 273-319 б.
Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 292-330 б.
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 341-384 б.
Достарыңызбен бөлісу: |