Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б



бет5/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.
Қазақ тілі Орынбай.А.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Оқушы өз сүйген жұмысын кез келген бос уақытында шұғылданады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады. Бұл баланың қоршаған ортамен, сыныптастарымен, достарымен ашық қарым қатынаста болуына, өзін еркін ұстауына көп пайдасын тигізеді.

Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны

7

іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай, ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс. Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс». Бұл ұлағатты сөзбен толықтай келісемін. Себебі, балаға тәрбие отбасында беріліп, мектепте толықтай жалғасын табады. Ол ешқашан тоқтамауы керек. Тіпті демалыс мезгілдерінде де балаларға әр түрлі қызықты жарыстар, көрмелер ұйымдастырып оның қызығушылығын үнемі жандандырып отыру кетек екендігін педагог ұмытпауы керек. Сыныптан тыс жұмыстар қызықты, жаңашыл түрде өту үшін түрлі әдістемелер мен әдістер қолдануға болады. Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастыру дұрыс. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір ос

8

нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, буақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.  Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өзіндік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие жұмыстарының міндеттерін толықтыру және тереңдету.

Сыныптас тыс тәрбие жұмыстарының маңызы – тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастырылу жұмыстарындағы іс – әрекеттері түрлеріндегі ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат –

9

міндеттеріне, оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Мысалы:

  • Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету;

  • Қызықты кездесудер, кештер, ертеңгіліктер өткізу ( ақын жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалауларымен, соғыс ардагерлерімен,интерноционалды жауынгерлермен);

  • Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар;

  • Әр түрлі тақырыпт ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру;

  • Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер ұйымдастыру.

  • Көнілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу;

  • Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Спорттық жарыстар ұйымдастыру: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, баскетбол, шаңғы және коньки тебу т.б.;

  • Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдарын оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алмасуын ұйымдастыру;

  • Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызыметкерлерімен бірлесе отырып, оқырмандар конференциясын өткізіп отыру;

  • Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатысуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер, т.б.;

  • Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу;

  • «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстар жүрізу;

  • Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту;

  • Сынып жиналыстарын өткізу;

  • Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтауда, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жинау, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру;

  • Мұражайларға, көрмелерге, демалыс орындарына, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасап, оқушыларға көрсету;

  • Соғыс, еңьек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйыдастыру;

  • Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын

10

ұйымдастыру;

  • Мектептен тыс тәрьие мекемелерінің жұмыстарына қатасу;

Бұл жұмыстардың барлығы да бала тәрбиесіне көп септігін тигізеді. Бала қоғамдық жұмыстарға қатысу барында көптеген жаңа материалдврды игеріп жаман мен жақсыны айыра алады. Бала еңбекқорлыққа, тазалыққа, жауапкершідікке, ізденіске тәрбиеленіп бой түзейді. Бұның бәрін де болашақта өз игілігіне қолдана алады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқуда тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады.Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық,  романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:

1)     мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);

2)     тану фомалары (экскурсиялар,  журналдар, газеттер);

3)     көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар,нақыл сөздер жазу, ән, би, күй, өлең оқуды үйетуден бастауға болады. Жалпы сынып сағатында қызықты кездесілер мен кештер, ертеңгіліктер өткізуге болады.

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет