Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б



бет7/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.
Қазақ тілі Орынбай.А.
Газетке берілетін мақала жоспары:

Саяси үйірмелер мен клубтар. Мұның міндеті – оқушылардың сабақта, газет, журнал, радио көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шыңдауға көмектесу.

Саяси үйірмелер мен клубтар, әдетте, жоғарғы сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстардың формалары мен тәсілдері әр алуан. Мұнда дәрістер мен баяндамалар таңдалып, пікір алмасу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына оқушылармен қатар мектеп мұғалімдері және қоғамдық негіздері дәріскерлер қатысады. Саяси клубтар мен үйірмелер жұмысын ұйымдастыру үшін, алдымен тыңдаушылардың құрамына байланысты тақырыпты таңдау және олардың білім дәрежесін анықтап алу қажет.

Мұндай жұмысты, әдетте, оқушылардың мәліметтер жинауы, оған қысқа түрде баяндамалар әзірлеу, көрнекі құралдар шығаруы негізінде ұйымдастырылады. Саяси үйірмелер мен клубтар жұмыстарын ұйымдастыру әңгімелесу түрінде де өтеді. Ол үшін таңдаған тақырып бойынша алдын ала сұрақтар әзірлеп, дайындық жұмыстарын өткізеді. Ұсынылатын тақырып бағыты мен күрделілігіне қарай жауапты адам бекітіледі. Мұндай жұмыс барысында оқушылар ұсынылған әдебиеттерді оқып – үйренеді және құрбылары алдында өз ойын ашық айтуға, ағымдағы оқиғаларға баға беруге машықтанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет