Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б



бет9/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.
Қазақ тілі Орынбай.А.
Конференцияның негізгі міндеті – оқылған тақырыпты ұжым болып талқылау, оның мазмұның, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.

Әдеби көркем шығармаларды жан – жағынан талдау оқушылар ұжымының берік қалыптасуына, сана сезімдерінің дамуына, кітаппен жұмыс істей білу мәдениетінің көтерілуіне, өзара пікіралмасу қажеттілігінің пайда болуына ықпал етеді.
17
Дұрыс ұйымдастырылған конференция оқушыларды саналы оқуға, теориялық мәселелерді талдай білуге, оқыған кітаптарының кемшілігі мен жетістігін өз бетінше бағалай білуге үйретеді.

Сынып жетекшілеріне конференцияны өткізу барысын оқушылардың дара

психологялық ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет дәрежелерін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып – білуге мүмкіндік туғызады.

Конференция тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасының бірі ретінде оған ұзақ мерзімді әрі тыңғылықты дайындықты қажет етеді, оны аяқасты өткізуге болмайды. Себебі, тәрбие жұмысында қолданылатын әңгіме, дәріс, пікірталас, саяси хабарламаны сынып жетекшісінің көмегімен жақын уақыт аралығында өткізуге болса, ал конференцияны өткізу, оған дайындық мәселелері оқушылардың өздерінің көпшілік болып, тыңғылықты ұйымдастыруын қажет етеді.

Конференцияның табысты өтуінің бірден – бір шарты оның дайындық кезеңінің қаншалықты іскерлікпен ұйымдастырылғанына байланысты. Сынып жетекшілері конференцияны дайындау барысында оның білімділік пен тәрбиелік маңызына ғана көңіл бөлуімен шектелмей, оны ұйымдастыру мен өткізу барысында кездесетін кейбір негізгі кемшіліктерді де ескеріп, назар аударып отыруы қажет.

Мұндай кемшіліктер конференцияның қызықсыз өтуіне, оның тәрбиелік маңызын әлсіретуге, оқушылардың белсенділігін төмендетуге әсерін тигізеді. Олар шамамен төмендегідей:

  • Конференция тақырыбы немесе көркем – әдебиет шығармасын таңдаудағы кездейсоқтық;

  • Конференцияны өткізу орнының үйлесімсіздігі;

  • Конференцияны өткізу және оған дайындық барысында оқушыларды белсенді немесе белсенді емес топтарға бөлу;

  • Конференция немесе оның тақырыбын талқылау барысында белсенді пікір алмасудың болмауы;

  • Конфенцияның тақырыбы немесе онда көтеріліп отырған мәселелер оқушылардың күнделікті өмірінен алшақ болуы;

Сынып жетекшісінің дұрыс бағыт беруі арқасында оқушылардың тек қана өздерінің дербес, өз бетінше жұмыс жасауы, өзіндік көзқарасы мен ойының қалыптасуына септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет